Сабақ №1 Сынып: 3 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Сабақ тақырыбы



бет112/132
Дата10.01.2023
өлшемі447,48 Kb.
#165290
түріСабақ
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   132
Байланысты:
3 КМЖ

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
Оқушы назарын аудару


15 минут



1. Сапқа тұрғызу
Амандасу
Мәлімет қабылдау
Сабақтың тақырыбын түсіндіру
2. Саптық жаттығулар:
Оңға, солға, кері бұрылыстар
3. Жүру.
- аяқтың ұшымен, қол жоғарыда
- қол желкеде, өкшемен жүру
- отырып жүру
4. Жүгіру.
- баяу жүгіріс
- сол жақ иықтан секіре жүгіру
- оң жақ иықтан секіре жүгіру
- қиылысты жүгіріс, жылан жүгіріс
5. Жалпы дамыту жаттығулары.
Б. қ. қол белде, аяқ иық көлемінде, басты 1 – 2 алға артқа, 3 – 4 оңға солға бұру
Б. қ. негізгі тұрыс, қолды алға созып айқастыру, 1 – 2 оңға, 3 – 4 солға
Б. қ. жұдырық түйюлі қолды 1 – 2 жоғары, 3 – 4 төмен

Жаттығулар көрсетілімі немесе видео материалдар.



Сабақтың ортасы
20 минут



(Ж, Т, Ф) Оқушылар топтарға бөлініп, шеңбер құрып тұрады. Екі жүргізуші оқушылар шеңбердің ортасына тұрады. Шеңбер бойымен тұрғандар бір немесе екі тізеге өмен түседі. Оларда волейбол добы. Жүргізушілер добқа қарай бұрылып тұрады. Мұғалімнің белгісімен оқушылар допты еден бойымен қолдарымен домалатып, жүргізушілердің аяғына тигізуге тырысады. Жүргізушілер доптан шеңбердің ішімен секіріп, допты тигізбеу үшін қашады. Егер оқушылар жүргізушінің аяғына тигізсе, ол жүргізушімен ауысады, ал бұрынғы жүргізуші шеңбер бойына тұрады.
«Аңшылар» ойыны.
Ойынға қатынасушылар араларынан біреуін ойын жүргізуші етіп сайлап алады да, кең жазық алаңға жиналады.
Жүргізуші күні бұрын белгіленіп сызылған шеңбердің (радиусы 5—10 м) бойына, қолына доп беріп, үш жерге үш ойыншыны тұрғызады,— бұлар «аңшылар». Қалған ойыншылар «үйрек» болып, ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша шеңбердің ішіне жамырай жүгіріседі де, «Тоқта!» деген кезде бәрі орындарында қозғалмай тұра қалады. Осы кезде «аңшылар» қолдарындағы доптарымен «үйректерді» атқылай бастайды. «Аңшылар» атқылаған кезде «үйректерге» доптан бұлтаруға болады, бірақ тұрған орнынан жүріп кетуге болмайды. «Өлген үйректер» аңшыны алмастырады, ал «үйректерге» тигізе алмаған «аңшылар» доптарын алып қайтадан атқылайды. Осылайша үш «аңшы» орындарын ауыстырғаннан кейін ойын қайта жалғасады.

Үлкен, бос кеңістік.


Мұғалімге ысқырық, бор, волейбол добы.

Ысқырық


Доп





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   132




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет