Үйге тапсырма беру: 104-суретте берілген денелердің тікбұрышты изометриясын (аксонометриясын) тұрғыз.
Сабақ: №40
Сабақтың тақырыбы:
Негізгі көріністер. 3-тест.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Негізгі көріністер мен қосымша көріністер шығарып
алуға, сызбада көріністерді орналастыруға үйрету. Тетік
бөлшектің берілген негізгі екі көрінісі бойынша үшінші негізгі
көрінісін салуға, кеңістікте зерттеуге дағдыландыру.
ә) Дамытушылық: Оқушыларды теориядан сарамандылық жұмысқа икемдеу,
оқушылардың ой-өрісін, білімін, шығармашылық қабілетін,
сабаққа деген қызығушылығын, шеберлігін дамыту.
б) Тәрбиелілік: Кеңістік ой өрісін кеңейту, оқушыларды сызба жұмыстарын
ұқыпты, таза салуға, шапшандыққа, шыдамдылыққа
тәрбилеу.
Сабақтың көрнекілігі: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және т.б.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
3-тест.
105-суретте әртүрлі 5 дененің аксонометриялары, ал 106-суретте алдынан және үстінен қарағандағы көріністерінен тұратын сызбалары берілген. Осы денелердің аксонометриялары бойынша сызбаларын тап.
Үйге тапсырма беру: Өткен сабақтарды қайталау.
Сабақ: №41
Сабақтың тақырыбы:
Қосымша және жергілікті көріністер.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Қосымша және жергілікті көріністер шығарып алуға, сызбада
көріністерді орналастыруға үйрету, дағдыландыру.
ә) Дамытушылық: Оқушыларды теориядан сарамандылық жұмысқа икемдеу,
оқушылардың ой-өрісін, білімін, шығармашылық қабілетін,
сабаққа деген қызығушылығын, шеберлігін дамыту.
б) Тәрбиелілік: Кеңістік ой өрісін кеңейту, оқушыларды сызба жұмыстарын
ұқыпты, таза салуға, шапшандыққа, шыдамдылыққа
тәрбилеу.
Сабақтың көрнекілігі: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және т.б.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Күрделі тетікбөлшектің кейбір элементтері негізгі көріністерде бұрмаланып проекциялануы мүмкін. Мысалы, 107, а-суретте кескінделген тетікбөлшекті қарастырайық. Осы тетікбөлшектің бас және үстіңгі көріністері 107, ә-суретте салынған. Горизонталь проекцияда (үстіңгі көріністе) тетікбөлшектің оң жақ бөлігі бұрмаланып түскен. Басқа негізгі көріністердің біреуіне тетікбөлшектің бұл бөлігі бұрмаланбай түсетін болар? Бұл сұраққа нәрсенің кескінін байқап қарап барып жауап беруге болады. Тетікбөлшектің бұл бөлігі негізгі көріністің бірінде де өзінің нақты шамасын сақтамайды, барлық негізгі көріністерде бұрмаланады. Нәрсенің бұл бөлігінің бұрмаланбаған кескінін алу үшін, оны басқа жазықтыққа проекциялау керек. Жаңа 4 жазықтықты негізгі көріністерде бұрмаланып кескінделетін тетікбөлшек бөлігінің жағына параллель етіп орналастырады (107, а-сурет). Осы жаңа жазықтықты қосымша проекциялар жазықтығы деп атайды. Қосымша проекция жазықтығына тетікбөлшек тік бұрыштап проекцияланады. Содан кейін қосымша жазықтықты проекциялар жазықтығымен беттестіреді. Алынған проекцияны тетікбөлшектің қосымша көрінісі деп атайды. Қосымша көріністе тетікбөлшектің негізгі көріністерде бұрмаланған бөлігі нақты шамасында проекциялануы керек. Қарау бағытын нұсқамамен көрсетіп, оның үстіне белгі қоямыз. Белгі орыс алфавитінің бас әріптерімен жазылады. Мысалы,
А , Б , ... . Қосымша көріністің үстіне де нұсқама сызылып, одан кейін әріп белгі жазылады (108, а-сурет). Қосымша көріністі негізгі көрініспен проекциялық байланыста орналастыруға болады (108, ә-сурет). Бұл жағдайда қарау бағытын нұсқамамен көрсетудің немесе белгі қоюдың қажеті жоқ. Қосымша көріністі бұрып кескіндеуге де болады. Мұндай бұрылған косымша көріністі көрсету үшін бұрылу белгісі қолданылады (108, б-сурет). Бұрылу белгісі үшін нұсқамамен жабдықталған диаметрі 6 мм-ден кем емес шеңбер пайдаланылады, ал нұсқаманың қанаттары өзара тік бұрыш құрайды. Кейде тұтас көріністің орнына нәрсенің бізге керек шағын бөлігінің проекциясын көрсетуге болады. Нәрсенің бізге керек бөлігінің проекциясын жергілікті көрініс деп атайды. Жергілікті көріністі пайдаланғанда сызбада басы артық, көлемі үлкен әрі қиын тиетін салулар орындалмайды. Сондықтан техникалық тетікбөлшектің сызбаларында жергілікті көрініс жиі кездеседі. Жергілікті көріністің мысалы 109-суретте берілген. Бұл сызбада жергілікті көріністің белгіленуі де көрсетілген. Жергілікті көрініс те қосымша көрініс сияқты белгіленеді. Жергілікті көріністі қосымша көрініспен шатастырмау керек. Қосымша көрініс текшенің жақтарына (негізгі проекциялар жазықтықтарына) параллель болмайтын жазықтыққа салынатыны есте болу керек. Жергілікті көрініс негізгі көрініс болуы да мүмкін (109-сурет). Жергілікті көрініс қосымша көрініс те болуы мүмкін. 108-суреттен жергілікті көріністердің аталған екі түрі де табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |