Тыныс алу жеткіліксіздігі. Негізгі үш түрі бар: орталық, шеткі және аралас.
Орталық түрі көбінесе бет-жақ аймағы, бас-ми жарақаттары бар науқастарда кездеседі. Шеткі тыныс алу түрі бас-ми жарақатымен қатар іш пен төс жарақаттанған кезде болуы мүмкін. Сондықтан тыныс жолдарында айқын обтурация көрінеді. Әсіресе жұтқыншақта, құсық массалары, қан мен аралас бөгде заттар білінеді. Клиникалық көрінісі: тыныс алуы бұзылады. Көмек көрсету ауыз қуысын тазарту, жұтқыншақты тазартып, ауаның енуін қамтумен сипатталады. Ол егер ауыр болса трахеостома салуға тура келеді.
Аралас түрінде ажырату мен көмек көрсету қиынға түседі. Негізгі күш трахеобронхиальды бағананы тазартып, өткізгіштігін қалыптастыруға бағытталады. Өкпе вентиляциясы жақсарғаннан кейін қан айналым жақсарады. Венамен қан келу толығады, қысым теңесіп, жүрек қызметі қалпына келеді. Сондықтан тахикардия азайып, артериялық қысым төмендейді.
Дұрыс орналаспаған сынықтарды консолидациялау. Жиі өз уақытында көрсетілмеген көмек немесе қателік салдарынан болады. Бұл окклюзияның бұзылуына әкеледі.
Төменгі жақтың дұрые бітіспеген сынықтарын қайта бөлшектеп, оларды дұрыс жағдайға келтіріп бекіту. Мұндай операцияларда өзі қататын пластмассаларды металмен араластырып остеосинтез жүргізген жөн. Бұл операция өте күрделі, себебі, сүйектер бітісіп кеткен. Сынықтарды бөлшектегенде қызыл иек шырышты қабығы жарақаттануы мүмкін. Сынықтарды репозициялағанда тістесу бойынша жүргізген жөн. Сондықтан алдын ала тіске құрсау салады.
Баяуланған консолидация және жалған буын. Төменгі жақ сынған кезде сынықтардың консолидациясы негізгі мерзімнен 2— 3 аптаға кешігуі мүмкін. Оның себебі: авитаминоз, инфекциялы аурулар, зат алмасудың бұзылуы, ішкі секреция бездерінің дерттері (диабет). Жергілікті себептерге: сынықтардың ығысып жылжымалы келуі, жұмсақ тіндермен сүйек фрагменттері арасында интерпозиция, сүйек тінінің ақауы, трофикалық бұзылулар, сүйек жарақатындағы қабыну процестері. Бұл асқынуларды емдеудің мақсаты: себебін жою, организмнің қорғаныс қызметін нығайту.
Кейде сынықтар мүлде бітпегендіктен, жалған буындар қалыптасады. Бұл кезде сүйек сынықтарының ұштары муфти тәрізді фиброзды тінмен өзара байланысқан болады. Жалған буынның түзілу себептері: төменгі жақ сынықтарын кеш немес жеткіліксіз иммобилизацияланудың тиімсіздігі, сүйек фрагмент терін дұрыс репозицияламау, сынық ұштарының аралығындағы бұлшықеттің болуы, жақтың патологиялық сынуы, сынық ұшындағы қабыну процесінің дамуы.
Клиникасы. Сүйек сынықтарының консолидация мерзімі бас талғаны, рентгенограммада әр сынықта компактілі пластинка көрінеді.
Емдеу. 2 см-ден асқан сүйектің сынуы кезінде мықты фиксацияның өзінде қалпына келмей жалған буын дамиды. Мұндай жағдайда сүйек рамасы немесе бұрандалы пластинкамен остесинтез синтездеу әдісі тиімді келеді. Сынықтарды бекіткеннен кейін түзілген ақауға, аутотрансплантат енгізеді.
Жарақатты остеомиелит. Төменгі жақтың жарақатты сынығы кейде жарақатты остеомиелитпен асқынады. Ал жоғарғы жақта мұндай асқынулар сирек кездеседі.
Остеомиелиттің дамуына жергілікті факторлардың әсері бар:
1) Сынықтың ұзақ уақыт қозғалмалылығы инфекцияныц енуіне жағдай жасауы.
2) Сынық тұсында созылмалы процестері бар түбірлер мен тістердің болуы.
3) Остеомиелиттің дамуына сьшық сызығының сипаты мен сынық аралығындағы жарықшақтардың көп болуы.
Төменгі жақтың жарақатты остеомиелитінің 4 клиникалық кезеңі бар:
1) Жасырын кезеңі — жарақатта біріншілік реакцияның болуы.
2) Жедел қабыну белгілері бар кезең. Қолайсыз жағдайлар әсер еткенде басталады. Бұл кезең әдетте 7 күннен кейін басталып, тіндердің ісінуінің ұлғайып температурасының артуымен сипатталады. Жалпы әлсіздік болады. 4—5 күн ішінде жақ маңында абсцесс немесе флегмона түрінде іріңдіктер түзіледі.
3) Іріңдіктердің ашылуы. Бұл кезеңде жалпы жағдайы қанағаттанарлық болып, ауыру сезімі басылып, инфильтрат және беттің жұмсақ тіндерінің ісінуі азаяды. Іріңді жыланкөздер пайда болады. Басында азаяды, бірақ жоғалып кетпейді. Іріңнің бөлінуі қабынудың айқындылығы мен жеделдігінің дәрежесіне байланысты.
Іріңдікті кескеннен кейін бірінші күндері ол сарғыш, тұтқыр болады. Осы кезеңде остеомиелитке диагноз қояды. Секвестрді алғанша іріңнің ағуы тоқтамайды.
Жарақатты остеомиелиттің рентгендік көрінісі біртіндеп дамиды. 1-ші және 2-ші кезеңде рентгендік көріністе остеомиелиттің белгілері дамиды. Сүйек тініндегі рентгендік өзгерістер жарақаттан соң 2 аптадан кейін басталады. Сынық сызығы кеңіп, остеопороздағы пайда бола бастайды. 8— 12 күннен кейін жара жиегінде тегіс емес, мөлдір, деструкция ошақтары көрінеді. Осы кезде әр мөлшерде секвестрлер түзіле бастайды. Секвестрлер қосарланып келуі мүмкін. Олар фрагменттердің шеткі бөлімінде, не болмаса негізгі сынықтардың арасында жатқан ұсақ жарықшақтардан түзіледі. Секвестр толық бөлінген соң периосталды қабаттану пайда болады. Секвестр сүйектің тығыз аймағы ретінде көрінеді. Бірінші рентгендік көріністе фрагменттер арасындағы диастаздардың ұлғайғаны, орналасқан фрагменттердің анық контуры, төменгі жақ негізінің ұзына бойы периосталды қабаттануы көрінбесе қабыну процесінің болмағаны анықталады.
8—9 айларда фрагменттер аралығындағы саңылаулар сүйек тіндерімен толады. Егер остеомиелитті тоқтата алмаса сүйек тіні (1—4 см) ақауланады.
Жарақатты остеомиелиттің (төменгі жақтағы) клиника-рентгенологиялық тексерулердің негіздеріне сүйене отырып (орналасуға байланысты) мына топтарға ажыратады.
а) . Төменгі жақтағы альвеолды өсіндінің остеомиелиті.
б) . Төменгі жақ сүйегінің сыртқы жартысының остеомиелиті.
в) . Жақтың төменгі қырының остеомиелиті.
г) . Төменгі жақ сынықтарының шеткі бөліктерінің остеомиелиті.
Альвеолды өсіндінің жарақатты остеомиелиті. Альвеолярлы өсіндінің остеомиелитінің клиникалық ағымына — тіс ұяшығында қабыну процесінің басталып, жақ маңындағы сүйектерді қамтуы тән.
Бұл процесте ауыз қуысы шырышты қабығының ісінуі кіреберіс жерінде байқалады. Іріңді инфильтрат ауыз қуысының түбіне таралмайды. Егер остеомиелит процесі төменгі жақ бұрышына таман орналасса әртүрлі дәрежедегі жақтың қабыну белгілері білінеді. Науқастардың жалпы жағдайы орташа, дене қызуы 37,7—37,8 шамасында болады.
Себепкер тісті жұлып, қасықпен ұяшықты қырған кезде ұсақ секвестрлер мен грануляциялар шығады. Бұл топтағы науқастарда жақтың альвеолды жиегінің, сынықтың төменгі бөлігіндегі репоративті процестермен бірігіп қабынуы тән. Бүл кезде рентгендік және клиникалық көріністер сәйкес келмейді. Мүның себебі жулынған тіс үяшығындағы дамыған остеомиелит процесі сынық бойындағы сызықтан фрагменттердің бітісіп кетуіне кедергі келтірмейді. Рентгенологиялық өзгерістер тек сапалы рентгенограмма немесе томограмма жүргізілген кезде ғана анықталады. Олардың мөлшері онша үлкен емес және ұяшықтағы сүйек тінімен байланысты болып қалады. Сынық сызықтары тарылып қайта түзілген сүйек тінімен толығады.
Төменгі жақ негізінің ұзына бойында периосталды қабаттану байқалады.
Жақтың төменгі қырының жарақатты остеомиелиті. Сынықтарды оперативті емдегеннен кейін жиі дамиды. Науқастар жалпы жағдайының әлсірегенін, бетіндегі жұмсақ тіндерде қабыну процесінің басталғанын сезеді. Дене қызуы 37,3° шамасында болады және кешкілік, таңертең аздап өзгеріп отырады. Төменгі жақ қимылы бұзылады. Жақтың төменгі қырының осте-омиелитінде рентгенологиялық белгі-көп мөлшердегі кортикалды секвестрдің болуы. Ол остеопороз және сүйек тінінің ыдыраған бөлігінде орналасады. 7—10 күн шамасында секвестр маңындағы сүйек тінінің ыдырауы біртіндеп ұлғайып, басқа сүйек тіндерімен оқшауланады. Сынық сызығының жоғарғы жатқан бөлігі өз диаметрін өзгертпейді, фрагменттің контуры анық болып қалады.
Төменгі жақтың шеткі сынықтарының жарақатты остеомиелиті. Бұл түрінде остеомиелиттік жарақаттануы байқалады. Себебі сынық жиегінің барлық бетін қамтиды. Жұмсақ тіндердегі қабыну процестері мен анық ауыру сезімі байқалады. Дене қызуы көтеріліп, қанда өзгерістер болады.
Науқастарда үшкіл нервтің үшінші тармағының иннервациялау аймағында сезімталдық бұзылады.
Рентгендік көріністе сүйек тінінің резорбциясы байқалады. Сынықтың жиегі анық емес. Әртүрлі мөлшердегі секвестрлер сынық сызығының бойымен орналасады.
Созылмалы остеомиелиттің қзақ мерзімі нәтижесінде жақтың ақауы пайда болады. Гемограммада қан жағынан өзгерістер байқалмайды. Тек нейтрофилез, салыстырмалы және абсолютті моноцитоз, лимфопения байқалады. Егер жарақатты остеомиелит жақ маңындағы абсцесс немесе флегмонамен асқынса эритроциттердің тұну жылдамдығы артады және лейкоцитоз байқалады.
Жарақатты остеомиелитті емдеу. Бірінші емдік шара, іріңдерді ауыз ішінен немесе сыртынан тіліп шығару. Абсцестер ауыздың ішінен ашылады. Ол үшін міндетті түрде жұмсақ тіндерді 3 см сүйекке дейін кеседі. Жайылған қабыну процесінде 5—6 см сыртқы тілік жасалады, тіндер ажыратылып, төменгі жақтың тінін тексереді.
Ірің көбейсе қанат тәрізді бұлшықеттің ішкі жағынан тіліп ашып антибиотикті ерігінділермен жуады. Гипертониялық ерітіндіге суланған дәкемен орап, стерилді резина қблғаптың қиындысымен дренаж қояды. Бұл операциядан соң қабыну процесі азаяды.
Жарақатты остеомиелитті емдеген кезде негізгі қағида себепкер факторды жою. Егер ол фактор жақ сынығы дұрыс бекілмегенінен болса, шұғыл түрде төменгі жақ сынығын дұрыс бекітіп, бір мезгілде іріңдікті тіліп ашу қажет. Іріңнен тазарған соң консервативті ем тағайындалады. Антибиотикотерапия, сульфаниламидті препараттар, нитрофуран препараттары, витаминотерапия, жалпы жағдайды көтеретін, сезімталдықты жоятын ем.
Іріңді тіліп ашқанда — Микрофлора мен оның антибиотикке сезімталдығын анықтау үшін жұғынды (мазок) алған жөн. Микробиологиялық тексерулер қорытындысы 4 8 сағаттан соң белгілі болады. Сондықтан басында кең спектрлі антибиотиктер белгіленеді (тетрациклин 200000 Б 4 рет күніне немесе монолицин 2000 Б — 4 рет). Анализдер қорытынды алынған соң бағытталған антибиотерапия белгіленеді. Бұдан басқа сульфадемизин немесе күніне 4 реттен норсульфазол 1,0, фуразалидон 0,15 белгіленеді. Анти-бактериалды аралас ем 5—6 күн жүргізіледі, егер процесс тоқтамаса, қайтадан жарақаттан бөлінген сұйықты зерттейді. Антибиотикті өзгертеді. Кейбір авторлар антибиотикті қабыну ошағына салуды ұсынады.
Жарақатты остеомиелитті емдеу үшін Д. А. Энтин (1940) сынық аймағына 70% спирттегі 2% новокаин ерітіндісін енгізуді ұсынады. Мүндай инъекциядан кейін ауыру сезімі жойылады, жағымсыз сезімдер басылады. Спирт-новокаин ерітіндісі 2—3 күннен соң 5 рет енгізіледі (1,5—2 мл). Көп жағдайда спирт баяу созылмалы процестерде енгізіледі. А, В, С витаминдерін глюкоза ерітіндісімен бірге венаға жібереді. Сезімталдықты жою үшін ди-медрол, кальций хлориді белгіленеді.
Физиологиялық ем. УЖЖ немесе қысқа толқынды ем, операциядан соң белгіленеді. Жарақатты остеомиелитті емдегенде физиопроцедура керек. Р. Н. Михайлова мен Я. Г. Зайковский (1968) дәлелденген.
Созылмалы процестерде беттегі жұмсақ тіндердің инфильтраты тез сіңіп кетеді.
Төменгі жақтың альвеолярлы өсіндісінің жарақаты остеомиелитінде сынықтың тұсындағы себепкер тіс жұлынады да ұяшыққа кюретаж жүргізіледі. Осы кезде секвестрленген түбіраралық перде мен ұяның қабырғасы алынады. Ауыз қуысын фурациллин ерітіндісімен жуып шаяды.
Төменгі жақтың сынық жиегінің остеомиелитінде секвестрэктомия немесе остеотомия жүргізуге асықпау керек, өйткені ол ақаудың пайда болуына әкелуі мүмкін.
Жарақатты остеомиелиттің алдын алу шаралары: 1. Сүйек сынықтарын ерте және тиімді бекіту (жарақатты хирургиялық өңдегеннен кейін).
2. Сынық тұсындағы созылмалы процесс бар тістерді дер кезінде жұлу.
3. Сынықтың саңылауын антисептикалық ерітінділермен жуып шайғаннан соң ауыз қуысынан мұқият оқшаулау.
4. Сынықтағы микроциркуляцияны қалпына келтіру үшін ем жүргізу. (антикоагулянттар тағайындау: қанның реологиялық қасиетін жақсартатын ерітінділер енгізу).
5. Сүйек тініне сезімтал антибиотикті ерте пайдалану.
6. Жалпы жағдайын көтеретін ем, репаративті остеогенезді нығайту.
7. Ауыз қуысы тазалығын сақтау.
Жарақатты гайморит. Жарақатты гайморит — тек оқ тиген жарақаттың асқынуынан ғана емес, тұрмыстағы әртүрлі жағдайдың салдарынан бет қаңқасы сүйектерінің жарақаттануынан да, соның ішінде жоғарғы жақтың бет сүйек доғасының және ЛОР — мүшелердің жарақаттануынан дамиды. Бет қаңқасының жарақатынан басқа, бет сүйек доғасы сынған кезде де бет қаңқасы көп жағдайда төмен, ішке және артқа қарай кіріп кетеді (қозғалады). Осы кезде бет сүйек доғасы гаймор қуысына кіріп, оның сүйекті және шырышты қабықтарын жарақаттайды.
Егер қуысқа сүйек сынықтары түсетін болса – жарақаттары гайморит дамиды.
Жарақаттан соң алғашқы күндері жарақатты гаймориттің айқын клиинкалық белгілері болмайды, себебі бұл уақытта жақ сынығының клиинкалық көрінісі басым келеді. Науқастың басы ауырып, мұрын арқылы дем алысы қиындайды, мұрынынан алғашында серозды, сонан соң іріңді қан бөледі, дене қызуы көтерілуі мүмкін.
Жарақаттанғаннан бірнеше күннен кейін жедел көріністер созылмалы түрде ауысады. Созылмалы гаймориттің клиинкалық көрінісі қуыстың қабырғасы мен шырышты қабығының жарақатының сипаты мен көлеміне, қуысты жарақаттанған сүйек сынығы немесе бөгде дененің мөлшеріне байланысты болады. Созылмалы гаймориттің ең басты белгісі – жыланкөз, мұрын жолдарынан бөлінген ірің мен жергілікті ауыру сезімі. Қан ұюы мен кейбір шырышты қабықтың және жақ сүйек наркозының салдарынан шырышты қабықтың полипозды түрінде продуктивті процестер дамиды. Жоғарғы жақа оқ тию салдарынан болған жарақатты гайморит ағымының өзіне тән ерекшелігі бар. Жарақаттанған кездегі қуысқа түскен сүйек сынықтары, кейін пайда болатын секвестрлер ұзақ уақыт бойына қуыстың шырышты қабығын қабындырады. Соңынан қуыстың грануляция тіні осында қалған сүйек сынықтарымен, бөгде денемен бірігіп фиброзды тінге айналады, ол өз кезегінде ауық-ауық процестің асқынуына соқтырады.
Рентгенограммада қуыс пневмотизациясының өте төмендеуі байқалады. Алғашқы күндердегі рентгенограммадағы қуыстың қараюы жоғарыда айтылғандағыдай қан ұюы кейіннен – шырышты қабықтың патологиялық өзгерістерді көрсетеді.
Созылмалы жарақатты гайморитте жоғарғы жақ қуысына радикалды операция жасайды. Қуыстың алдыңғы қабырғасын алғаннан кейін, оның ішіндегі тыртық пен фиброзды өзгерген тіндерді және бөгдее денелер мен сүйек сынықтарын алып тастайды. Бөлек қуыстарды бір-бірімен қосып бір қуыс жасайды да, жоғарғы жақ қуысы мен төменгі мұрын жолының арасына кең түтікше қояды. Қуыстың шырышты қабығының полипозды жерлері кесіліп алынады да, өзгермегендігі – қалдырылады. Қуысыты жуып, кептіргеннен кейін, оның ішін вазелинді майға батырылған йодоформды тампонмен толтырып, оның ұшын түтікше арқылы шығарып, төменгі мұрын қуысында қалдырады. Ауыз қуысының шырышты қабығының жарақатын саңылау қалдырмай тігіп тастайды.
Церебальды өзгерістер. Өте алуан түрлі. Жалпы олар ми шайқалуы салдарынан болатын қысқы мерзімді немесе ұзақ уақытқа созылған естен тану түрінде байқалады.
Ми жарақатының белгілері басым болған науқастарды жарақатты өңдеп және жақ сынықтарын орнына қойғаннан кейін неврологиялық, не нейрохирургиялық бөлімдерге орналастырған жөн.
Бас-ми жарақаты кезінде, әсіресе бас қаңқасының негізге жарақаттанған кезде, мамандар травмалық менингиттің профилактикасына аса көңіл бөлуі керек. Бұл үшін антибактериальды заттардың, сульфаниламидті препараттардың күшті дозаларын тікелей қанға жіберу керек. Бұл шаралар жаңа жарақаттанғандардың барлығын менингиттің дамуынан сақтайды, ал болған жағдайда шамамен науқастардың 90%-ін 7-10 күнде емдеп шығарады.
Жарақаттан кейінгі сынықтарды жалпы емдеу. Жүргізілген морфологиялық – клиинка-лабораториялық және функционалдық тексерулердің негізіне сүйек жарақатының 4 кезеңін бөлуге болады. Бұл жалпы организмдегі күрделі биохимиялық, патофизиологиялық өзгерістерді және жарақаттан кейінгі кездегі болжамды анықтауға мүмкіндік береді.
1 кезең – жарақаттағы біріншілік реакциялар кезеңі. Жарақаттанған жерде деструктивті процестердің болуымен сипатталады. Олар: сүйектің тұтастығының бұзылуы, сыртқы қабығының, Гаверс өзегінің, эндоостың жыртылуы және дәнекер тінді түзілімдер мен бұлшықеттердің, төменгі жақты қоршаған нервтер, қан, тамыр және лимфа тамырларының өзгерулері. Кезеңнің ұзақтығы 3 күнге дейін.
Осы кезеңде қабыну процесінің айқындылығы мен грануляциялық тіннің түзілуіне әсер етіп қана қоймай, сүйек тұтастығының толық қалпына келтіруге әсер етеін екі түйінді процесті ажырату керек:
1. Тотығу-тотықсыздану процестерінің өзгеруі, гипоксия көрінісінің ұлғаюы мен қан келудің бұзылуы нәтижесінде тіндердің протеолизі.
2. Полимерлік комплекстердің, мукополиқантсутектер мен белоктардың клеткалық құрылымдарының ыдырауы, дезинтеграция және деградациясы, сынық аймағында гетерогенді органикалық және бейорганикалық қосындыларын түзеді. Ол сыныққа жақын остеогендік және дәнекер тінді клеткалардың полиферациясы мен дифференциясының белсенділігін арттырады.
Ауыру сезімі мен психо-эмоциональды импульсация, улы заттардан болатын тітіркенулер, тіндердің жарақаты салдарынан сүйек тініндегі түзілімдер рефлекторлы және гуморалды жолдармен орталық нерв жүйесінің симпатикалық бөлігінің қозуы нәтижесінде жалпы физиологиялық жауап ретінде қорғану реакциясы түзіледі, шеткі қан ағысы арқылы бүрекүсті безі гармондары: кортикотропин, глюкокортикоид организмдегі катаболикалық процестеді күшейтеді.
Бұл кезеңде, сүйек жарақатындағы регенеративті процестерді арттыру үшін негізгі әрекет:
1. Эмоциональды стресс пен ауру синдромын азайту немесе жою.
2. Қан айналымы бузылуларын қалыпқа келтіру. Қанмен қамтамасыз ету дәрежесі сүйек жарақатындағы зат алмасу түріне байланысты (гликолитикалық, мукополисахаридті немесе оксибиотикальды). Олар сүйек, шеміршек тіндердің түзілуіне әкеледі.
3. Тыныс алу бұзылыстарын қалыпқа келтіру (асфикцияның алдын алу мен себебін жою).
4. Зат алмасу бузылыстарын қалыптастыру. Біріншілік реакциялар кезінде ыдыраудың, протеолиздік, симпатикоадреналды жүйенің күшеюі нәтижесінде катаболикалық процестер жүреді, олар белоктың, майдың, гликогеннің витаминдердің ыдырауын күшейтіп, қанға ыдырау өнімдерінің сіңіруіне әкеледі.
5. Сүйек жарақатының инфекциямен асқынуын болдырмау. Жақтың барлық сынығы тіс қатарының деңгейінде ашық келеді. Тамақтанғаннан соң ауыз қуысын тазалағанда одан әрі бүлініп, гигиеналық жағдай нашарлайды. Егер ауыз қуысында тіс жегісі болса, асқынған тіс жегісі, тіс тастары, пародонт аурулары кездессе сүйек жарақаты инфекциясының одан әрі асқынуына мүмкіндік туады. Сондықтан жоғарғы немесе төменгі жағы сынған науқастарға көмек көрсеткен кезде тістің тағдырын шешіп алу маңызды. Сынық түсындағы тіс инфекцияны өткізіп тұрса немесе сынықты салуға кедергі жасаса жұлынуға тиіс. Мысалы: сынық маңайындағы тістің созылмалы периодонтиті, пародонттың абсцестенген түрі, пульпитті тіс және сынған тіс.
Біздің кафедраның бақылауы бойынша сынық тұсында тұрған және функционалдық қажетін жоғалтпаған сау тістердің ұлпасын алып, пломбыланғаннан кейін олардың түбір өзектері арқылы сынық саңылауын брефоматериалмен толтырып сақтауға болады (Оразалин Ж. Б., Жартыбаев Р. Н.).
Қабылдау бөлімінде екіжақты өткізгіштік жансыздандырудан кейін (2,0—5,0% анальгин және 2,0 мл 2% димедрол ерітінділері), сынық саңылауын 0,02% хлоргексидин ерітіндісімен жуып-шай-ып, сынықтарды орнына салып, жыртылған шырышты қабықты тігіп, бекітеді. Консервативті және оперативті әдістер көрсеткіштері бойынша сынықтарды дер кезінде салып бекіту жүзеге асырылады.
Клиникада күн сайын түнде анальгин мен димедрол бұлшықетке, триоксазин 0,3x3 рет, тағайындалады. Қанның реологиялық, қасиетін жақсарту, микроциркуляция мен зат алмасуды қалыптастыру үшін тікелей венаға ертнділер енгізіледі (Рингер ерт., глюкоза және т. б.). Нитрофуран қатарының препараттары, антибиотиктер тағайындалады. Ауыз қуысының тазалығын сақтап, (0,02% хлоргекседин ерітіндісімен шайқау және) 1-ші жақтық диета тағайындалады.
Екінші кезең — Сүйек шорының түзілу кезеңі. Ұзақтығы 8 күн, 3 сатыдан түрады:
1. Қабыну — пролиферативті кезі, остеогенді және дәнекер тінді клеткалардың қабыну инфильтрациясы мен пролиферацияның күшеюі.
2. Грануляциялық тіннің түзілуі.
3. Клеткалы-талшықты остеогенді тіннің жетіле бастаған кезі. Бұнда: лейкоцитоз, нейтрофилді солға жылжу, ЭТЖ артады, ГИ-ПО және диспротеинемия, альбумин азайып, глобулин фракциясының күшеюі фибриноген гаптоглобулин, лимон қышқылы және сілтілі фосфатозда қүрамдарының өсу тенденциясы байқалады. С-реактивті белогына сынама жүргізілсе оң болады.
II кезеңнің негізгі мақсаты қабыну процестерінің алдын алу және сүйек тінінің репаративті регенерациясына қалыпты жағдай жасау болып табылады. Сондықтан 1-ші кезеңдегі шаралар одан әрі жалғастырылады, қосымша: метилурацил 0,5—3 рет, кальций глюканаты 0,5x3 рет тағайындалады. Күн сайын құрсаудың жағдайы тексеріліп, ауыз қуысының гигиенасына көңіл бөлінеді. Жарақаттанған кезден бастап 3-ші күні УЖЖ, жалпы кварц сәулесі тағайындалады.
III кезең — Сынықтардың бітуі мен шорлану кезеңі. 2 сатыдан тұрады:
1. Жетілмеген сүйек құрылымдарының қалыптасуы.
2. Сүйек шорының жетілуі.
Кезеңнің узақтығы орташа 9 күннен бастап 21 күнге дейін. Науқас толық бейімделіп кетеді. Сондықтан тамақ ішкенде қолайсыздық болмаса негізінен шағым жасамайды.
III кезеңнің емдік-профилактикалық шаралары репаративті остеогенезді жеделдету.
Бұл мақсатпен жалпы және жергілікті шаралар комплексі жүзеге асырылады. Лазерлі ем остеогенезді күшейтеді (20 мВт, тығыздық күші 150 мВт), экспозициясы 2—3, барлығы 12—15, сәулеленуі 1 2—14. Соңғы кезеңде 2-ші жақ столы, кальций хлоридімен электрофорез тағайындалады, ол сүйек шорының тығыздануына қолайлы жағдай жасайды.
III кезеңнің алдында науқастар амбулаторлы емделуге реабилитация бөлмесіне жіберіледі.
IV кезең — сауығу кезеңі. 2 сатыдан түрады:
1. Сүйек шорының түбегейлі жетілуі.
2. Жетілген сүйек шорының функциональды-детерминальды қайта қалыптасуы.
IV кезеңнің 1-ші сатысы орташа 2 1-ден 29—30 күнге созылады.
Сүйек жарақаты процесінің кезеңдеріне жоспарлы болжам жасауға болмайды. Ал егер процесс ағымы күрделі болса тікелей алдын алу мен емдеу шаралары жүзеге асырылуы тиіс.
10.Жаңа тақырыпты бекіту. 20мин(22%)
1.Стоматология туралы ұғым.
2. Стоматологияның дамуы.
3. Стоматологияны ұйымдастыру.
12. Сабақты қорытындылау. 5мин(6%)
Оқушылардың білім деңгеиін бағалау.
Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.
13. Үйге тапсырма беру. 5мин(6%)
Н. 1-бөлім,3-12 беттер
Н.2-бөлім,14-16 беттер
Сабақ №9
1.Сабақтың тақырыбы:Жақ-бет аймағының жарақаттарында науқасқа жалпылама емдеу әдістері. Жақ-бет аймағының жарақаттарындакездесетін асқынулар.
.
2. Сағат саны: 2 сағат 90мин(100% )
3. Сабақ түрі: теориялық
4. Сабақтың мақсаты:
- оқыту: Стоматологиялық емханнаның бөлімдері және олардың атқаратын міндеттерін
оқыту.
- тәрбиелік: стоматологиялық емханадағы терапиялық бөлме
жадықтарымен және жұмысты ұйымдастыру ережелерімен таныстыру
- дамыту: стоматологиялық науқастарды тексеруде қолданылатын
әдістерді меңгеру, терапиялық бөлменің жабдықтары және жұмысы ұйымдастыруды жетілдіру,оқыту
5. Оқыту әдісі: Модульды оқыту.
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта,мультимедиялық құрылғы
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: Плакаттар,тесттік сұрақтар,рефераттар,фантомдар
б) оқыту орны:
7. Әдебиеттер:
Негізгі: 1.Оразалин Ж.Б. «Хирургиялық стоматология» А. 1998ж.
2. Вязьмитина А.В., Усевич Т.Л. «Хирургическая стоматология» (практикум) М., 2000ж.
3. Робустова Т.Г. «Хирургическая стоматология» 2003ж.
г
Қосымша : 1.Груздев Н.А. «Острая одонтогенная инфекция» М., 1978ж
2.Збарж Я.М. «Переломы челюстей и их лечение» Л., 1965ж
3.Кабаков Б.Д. «Лечение злокачественных опухолей ЧЛО» М., 1970ж
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6 %)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
Сабақтың мақсаты мен міндеті
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.15мин(16%)
1.Стоматологияның даму тарихы.
2.Стоматология туралы түсінік.
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 40мин(44%)
. Жақ сүйектері сынықтарын емдеу тәсілдері.
Жақ сынықтарының емдеу тәсілдері жергілікті және жалпы деп бөлінеді. Жергілікті емнің өзі уақытша (транспорттық) және тұрақты (емдік) емге бөлінеді. Тұрақты емнің ортопедиялық және хирургиялық түрлері бар.
Шеңдеуіштердің көмегімен көрсететін ортопедиялық ем үш топқа бөлінеді: тістік, тіс-қызыл иектік және қызыл иек үстілік.
Шендеуіштерге қойылатын талаптар: 1. Шендеуіш сынықтарды мықтап ұстап түруы; 2. Құрылысы қарапайым болуы; 3. Қолда бар заттардан оңай дайындалуы; 4. Ағза қызметіне кедергі келтірмеуі керек.
Тістік шеңдеуіштер. Бұл шеңдеуіштердің ішінде кеңінен тараған алюминий сымынан жасалған Тигерштедтің, Васильевтіц таспалы стандарты шеңдеуіштері. Тістік шеңдеуіштер тек тістергс бекітіледі, сондықтан олар тістер жеткілікті болса ғана қолданылады. Бұл шеңдеуіштерді орыс әскерінің тіс дәрігері Тигерштедт С. С. (1915) қолдануды ұсынған. Оны дайындау үшін диаметрі 1,8—2,0 мм алюминий сымы, 0,5—0,6 мм қола-алюминий сымы және аспаптар жиынтығы (крампон қысқышы, анатомиялық пинцет, қан тоқтатқыш қысқаш, егеу) қажет. Шеңдеуішті дайындау ережелері: Шеңдеуіш тістердің мойын аумағында орналасып, әрбір тіске жанасып тіс қатарының доғасымен иіледі. Ол серпіліп қызыл иекті жарақаттамау керек. Шеңдеуішті әр тіске сыммен бір басынан бастап бекітеді, осыған байланысты тістерге түскен салмақ шеңдеуішке байланған тістерге біркелкі бөлінеді, оның күтімін жеңілдетеді. Оны крампон қысқашымен қысып ұстап саусақпен иеді. Бұл талап орындалмаса шеңдеуіштің иіліп дайын болған жері деформациялануы мүмкін.
Қазіргі кезде Тигерштед шеңдеуіштерінің ішінде тегіс жақша тәріздес, тіректі шеңдеуіш, екі жақтық ілмектері бар шеңдеуіштерді көп қолданады, ал көлбеу шендеуішті сирек қолданады (38 а, б, в, г сурет).
38-сурет. Тигерштедтің шендеуіштері:
А,б) тегіс жақша тәріздес; в) тіректі шендеуіш; г) екі жақтық ілмектері бар шендеуіші.
Шендеуішті салу алдында жергілікті жансыздандыру жасап сынық бөліктерін орнына салады.
Біржақтық байланыстырғыш, жақша тәріздес шендеуіш сынықтың үлкен бөлігінде 4 тістен кем, ал кішісінде 2 мықты тістерден кем болмаса салынады.
Тегіс жақша тәріздес шеңдеуішті алдыңғы тістер аумағындағы оңай салынатын немесе ығыспаған тік сызықты сынықтарда, жоғарғы және төменгі жақтмрдмң альвеолды өсіндісінің ортаңғы бөлігінен, бүйірінен сынғанда, егер сынық бөлігінде 2—3 тістен, жарақаттанбаған бөлігінде 3—5 мықты тістерден кем болмаса, тіс ұясынан шыққанда немесе сынғанда қолданады. Дегенмен жоғарыда аталған жақ сынықтарында екіжақтық ілмектері бар шендеуіш қолданған жөн. Өйткені тегіс жақша тәріздес шеңдеуіш иек аумағындағы сынық бөліктерін бір-біріне жақындата алмайды. Егер тіс ұясынан шықса немесе сынса оларды бекіту үшін шеңдеуіш каппалар қолданады.
Біржақтық жақша тәріздес шеңдеуішті дайындау үшін әуелі соңғы тісті тығыз қамтып ауыз қуысының тіліне кіріп түратын (тіс түбірі 1/2 немесе 1/3 үзындығына) ілмек иеді. Ілмектің ұшын тік жазықта 45° бұрыш жасай қайшымен қиып, ұшын егеумен тегістейді. Ілмек орнына қысқа жіңішке үшбұрышты тіс аралығына кіріп тұратын иін июге болады. Шендеуіш тістердің мойын деңгейінде орналасу үшін ілмек жасалған тіс сауытының ортасында немесе оның алдында орналасқан тіспен аралығында сымды жоғарыға (жоғарғы жақтан төмен) иеді. Сонан соң шеңдеуішті әрбір тіске жақындата отырып тіс қатарының бойымен иіп сыммен бекітеді. Сымның үшын 5 мм қалдырып орталық сызық бағытында шеңдеуіштің астына қарай майыстырады.
Тіректі шеңдеуішті төменгі жақ сүйегі тіс қатарының аумағында жылжымай сынса немесе сынық оңай салынса, егер сынық сызығы альвеолды өсіндінің тістері жоқ жерлерінен өтсе және төменгі жақ сүйегі тіс қатарының аумағында ақауланып сынса қолданады.
Шеңдеуішті дайындау тәсілі жақша тәріздес тегіс шеңдеуіштікіндей, тек сынық тістер жоқ жерден сынса, екі иығы сынықтың жан-жағында тұрған тістерге тығыз жанасып тұратын иін иіледі. Иін альвеолды өсіндінің тістері жоқ жағына бағытталып иіледі, оның ұзындығы тістің бүйір бетінің жалпақтығына сай келеді. Тіреуіш иін альвеолды өсіндінің деңгейінде немесе онан 5 мм шығыңқы болады.
Шеңдеуіштің жекелей салу ережесі жоқ, өйткені тіреуіш иінді арнайы иілетін шеңдеуіштің кез келгенінде дайындауға болады.
Екіжақтық ілмектері бар шеңдеуіш үстіңгі және төменгі жақтарға бірдей дайындалады.
Бұл шеңдеуішті төменгі жақ сынығы тіс қатарының аумағында жылжып сынғанда немесе сынық бөліктері қиын жылжыса, төменгі жақ екі, үш жерден сынса, сынық сызығы тіс қатарының артынан өтсе, жоғарғы жақ сүйегі сынса (қосымша төбе-иекті таңғышпен байлау немесе стандартты иектік сақпан) және сүйекке пластикалық операция жасалған жағдайларда қолданады. Егер сынық бөліктерін қолмен орнына салуға мүмкіндік болмаса, оларға ілмектері бар шеңдеуіш бөлек дайындалады да, оларды жоғарғы жақ, сүйегіндегі шендеуішке резинка дөңгелектермен тартып дұрыс жағдайға келтіреді, сонан соң қосымша жіңішке ортодонтиялық сымнан иген доға тәріздес шендеуішпен бекітіп бір-бірін тез қатаын пластмассамен бекітеді. Сынық бөлігінің біреуі жоғары қарай көбірек ығысқан жағдайда антогонист тістердің арасына резинкадан төсеніш қойып лигатурамен шендеуішке бекітіп қояды. Резиналы дөңгелекті резиналы түтіктен кесіп дайындайды, олардың диаметрі әртүрлі болады. Резиналы дөңгелектің тарту күші оның диаметріне қарама-қарсы пропорцияда. Алғашқы екі күн диаметрі кішірек дөңгелектерге ауыстырылады. Сынық бөліктерінің бағытын дұрыс бағыттау үшін дөңгелек тартылысының бағытын өзгерту керек.
Шендеуішті дайындау тәсілі. Әр шендеуіште 5-6 ілмек иіледі: сынықтың үлкен бөлігіне 3-4, ал кіші бөлігіне 2-3 ілмектен. Ілмектердің ұзындығы 3-5 мм болып жоғарғы жақта олар жоғары, ал төменгі жақта төмен қарай орналасып, тіс өсімен 35-45' бұрыш құрайды. Ілмектің ұшы қызыл иектің шырышты қабатынан 2 мм қашықтықта тұрады, бұл резиналы дөңгелектермен қызыл иекті жарақаттамауға мүмкіндік жасайды. Мүмкіндігінше ілмектерді 2 күрек, 1 кіші және үлкен азу тістердің аумағында иген жөн. Ілмектер тістердің аралығында емес қатты тіндерінде орналасуы керек. Иілген ілмектер бір деңгейде орналасып, барлық тістермен тығыз жанасуын қадағалау керек.
Шендеуіштерді иіп болған соң, оларды мүмкіндігінше әрбір тіске бекіткен дұрыс, өйткені оларға ілінгенрезина дөңгелектер қосымша күш түсіреді.
Ем біткен соң дөңгелектерді алып, науқасты 2-3 күндей бақылайды, егер бұл мерзім ішінде тіс түйісуі өзгермесе, сынық бөліктерінің патологиялық қозғалысы байқалмаса шендеуіштер алынады.
Сынықтың түріне байланысты шендеуіштерді 4-6 аптаға салады.
Оразалиннің екіжақтық стандартты ілмегі бар пластмасса шендеуіші. ҚазММУ-дің дің хирургиялық стоматология клиникасында 1982 ж. Бастап төменгі қысымды полиэтиленнен жасалған стандарттты шендеуіш қолданылады. Бұл шендеуіштер майысқақ, жеңіл, сонымен қатар өте мықты және улы заттар бөліп шығармайды.
Шендеуіш доға тәріздес бір-бірінен 1,0 см ара қашықтықта орналасқан ілгектері бар. Оның ұштарында тіс аралығына кіріп тұратын иіндері бар. Шендеуіштің ұзындығы 11-13 см, салмағы 0,7-0,8 г. Шендеуіш тістерге полиамидті жіппен немесе лигатуралы сыммен бекітеді. (39 сурет).
39-сурет. Ж.Б. Оразалиннің пластмасса шендеуіші.
Сабын және щеткамен өңделіп залалсыздандырылған соң шендеуішті қайта қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |