Сабақ №1 Сынып: 3 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Сабақ тақырыбы



бет116/132
Дата10.01.2023
өлшемі447,48 Kb.
#165290
түріСабақ
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   132
Байланысты:
3 КМЖ

Сабақ бойынша рефлексия





Тексерілді:


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Пәні:Дене шыныктру.


Күні: Мұғалімнің аты-жөні:Орынбеков.Е
Сынып: 3 Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қауіпсіздік ережесі. Ойындағы қарымқатынас дағдылары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.2.8.1 - қозғалыс белсенділігіндегі рольдерді анытау және көрсету.



Сабақ мақсаттары

қозғалыс белсенділігіндегі рольдерді анытау және көрсету біледі

Бағалау критерийлері

Оқушылардың бойында өзіне, құрбысына деген құрмет, жауапкершіліктің қалыптасуына ықпал ету

Тілдік мақсаттар

Ойын белсенділігі кезінде әлеуметтік дағдыларды түсіну, көрсету және талқылау.

Құндылықтарды дарыту

Өзінің оқуға деген мақсатын дербес анықтап, оқу және танымдық іс-әрекеттер кезінде жаңа міндеттер жүктей және құра білу, өзінің танымдық қызығушылықтарын дамытуды

Пәнаралық байланыстар

Ана тілі, математика



Сабақ барысы



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
Оқушы назарын аудару


15 минут



1. Сапқа тұрғызу
Амандасу
Мәлімет қабылдау
Сабақтың тақырыбын түсіндіру
2. Саптық жаттығулар:
Оңға, солға, кері бұрылыстар
3. Жүру.
- аяқтың ұшымен, қол жоғарыда
- қол желкеде, өкшемен жүру
- отырып жүру
4. Жүгіру.
- баяу жүгіріс
- сол жақ иықтан секіре жүгіру
- оң жақ иықтан секіре жүгіру
- қиылысты жүгіріс, жылан жүгіріс
5. Жалпы дамыту жаттығулары.
Б. қ. қол белде, аяқ иық көлемінде, басты 1 – 2 алға артқа, 3 – 4 оңға солға бұру
Б. қ. негізгі тұрыс, қолды алға созып айқастыру, 1 – 2 оңға, 3 – 4 солға
Б. қ. жұдырық түйюлі қолды 1 – 2 жоғары, 3 – 4 төмен

Жаттығулар көрсетілімі немесе видео материалдар.



Сабақтың ортасы
20 минут



(ЖЖ, Т, Б, Ф) «Ауыр туман». Оқушылар жұпқа бөлініп кеңістікте еркін тұрады. Мұғалім тұман кесірінен еш нәрсе көрінбейді деп хабарлайды, оқушылар: -көпірмен өту; -үңгір арқылы өрмелеу; - өзен арқылы секіру және т.б Оқушылар бір біріне көмектесу арқылы барлық кедергілерден жұппен өтеді.
(Д, Т) «Жұлдызқұрт». Сыныпты 2-3 командаға бөлінеді. Оқушылар командада бір бірінің артына, алдында тұрған оқушының белінен ұстап қатарға тұрады. Командадағы ойыншылар жұлдызқұрттар кейіпін сомдайтынын мұғалім ойыншыларға түсіндіреді. Мысалы: қалай жататынын, қалай тамақ жеуді, қалай жүзуді, қалай жаттығу жасауды көрсетеді.Тапсырманы орындауға 1 минут уақыт беріледі.
«Аңшылар» ойыны.
Ойынға қатынасушылар араларынан біреуін ойын жүргізуші етіп сайлап алады да, кең жазық алаңға жиналады.
Жүргізуші күні бұрын белгіленіп сызылған шеңбердің (радиусы 5—10 м) бойына, қолына доп беріп, үш жерге үш ойыншыны тұрғызады,— бұлар «аңшылар». Қалған ойыншылар «үйрек» болып, ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша шеңбердің ішіне жамырай жүгіріседі де, «Тоқта!» деген кезде бәрі орындарында қозғалмай тұра қалады. Осы кезде «аңшылар» қолдарындағы доптарымен «үйректерді» атқылай бастайды. «Аңшылар» атқылаған кезде «үйректерге» доптан бұлтаруға болады, бірақ тұрған орнынан жүріп кетуге болмайды. «Өлген үйректер» аңшыны алмастырады, ал «үйректерге» тигізе алмаған «аңшылар» доптарын алып қайтадан атқылайды. Осылайша үш «аңшы» орындарын ауыстырғаннан кейін ойын қайта жалғасады.

Әр қызмет түріне арналған үлкен бос кеңістік. Мұғалімге ысқырық

Ысқырық


Доп





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   132




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет