Сабақ: №1 Сабақтың тақырыбы: Бейнелеу өнерінің түрлері. Сабақтың мақсаты


Реңдік және түстік қатынас перспективалары



бет5/6
Дата15.09.2017
өлшемі1,29 Mb.
#33930
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

Реңдік және түстік қатынас перспективалары

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Үйге тапсырма беру: Перспектива заңдылықтарын сақтай отырып, тақырып бойынша сурет сал.

 

 

 



Сабақ: №30

Сабақтың тақырыбы:      

Ауа перспективасы.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                     Оқушыларды перспектива туралы мәліметтермен

                                            толығырақ таныстыра отырып, олардың  қандай түрге

                                            бөлінетінін түсіндіру, перспектива заңдылықтарын сақтай

                                            отырып, сурет салуға үйрету, ұқыптылыққа баулу.

 

ә) Дамытушылық:             Оқушыларды өз беттерімен ізденуге, шығармашылықпен



                                            жұмыс істеуге, біліктілік дағдыларын, танымдық

                                            қызығушылықтарын арттыру.

 

б) Тәрбиелілік:                  Балалардың ойлау қабілетін дамыту, ұқыптылыққа,



                                            жинақтылыққа тәрбиелеу, балалардың эстетикалық

                                            талғамын байыту. Өзін-өзі басқара іс атқаруға, шыншыл,

                                            әділетті, бір-бірімен ұйымшыл, дос болуға тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі: Бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал-жабдықтар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, сызғыш, дидактикалық материалдар  және т.б.

 

Сабақтың өту барысы:

1.      Ұйымдастыру кезеңі.

2.      Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.      Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.      Тапсырмаларды орындау.

5.      Сабақты бекіту.

6.      Үйге тапсырма.    

 

Сабақтың барысы:



Ауа перспективасының заңдылықтары.

    Көрушіге жақын орналасқан заттардың түстері ашық, айқын, ал алыстағылардың түстері солғын түрінде қабылданады. Суретшіге жақын орналасқан заттар түрі айқын, алыстағылар бұлыңғыр, яғни көмескі болып көрінеді. Жақындағы заттардың түстері қандай болса сол күйінде қабылданады. Ал алыстағы көріністің ішінде біреуі басым болып көрініп, қалғандары соған жақын түстерге айналады. Мысалы, алыстағы таулар көгілдір немесе күлгін болып келеді. Қашықтағы тұрған заттардың түстері өз түсіне қарағанда қараңғылау, ал алыстағы қараңғы түстер жақындағы қараңғы түстерге қарағанда жарықтау болып көрінеді.

Жарық пен көлеңке перспективасының заңдылықтары.

    Жарық көзінен қашықтықта тұрған заттардың бетіндегі жарық деңгейі, жарық көзінен алыс тұрған заттардың бетіндегі жарыққа қарағанда солғындау болады. Жарық көзі мен бақылаушы арасындағы заттар басқа заттарға қарағанда өз түсінен қараңғы болып көрінеді. Егерде бақылаушы заттар мен түсетін жарық көзінің ортасында болса, онда заттардың бетіндегі жарық деңгейі өз түсінен де жарығырақ болып өзгереді. Оқушылар бейнелеу өнерін оқуда, перспектива заңдылықтарын үйренуде мынандай қағидаларды жақсы меңгеруі керек: перспективаны бейнелеудің негізгі тіректері картина жазықтығы, көкжиек сызығы, көру нүктесі, шығу нүктесі, көру деңгейі және т. б.



Перспективалық бейнені құрудың кеңістік моделі.

    Картина жазықтығы дегеніміз - бейнелейтін заттар мен суретшінің көзі арасындағы ойша алынған тіке (вертикаль) бағыттағы жазықтық.

Көкжиек сызығы- суретшінің көз деңгейін білдіретін өлшем.

Көру нүктесі - сурет салушының затты бақылайтын орны немесе нүктесі.

Шығу нүктесі - өзара параллель түзулердің алыстаған сайын бір-біріне жақындап, көкжиек сызығында барып қосылатын нүктесі.

Көру деңгейі- суретшінің көз деңгейін білдіретін ойша алынған жазықтық.

    Оқушылар нұсқаға қарап және тақырып бойынша сурет салуда перспектива заңдылықтарына үнемі сүйеніп отыруы керек. Белгілі перспектива заңдылығына байланысты әдіс-тәсілдерді дұрыс пайдаланған жөн.

Ауа перспективасының бейнелеу ережелері.

    Затты кеңістікте бейнелеу үшін жақындағы заттар анық, ал алыстағы заттар солғын бейнеленуі қажет. Алыстағы тұрған жарық түсті заттар өз түсінен қараңғылау, ал қараңғылау заттар сәл жарық болып бейнеленуі тиіс. Жақындағы заттар көлемді болып бейнеленсе, алыстағы заттар жазықтау болып бейнеленеді.

Жақындағы түстер - ашық, ал алыстағы түстер солғын болып жазылуы тиіс. Мұның бәрі перспектива заңдылық ережелеріне сәйкес жұмыс жасауды міндеттейді.



Жарық пен көлеңке перспективасын бейнелеу ережесі.

    Жарық көзінен алыста тұрған заттарға қарағанда жақын тұрған зат бетінің жарығы өз деңгейінен артық бейнеленеді. Әсіресе үй ішінің көрінісін бейнелегенде бүйір қабырғалар, алдыңғы заттарға қарағанда алыстағы заттар кішірейіп көрінеді. Перспективадағы сызықтардың бәрі соза берсе бір орталық нүктеде түйіседі.

А. Нақысбеков өзінің көркем шығармасындағы басты тұлға С. Қожамқұлов пен немересін үйдің ішкі интерьерінде перспективалық заңдылықтарға сүйене отырып бейнелеген. Ал С. Чуйковтың «Таулы аймақтағы таң» атты көркем туындысында ауа перспективасы мен жарық-көлеңке перспектива заңдылығы ұтымды орын алған. Суретшінің көріп қабылдауындағы белгілі тәртіппен бейнеленетін жазықтық картиналық жазықтық деп аталады. Суретші өзі таңдап алған көру нүктесінен заттар мен көріністер қалай көрінсе, солай бейнелеуге тырысады.

Перспектива заңдылығы бойынша сурет салғанда шартты кеңістік моделіне сүйенген дұрыс. Сонда ғана сауатты сурет салып, шынайы көркем шығарма беруге болады.

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Үйге тапсырма беру: Перспектива заңдылықтарын сақтай отырып, тақырып бойынша сурет сал.

 

Сабақ: №31



Сабақтың тақырыбы:      

Интерьер.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                     Оқушыларға интерьер жайлы мағлұмат беру, интерьер

                                            көріністері бейнеленген шығармалардың мазмұнын

                                            ұғындыру, теориялық білімін практикамен ұштастыру.

 

ә) Дамытушылық:             Өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып, ой-өрісін дамыту,



                                            өз ойын қағаз бетіне еркін, жатық жеткізе білуге

                                            дағдыландыру, өз бетімен іздене білуге, ой қорытуға

                                            үйрету.

 

б) Тәрбиелілік:                  Жас ұрпақ бойына эстетикалық мәдениетті, сұлулықты



                                            тани білуді қалыптастыру, ұлы мұраттар жолында еңбек

                                            етуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. 

 

Сабақтың көрнекілігі: Бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал-жабдықтар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, сызғыш, интерьер көріністері бейнеленген шығармалар, фотосуреттер, дидактикалық материалдар және т.б.

 

Сабақтың өту барысы:

1.      Ұйымдастыру кезеңі.

2.      Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.      Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.      Тапсырмаларды орындау.

5.      Сабақты бекіту.

6.      Үйге тапсырма.     



 

Сабақтың барысы:

Интерьерге композициялық іздеу.  ХХ ғасырдың бас кезінен ғылыми-техникалық прогрестің дамуына орай пайда болып, қалыптаса бастаған өнер саласының ерекше бір түрі – интерьер дизайн. Ол - адам тіршілік ететін, қызмет істейтін ортаның, тұтынатын бұйымның жарасымды сән-салтанаты, қолдануға ыңғайлылығы, әдемілігін әспеттейтін өнер түрі. Бұл күндері дизайншы шеберлігінің ыдыс-аяқты сәнді етуден бастап, үй жиһазы мен интерьері, автокөлік пен ұшақ, ғарыш кемелеріне дейін қажеттілігі бар. Осы дизайн өнерінің қазақ даласында өркендеуіне, әсіресе оны ұлттық сән үрдісіміздегі әлденеше мыңжылдықтар бойында жүйеленген дәстүрлер мен машықтарға қабыстырып, әдемі үйлесім иірімдерін табуға мол үлес қосып жүрген әйгілі этнодизайншы, профессор Аманжол Найманбай еңбегі ерекше атауға лайық. Қазақстан Дизайншылар одағы құрылған күннен бастап этнодизайн секциясын басқарып келе жатқан ол, бүгіндері қазақтың киіз үйін нағыз ұлттық нақышта жасау, жасау-жиһаздарымен жабдықтау және музей дизайнын дамытудың айтулы шеберіне даусыз айналып отыр. Алматыдағы «ЭтноДизайнҚазақ» мекемесінің басшысы, биыл алпыс жастың асқарына шыққан А.Найманбай бастаған он қолынан өнер тамған шеберлер тобы осыған дейін әлемнің Франция, АҚШ, Түркия, Ресей және тағы басқа да елдерінде ерекше сәндеп дайындалған киіз үйлер тігіп, Отанымыздың мерейін әлденеше рет көтерді. Шынына келсек, қазақтың киіз үйі тұнып тұрған дизайн.

Интерьер композициясын салу.  Суреті салынатын нәрсені орналастыру, орнын белгілеу, көру нүктесін таңдау, қағазға дұрыс орналастыру үйлесімділіктің (композицияның) бастапқы негізі болып табылады. Киіз үйдің осы ғажайып бітімі 1992 жылы Ла-Манш бұғазы жағалауында өткен орыс-француз соғысының 180 жылдығына арналған шара кезінде де талғампаз француз жұртшылығын таңғалдырған еді. Сол шараға А.Найманбай апарған әсем киіз үй соғыс шайқастары өткізілген театрландырылған көріністердің ең төрінде көздің жауын алып тұрыпты. Айналаға ерекше сән берген киіз үйді француз тарабы әскербасылар кеңесетін бас штаб жасауға арнайы қалап сұрапты. Таң-тамаша қалып жатқан өзге жұрт қаншама. Олар киіз үйден бізді қоршап тұрған ғаламшардың синкреттік көшірмесін көргенін айтыпты. «Осындай өнері бар қазақ деген халық, қандай ұлы халық еді», деп қайран қалысыпты. Содан кейін француздар аттай қалап, сол жылдың қазан айында киіз үйді Парижге арнайы алдырып тағы көрсетіпті. Сол ықыласты қатынас одан кейін де үзілген жоқ. Арада 10 жыл өткенде, 2002 жылы Франция қазақ киіз үйінің құдіретін тағы бір мойындады. Сол елде өткен Қазақстан мәдениетінің күндеріне «ЭтноДизайнҚазақ» мекемесі қазақтың қолтума өнерімен, жасау-жиһазымен жабдықталған арасында он екі қанатты ақ ордасы, тоғыз қанатты қонақ үйі, алты-жеті қанатты ақ шаңқан үйлері , сондай-ақ асханасы, аңшылар үйі бар, барлығы - он үйді, тұтас бір этноауылды Париждің төріне апарып тікті.

Бояу түрін іздеу. Заттардың жарасымдығы бояу түстеріне байланысты. Түр-түсті танудың адам үшін қажетті үш элементі бар екен. Біріншісі – тағдырдың адамға сыйлаған тартуы – көзі, әлемге жарық шашушы – Күн, үшіншісі  - бізді қоршаған табиғат, тіршілік болмыс. Бұлар бір-бірімен тығыз байланысты болып келеді. Табиғаттағы, қоғам өміріндегі бірде-бір құбылыстың бояусыз, реңсіз, өңсіз, түссіз болмайтыны бәрімізге белгілі. Бірақ сол бояу-реңдерді өмірдің қай саласында қалай қолдануды бәріміз біле бермейміз. Интерьер дизайн дәуірдің рухани мазмұны мен әлеуметтік дамуын бейнелеп қана қоймайды, оған белгілі бір идеологиялық концепциялау негізінде баға береді. Бояу түстерін өзара үндестігімен сөйлете білген суретшілердің бірі – А. Ақанаев. Ол кейінгі шығармаларында ұлттық үндестігі бар бояу түстерінің символдық мәнін ашуда. Белгілі суретші

Е. Төлепбаевтың картиналарында сарғылт, қоңыр, қызыл түстердің үйлесімділігі өзгеше орын алады. Бояулар реңінде әсерлі сыпайылық, ішкі қуат сезімі байқалады. Бояу әсемдігі ең алдымен олардың үйлесімдігіне, белгілі бір түс нюанстарының қайталауына байланысты. Нәзік үйлесімділік көңілге тез қонады, толықтырып тұрады немесе кейде қарама-қайшылық та туғызады, көңіл күйге ықпалын тигізеді, яғни онда қуаныш пен шаттықтың белгілері бар. Мұндай сезім көбінесе ақшыл бояулардан және жарықтың әсерінен туындайды. Ал күңгірт түстер уайым, қайғы-мұң, тіпті кейде үрей де туғызады.      



Интерьер композициясын бояумен аяқтау. Суретші суретті қандай да бір ортақ түсте салмақ болып, ойлағанда бір-біріне жақын түстерді қолданады. Бірақ ойлаған жерден шығу үшін де сол түстердің қиылысып келуін көздеп, қарама-қайшы түстерді қолданады. Дизайн - ежелгі өнер ...Бізге ұлттық дизайнды өзіміздің ұлттық дәстүрлерді жандандыра отырып, кешегі көшпелі қазақтың емес, бүгінгі отырықшы қазақтың әлемдік мәдениетпен байланысқан рухани, тұрмыстық, мәдени қажеттілігін қанағаттандыратындай етіп қайта қалыптастыру керек.

 

 



Үйге тапсырма беру: Қазақтың ұлттық киіз үйінің интерьер композициясын бейнеле.

 

Сабақ: №32



Сабақтың тақырыбы:      

Табиғат көрінісін бейнелеу.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                     Оқушыларға табиғат көріністері жайлы мағлұмат беру,  

                                            суретшілердің табиғат көріністері бейнеленген

                                            шығармаларының мазмұнын ашу, талдау, теориялық

                                            білімін практикамен ұштастыру.                                        

                                  

ә) Дамытушылық:             Өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып, ой-өрісін дамыту,

                                            өз ойын қағаз бетіне еркін, жатық жеткізе білуге

                                            дағдыландыру, өз бетімен іздене білуге, ой қорытуға

                                            үйрету.

 

б) Тәрбиелілік:                  Жас ұрпақ бойына эстетикалық мәдениетті, сұлулықты



                                            тани білуді қалыптастыру, ұлы мұраттар жолында еңбек

                                            етуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. 

 

Сабақтың көрнекілігі: Бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал-жабдықтар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, сызғыш, табиғат көріністері бейнеленген шығармалар, фотосуреттер, дидактикалық материалдар және т.б.

 

Сабақтың өту барысы:

1.      Ұйымдастыру кезеңі.

2.      Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.      Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.      Тапсырмаларды орындау.

5.      Сабақты бекіту.

6.      Үйге тапсырма.    

 

Сабақтың барысы:



    Оқушылар табиғат көрінісін бейнелеуде алуан құбылыстарды бақылауға дағдыланады. Әсіресе бастауыш сыныпта дүниетану пәнінен алған білімдерін табиғат көрінісін бейнелеу барысында одан әрі жетілдіре түседі. Табиғат көрінісін бейнелеудегі негізгі мақсат - кеңістіктегі сұлу табиғаттың көзбен көріп, көңілмен қабылдаған көріністерін суретке салу. Оқушылар табиғат көрінісін бейнелеуден бұрын оны бақылап көруге үйренеді. Табиғаттың әр алуан құбылыстарын меңгеруге дағдыланады. Соның әсерінен табиғат көрінісін сәтті бейнелеуге үйренеді. Ауа райының жиі құбылуына байланысты заттың түр-түсі ерекшелігіне назар аударып, бейнелеу дағдысын қалыптастыру қажет. Ол үшін үнемі табиғатта серуендегенде оны көзбен бақылауға әдеттенген дұрыс. Соның себеп-салдарынан өзін қоршаған табиғат ортасын есте сақтауға, көркем бейнелеуге тырысады. Табиғат құбылысы үнемі өзгерісте болғандықтан жылдам сурет салуға жаттыққан орынды. Табиғат көрінісін қас қағым сәтте бейнелеу «этюд» деп аталады. Этюд жазу барысында оқушы табиғат көрінісінен алған алғашқы әсерін сәтті бейнелеуге тырысады. Оқушылардың жүйелі жұмыс істеуіне тікелей әсер ететін маман мұғалім болып табылады. Пән мүғалімі оқушыларды этюд 
жазып орындауға үйретуі керек.


Этюд орындау үш топқа бөлінеді:

а) табиғат көрінісін қағаз бетіне қарындашпен ықшамды етіп сызып белгілеу;

ә) табиғат көрінісіндегі сюжеттік көріністің құрылымын дұрыс орналастыру;

б) түстік бояу шешімін табу.

    Оқушы ең алдымен табиғат көрінісінен алған алғашқы әсерді міндетті түрде есте сақтап қалуға дағдылануы керек. Әдетте, оқушылар тылсым тыныштықтағы саялы табиғат көрінісін бейнелеуді ұнатады. Кейбір жағдайда оқушылар пән мұғалімімен тікелей пікір алмаспайды, соның нәтижесінде табиғат көрінісін бейнелеуде қиыншылыққа кездеседі.

Табиғатты бейнелегенде бірқатар кемшіліктерді байқауға болады, олар мыналар:

1) табиғат көрінісін таңдаудың кездейсоқтығы;

2) қағазға үйлесімді шешімінің табылмауы;

3) негізгі қатынастардың бояу үйлестігінде дұрыс табылмауы (аспан, жер, су);

4) алыстағы көріністердің шамадан тыс көрсетілуі.

    Табиғат көрінісін бейнелеуде түстік бояу кұрылымын карастыруды шартты түрде екі буынға бөлуге болады. Біріншіден, табиғат көрінісін бейнелеуде жылы және суық түстердің арақатынасының басты ерекшелігін таба білу. Екіншіден, табиғат көрінісіне байланысты құраушы бояулар тобын таңдап алу. Фотосуреттер мен кинокадрлардан гөрі тірі табиғат аясында алған әсер әрбір оқушы бойына шабыт береді. Табиғат көрінісін бейнелеуде суреттің ролі зор. Дайындық суреттің бастамасы кәдімгі қарындашпен бейнеленген нобайлар болып табылады.



Өте аз уақытта орындалатын дайындық сурет салуда негізгі үш талап қойылады.

1. Қағазда суреттің үйлесімдік шартын жоғалтпау.

2. Заттардың жазықтағы бейнесін дұрыс құрай білу, құрылысын жіктеу, кейбір бөлшектеріне дейін анықтау.

3. Тепе-тендік сақтауда сызықтық және ауа перспективасын ескере отырып, зат көлемін толық бейнелеу.

 

Күзгі көріністі бейнелеу үлгісі



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Жазғы көріністі бейнелеу үлгісі



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Үйге тапсырма беру: Табиғат көрінісін бейнеле.

 

Сабақ: №33

Сабақтың тақырыбы:      

Табиғаттың жеке бөлшектерін салу.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                     Оқушыларға табиғат көріністері жайлы мағлұмат беру,  

                                            суретшілердің табиғат көріністері бейнеленген

                                            шығармаларының мазмұнын ашу, талдау, теориялық

                                            білімін практикамен ұштастыру.                                        

                                  

ә) Дамытушылық:             Өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып, ой-өрісін дамыту,

                                            өз ойын қағаз бетіне еркін, жатық жеткізе білуге

                                            дағдыландыру, өз бетімен іздене білуге, ой қорытуға

                                            үйрету.

 

б) Тәрбиелілік:                  Жас ұрпақ бойына эстетикалық мәдениетті, сұлулықты



                                            тани білуді қалыптастыру, ұлы мұраттар жолында еңбек

                                            етуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. 

 

Сабақтың көрнекілігі: Бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал-жабдықтар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, сызғыш, табиғат көріністері бейнеленген шығармалар, фотосуреттер, дидактикалық материалдар және т.б.

 

Сабақтың өту барысы:

1.      Ұйымдастыру кезеңі.

2.      Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.      Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.      Тапсырмаларды орындау.

5.      Сабақты бекіту.

6.      Үйге тапсырма.    

 

Сабақтың барысы:

    Табиғатта зат неғұрлым қашық болса, ауа кеңістігі соғұрлым әсер етеді. Жылдың әр мезгіліне байланысты табиғат көрінісі бейнеленген көркем шығармаларды талдау жасауға үйрену керек. Картинада қай аймақтың табиғат көрінісі бейнеленген және жылдың қай мезгілін бейнелеп көрсеткен? Осы мәселелерге айрықша назар аудару керек. Табиғат көрінісін бейнелеуде оқушылар жарық күшінің өзгеруін бақылай алады, яғни табиғат бояуларының түстік және реңдік қатынасының ашық немесе солғын болуын байқайды. Таңертеңгі немесе кешкі мерзімде бейнеленген табиғат көрінісінен гөрі тал түсте орындалған көркем шығарманың түстік реңі ашық болады. Ал бұлтты күні бейнеленген көркем шығармада түстік рең солғын болады. Себебі күн көзінен сәуле, яғни жарық ашық, айқын түспейді. Сондықтан табиғат көрінісін бейнелегенде ауа райының өзгеруіне байланысты жарық күйлерінің сипатын сақтай білу керек. Оқушыларды мүмкіндігінше табиғат аясында сурет салуға баулу қажет. Сонда олар табиғатпен, қоршаған ортамен тікелей араласады, белгілі әсер алу арқылы дағды қалыптастырады.

    Жалпы табиғат көрінісін бейнелеуде ең алдымен түстік бояу үндестігін анықтамас бұрын, реңдік қатынастарды анықтау қерек. Мысалы, аспан жерге қарағанда жарықтау, тау бөктерін қарағанда басқа жер жарығырақ болып көрінеді. Өйткені күн көзінің сәулесі тау бөктеріне қарағанда басқа жерге тура, тіке түседі. Енді табиғат жыршысы И. Левитанның «Көктем» шығармасына бір сәт көз тастап көрейікші. Онда жерге қарағанда су қараңғылау. Ал жерге қарағанда аспан ашықтау. Сондықтан табиғат көрінісін бейнелеуде салыстырмалы түрде бейнелеуге дағдыны қалыптастырған жөн. Оқушыларға табиғат көрінісін тұтас бейнелеуді үйреткенде оларды оның жеке бөлшектерінен қысқа мерзімді жұмыс жасауға жаттықтыру керек. Мысалы, аспан мен жер, жер мен су, тау мен жер, аспан мен тау, т. б. Табиғаттың жеке бөлшектерін салып үйрену арқылы табиғат көрінісін тұтастай бейнелеуге дағдыланады. Әр түрлі сипаттағы табиғат бөлшектерін салмас бұрын, оларды бүтін зат ретінде көріп тану керек. Табиғат көрінісін бакылап, оның ішінен ең басты көріністі таба білу алғашқы ықпал болып табылады. Табиғат көрінісін бейнелеуде алғашқы әсерді есте сақтап, дәл көрсету-оқушы үшін табылмайтын асыл қасиет. Табиғаттың әуенін іздеуде көптеген суретшілер табиғат аясында жүріп сурет салуды ұнатады. Ол - барлық суретшілерге тән нәрсе. «Табиғат пен адам егіз ұғым» деген пікірді ұлы суретші Леонардо да Винчи айрықша атаған. Суретшілерді дарынды, жеке-дара етіп тәрбиелейтін күштің бірі - туған табиғаты. Сондықтан табиғат көрінісін бейнелеуге үйрену арқылы көптеген жетістіктерге жетуге болады. Табиғат көрінісін бейнелеу арқылы табиғи бояу түстерін анық біле аламыз. Әсіресе атқан таң, қызарып батқан күн адам баласына айрықша әсер етеді. Осындай сәттерді оқушыларға бейнелеуге тапсыру арқылы оларды табиғатты жете бақылауға баулуға болады. Табиғат көрінісін айнытпай бейнелеуде оқушылар өздерінің қабылдау сезімдерін ашуға тырысады. Ойланып көріп, бақылап сурет салуға жақсы дағдыланады. Сондықтан оқушыларға табиғатта серуендеуді ұйымдастыра отырып, оларды сурет салуға үйретудің маңызы зор демекпіз.

 

 



Үйге тапсырма беру: Табиғат көрінісін бейнеле.

Сабақ: №34

Сабақтың тақырыбы:      

Көрме ұйымдастыру.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                     Оқушыларды көрме дайындау жолдарымен таныстыру,  

                                            өздері бейнелеген шығармаларының мазмұнын ашу,

                                            талдау, теориялық білімін практикамен ұштастыру.                                        

                                  

ә) Дамытушылық:             Өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып, ой-өрісін дамыту,

                                            өз ойын қағаз бетіне еркін, жатық жеткізе білуге

                                            дағдыландыру, өз бетімен іздене білуге, ой қорытуға

                                            үйрету.

 

б) Тәрбиелілік:                  Жас ұрпақ бойына эстетикалық мәдениетті, сұлулықты



                                            тани білуді қалыптастыру, ұлы мұраттар жолында еңбек

                                            етуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет