Сабақ 1 Тақырыбы : Бау -бақшада,бақтарда



бет2/3
Дата22.03.2017
өлшемі0,53 Mb.
#12165
түріСабақ
1   2   3

Қорытындылау:

-Балаларға бірнеше рет қайталату.

-Сонымен балалар біз бүгін не туралы әңгімеледік?

-Жабайы аңдар туралы.

-Соның ішінде кім туралы?

-Қоян туралы

-Сонымен қоян қандай аң болып шықты?.

-Ол көлеңкесінен қорқатынаң болып шықты.

-Жарайсыңдар балалар тіл дамыту сабағымыз аяқталды.

Сабақ 7
Тақырыбы:Айгерім қуыршақтың туған күні



Мақсаты:Балаларға толық сөйлем құратып үйрету.,оларды ойыншық туралы хикая тудырып айтуға баулу.

Өз ойын дұрыс қалыптастыра білу қабілетін дамыту.



Қолданылатын әдіс-тәсілдер; Әңгімелеу,әңгімелесу,көрсету,түсіндіру,тақпақ(өлең) жаттату

Көрнекі құралдар:Қуыршақ ,оның достары

Сабақтың жүру барысы:

-Балалар бүгін Айгерім қуыршақтың туған күні екен.Қане ендеше біздер Қуыршағымызға арнап,тақпақ, өлең , айтып берейік оған бүгінге дейін не үйренгенімізді көрсетейік.

-Сол біздің сиымыз болсын.Ал ендеше Айгерім қуыршақтың туған күніне кеттік.

-Туған күнге немен барамыз?

-Машинамен.

-Кеттік ендеше.Қолымызға машинамыздың рулін ұстайық.,ал кеттік.(Балалар машинаның дыбысын салып келеді)

-Мінекей балалар келдік Айгерім қуыршақтың туған күніне.

-Қанекей балалар айтып көріңдерші Айгерім қуыршақтың үйінде не бар екен.

-Оның үйінде қандай жихаздар бар екен?

- Айгерім қуыршақтың үйінде ас үйіне керекті жихаздар бар,қонақ күтуге арналған жихаздар бар.

-Диван,кереует,үстелдер,орындықтар.

-Ал енді қуыршағымыз қайда екен.

-Ол бізді қонақ үйде күтіп отыр.

-Сәлеметсің бе ,қуыршақ Айгерім.

-Сәлеметсіңдерме балалар.

-Сіздерге арнап тәттілер дайындап қойып едім.Келіп дәм татыңдар.

-Жо-жоқ. қуыршақ Айгерім. Біздің балалар саған арнап өлең,тақпақтарын жаттап келді .Сол сыйларын айтқан соң береміз оларға тәттілерді.

-Қанекей Рамазан сен бастай ғой:


1 Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы қырлы жерлермен

Ытқып ытқып жүгірді.

Қарап еді артына

Қиығын сап көзінің

Келе жатқан томпаңдап

Көжегі екен өзінің.


-Сен келе ғой:

2 Асыл жан деп әлемде

Ардақтаймыз ананы!

Ақын қосып өлеңге,

Суретінде салады.

3 Таусылмайды өлеңі, 6 Мейірімді жел жібек

Күнде айтып береді Күндей ыстық құшағы

Барған сайын бір жаққа, Ет жүрегі елжіреп,

Кәмпит әкеп береді Құлыным деп құшады.

Әжем мені,өйткені

Өте жақсы көреді.
4 Аңғара қойып қарасаң - 7 Ол қаласа, әр үйге

Әкеліп берем таяғын Апарамын жетектеп

Әже, қайда барасың? Орындаймын бәрін де,

Деп сұрап та қоямын. Айтқандарын екі етпей.


5 - Ұл-қызына ерген, 8 Менің әжем,ақ әжем

Немерең біз,әже Ұл мен қыздың бағы әжем,

Немереңнен өрген, Ертегі айтып бер десең

Шөберең біз,әже. Айтып берер тағы әжем.


9 Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.
10 Біздер тату баламыз,

Гүл - гүл жайнап жанамыз.

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.

11 Достар тату - тәттіміз,

Болса қолда тәттіміз,

Біз бөлісіп жатамыз,

Бәріміз дәм татамыз.

-Жарайсыңдар ,енді бір ән айтып берейік.

Ойыншықтарәні.

Іші толған бөлменің

Ойыншығым көп менің.

Босқа тізіп қайтесің

Келе дос ойнайық.

Қызыл жасыл ала доп

Қоңыр жасыл және көк

Ала шықтым аулаға

Ойнайтұғын бала көп.

-Жарайсыңдар балалар енді үйге қайтатын уақыт болды.Бәріміз мәшинемізге отырып балабақшаға қайтайық..Сау бол қуыршақ Айгерім.

-Сау болыңдар балалар.

(Балалар орындарына отырады.Машинаның дыбысын салып тоқтайды.)

-Осымен сабағымыз аяқталды.Бүгінгі сабағымыз ұнады ма.

-Ия.Сау болыңыз.

-Сау болыңыздар балалар.


Сабақ 8

Тақырыбы:Кішкене бағбан.

Мақсаты:Мәтінді мән мағынасын бұзбай әңгімелеуді үйрету.Балаларды сын есім мен зат есімнен туған сөздердің дыбысталуына қарай көңілдерін аудару.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер; Әңгімелесу,көрсету,түсіндіру,тақпақ(өлең) жаттату ,жұмбақ шешу,дидактиклық ойын Заттың атын ата,

Көрнекі құралдар:Жеміс-жидектердің,Бау-бақшаның суреттері Бақшадағы жұмыс бейнеленген сурет,

Сабақтың жүру барысы:

-Балалар айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі?

-Қазір жылдың күз мезгілі.

-Көкөністер мен жемістерді жылдың қай мезгілінде жинайды?

-Күз мезгілінде

-Дұрыс айтасыңдар балалар,көкөністер мен жемістерді жылдың күз мезгілінде жинаймыз.

-Мына өлең жолдарына назар аударайық.

Өлең: Көңілді бақша

Шолып едім бақшаны,

Көкөніс біткен көңілді.

Жасыл,сары,қызыл,көк,

Сан-алуан көкөніс

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады желімде

-Өлең не туралы айтылған балалар?

- Бау-бақтарда өсетін жемістер мен көкөністер туралы айтылған

-Бақшада не өседі?

-Бақшада картоп,сәбіз,қызанақ ,қызылша,қарбыз.өседі.

-Бақта не өседі?

-Алма,алмұрт,өрік шие,шабдалы.

Дидактикалық ойын: Заттың атын ата

-Балалар менің алдымда тұрған қоржында көп сый бар. Сендер сол сыйлықтың ,яғни көкөністер мен жемістерді алып,қатты,дәмді ,тәтті,ащы-қышқыл зат екенін ажыратып атау.Пішіндерін айту.

Мысалы:алма-тәтті ,домалақ;сәбіз-қатты,сопақша;бұршақ-ащы,сопақша;т.б.

-Жарайсыңдар балалар. көкөністер мен жемістер туралы біраз хабардар екенсіңдер.Ал енді сол бау-бақтарды күтіп ұтайтын адамды кім дейді білесіңдер ме?

-Балалар ол адамды бағбан дейді.Бағбан бақшаны қарап күтеді.Оған су құяды,ағаштардың түптерін қопсытады,әктейді,арамшөптерін жұлады.Мезгілімен суарады, Оладамның еңбегі зор Күзге дейін баптаған жемістері оның еңбегін ақтайды.

-Ал енді балалар жұмбақ шешіп көрейік.

Жұмбақ

Домаланған ала бас,



Дәмді шырын,даяр ас.

(қарбыз)


Аспай піскен,қайнамай түскен.

(жеміс)


Бақшада өседі,көпөнімдерін береді.

(жеміс)


Қорытынды :

-Жарайсыңдар балалар.сонымен бүгін не жөнінде әңгімелестік.

-Көкөністер мен жемістер туралы.

-Көкөністер қайда өседі ,ал жемістер ше?

(Балалар жауап береді)

Өлеңімізді еске түсірейік.

Осымен сабағымыз аяқталды.Бірақ осы көкөністер мен жемістердің мол өнім беруі еңбекке байланысты екенін ұмытпайық балалар, қарап баптасақ мол өнім аламыз.

»Егін екпесең,жерге өкпелеме»деген халық мақалында,Не ексең,соны аларсың дегендей бағбандарша еңбек етсең барлығында өсіруге болады.

Сабақ 9

Тақырыбы:Бізде Қонжық қонақта.

Мақсаты:Балаларға толық сөйлем құратып үйрету.,оларды ойыншық туралы хикая тудырып айтуға баулу.Шағын тақпақтарды жаттауға кейіпкер бейнесін сомдауда көркем оқу әдіс тәсілдерін қолдануға дауыс ырғағына мән беру.

Өз ойын дұрыс қалыптастыра білу қабілетін дамыту.Үй жихаздарымен таныстыру.



Қолданылатын әдіс-тәсілдер; Әңгімелеу,әңгімелесу,көрсету,түсіндіру,тақпақ(өлең) жаттату

Көрнекі құралдар: Суреттер,Ағаш үйдің суреті,ондағы заттар,ыдыстар.

Сабақтың жүру барысы:

-Балалар біз қайда тұрамыз?

-Біз үйде тұрамыз.

-Қандай үйде тұрамыз?

Сендер өздерің нешінші қабатта ,нешінші пәтерде тұратындарыңды білесіңдер ме?


  • Үйде қандай бөлмелер болады?

  • «Қай бөлмеде қандай зат тұрады?»дидактикалық ойыны.

  • Шарты:Бөлмелерді аттап ,онда тұратын заттарды атау.

  • Мына екі сурет бірі киіз үй,екіншісі көп қабатты үй қайсысында тұрғың келеді?

  • Бала өзі қалауымен әңгімелеп береді.

  • (Бір екі баладан сұрақ қойып демейотыра толық ойын әңгімелеп беруге көмектесу.)

Топтағы қазақ бұрышындағы жиһаздарды көріп тамашалайық.

  • Қандай үй жиһаздарын көріп тұрсың?

  • Қандай ыдыстар бар екен?

  • Онымен әжелер не істеп отыр?

Осы жердегі аттар туралы жұмбақ жасырайын,соны шешіңдер:

Кіруге адамбатпайды,

Суға салса жатпайды,

Ішіне кірген заттарды,

Аман-есен сақтайды. (сандық)
Аяғы жрқ,қолы жоқ,

Көйлегі көк,қарны тоқ (жастық)


Кішкене ұлым бар,

Кірген- шыққан сүйеді. (кесе)


Жүз мүйізі бар,

Үстінде киізі бар. (киіз үй)

Мынау суреттер бойынша әрқайсылардың өз үйлерінің аулаларының,үйдегі жиһаздардан,ыдыстардан не ұнайды,соның суретін салайық.

Сурет сайысы.

Соңында:үй,үй жиһаздары деген көрме құрамыз.Ең әдемі үй немесе жиһаз кімдікі екенсоны көрейік.



Сабақ 10
Тақырыбы:Жаз-күз

Мақсаты:Балаларға толық сөйлем құратып үйрету.,сурет мазмұнына қарай,әңгіме құрауға үйрету.Балаларды айтылған ойды тыңдауға және оны ұғынуға ,әңгімеге араласып қойылған сұраққа толық әрі еркін жауап беруге үйрету.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер; Әңгімелеу,әңгімелесу,көрсету,түсіндіру,тақпақ(өлең) жаттату

Көрнекі құралдар: Суреттер,Жазғы жайлау,күзгі ағаштар суреті.

Сабақтың жүру барысы:

-Сәлеметсізбе,балалар.!

-Сәлеметсіз бе.

-Балалар айтыңдаршы сіздерге қай жыл мезгілі ұнайды.

-Жаз


-Күз

-Қыс


-Саған күз не үшін ұнайды?

-Себебі ол кезде қарбыз піседі.

-Ал саған ше, жаз не үшін ұнайды?

- Себебі мен папаммен мамаммен теңізге барармын.

-Ал қыс мезгілі не үшін ұнайды?

-Қыста қармен ойнаймыз.

-Ал енді айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілі.

-Қай айы?

-Қараша айы .

-Яғни күздің соңғы айы.Енді қыс мезгілі басталады.Бүгін балалар біз күз мезгіліне,жаз мезгіліне рахметімізді айтып сабағымызды бастайық.

Шаттық шеңбері.

-Қайырымды күз қызыл алмаң үшін рахмет,

Қайырымды күз жасыл қиярың үшін рахмет,

Қайырымды күз көкөністерің үшін рахмет,

Қайырымды күз жемістерің үшін рахмет.
Шуақты жаз күннің нұры үшін рахмет

Жайдары жаз ыстық теңізің үшін рахмет

Нұрлы жаз шуақты күндерің үшін рахмет

Ыстық жаз ойнақы күндерің үшін рахмет,.
-Жарайсыңдар балалар!Енді назарымызды тақтада ілініп тұрған суреттерге аударайық.Бұл суреттерде күз бен жаздың суреті бейнеленген. Бірінші суретте балалар жаз мезгіліндегі ауыл бейнесі бейнеленген.Қараңдаршы балалар күннің шуағына шомылып мәз мәйрам болып ойнап жүр Әжейлер қазанға ет асып жатыр, ағалар аттарының әбзелдерін жуып жүр.Жарқырап ағып озен жатыр.

Ал екінші суретте Күңгірт аспан күздің суық күні бейнеленген.Алай дүлей қара суық жел

Ағаштарды тоңдырып барады .Ағаштардың жапырағы түскен,тоңып тұр. Жаңбыр да жауып тұр.Қазір екі топ болып сайысқа түскенде осы белгілерін айтыңдар.

Балалар екі топқа бөлініп ат қойып алайық. көкөністер мен жемістер деп. 1ші топ көкөністер,2 ші топ жемістер деп бөлінеміз.

Мен сіздерге сұрақ қоямын.Сол сұраққа 2 топтың қайсысы бұрын жауап берсе сол топқа жұлдызша беріледі.Қай топтың жұлдызшасы көп болады сол топтың жеңгені.

1-ші сұрақ. Тақтада ілулі тұрған екі суретті көріп тұрсыңдар. Көкөністер тобы күз мезгілінің суретіне ал жемістер тобы жаз мезгілінің суретіне,кем дегенде үш сөйлем құрауы керек.

2-ші сұрақ..Жемістер тобы кем дегенде 5 көкөністің атын ал көкөністер тобы кем дегенде 5жемістің атын айту керек.

3- ші сұрақ..Белгілі уақыт ішінде көкөністер кез-келген 1 жемістің суретін салып,ал жемістер кез-келген 1 көкөністің суретін салу керек.Сосын оны сипаттау керек.


-Жарайсыңдар балалар, енді сәл сергіп алайық.

-А.Меңжановтың қайда екен әні


Қайда екен қолымыз?

Оңымыз бен солымыз.

Білеміз бе оны біз?
Міне, оң мен солымыз,

Міне, алақай,қолымыз.

Қол соғайық,бір,екі
Ал санайық,бір,екі,

Топылдатып билейтін

Аяғымыз қайда екен?
Міне,аяқ,алақай,

Міне,аяқ,алақай.

Бір,екі,деп басайық,

Тез,тез адым жасайық.


Еститұғын сиқырды,

Айқай-шуды,тықырды,

Құлағымыз қайда екен?

Міне, алақай,сақ құлақ,


Бәрін естір жақсылап

Құлағымыз сақ құлақ,

Құлағымыз сақ құлақ.

-Ал енді балалар жұмбақ сайысына көшейік.


Жұмбақты шеш:

Жазда жатсаң-Көлеңкесіне алады,

Қыста жақсаң –жаның рақат табады.(ағаш)

Қалың киім ұнатады,

Шешіндірсең жылатады.(пияз)

Жас кезінде қара орман,

Жыл озған сайын ағарған.(шаш)
Мен жүгірсем,ол да жүгіреді,

Мен мүдірсем,ол да мүдіреді.

(көлеңке)
Күнде оған қараймын,

Қара шашым тараймын.

(шаш)

Қорытынды:

-Жарайсыңдар,қане балалар жұлдызшаларымызды санайық.Міне керемет барлығыңның жұлдызшаларың тең болып шықты. Ендеше балалар достық жеңді деп сабағымызды аяқтайық..




Сабақ 12

Тақырыбы: « Менің сүйікті үй жануарларым»

Мақсаты: Балаларға үй жануары туралы түсінік беру.

Балаларды үй жануарларымен таныстырып,олардың аттарын атап,төлдерін дұрыс атай білуге үйрету.Сөйлеу барысында сын есімдерді емін еркін қолдануға үйрету.

Балаларға үй жануарлары туралы тақпақтар мен мақал-мәтелдер айтқызу арқылы тіл байлығын,ақыл-ойын дамыту.Айтылған әңгіме,қойылған сұрақтарды дұрс түсініп зейін қойып тыңтадуға бейімдеу.

Балаларды үй жануарларына қамқорлық жасауға тәрбиелеу.



Әдіс-тәсілдер:Көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап,дидактикалық ойын,мақтау,мадақтау,қорытындылау.

Көрнекілік:Теледидар,үй жануарлары бейнеленген бейнетаспа,үй жануарларының суреттері,жайлаудың суреттері,жабайы аңдардың суреттері,төлдерінің суреттері.

Сабақтың жүру барысы.

- Сәлеметсіңдер ме балалар.Бүгін бізге көптеген қонақтар келген екен.қане,амандасайықшы.



Балалар:

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой

Ал қане бәріміз,

Сәлеметсізбе дейік үлкенге.

Тәрбиеші:

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?



-Қазір жылдың қыс мезгілі.

Тәрбиеші:

-Дұрыс айтасыңдар,қыста ауа райы қандай болады?

-Қыста ауа райы салқын,жел боран,аяз,мұз,қар болады.



Тәрбиеші:

-Өте дұрыс,қыста қандай мерекені тойлаймыз?

-Жаңа жыл мерекесін.



Тәрбиеші:

Біз бүгінгі сабақта үй жануарлары туралы әңгімелейміз.Үй жануарларына сиыр,қой-ешкі,жылқы,түйе жатады.Олардың да төлдері бар.

Түйенің баласын- бота

Сиырдың баласы-бұзау

Жылқының баласы-құлын

Қойдың баласы-қозы

Ешкінің баласы-лақ деп атаймыз.

-Әр баланың әрине тек ауылдық жерде тұратын балада ғана емес, өзінің сүйікті жануары болады. Кішкентай кезінде ол сол жануар туралы ойлап қиялдап,ойлайды.Мысалы құсты жақсы көрсе ,ол әрдайым ұйықтағанда сол құсқа мініп жүреді. Ал қошақаны немесе лағы,ботақаны барлар олар түстерінде сол сүйікті аңдарымен ойнсп жүреді екен. Солай ғой балалар.

-Ия.

-Ал айтыңдаршы,сендердің қандай сүйікті жануарларың бар?



-Менің қошақаным бар.

-Менің ботақаным бар.

-Ал енді айтыңдаршы не себепті біздер оларды үй жануарлары деп атаймыз

-Өйткені,адамдар жануарларға жем,шөп,су,беріп күтеді,бағады.

Үй жануарлар қыста қыстауда,ал жазда жайылымда болады.Үй жануарлардың бізге тигізетін пайдасы өте көп.Сүт,ет,қымыз,шұбат береді.Жүнінен киім,кілем тоқиды,киіз басады.

Ал енді балалар «Қай төлдің даусы»деген ойын ойнаймыз.



Д/о: «Қай төлдің даусы»

-Бір бала ортаға шығып төлдің дауысын салады. Ал қалған балалар оның қандай төл екенін табу керек.

(Бір екі балаға айтқызу)

-Жарайсыңдар балалар .Ал ендеше кім өзінің сүйікті жануары туралы тақпақ айтып береді.

Тақпақтар:

1-балаҚой-ешкі бір түлікпіз

Бірге өстік,еш күдіксіз

Еті тәтті,сүті бал

Қой-ешкі ең құнды мал.


2-балаАрғымақ тұлпар жылқымын

Мақтанышым жұртымның

Қай түлік келермаған тең
3-балаМінезім жайлы- сиырмын

Байлығымын бір үйдің

Етім дәмді,сүтім бал

Сырымды менің ұғып ал


4-бала Ең зор түлік-түйемін

Тікенді шөпті сүйемін

Пайдалаңсаң сүтім шұбат

Дертке дауа,жанға қуат.



-Өте жақсы балалар,сендер үй жануарлары туралы тақпақтар білесіңдер екен,ал үй жануарлары туралы мақал-мәтелдер білесіңдер ме?

Мақал мәтелдер:
5-бала Даланың көркі-мал
6-бала Мал өсірсең,қой өсір

Өнімі оның көл-көсір



-Жарайсыңдар,ал енді мен сендерге жұмбақ жасырам ал сендер шешуін табыңдар.

4

Жұмбақтар:


1 жұмбақ: Кішкене ғана бойы бар

Айналдыра киген тоны бар. (Қозы)



2 жұмбақ: Үстінде екі тауы бар

Кезікті бір жануар (Түйе)



-Жарайсыңдар балалар,өте жақсы.

- Айтшы Ұлдай сен қошақанды не үшін жақсы көресің?

-Себебі, ол моп-момақан.

-Жарайды ендеше,біз Ұлдайға қосылып қошақаным әнімен сабағымызды аяқтайық.

Қошақан әнін орындайық.



Қорытынды:

-Жарайсыңдар,балалар,сендер бұл тақырыпты жақсы меңгерген екенсіңдер.Үй жануарлар туралы тақпақтар,мақал-мәтелдер біледі екенсіңдер.Үй жануарларын ұруға болмайды,оларды аялап,қорғауымыз керек.Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды.Орнымыздан тұрып,келген қонақтармен қоштасайықшы.

Қол ұстасып тұрайық

Шеңберді біз құрайық,

Көріскенше күн жақсы

Сау-саламат болайық

Балалар қонақтармен қоштасты.

13-сабақ.

Тақырыбы: «Ойыншықтар»

Мақсаты:Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін көбейту,ойыншықтардыңаттарын атай отырып,оларды сипаттауға,ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.

Жаңа сөздер:Жұмсақ,резина.

Көрнекілік:Әр түрлі ойыншықтар.көліктің түрлері,резина,жұмсақ ойыншықтар.

Сабақтың барысы:

-Қазір қандай мезгіл?

-Қандай ай?

-Аптаның қай күні?

М.Әлімбаевтің «Ойыншықтар»өлеңін оқу.

Біздерде бар қыршақ,

Бұзау,қозы,құлыншақ,

Ойыншықтар тыңдайды.

Ақыл айтсақ,бұйырсақ.

Машина

Үлкенмін ғой,міне мен,



Ойыншықтарды жинаймын.

Машинаға мінер ем,

Кабинаға симаймын.
Пойыз.

Рельстің жолы ұзын,

Мынау менің,пойызым,

Тық-тық жолға шықтық,

Тақ-тұқ шамды жақтық тап!

Жолдан кет тақ-тұқ,

Керек соқты.

Бұл өлеңдер қандай ойыншықтар туралы айтылған?

Сенің үйіңде қандай ойыншықтар бар?

Енді дидактикалық ойын: «Ойыншықты тап»Ойынын ойнаймыз.

Сендер тығылған ойыншықты тауып,атын атап,түсін,үлкен,кішілігін,ажыратасыңдар.Сол ойыншыққа өздерің жақсы мейірімді тілек тілейсіңдер.

Ойын мақсаты:

Ойыншықты атау,және кеңістікті бағдарлай отырып тау.

Мысалы:2-баланы ортаға шығарып:

Алға үш қадам,

Солға бұрыл,

Екі қадам артқа бұрыл!

Не таптың?

Кезегімен балаларды жіберіп әр-түрлі ойыншықткарды алып,оны сипаттап беру(ойыншық-жұмсақ,әдемі,үлкен).

Мысал:Мен ойыншықты сындырмай,таза ұстаймын,тапқан ойыншықтардан көрме жасау.

-Осы көрмеде тұрған(нәрселерді)заттарды бір ауызбен қалай атауға болады?

-Ойыншықтар жасалуына қарай бірнеше түрге бөлінеді.


Ойыншықтар жасалуына қарай бірнеше түрге бөлінеді.

Ойыншықтар Резиналы Қатты

Жұмсақ Қуыршақ Көлік түрлері:

Аю,қоян Тиін Машина,ұшақ,қайық

Түлкі.күшік

Көрмеге ойыншықтарды жұмсақ,қатты резиналы ойыншықтар етіп бөліп қою.

-Әр түрлі ойыншықтар,доптар

-Ойыншықтар туралы жаттаған тақпағымызды есімізге түсірейік.

Ойыншықтар

Іші толған бөлменің ,

Ойыншығым мол менің.

Босқа тізіп қоймасаң

Келе ғой,дос болайық

-Енді,балалар, бәріміз көзімізді жұмайық.

-Ойыншық қоян бізге қонаққа келіпті.

-Қоян менің сендермен бірге болғым келеді,-дейді.

-Олай болса бәріміз «Доптар»туралы өлеңді жаттайық.Соннан соң қоянмен бәріміз бірге ойнаймыз.

-Мына суреттерге қараңдар.Не көріп тұрсыңдар?Доптар бала қасында жазуы бар.Онда допты,сөзді қосып оқиық.Мен сендерге көмектесейін.

Қызыл,жасыл,көк ала доп,

Қызыл,жасыл және көк

Ала шықтым аулаға,

Ойнайтұғын бала көп.

Енді біздің топта тақпақты достарымыз көп.

13-Сабақ

Тақырыбы: «Ойыншықтар дүкені»

Сабақтың мақсты:

Балалардың ойыншықтар туралы түсінігін молайту,Ойыншықтардыңаттарын атай отырып, оларды сипаттау,қалай ойнау керекжолдарын аша отырып,ұқыптылыққа,әдемілікке тәрбиелеу.Ойыншықты ұқыпты ұстауға дағдыландыру.



Жаңа сөздер:Дүкенші,тексеруші.

Көрнекіліктер:Ойыншықтар,сурет,автобус,бағдаршам, «Ойыншықтар дүкені»

Сабақтың барысы:

Балалар шеңбер болып тұрады.

Тәрбиеші:Арайлап атқан таңмен сәлемдесейік. (Бір-бірінің қолдарынан ұстап тұрып айтады).

-Армысыз,қайырлы күн!

-Армысыз,қайырымды Аспан ата!

-Армысыз,мейірімді Жер-ана!

-Армысыз,ШұғылалаыАлтын-күн!

-Қуанайық,шаттанайық бәріміз!

-Күліп шықты күн бүгін!

-Бәріміз күндей жарқырайық!

-Бәріміз тату болайық!-деп балалар орнымызға отырайық.Балалар бүгін біздер ойыншықтар дүкеніне саяхатқа барамыз. Дүкенге немен барсақ екен?

-Автобуспен

-Онда бәрімізқол ұстасып, аялдамаға барайық.

-Міне біздер аялдамаға да келіп қалдық.Бәріміз автобусқа отырайық .(Алдын ала дайындалған фвтобус сұлбасы.

-Балалар автобус ішінде отырғанда тазалық сақтаймыз.Егер үлкендер мінсе міндетті түрде орын береміз олар сіздерге рахметін айтады.

-Келесі аялдамамыз «Дәріхана»

-Балалар біздер ойыншықтар аялдамасынан түсеміз.

Тексеруші:

-Келесі аялдама «Ойыншықтар » аялдамасы.

-Балалар біздер ойыншықтар дүкеніне барарда бір-бірімізден ажырап адасып қалмау үшін қолымыздан ұстап жүреміз. Жолдан өтерде де абай болыңдар.

-Балалар бағдаршамның қызыл түсі жанып тұр.Қане бағдаршам туралы өлеңімізді еске түсірейік.

Алма кезек үш көзің

Айтты деп ұқ үш сөзін

Тоқта!


Сақтан!

Жол ашық!

Жүрме долға таласып.

Қызыл көзін ашқанда.

Сынық сүйем баспа алға!

Қарап қалма аспанға !

Жасыл көзін ашқанда,

Өте бергін жасқанба!

-Ойыншықтар дүкеніне де жеттік.

-Қош келдіңіздер!Мына ойыншықтардың бәрі де балалар үшін жасалған.Ойыншықтар пластмассалы,резиналыжәне жұмсақ ойыншықтар болып бөлінеді. Мына ойыншықтар жәй ойыншықтар емесОлар құпиялы..Сендер оның құпиялығын ашу үшін өздеріңе ұнаған ойыншықтарың туралы жақсы сөздер немесе тақпақтар айтуларың керек.

Ойыншық

Біздерде бар қуыршақ



Бұзау,қозы,құлыншақ

Ойыншықтар тыңдайды

Ақыл айтсақ бұйырсақ

-Балалар көп бала қонжықпен ойнағанды ұнатады ғой,ия балалар.

Ал ендеше сол қонжығымызды суреттейікші.

(Қолдарында бар қонжықты суреттейді)

-Дүкенші: Балалар сендер ұнаған ойыншықтарың туралы тақпақ айтсаңдар

Сендерге сол ойыншықтарды беріп жіберемін.

Кей қуыршақ ұйықтайды,

Айтқаныңнан шықпайды.

Бұзау,қозы,құлыншақ,

Ұйықта десең ұйықтайды.

Дүкенші:Сен тиін туралы не айтар едің?

Үлп-үлп еткен киімді,

Білесің бе тиінді?

Көзі өткір жұлдыздай,

Жүні жібек құндыздай.

-Біраз ойыншықтардың сырын аштық.Осы ойыншықтардың бәрін жасау оңай емес.Осының бәрі үлкен еңбектің арқасында жасалған «Еңбек түбі береке» дегендей,сендер де тақпақ,мақал айтып,еңбектеніп жатырсыңдар. «Жақсы бала –Еңбекшіл»жейді ғой.

Енді жұмбақ шешейікбалалар:


  1. Әдемі түнде

Мен жүрсем, жүреді бірге(Ай)

2.Шыр-шыр етеді

Құлағыңнана өтеді

Ұстай қалсаң,

Сөйлеп кетеді.(Телефон)
3.Мамықтай ұлпа,

Қанаттай ақ.

Қыста жер бетін басады,

Жазда сайға қашады.(Қар)

4.Кезекті бір жануар

Үстінде екі тауы бар.(Түйе)

5.Аяғы бар,басы бар,

Арқалаған тасы бар.(Тасбақа)


-Балалар,бізге тағы келіп тұрыңдар.

-Енді автобусқа мініп, бақшамызға қайтайық.

1.Дүкенші ,тексеруші деп киімдерін атаймыз?

2.Жаңа дүкеннен қандай ойыншықтар көрдіңдер?

3.Ойыншықтардың неден жасалған екен ?( пластмасса,жұмсақ,резиналы т.б )

4,Енді балабақшамызға жеткеннен кейін,әркім өзінің ең жақсы көретін ойыншығының суретін салады.

Ойыншықтар әніні айтып,тобымызға барайық.

Автобустан түсіп,балалар топтарына барып,өздерінің жақсы көретін ойыншықтарының суретін салып жалғастырады.


14-сабақ.

Тақырыбы:Айлакер түлкі

Мақсаты:Балалардың білтін ертегілерін еске түсіру арқылы тіл байлығын дамыту,айтылған ертегінің мазмұнын,дауыс ырғағын келтіре отырып айтуға жаттықтыру,қиын езде достарына көмектесе білуге тәрбиелеу.Көрнекіліктер:Театр,ешкі,түлкі,шұңқыр суреті.

Жаң сөздер:Шұңқыр,апан.

Сабақтың барысы:

- Ертегіні мәнерлеп айтып беру?

- Ертегі қалай айтылады?

- Ерегіде не туралы айтылған?

- Ертегі қандай сөздермен басталады?

-Түлкінің ешкіге жасағаны дұрыс па?

-Ертегіні тағы бір-рет тыңдаңдар.Содан соң өздерің толық айтып бересіңдер.Ертегіні 2-3 бала бір-бірін жалғастырып айтып шығады.

-Түлкі қандай болды?

-Шұңқыр қандай еді?

-Суық дегенді қалай түсінесіңдер?

-«Өтірікке алданба,бсың бәлеге душар болады»дегенді қалай түсінесіңдер.Балалармен бірге осы мақалды 2-3 рет қайталау.

әрәтүрлі ырғақты дауыспен айтқызып қайталау.

Түлкі суреті Қандай? әдеміқу,ақылды,батыл,сарғыш,

Қайда өмір сүреді?

Ешкі суреті Қайда өмір сүреді?Қандай?Аңқау,сенгіш.

Шұңқыр суреті Қандай? Терең,қараңғы,салқын,ылғалды.

Қандай нәрсе суық болады? Жел-қар-жаңбыр-су-сай

Суықтық –туралы тағы не айтуғы не айтуға болады?

Мұз,қыс


Түлкі мен ешкі

-Бір күні түлкі жүгіріп келе жатып,абайсыздан бір терең апанға түсіп кетіпті.Шыға алмай тұрғанда,бір ешкі су здеп жүріп,әлгі апанға кез болы,түлкіні көреді.

-Ей ,түлкі батыр,не қылып тұрсың?-депті.

-Ой,не қыласың,жаным жай тауып тұр.

«Қырда әрі сусап,әрі ыстықтан өліп едім,апанның іші әрі салқын,әрі түбінде тұп тұнық суы бар екен»-дейді түлкі.

Мұны естіп ешкі: «Менде салқындайын,әрі су ішпейтін «-деп ойлап,

Секіріп апанға түсіпті.Сонда түлкі ешкінің үстіне секіріп мініп,оннан мүізіне шығып,далаға ырғи жөнеліпті.

-Сөйтіп жөніне кетіпті.

«Өтірікке алданба,басың бәлеге душар ьоладв»-деген осыдан қалыпты.

15-сабақ


Тақырыбы:Үй жануарлары.

Сабақтың мақсаты:

Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету.Олардың түрлерін бір-бірінен ажыратуға,әңгімені мұқият,зейін қойып,тыңдап үйрету.Олардыңбізге тигізер пайдасын айту және оларды күтіп баптауға,қорғап қамқорлық жасауға тәрбиелеу.Үй жануарларына байланысы тақпақ.мақал-мәтелдерді қайталай отырып,сұрақ-жауап арқылы тіл байлығын дамыту.

Жаңа сөздер:Төлдер,үй жануарлары.

Көрнекілік:Суреттң театр,ғажайып қалта,төлдердің үлгілері.

Сабақтың барысы;

-Балалар, біз бүгін үй жануарлары туралы әңгімелейміз.Үй жануарларыдеп үйде ұстайтын жануарларды айтамы.Олар мыналар:Қой,ешкі,сиыр,түйе,жылқы,.Сендер көздеріңді жұмыдар көз алдымызға ауылда төлдердің,үй жануарларыныңжүргенін елестетейік.Көзімді аып,дөңгелене отырып,үнтаспанытыңдаймызосы әуеннен не естіп,не сездіңдер.

-Құстың сайрағаны,сарқыраған судың дыбысы,аттың тұяқтарының дыбыы естіледі.

-Балалар үй жануарларына не жатады?

-Түйе,сиыр,қой.ешкі,жылқы,торай,мысық,күшік.

-Мына жайлаудағы суретке қараңдар.Үй жанарларытөлімдеп жайылып жүр екен.Осы үй жануарларының төлдерін қалай атаймыз?

-Түйенің төлі*ботақан,

Қойдың төлі-қошақан,

Ешкінің төлі-лақ,

Жылқының төлі-құлын,

Сиырдың төлі-бұзау.

-Осы төлдер туралы мен өлең оқиын ,сендер тыңдаңдарқандай төлдер туралы айтылғанын шешеіңдер:

Шөре.шөре лағым,

Тентек болма шырағым.

Секеңдемей деміңді ал,

Селтеңдеме құлғың,-деп нені айтамыз? –Лақты.

Қара көзің мөлдіреп,

Қызықтырмай қоймайды.

Жібек жүнің үлбіреп,

Қарасам көз тоймайды. –Ботаны.
Әукәм,әукім әукешім,

Қасиыншы әукесін.

Енең әне келеді.

Ақ мамасын береді.

Бұл не? Әукешім –бұзауым
Құлыншағым құндызым,

Құлдырайды шабады.

Жылтаңдаған жұлдызым,

Құстай қанат қағады. Бұл не? Құлыншағым-құндызым.


Д/о: «Үй жануарлары» ойыны

Ойын мақсаты:Осылай дөңгелене отырып,мына ғажайыпқалтаданүй жануарларына байланысты ойыншық аласыңдар,сол ойыншықтардың дене мүшелерін атап немесе олар туралы мейірімді сөздер айтуға болаы.

Мысалы:Боташым,қшақаным,құлыншағым,т.б

Сергіту сәті:

Ж.Өмірбековтың «Төлдер»әнін қойып,қимыл қозғалыспен көрсетуге болады
1.Мақал-мәтел сайысы:

Жылқы-малдың патшасы

Түйе-малдың қасқасы.
2. Мал төлімен жарасты.

Жер гүлімен жарасты.


3.Малды баға біл,

Бабын таба біл.


4.Түлік төлден өседі.
5.Төлден мал өседі.

Шыбықтан тал өседі.


6.Өлкеңнің көркі мал болар,

Өзеннің көркі тал болар.

Қорытынды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет