Сабақ №1 сынып: 5 «а» күні:
Сабақ тақырыбы: М.Мақатаев «Барлығы да сендердікі»,
«Мен таулықпын»
Сабақ мақсаты: М.Мақатаев өмірі мен шығармашылығына шолу
Міндеті:
1. «Барлығы да сендердікі», «Мен таулықпын» өлеңдерінің құрылысына
талдау.
2.Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін, ауызекі сөйлеу,тілін дамыту, өз
бетінше ізденуге дағдыландыру, оқуға деген ынтасын арттыру.
3.Оқушыларды елін,жерін сүюге,табиғат құбылыстарының пайдасы және
оны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа білім беру
Сабақ әдісі: мәнерлеп оқыту, баяндау, сұрақ-жауап, көрнекілік қолдану
Көрнекіліктер: портерт, шығармалары, тірек сызба, суреттер
Пәнаралық байланыс: география
Сабақ барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі
II.Үй тапсырмасын сұрау
М.Мақатаев өмірі мен шығармашылығын сұрау.
Мұқағали жайлы не білеміз?
1931 жылы Алматы облысы,Қарасаз ауылы.
туылған
қазақтың аса көрнекті ақыны
Мұқағали
балалық шағы поэма,өлеңдер жазған
соғыспен тұспа-тұс
1976жылы қайтыс болған.
мектепте әдебиет
пәнінен мұғалім болған
III.Жаңа сабақ
1.Мұғалімнің мәнерлеп оқуы
2.Мағынасын ашу сұрақтары жүргізіледі.
А) «Ата ұрпақтар» кімдер, олардың қалдырар қазынасы нелер?
Ә) Ақын сендердің болашақтарыңа қандай сенім артқан?
Б) Таулықпын деуі неліктен?
3.Өлеңдерді құрылысына талдау
Тақырыбы
|
Идеясы
|
Өлең құрылысы
|
Тәрбиелік мәні
|
Сөздік
|
Барлығы да сендердікі
|
|
|
|
|
Мен таулықпын
|
|
|
|
|
4. Кестемен жұмыс.
Ақын нені мақтан етеді?
|
Сен өз еліңді несімен мақтан тұтасың?
|
|
|
Кестемен жұмыс
Бейнелі сөз
|
Түрі (эпитет, теңеу)
|
Мәні
|
|
|
|
IV.Сабақты бекіту
«Тау баласы» деген тақырыпқа шығарма немесе өлең жаз.
V.Сабақты қорытындылау
Мұқағали әндерін оқушыларға орындату.
Мысалы:
Нұр жауып тұрған көктемде,
Гүл тере барсаң бөктерге,
Қоңыраулатқан аспанды,
Найзағай шаншып өткенде
Есіңе мені алғайсың
VI.Үйге тапсырма
Өлеңдерді жаттау. «Табиғат аясында» сурет салу.
VII.Бағалау
Сабақ №2 сынып: 5 «а» күні:
Сабақтың тақырыбы:С.Жүнісов «Ақырғы бәйге»
Мақсаты: Сәкен Жүнісов өмірі мен шығармашылығымен таныстыру
Міндеті:
1. «Ақырғы бәйге» шығармасының мағынасын ашу.
2.Оқушыларға шығарманы талдата отырып өздік жұмыс жасауға үйрету, логикалық ойларын дамыту.
3.Қазақтың біртуар адамдарының өмірін дәріптеу.Салт-дәстүрге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа білім беру
Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: портрет,кестелер
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын бақылау
II.Үй тапсырма
Үй тапсырмасы тексеріледі, сұрақ-жауап алынады.
М.Мақатаев өлеңдерін жатқа оқыту.
III.Жаңа сабақ
Сәкен Жүнісов 1934 жылы Көкшетау өңірінде дүниеге келді.Белгілі жазушы, драматург.Ол «Ақан сері», «Жапандағы жалғыз үй», «Заманай мен Аманай» шығармаларымен белгілі.
Слаидтан үзінділер.
Бүгін «Ақан сері» романынан үзінді «Ақырғы бәйге» танысамыз.
Сабақ мақсаты айтылады.
Бұл шығармада қазақтың атақты сал-серісі, әншісі,саяткері Ақан Қорамсаұлы туралы айтылады. Ақанның Құлагер атты атының қапада жазым болғандығы туралы айтылады.Сол кездегі Ақанның көңіл-күйі, серігінен айырылғандағы жоқтауы, аяныш сезімі жырланады.
Шығарманы сұрақ-жауап арқылы мазмұнын ашу.
Шығарма тарихи оқиғаға құрылған ба?
Құлагерді Күреңбай сыншы қалай сипаттады?
Үзіндіде қандай салт-дәстүр кездеседі?
Ақан Мөңкеге қандай ақыл айтты?
Құлагер қалай жазым болды?
Сөздікпен жұмыс.
Бөлімдерге бөліп, ат қой.
Сюжетті-композициялық талдау.
IV.Сабақты қорытындылау
«Ер қанаты-ат» ой толғау
V.Үйге тапсырма
Үзіндіні толық оқу.
І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасын қосымша оқу.
VI.Бағалау
Сабақ №3 сынып: 5 «а» күні:
Сабақтың тақырыбы: Құлагер сипаты
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Шығарма желісімен Құлагердің сипатын ашу.
2.Дамытушылық:Сыни тұрғыдан ойлау арқылы өз пікірін қорғауға дағдыландыру, көркем сөйлеуге және өзгенің пікірін сыйлауға үйрету.
3.Тәрбиелік: Жеті қазынаның бірі жылқы туралы ойларын кеңейте отырып, батырлар мінген сәйгүліктердің ерекшелігін арттыру.Салт-дәстүрге баулу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдісі: Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу. Оқушыларды сабаққа даярлау.
Үй тапсырмасын сұрау.
Сәкен Жүнісов өмірін әр топтан бір оқушы бастап , екінші жалғастырады. Үйден салып келген суреттерін тексеру мадақтау.
«Автор орындығы» әдісі
Балалар , сендер Сәкен Жүнісов ағаларыңмен кездескілерің келе ме?
Онда ортадағы автор орындығына отыруға кім дайын?
Оқушылар авторға бірнеше сұрақтар қойып , жауап алады.
Жаңа сабақ
Бүгінгі сабағымызда Сәкен Жүнісовтың «Ақырғы бәйге» шығармасындағы Құлагерге сипаттама береміз. Оқушыларды топқа бөлу.
I.Қызығушылықты ояту
Үнтаспадан Ж.Елебековтың орындауындағы Ақан серінің әні «Құлагер» әнін тыңдату.
Ассоциациялық аймақ құру.
«Жылқы » сөзін естігенде ойларыңа не келеді?
Соны жазыңдар (тақтаға таза плакат ілінеді).оқушылар әр жерден білгендерін айтады. Бір оқушы немесе мұғалім жазып тұрады
Төрт түліктің пірі
II.Мағынаны ашу
«Болжау картасы»
1. Не болады деп ойлайсың?
2. Себебі.
3. Не болды?
Шығарма желісін оймен жинақтау.
Оқушыларды санау арқылы экспорт топқа бөлу. Әр топқа тапсырма беру.
1 – 4 ретімен санап топқа бөлінеді. №1 оқушылар 1 топқа, №2 оқушылар 2 топқа жиналады. Шығарманы 4 – ке бөліп әр топ оқушыларына беремін. Әр топ оқушылары берілген тапсырманы іштей оқып, мазмұнын өз тобында талдайды, айтып береді. Сонан соң оқушылар бастапқы топқа жиналады. Әр оқушы шығармадағы өзінің оқығанын айтып береді.
Тапсырма:
1-топ: «Құлагер» атқа сипаттама жаз.
Құлагердің иесіне сипаттама жаз.
2-топ: Бапкеріне сипаттама бер.
Шабандозына сипаттама бер.
III.Ой толғаныс
Қазақтың салт-дәстүріне сүйенсек жылқыны төрт түлік, жеті қазына деп айтады. Сол туралы оқушылармен ой бөлісу. Атпен ойналатын қазақтың ұлттық ойындары туралы айту: «Көкпар, Теңге алу, Аударыспақ».
Бәйге жарысы т.б. Елтаңбадағы пырақ туралы сөйлету.
«Төрт түліктің пірі-жылқы» тақырыбында шығарма жазу.
Қорытындылау
Семантикалық кесте
Мақалдар
|
Бақ-бақ еткен текені қар жауғанда көрерміз.
|
Арыстан болсаң жау үшін.
|
Тәуекел ет те тас жұт,
|
Арғымақ аттың құйрығы, әрі жібек, әрі қыл,
|
Түлкідей болсын әдісің.
|
|
|
|
|
Ер жігіттің белгісі, әрі мырза, әрі құл.
|
|
|
|
|
Батырсынған жігітті, жау келгенде көрерміз.
|
|
|
|
|
Ажал жетпей өлмек жоқ.
|
|
|
|
|
Үйге тапсырма
Шығарманы толық оқу. Сурет салу «Батырлар мінген сәйгүлік»
Бағалау
Сабақ №4 күні:
Сабақтың тақырыбы: С. Жүнісов «Ақырғы бәйге» 3-сабақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың «Ақырғы бәйге» әңгімесінен алған білімдерін бекіту;
Тәрбиелік: Сабақ барысында оқушыларды елжандылыққа, адами қасиеттерге, сұлулықты сақтауға және өнерсүйгіштікке баулу;
Дамытушылық: Көркем мәтінге әдеби-теориялық талдау жасату арқылы
баланың ой-қиялын дамыту;
Сабақтың түрі: Жинақтау, бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: СТО әдістері
Сабақтың көрнекілігі:Ақан портреті, С. Жүнісов «Ақан сері» романы,
І. Жансүгіров «Құлагер» поэмасы, элетронды оқулықтар
(«Құлагер» фильмінен үзінді), суреттер, үлестірмелер, т.б.
Пәнаралық байланыс:қазақ тілі, бейнелеу өнері, музыка, тарих.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Топқа бөлу: а) Құлагер тобы ә) Көктұйғын тобы
Оқушылар өз топтарының аттарын қорғап шығады)
Сабақ жоспары:
1. Арқаның атақтысы – Ақан (Топтастыру)
2. Салыстыру
3. Семантикалық карта
4. Әдебиет лотосы
5. Соңғы сөзді мен айтайын…
6. Жасыл ел
С. Жүнісов кім? Оның «Ақырғы бәйге» шығармасы қай романнан үзінді? Бұл шығармаға кімнің тағдырын арқау етті?
1. Топтастыру
Достарыңызбен бөлісу: |