Сабақ 1 Тақырыбы : Бау -бақшада,бақтарда



бет1/3
Дата22.03.2017
өлшемі0,53 Mb.
#12165
түріСабақ
  1   2   3
Сабақ 1
Тақырыбы:Бау –бақшада,бақтарда.

Мақсаты:Балалардың сөздік қорын заттың сапасы мен құрамын білдіретін(көлемін,түсін,пішінін)сөздермен байыту.Балалар сөздігіне көкөніс пен жеміс туралы жалпы түсінік беретін сөздерді енгізу.

Сөздер: Картоп,сәбіз, қызанақ, қияр, қырыққабат, аскөк, бұрыш, таңқурай-бақшада, жүзім, алма, алхоры, өрік, шабдалы, шие, алмұрт –бақта өседі деп түсіндіру.
Көрнекі құрал: Алдын ала ілінген көкөністер мен жемістердің қанық түске боялған суреті,ойыншық көкөністер мен жемістер(муляждар),сиқырлы қапшық;

Әдіс-тәсілдер:әңгімелеу,түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап, «Қоржында қандай сый бар?» ойынын ойнату,жұмбақ шешу,қорытындылау.
І.Мотивациялық-қозғаушы кезең:

Сабақтың жүру барысы.

Тәрбиеші:Сәлеметсіздер ме, балалар?

Балалар:Сәлеметсіз бе?

Тәрбиеші:Балалар, бүгін біздің оқу-іс әрекетіміздің тақырыбы көкөністер мен жемістер туралы болмақ.Сабағымызды бастамас бұрын бәріміз шаттық шеңберіне тұрып бір-бірімізге жақсы тілек тілейік.

Шаттық шеңбері:Сау болсын деп деніңіз

Біздер тілек тілейміз,

Болашағы Отанның

Өзіміз деп білеміз.

Тәрбиеші:Қане, балалар, бір-бірімізге жақсы тілек тілейік. Мысалы:

-Айнұр сен бүгін сондай әдемісің.

-Мағжан сен неткен ақылды баласың.т.б.

-Балалар бір-біріне тілек айтып шығады.

-Көп рахмет! Орындарыңа отыра қойыңдар.

-Ал енді, балалар, айтыңдаршы көкөністер мен жемістерді жылдың қай мезгілінде жинайды?

- Көкөністер мен жемістерді күз мезгілінде жинайды.

-Балалар көкөністер қайда өседі?

-Көкөністер бақшада өседі.

-Ал жемістер қайда өседі?

-Жемістер бауда өседі.

-Жарайсыңдар, балалар. Ал енді сол көкөністерге не жатады, атап көрейікші.

- Картоп,сәбіз,қызанақ,қияр,қырыққабат,аскөк,бұрыш,таңқурай жатады.

-Ал жемістерге не жатады?

- Жүзім,алма,алхоры,өрік, шабдалы,шие,алмұрт,апельсин жатады.

-Жарайсыңдар, балалар.Ендеше сол көкөністер мен жемістерді атап көрсетейік .Аружан, келе ғой,мына суреттер арасынан алманы тауып берші.

-Мінекей.

-Ақан, алмұрттың суретін көрсетші.

-Мінекей.

(Тағы бірнеше баланы шақырып, ілулі тұрған суреттер арасынан көрсетуін сұрау)


Сергіту сәті:

Бау-бақшаға барамыз.

Жеміс –жидек жинаймыз.

Тау-тастардан қорықпай,

Жүгіреміз былай,

Секіреміз былай,

Шалшық судан аттаймыз.

Қиындықтан қорықпаймыз.


ІІ. Ұйымдастырушылық- ізденіс кезеңі:

Дидактикалық ойын: Қоржында қандай сый бар?

-Жарайсыңдар, балалар,енді қызықты ойын ойнайық.. Ойынның аты «Қоржындағы заттың атын ата» деп аталады.

-Ойынның шарты - қоржынға салынған көкөністер мен жемістерді атап беру.

Бір-бірден келіп қолымызды қоржынға салып ішінен шыққан затты атайық.

(Балалар келіп қоржыннан шыққан заттың не екенін және оның көкөністер мен жемістердің қайсысына жататынын айтып береді.Оның түсі қандай,дәмі қандай,пішіні қандай,деген сұрақтарға жауап береді.)

Тәрбиеші:Жарайды,балалар.Білгеніміз көп екен,жарайсыңдар!

-Ал енді мен суреттің барлығын алып тастаймын ал сендер көрген көкөністер мен жемістер туралы жұмбақтарды шешуге тырысыңдар.

Жұмбақтар:
Домаланған ала бас,

Дәмді шырын,даяр ас. ( Қарбыз)


Аспай піскен,қайнамай түскен. (Қауын)
Көк лағым көгенде жатып семіреді. (Қарбыз)
Аласа ғана бойы бар ,

Тоғыз қабат тоны бар.(Пияз)


Бұл не деген көп киім.

Қабат-қабат көп киім. (Қырыққабат)



ІІІ. Рефлексті –коррекциялаушы кезең.

Қорытынды:

-Жарайсыңдар, балалар! Қане айта қойыңдаршы,бүгін тіл дамыту сабағында не туралы айтылды.



  • Көкөністер мен жемістер туралы.

  • Олардың біздің ағзамызға қандай пайдасы бар?

  • Олар бізге көп дәрумен береді.

Жарайсыңдар, балалар, осымен тіл дамыту сабағымыз аяқталды.
Сабақ 2
Тақырыбы: Қуыршақ бізге қонаққа келді.

Мақсаты: тәрбиешінің үлгісі бойынша балалардың ойыншықтарды сипаттауын,берілген ойыншық бойынша әңгіме құрауына көмектесу, ойыншықтарды күтіп ұстауға үйрету.

Сөздік жұмыс: қарақат көзді ,шегір көзді,қой көзді,қара шашты қолаң шашты.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, көрсету,түсіндіру,жұмбақ шешу, «Ойыншықты тап» ойынын ойнату.
І. Мотивациялық- қозғаушылық кезең

Сабақтың жүру барысы

Тәрбиеші:Сәлеметсіңдерме, балалар?

-Сәлеметсіз бе?

-Үйде жақсы дем алып күш жинап келдіңіздер ме,балалар?

-Ия


-Ендеше, балалар, есімізге түсірейік, бүгін аптаның қай күні?

-Бүгін –дүйсенбі.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қазір жылдың күз мезгілі.

-Қандай ай?

-Қыркүйек айы.

-Жарайсыңдар, балалар.Қанекей шаттық шеңберіне тұрайық,біздің өмір сүруіміз үшін маңызы зор Күн -ананы,Жер -ананы,Су- ананы,Ауамызды құрметтеп, рахметімізді айтайық.

Шаттық шеңбері:

-Аяулы Алтын Күн -ана,

Шуағың үшін рахмет.

Аяулы Асыл Жер- ана;

Байлығың үшін рахмет.

Аяулы Мөлдір Су -ана,

Бұлағың үшін рахмет.

Аяулы Таза ауамыз,

Аспаның үшін рахмет.

-Ал ендеше орнымызға жайғасайық.

-Балалар, мен сендерге бір қызық жұмбақ жасырғым келіп тұр.ал сендер жауабын табуға тырысыңдар.

ІІ. Ұйымдастырушы – ізденіс кезеңі:

Жұмбақ:

Шыр-шыр етеді .

Құлағыңнан өтеді,

Ұстай алсаң егерде,

Өзі сөйлеп кетеді

(Телефон)


Өзі бала секілді,

Аяғы бар қолы бар,

Шашы да бар,басы бар,

Айтқаныңа түсінбей,

Қалатын да кезі бар.

Қыздардың ол достары,

Айтыңдаршы, ол не болар?

(Қуыршақ)

Балалар көп ойнайды,

Әкесіне еліктеп.

Өскенде шопыр болам деп,

Қолына ұстап дөңгелек.

(Машина) т.б.

-Жарайсыңдар, балалар! Тыңдаңдаршы, бізге біреу қонаққа келіп тұрған сияқты.

-Ия

-Қане ол кім екен?О.о,о, ол қуыршақ Айнұр екен. Кел, Айнұр ,қош келдің.



Қайдан келесің?

-Мені дүкен сөресінен Аяулым атты қыз сатып алып еді,мен одан адасып қалдым.

-Жылама Айнұр біздің балалар саған иеңді тауып береді.

-Жо-жоқ, ол үшін олар мені суреттеп қағазға жазып дүкеннің алдына іліп қоюлары керек.

-Біздің балалар бәрін де жасай алады.Қане балалар менің сұрағыма толық жауап берсеңдер Айнұр қуыршақтың сипаттамасы шығады.

-Ендеше сипаттамамызды бастайық.

-Айнұрдың дене бітімін суреттейік. Оның аяқ-қолдары нешеу, денесі бар ма?

-Ия, Қуыршақ Айнұрдың екі қолы, екі аяғы, басы, денесі бар.

-Айнұрдың шашының түсі қандай?

-Айнұр қара шашты қуыршақ.

-Айнұр қарақат көзді қуыршақ. Балалар қарақат көзді деп көзі қара адамды айтамыз.

-Айнұрдың қандай киімі бар?

-Айнұрдың қызыл етігі , қызыл көйлегі, сары жейдесі бар.

-Айнұрдың бас киімі қандай түсті?

-Оның бас киімінің түсі қызыл мен сары аралас.

- Ендеше қағазға Хабарландыру жазайық .Қуыршақ Айнұр өзінің иесі Аяулымды іздейді(Ол өзінің сипаттамасын жазып,қағазға суретін жапсырып іліп қояды.Айнұр орта бойлы қуыршақ. Оның екі аяғы,екі қолы,қара шашыбар.Ол қара көздіқуыршақ.Оның үстінде Қызыл көйлегі,аяғында қызыл етігі,сары жейдесі мен сары ала бас киімі бар.Хабарламаны оқып өз қуыршағын таныған адам болса Құлыншақ тобына хабарласуыңызды сұраймыз).

Себебі ол Аяулымның қандай киім киетінін ұмытып қалыпты.

(Тәрбиеші хабарламаны іліп келеді)

-Жарайсыңдар балалар. Қане қуыршақ Айнұрмен сергіту сәтін жасайық..

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз

Қолды белге қоямыз

Бұрыламыз оңға бір

Бұрыламыз солға бір

Гүл-гүл жайнап жанамыз

Біз ақылды баламыз.

Дидактикалық ойын :Ойыншықты ата.

-Жарайсыңдар балалар.Ал енді мына қоржынға қараңдаршы.Іші толы ойыншықтар.

Сендер қолдарыңды салып қолдарыңа түскен ойыншықтың қандай ойыншық екенін айтуларың керек.Қане Мирас келе ғой.(Қоржынға қолын салып шығармастан не екенін айтады)

-Машина


-Кұрастырғыш ойыншық.

-Қуыршақ.т.б.

-Жарайды балалар сендер барлық ойыншықтың не екенін таптыңдар.Балалар біреу есік қаққандай болды ау деймін.Қане қарайық.

-Сәлеметсіздер ме балалар менің қуыршағымды көрдіңдер ме..

-Ия мінекей

-Рахмет балалар.



ІІІ. Рефлексті – коррекциялаушы кезең:

Қорытынды :

-Көрдіңдер ме балалар әр нәрсені дұрыс сипаттай білсек,бізге тигізер көмегі мол екен.

Осымен тіл дамыту оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Бүгінгі сабаққа қатысқан балалардың бәріне рахмет.

Сабақ 3

Тақырыбы: Ит және оның кішкене күшіктері.

Мақсаты:Балаларды сурет мазмұнына қарай әңгіме құру білігін жетілдіру.

Тәрбиешінің әңгімесіне сүйене отырып әңгіме құрауға үйрету.Бала бойында сөйлеу және тыңдай білу. Сұраққа жауап беру қабілетін арттыру.Балалрды ойыншықтарын ұқыпты ұстауға үйрету.



Сөздік жұмыс:күшіктер,пысық,үлпілдек.

Көрнекілік құралдар:Иттің ,күшіктің суреті,үйшіктің суреті,сүйектің ,еттің суреті.

Қолданыдатын әдіс тәсілдер:Көрсету,тақпақ жаттату,сурет бойынша әңгімелеу.Иттің жеті қазынаның бірі екенін айтып түсіндіре кету.



Қолданылатын әдіс тәсілдер: Әңгімелеу,әңгімелесу,көрсету,түсіндіру,тақпақ(өлең) жаттату
І. Мотивациялық -қозғаушы кезең:

Сабақтың жүрісі:

-Сәлеметсіздер ме балалар.

-Сәлеметсіз бе.

- Балалар есімізге түсірейік бүгін аптаның қай күні?

-Бүгін Сәрсенбі

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қазір жылдың күз мезгілі.

-Қандай ай?

-Қыркүйек айы.

-Жарайсыңдар балалар.Қанекей шаттық шеңберіне тұрайық,біздің өмір сүруіміз үшін

Маңызы зор Күн ананы,Жер ананы,Су ананны,Ауамызды құрметтеп рахметімізді айтайық.



Шаттық шеңбері:

-Аяулы Алтын Күн ана,

Шуағың үшін рахмет.

Аяулы Асыл Жер ана;

Байлығың үшін рахмет.

Аяулы Мөлдір Су ана,

Бұлағың үшін рахмет.

Аяулы Таза ауамыз,

Аспаның үшін рахмет.

-Ал ендеше орнымызға жайғасайық.Балалар мен сендерге саққұлақ күшік туралы тақпақ оқып берейін.


Тақпақ

Күшігім менің саққұлақ

Келеді әне шапқылап

Сақтығыңды көрейін

Қойшы атайға берейін-Қалай ойлайсыңдар бұл өлең жолдары кімге арналған?

-Бұл өлең жолдары күшікке арналған.

Дұрыс айтасың бұл өлең жолдары күшікке арналған.Күшікке кім деп ат қойыпты ?

-Саққұлақ деп.

-Иесін көргенде не істейді екен.

-Ол иесін көргенде шапқылайды екен.

-Оны өскенде кімге берем дейді?

-Қойшы атайға

-Неге қойшы атайға беремін дейді.

-Себебі,күшік өскенде ит болады,ал иттер қойшы атайға қойларын бағуға көмектеседі

-Дұрыс айтасыңдар балалар.Ал енді мына тақтада тұрған суретке назар аударыңдар.

Бұл суреттен не көріп тұрсыңдар.

-Бұл суретте атқа мінген батырдың жанында тұрған итті көріп тұрмын.

-Дұрыс айтасың .Бұл жәй ит емес.Оны құмай тазы деп атайды. Қазақ халқы итті жеті қазынаның біріне жатқызады,себебі ит олардың малын күзетеді,уйін бағады,аңға шыққанда аң улауға көмектеседі.Аңдартың ізін табуға көмектеседі.Жоғалғанда демеу болып уйіңе қайта келуіңе көмектеседі.Иттің де бірнеше түрі болады.Ал бірақ олардың барлығының баласын күшік деп атаймыз.

-Күшіктер қандай болады балалар?

- Күшіктер кішкентай,монтиған, сүйкімді, жүндері үлпілдек болады.

-Олардың кейбіреуі қорқақ,кейбіреуі пысық болады

-Мысықтар жіппен ойнағанды жақсы корсе, күшіктер доппен ойнағанды жақсы көреді.

-Тағы нені жақсы көреді?

-олар етті,әсіресе сүйекті жақсы көреді.


ІІ. Ұйымдастырушы- ізденушілік кезең:

  • Жарайсыңдар балалар ендеше бүгін біз осы күшіктер туралы тақпақ жаттаймыз.

Өлең:

Күшігім:


Өзі адамға үйірсек,

Біздермен көп ойнайды,

Үй айнала жүгірсек,

Қашып жүр деп ойлайды.

Қуып жетіп қалғанда,

Білмейді не істерін.

Аяғыңнана алғанда,

Батырмайды тістерін.

(Балаларға бірнеше рет қайталатып,не туралы екенін сұрайды.)

ІІІ. Рефлексті – корекциялаушы кезең:

Қорытынды:


  • Ал ендеше балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Бүгінгі сабақта біздер ит және оның баласы күшік туралы әңгімеледік. Бүгінгі сабаққа қатысқан балалардың бәріне рахмет.



Сабақ 4
Тақырыбы: Жеті қазынының бірі (Ертегіні айтып беру)

Сабақтың мақсаты:

Балаларға жеті санның киелі екеніні,жеті сурет бойынша ажырату.Жеті қазынаны атауға,еліне елеулі қызмет жасайтын азамат болуға,айтылған ертегі бойынша қойылған сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру,ертегі бойынша анық,мәнерлі сөйлеуге үйрету.



Жаңа сөздер:Жеті қазына,қыран бүркіт,берен мылтық.

Көрнекілік:Жеті қазынаның суреті.

Қолданылатын әдіс тәслдер: Әңгімелеу,әңгімелесу,көрсету,түсіндіру,ертегі айту,сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:

Тәрбиеші:Бүгінгі күнімізді бір-бірімізге жақсы тілек айтудан бастайық..



Шаттық шеңбері:

Армысыз,қайырымды Аспан ата!

Армысыз,мейірімді Жер-ана!

Армысыз,шұғылалы Алтын-күн!

Қуан,шаттан алақай!

Қайырлы таң,қайырлыкүн!

Бәріміз күндей жарқырайық!

Бәріміз дос болайық!

Тәрбиеші:Біздің бүгінгі әңгімелейтін тақырыбымыз жеті санына байланысты.Баллалар бір аптада неше күн бар?


  • Сендер бақшаға неше күн келесіңдер?

  • Ал неше күн демаласыңдар?

  • Сонда барлығы неше күн болды?(саусақтарымен көрсетеді)

  • Осы жеті күнді бір сөзбен жинақтап қалай айтамыз?

  • Апта күндері

  • Апта күндерін атайықшы: дүйсенбі,сейсенбі,сәрсенбі,бейсенбі,жұма,сенбі,жексенбі.

Балалар біздің қазақ халқына жеті саны «қасиетті киелі сан» болып есептелінеді.Мысалы,айтатын болсақ,жеті ата,жеті шелпек,жеті қазына.

Байқап отырған шығарсыңдар,барлығы жеті санымен айтылады.Бүгін біз сендермен жеті қазына деп нені айтамыз,соны үйренейік.



Суретпен жұмыс:Кәнеки,жеті қазынаны мына суреттің көмегімен ажыратайық.

1.Ер жігіт

2.Әйел(бұл ана)

3.Ақыл,білім.

4.Жүйрі ат.

5.Берен мылтық.

6.Қыран бүркіт.

7.Жүйрік тазы(ит)


Жеті қазынаның мағынасын түсіндіру:

1.Ер жігіт – дегеніміз елімізді,жеріміздіқорғайтын ер азамат.

2.Әйел-ол анамыз,біздің ақылшымыз.

3.Ақыл,білім екеуі бірге жүреді,адамзат ақылмен ойлап,білімм оқып ізденіп,білімін толықтырып,әр нәрсені шешіп отырады.

4.Жүйрік ат-адамзат баласын барамын деген жеріне жеткізеді.Бұрын ат болса.қазіргі кезде көлік.

5 .Берен мылтық-мылтығың болса,аш болмайсың,аң ауласаң күніңді көресің.

6.Қыран бүркіт-құстың мықтысы бүркітің болса, ол сенің қорғаушың,асыраушың деп есепте.

7.Жүйрік ит-адамның досы,көмекшісі қорғаушысы.Адамдар бұрын аң аулауға,алыс жлоға шыққандаөзімен бірге алып жүрген.

(Балалар,әр қайсысының суреттен көрсетіп ажыратады)Осы жеті нәрсе адамда болса,ол адам бақытты.Балаларға «Жеті қазынаның бірі»деген ертегіні айтып немесе оқып беру.

Ертегі:Жеті қазынаның бірі.

Баяғыды аң патшасы арыстан қызметшісі жолбарысты шақырып ормандағы барлық

аңдарды жина деп бұйрық беріпті.Арыстан патшасы әлемде ең қайратты,ең ақылды,әрі епті кім екенін білгісі келіпті.

Лезде арыстанның алдына аңдар жинала қалыпты.Түлкі алға шығып:



  • О әлемде тедесі жоқ патшам!Бұл өмірде сізден қайратты,ақылды,епті жан жоқ..Сондықтан да біз сізді патша етіп сайлағанбыз!Сіздің қайырымыңыз шексіз,-депті.

Барлық аңдар өз пікірлерін айтып, ең күшті,ақыды деп арыстанды айтады.

Мақтау сөздерге мәз болған арыстан бір бұрышта құлағы салбырап беті маужырап жатқан итті байқайды.Итке гүрілдеп төне түседі.

-Өй сен мыналардың не айтып жатқанын естіп отырсың ба?Неге сен үн қатпайсың?-дейді.

Ит салмақты үнмен :Әсен бе едің?Неге сонша бүкіл орманды басыңа көтересің?Менің де сені мақтап,бас ұуым керек пе?»-деп тәкаппарлана сөйлейді.

Арыстан:»Ал сонды дүниедегіең қайратты,ең ақылды,әділ әрә епті кім?»

Ит:» Мен үшін дүниедегі қайратты әрі ақылды,ол тек –адамзат!»

Арыстан одан бетер ашуланып,дереу жолбарысқа:Ит иттігін жасап адамды мақтады.Біздің арамызда оған бұдан былай орын болмауы тиіс.Дереу арамыздан алыстатыңдар!»-депті күндей күркіреп.

Бұл сөзден соң иттің мүлде көңілі қалып,олардың арасынан алыстата қол үзіп кеткебарған екен.

Содан бері ит адамның досы,көмекшісі болыпты.Бертін келе «Ит жеті қазынаның бірі»деген қанатты сөз қалыптасты.

(Ертегіні балаларға1-2 рет қайталап оқып беруі керек )



Қорытынды:

1.Ертегі қалай аталады?

2.Ертегі қандай сойемнен басталады?

3.Арыстан өзі туралы не білгісі келді?

4.Түлкі арыстады қалай мақтады?

5.Арыстан итке не деді?(Ал ,сондадүниедегі ең қайратты,ең ақылды,әділ әрі епті кім?)

6.Ит арыстанға қандай жауап қайтарды?(Мен үшін дүниедегі қайратты әрі ақылды,ол тек-адамзат)

Осы сөздерді балалар мен 2-3 рет қайталау

7.Неге итті «жеті қазынаның бірі» деп атайды екенбіз

8.Осы ертегіде арыстан,итжәне түлкінің не айтқанын кім қайталап береді?

Соңында бір,екі балаға ертегіні толық әңгімелеп айтқызу керек.
Сабақ 5

Тақырыбы: Зжәне С дыбыстарының дұрыс жазылуын көрсету,дыбыстық сөйлеу мәдениетін түсіндіру.

Мақсаты:Балаларға З жәнеСдыбысының дұрыс жазылуын көрсету және түсіндіру.Дыбыстың тыныс ала дыбысталуын және дауыссыз дыбыстардың сөйлемде анық,таза,әрі түсінікті дыбысталуын бекітуДыбысталу,және жазылу құралдарн дамыту.Дыбысты дұрыс қабылдауға машықтандыру.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер;Көрсету,түсіндіру,жұмбақ шешу,ойыншықты тап ойынын ойнату.

Көрнекі құралдар:ойыншықтар,плакаттар,Сдыбысынан және З дыбысынан басталатын суреттер,кеспе әріптер.

Сабақтың жүру барысы:

-Сәлеметсіңдерме балалар.

-Сәлеметсізбе

-Балалар,бүгін біз сіздермен СжәнеЗ дыбысымен танысамыз.Алдымен ол үшін Мына ілул тұрған суреттерге қарайық:

-Ненің суретін көріп тұрсыңдар?

-Сырға.

-Самаурын.



-Сиыр

-Садақ


-Бұл сөздер қандай дыбыстардан басталып тұр

-С дыбысынан

-Ал,Сәбит,Санат,Саят десек ше?

-С дыбысын естиміз.

Ал мына суреттен ше?

-Зырылдауық

-Зымыран

Ендеше Сдыбысы менЗ дыбысының таңбасымен танысайық.Кеспе әріптер қатарынан СжәнеЗ әріптерін алып балаларға көрсетеді.Тақтаға жазып көрсетеді.Балалармен бірге бірнеше рет СжәнеЗ дыбысын қайталайды.Сонымен балалар біздер әріпті- көреміз,ал дыбысты-естиміз, оқимыз.

-Ал енді мына суретке назар аударайық.Бұл суреттегі балаларға ат қоялық

-Санат,Самат;Саят

-Олар не істеп жатыр.

- Санат,Самат;Саят суға түсейін деп жатыр.

-Су қандай?

-Су салқын.

-Ал мына суреттен не көріп тұрсың.Балалар ойыншық ойнап жатыр.

-Балаларға ат қояйықшы.

-Зәуре,Зухра,Замұрат.

-Олар қандай ойыншықпен ойнап жатыр?

-Олар Зымыран,Зырылдауықпен ойнап отыр.

-Жарайсыңдар балалар.Балалар әрдайым есте сақтаңдар Сдыбысы қатаң,Ал З дыбысы Ұяң дыбысқа жатады,(Бірнеше рет балаларға қайталатып айтқызу керек.

Енді жұмбақ шешіп көрейік, қалай қарайсыңдар балалар.
Жұмбақ.

Сыртылдайды күнімен

Сыртылдайды Түнімен

Білгің келсе уақытты

Көрсетеді тілімен.(Сағат)
Тілі бар сөйлемейді

Алайда жұртқа тұр дейді

Керек болса уақытта

Дәл айтып көрсетеді.

(Сағат)
Әшекейі әжемнің

Саусағына тағады

(Сақина)

Дидактикалық ойын:Не қайда тығылды?

Тақтада ілулі тұрған суреттердің біреуін жасыру арқылы не екенін айтқызу,және қандай әріптен басталатынын айтады.

-Сағат.С дыбысынан басталады.

-Зымыран.З дыбысынан басталады.т.б.



Қорытындылау:

-Сонымен балалар біздер бүгін қандай әріппен тыныстық?

-СжәнеЗ дыбыстарымен.

Сағат бізге не үшін керек екен?

-Уақытты көрсету үшін.

-Жарайсыңдар балалар. Бүгінгі сабаққа қатысқан балалардың бәріне рахмет.



Сабақ 6

Тақырыбы:Көжекпен ойналық

Мақсаты:Балаларға толық сөйлем құратып үйрету. Балаларды бұйрық райлы сөздермен таныстыру.Етістіктің түрлерімен таныстыру.Қоянмен және оның баласы көжекпен таныстыр.Сөздерді анық,дұрыс айтуға үйрету.Табиғатты қорғауға,аялауға үйрету.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер; Әңгімелеу,әңгімелесу,көрсету,түсіндіру,тақпақ(өлең) жаттату

Көрнекі құралдар:Жабайы аңдар,соның ішінде көжектің суреті,оның үйі т.б.
Сабақтың жүру барысы:

Сәлеметсіздер ме балалар.

-Сәлеметсізбе ,

-Қане балалар шаттық шеңберіне тұрып біз Күн ананы,Жер ананы,Су ананы,Ауамызды құрметтеп рахметімізді айтайық..



Шаттық шеңбері:

Армысыз,қайырымды Аспан ата!

Армысыз,мейірімді Жер-ана!

Армысыз,шұғылалы Алтын-күн!

Қуан,шаттан алақай!

Қайырлы таң,қайырлыкүн!

Бәріміз күндей жарқырайық!

Бәріміз дос болайық!-жарайсыңдар балалар,енді орнымызға отырайық.

-Балалар, Қане айтыңдаршы осы бізжабайы аңдарды неге бөлеміз неге бәріміз бірге тұра бермейміз?

-Себебі жабайы аңдар тамақтарын өздері тауып жейді Ал үй жануарларына тамақты біздер береміз.

-Жарайсыңдар блалар біздер бүгін орманға саяхатқа барамыз.Орманға жету үшін біздің алдымыздан қалың ағаштар,ну ормандар,өзенкөл,таулар шығады.Сол ойлы қырлы жерлерде әртүрлі аңдар өмір сүреді. Бұл аңдардан біз қақорыққанымызбен,бізден қорықпайтын да, қорқатын да аңдар бар.Мысалы аю .Ол бізден қорықпайды,себебі ол адамнан үлкен күшті.Бірақ аю денесіне қарамастан аңқау.

Түлкіні алайық ол кішкентай болса да сақ әрі қу келеді .Ал қоян ше балалар?.

-Қоян өте қорқақ,су жүрек ,Ол тіпті өзініңкөлеңкесінен де өқорқады.Сол себепті де қорқақ адамдарды қорқақ болса қоянға теңеген.Қоян сияқты су жүрек екенсің ғой деп айтқан .Бірақ балалар қоян қорқақ екен деп оны кемсітуге болмайды .Оның да табиғатта алатын өз орны бар.

-Ал ендеше тақтада тұрған аңдардың атын атап жіберейікші.

-Қоян,түлкі,қасқыр,аю,жолбарыст.б.

Балалар бүгін біз қоян туралы әңгімелейміз.

-Сонымен қоян қайда тұрады?

-Қоян орманда тұрады.

-Олқандай тағамды жегенді жақсы көреді,әлде ол шөп жегенді жақсы көре ме.

-Ол сәбіз,орамжапырақ,аскөк,т.б. шөптесін өсімдіктерді жегенді жақсы көреді.

-Оның көптеген жануарлардан өзгешелігі неде ,аяғы ұзын ба тез жүгіре алама алысты жақсы көре ме?

-Оның денесі кішкентай,құлақтары ұзын ,көздері,бақырайған.

-Ал оның терісі қандай?

-Оның жүні жұмсақ,қолғажағымды жұмсақ.

-Жарайсыңдар балалар бәріңіз де шаршаған шығарсыңдар кішкене сергіп алайық.

Сергіту сәті:

Көлбең көлбең көлеңкем,

Көлбеңдеген көлеңкем ,

Қоян қалай жүреді,

Кім көрсете біледі?

(Балалар қоянша секіреді .Жаттығуды екі рет қайталау)



Дидактикалық ойын:Олне?Бұл кім?

-Балалар менің қолымда жасырынған суреттер тұр.Араңыздан жаужүрек біреуің шығып ол суретте не бейнеленгенін атын атамай соның бейнесін сөзбен суреттеп айтып түсіндіру керек.Ал балалар оның не екенін табуы керек.

-Бұл суретте жабайы аңның суреті. Ол өте қу.Бәрін алдайды.

-Түлкі.


-Бұл аңды аңдардың патшасы деп атайды.

-Албұл суретте қорқақ аңның суреті бейнеленген.

-Ол қоян т.б.

-Жарайсыңдар балалар.Енді осы қоянымыз туралы тақпағымызды жаттайық.

Т.Бердиевтің Сұр қоян өлеңін жаттау.

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы қырлы жерлермен

Ытқып ытқып жүгірді.

Қарап еді артына

Қиығын сап көзінің

Келе жатқан томпаңдап

Көжегі екен өзінің.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет