Сабақ 1 Тақырыбы : Бау -бақшада,бақтарда



бет3/3
Дата22.03.2017
өлшемі0,53 Mb.
#12165
түріСабақ
1   2   3

16-сабақ

Тақырыбы:Қыс қызығы

Сабақтың мақсаты:Айналаны,қоршағани ортаны бақылау арқылы қыс мезгілнің көз тоймас қызықтарын,Табиғаттың әсемдігін көріп қана қоймай,тамаша көріністеріне қамқорлықпен қарау сияқты адамгершілік дағдылапын қалыптастыру.Әр мезгілдің өзіндік ерекшеліктерін сүйе білуге тәрбиелеу

Әдіс-тәсілдері:Сұрақ-жауап,қыс туралы өлең оқып,әңгімелеу.

Көрнекіліктер:Суреттер,Сурет салуға қажетті құралдар,үлестірмелі суреттер.

Сабақтың жүру барысы:

Қыс көрінісін бақылау арқылы сабақты бастауға болады.

-Ержан,қазір қай мезгілі деп ойлайсың?

-Иә,дұрыс,қазір қыс,далада күн суық.

-Әсел,қыстың қандай ерекше белгілерін білесің?

-Қар,боран,аяз,күн суық,қар ақ,күмістей,қанаттай ақ,Мақта сияқты ұлпа.

Тәрбиеші балаларға қыстың ерекшкліктері туралы әңгіме құрауды ұсынды.

Қыс


Қыс келді.Далада қар жауып тұр.Күн суық,аяз.Ағаштардың бұтақтарын қырау басқан.Балалар аулада ойнап жүр.Біреуі коньки теуіп ,ал,кейбіреулеріжотадан төмен қарай шанамен сырғанап келеді.Балалардың бәрі көңілді,жүздерінен шаттық нұры ойнайды.Балалар қардан аққала жасады.Аққаланың біреуі көзін енді біреуі мұрнын жасады.Ал,басына қалпақ кигізіп,қолына сыпырғыш ұстатып қойды.Балалар істеген жұмыстарына қуанды.Қарға су құйып сырғанақ та жасап жүр.
Тәрбиеші бірнеше баланың әңгімесін тыңдап,балалармен бірге отырып талдайды.

Ш.Мұхамежжановтың «Көңілді қыс»өлеңін оқып береді.

Көңілді қыс

Бір топ бала сырғанап,

Барады,әне жарысып.

Қалды артында қыр,алап,

Іздерінен қар ұшып.

Қырау қатып жағаға,Аяз беттен өбеді.

Бірі мініп шанаға

Бірі шаңғы тебеді.

Сәтке қарап тұрмайсың.

Көңілді еді қыс қандай!

Шаңғыменнен зырлайсың

Қанат бітіп ұшқандай.


-Балалар бұл өлеңнің авторы кім?

-Дұрыс,көңілді өлеңнің авторы-Шәміл Мұхаммеджанов.

-Балалар бұл өлеңдң жылдың қай мезгілі туралы айтылған?

-Иә,дұрыс,қыс мезгілі туралы.

-Өлең сендерге ұнады ма?

-Ұнады,себебі біз қыста шана,коньки,шаңғы тебеміз.

Тәрбинші өлеңді тағы бір оқып,оны талдау үшін сұрақтар қояды.

-Бір топ бала не істйді?

-Иә,дұрыс,сырғанады,жарысты.

-Балалардың іздерінен неұшты?

-Иә,дұрыс,балалардың іздерінен қар ұшты.

-Балалар,қыста жер бетін қар басады.

-Қыста балалар не тебеді?

-Иә,дұрыс,қыста балалар шаңғы,шана,коньки тебеді.

-Қыс, қандай екен, балалар?

-Иә,дұрыс ,қыс өте көңілді екен.

-Шаңғымен не істейсің?

-Иә,дұрыс,Шаңғымен таудан төмен зырлаймыз.


Қорытынды:

-Балалар қыс туралы өлең сендерге ұнады ма?

-Өлеңде қыс қызығы қалай суреттелген?

-Балалар,қыстың қандай ерекшелігі бар екн?

-Балалалр,қыста қар неше жауды?

-Қыста балалар не жасайды?

Қыс несімен ұнайды?

Балалар қыста ағаштар қандай болады?

Қыстың жаз мезгілінен қандай айырмашылықтары бар?

Қыста қандай аң тоңын өзгертеді?

Қыс ерекшелігі туралы балалардың білімін толықтыру.

Қыс туралы балаларға ұнаған суреттерін салғызу.



17 Сабақ

Тақырыбы :Ұзын құлақ сұр қоян.

Мақсаты:Кескін бойынша қоян жайлы әңгімелеу.Үлгі бойынша бейнелі сипатты әңгіме құрауға үйрету.Сөздің түрленуіне жаттықтыру.

Қоянмен таныстыру.Жабайы аңдар туралы түсінігін кеңейту.

Табиғатты қорғауға қамқорлыққа алуға үйрету.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,тақпақ жаттату ,ойын ойнату,қорытынды.

Көрнекі құралдар: Жабайы аңдардың суреті,Қоянның суреті,қоян жақсы көретін тағамдар суреті.

Сабақтың жүру барысы:

Балалар біздер бүгін сіздермен жабайы аңдар туралы әңгімелесеміз. Соның ішінде қоян досымызбен жақынырақ танысамыз.

-Айтыңдаршы балалар жабайы аңдар қайда тұрады ?

-Орманда.

-Орман деген қандай жер балалар?

-Орман деген көп ағаш өсетін жер.

- Ия, көп ағашы бар,өзені бар ,жан баспаған батпақты,сулы ,нулы жерлері бар жерлер балалар.Сендер дұрыс айтасыңдар.

-Неге оларды жабайы аңдар деп атайды?

-Себебі олар орманда өмір сүреді.Оларға адамдар тамақ бермейді.Суармайды жем,шөп салмайды.

-Балалар бірақ ол жануарлардың бізге тигізетін пайдасы да бар екенін ұмытпайық.

-Қанекей балалар мына суретке назар аударайықшы.Суретте өздерің көріп отырғандай жабайы жануарлар бейнеленген. Қане атап өтейікші.

-Қасқыр,аю, түлкі,арыстан ,жолбарыс,қоян.

-Жарайсыңдар балалар. Мен қазір тақтаға осы аңдардың суретін ілемін, сонан соң сендердің көздеріңді жұмдырып бір аңның суретін тығып қоямын.

Сіздер сол жоғалған аңның не аң екенін табуларың керек.


Д/о:Жоғалғанды тап.

(Балалармен бірнеше мәрте ойнау)

-Қане айтыңдаршы қандай аң жоқ?

-Қоян.


-Дұрыс айтасыңдар балалар.( Тәрбиеші балалармен қоян туралы әңгімелеседі.Балалардың қоян туралы қандай мағлұматы бар екенін анықтайды.)

-Қоян жабайы аң.Оның ұзын құлағы бар.Қоянның төрт аяғыбар. Ол шөп жегенді ұнатады,сәбіз жегенді ұнатады.

-Балалар қоянды ертегілерде қандай аң ретінде суреттейді?

-Қоян қорқақ.

-Әрине балалар,сол қорқақ қоян туралы біздер бүгін өлең үйренеміз.

Ал әзірге сергіту жаттығуын жасап жіберейік.



Сергіту жаттығуы:

Көлбең көлбең көлеңкем,

Көлбеңдеген көлеңкем,

Қоян қалай жүгіреді,

Көрсетеді қане кім?

Өлең : « Ұзын құлақ сұр қоян.» Т.Бердияров.

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы қырлы жерлермен

Ытқып –ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын сап көзінің,

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің,- Жарйсыңдар балалар енді бір рет өздерің айтып көріңдер.(Айтады)

Ал балалақайлар біздер енді осы қоянның суретін салып сурет көрмесін ұ

йымдастыра қояйық


Сурет салғызу.

Жарайды балалар.осымен тіл дамыту сабағымыз аяқталды.Бүгінгі сабаққа жақсы қатысқан балаларға көп рахмет.




18 Сабақ

Тақырыбы:Өзіме ұнайтын ойыншық.(Әңгімеле.....)

Мақсаты:Балаларды заттар мен ойыншықтардың сипаттық бейнесін баяндау арқылы,әңгімелеуге үйрету.Балалрды екі ойыншықты қатар қойып олардың ұқсастығы мен айырмашылығы туралы әңгімелеуге бейімдеу.

Әдіс –тәсілдер:Көрсету ,сипатау,сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер:Ойыншықтар ,екі бірдей ойыншық,мозаика,құрылыс,көлік түрлері,жануарлар түрлері.

Сабақтың жүру барысы:

Сабақ ойыншықтар туралы әңгімелесуден басталады.

-Балаларсіздерге ойыншықтар ұнайды ма?

-Ия.

-Қандай ойыншықтар ұнайды?



-Әр бала өзіне ұнайтын ойыншықты атайды.

-Балалар қанекей өздеріңе ұнайтын ойыншықтарың туралы айтып беріңдерші.(Балалар сүйікті ойыншығы туралы айтып береді.)

-Жарайсындар балалар. Ал енді тапқыр болсаңдар жұмбақ шешіп көріңдерші.

Жұмбақ:

Қонса аяғы көп,

Ұшса аяғы жоқ

(Ұшақ)


Аяғы бар басы бар,

Арқалаған тасы бар

(тасбақа)

Кезікті бір жануар ,

Үстінде екі тауы бар.

(Түйе)


-Міне ақылды балалр .Барлық жұмбақты шешіп тастадыңдар ғой.

Ал енді біздің балабақшамыздағы тағы да басқа ойыншықтар туралы әңгімелей кетейік.

(Тәрбиеші балаларға сұрақ қою арқылы ойыншықтарды балаларға сипаттатып үйретеді.)
Д/О:Не екенін тап?ойыны.

-Балалар мен сендермен мынадай қызық ойын ойнағым келіп тұр .Мен сендерге осы топтағы бір ойыншықты сипаттаймын. Ал сендер мұқият тыңдап айналамызға зер сала қарап ол ойыншықты тауып аласыңдар.

(Бірнеше ойыншықты суреттеу)

Ойыншықтар

Біздерде бар қуыршақ,

Бұзау,қозы,құлыншақ.

Ойыншықтар тыңдайды.

Ақыл айтсақ,бұйырсақ.

Кей қуыршақ ұйықтайды,

Айтқаныңнан шықпайды.

(Балаларға тақпақты бірнеше рет қайталатып не түсінгені туралы сұрау)


Балалардың құрылыс материалдарымен жұмысын бақылау.

-Балалар енді алдымызда берілген мозайкаға,құрылыс материалдарыны назар аударайық. Сол берілген мозайкамен өздеріңе ұнаған ойыншықты құрастырыңыздар.



  • Сабақтың соңына құрастырған ойыншықтарыңыздан көрме ұйымдастырамыз.

  • Қорытынды :

-Балалар бүгін біздер өзімізге ұнайтын ойынщықтар туралы біраз мағлұмат алдық. Сабағымызды осымен аяқтаймыз.

19 Сабақ

Тақырыбы: Бес ешкі.(Ертегіде қонақта.)

Сабақтың тақырыбы: Әңгімелеп айтқызу.Балаларды оқылған немесе айтылған ертегінің мазмұнын айтып беруге үйрету.Ертегі қалай басталып қалай аяқалады соны аңғарту.

Қолданылатын әдіс-тәсіл:Әңгімелеу,сұрақ-жауап,түсіндіру.

Көрнекіліктер: Ертегіге байланысты суреттер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.Шаттық шеңбері.

-Балалар бүгін мен сендерге « Бес ешкі » деген ертегі оқып беремін. Мұқият тыңдап отырамыз сонан соң ,ертегінің не туралы болғанын сұраймын.

«Бес ешкі »

Ертегісін оқып беру.

Пысықтау:

Балаларға бес ешкі ертегісі желісі бойынша сұрақ қою.

Сөздік жұмыс

-Балалар ертегіде не туралы айтылған?

-Ертегіде бес ешкі туралы айтылған.

-Сендерге ертегі ұнады ма?

-Ия.

-Неге кедейдің малы болмады?



-Себебі кедей өз малын байдың малына қосады екен де оның малдары көбейгенде ,бай менікі деп тартып алады екен.

-Боран соққан ай далада ол ешкілерге не кезігеді?

-Қасқыр.

-Қара тоқты ,бес ешкі, құла ат қандай айла қылды?

-Қасқыр өлерде не деді?

-Қасқыр сөзі:

Қара тоқтыны жемеген,

Қобылан басым ау у у у ,

Бес ешкіні жемеген ,

Бегбен басым ау у у у

Құла атты құдықтан шығарып алған

Балуан басым ау у у у

Артына шығып ,құран оқып

Молда ма едім ау уу уу-деп өліп қалған екен.


Қорытынды:

-Көрдіңдер ме балалар біреуге ор қазба өзің түсесің деген сөз бар.Бұл жерде де қасқыр алдап бес ешкі,қара тоқтыны,құла атты жеймін деп оырып өзінің қалай көз жұмғанын білмей қалды.



Сабақ 20

Сабақтың мақсаты: Аналарға арналған мереке туралы,балаларғажалпы мағлұмат беру.Біздің елімізде аналарымыздың алатын орны туралы әңгімелесу.Аналарының мамандығы туралыәңгімелеп беруге ұмтылдыру. Аналары мен балаларының бастарынан өткенқызық оқиға туралы айтқызу.Сөйлем құрау кезінде грамматикалық қателер болмауын бақылау.

Қолданылатын әдіс –тәсілдер: Сұрақ-жауап ,түсіндіру,әңгіме,нақыл сөздер.

Көрнекіліктер:Мереке күнгі суреттер,аналарға арналғангүлдер.

Сабақтың жүру барысы:

-Балалар бүгінгі сабағымыз «Анаға сәлем» әнін тыңдаудан басталады.



-Мен үнтаспаны қайта қосайын ,ал сендер мұқият тыңдап отырыңдар маған не туралы екенін айтып бересіңдер.

(Үнтаспа қайта қосылады.)

-Балалар қандай ән тыңдадық?

-«Анаға сәлем» әнін.

-Әннің сөзін кім жазған?

-О.Иманалиев.

-Әнін жазған кім?

-Ескендір Хасанғалиев.

- Жарайсыңдар балалар.Өміріміздегі ең жақсы,ең тамаша адам ол ана! Солай емес пе балалар. Сол себепті бізді өмірге әкелген анамызға неше мақтау сөз айтсаң да,ол жеткіліксіз.

Бүгін біз сіздермен аналар мерекесіне арнап өлең өқып оның ең құрығанда бір шумағын жаттап айтып беруге тырысамыз.

-Мұқият,зейін қойып тыңдаңдар.Тұманбай Молдағалиевтің

« Анам менің» өлеңі


Айтсаң болды тіл алам,

Әйбат мамам ай мамам,

Сені көрсем Қуанам,

Сен керексің қайда да.

Ботам деген даусыңнан.

Мәз боп ерте оянам,

Кір түсірмей жағама

Сенсіз өмір бола ма.

Шашымдыда тарайсың,

Мектебіме барарда

Мейірлене қарайсың

Не бүлдіріп қойсам да.

Тау қопарып ,тас жарып

Тұрғызасың сен қала

Саған қандай жақсылық

Жасай алам мен ана!



Пысықтау сұрақтары:

-Ал балалар мен сендерге сұрақтар беремін сол сұрақтарға жауап беруге тырысыңдар.

-Өлеңнің авторы кім?

-Бұл өлеңді ақын кімге арнаған.

-Аналар мерекесі қай күн болып есептеледі?

-Сендер аналарыңның мерекесінде не істейсіңдер?

-Аналарың екеуіңнің бірігіп жасайтын жұмыстарың бар ма?

-Аналарыңды көргенде қайтесіңдер?

-Аналарың сендерге қандай жақсы сөз айтады?

-Балабақшаға барарда кім киіндіреді?

-Аналарыңның айтқанын тыңдайсыңдар ма?

Толық жауап алуға тырысу.

Шығармашылық жұмыс:

Алдын ала дайындалған түрлі түсті қағаздан жасалған гүлдерді желімдеу.

Қорытынды :

-Балаларға тағы да өлеңді оқып беріп, сабақты аяқтау.

ІІІ. Қорытынды
Кітапшаға енген сабақ жоспарлары балабақшаның естиярлар тобы үшін көмек береді.. Сөздің мәнін ұғына білген бала сөзге тоқтайды, сөздің қадірін кетірмейді, сары алтындай сақтайды. Ауызша ойын тұжырымдап жеткізе алса, жазбаша шығарманы шебер жазуға ұмтылады. Ауызекі тілде еркін және шұбарламай таза сөйлеуге дағдыланады. Тілді меңгерген бала жаңа заманның жаңа технологиясын да қиындықсыз меңгереді. Сондықтан балабақшадағы «Тіл дамыту» сабағының сапасы әрбір тәрбиешінің көкейтесті мәселесіне айналуы тиіс.

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер



  1. «Зерек бала» бағдарламасы, Астана, 2010

  2. «Мектепке дейінгі тәрбие». Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал, 2012 -2013 жыл тігінділері

  3. «Бала тәрбиесі». Республикалық қоғамдық педагогика- психологиялық басылым, 2012 жыл №97,98

  4. «Балабақша меңгерушісі және әдіскері». Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал, 2012 жыл №5,6, 2013 жыл №1


Мазмұны:

І.Кіріспе

ІІ.Тіл дамыту пәні бойынша жүргізілген сабақ конспектілері:

1. «Бау-бақшада ,бақтарда.»

2. « Қуыршақ бізге қонаққа келді.»

3. « Ит және оныңкүшіктері.»

4. « З» және «С»дыбыстарының дұрыс жазылуын қадағалау.

5. «Көжекпенен ойналық.»

6. « Жеті қазынаның бірі.»

7. « Айгерім қуыршақтың туған күні.»

8. « Кішкене бағбан.»

9. « Бізде қонжық қонақта.»

10. «Жаз-күз.»

11. « Айлакер түлкі.»

12. « Қыс қызығы.»

13. « Ұзын құлақ сұр қоян.»

14. « (Әңгімеле) Менің сүйікті үй жануарларым.»

15. «Ойыншықтар.»

16. «Ойыншықтар дүкені.»

17. « Бес ешкі »ертегісі.Ертегілер елінде.

18. « Анамызға сыйлық.»

19. « Өзіме ұнайтын ойыншық.»

20. « Үй жануарлары.»

ІІІ.Қорытынды



ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Бүгінгі заманның талабына сай, жан-жақты дамыған жеке тұлғаның құзіретті дамуына ықпал ететін бірден-бір тұлға - тәрбиеші мен ұстаз.

Балалардың білім беру ошағынан сапалы,саналы білім алып ,болашақ елінің отансүйгіш ,ұлтжанды адам болып қалыптасуы – әрбір педагогтың ұлы мақсаты. Ұлтжандылықтың нәрі туған тілден бастау алса, әрбір болашақ қоғам азаматы өз тілінің қадірін сезініп, құрметтеп өсуге міндетті. Осы ұлы мақсаттың маңыздылығына орай «Зерек бала» бағдарламасының естиярлар тобына арналған «Тіл дамыту» бөлімі бойынша 20 сабақ жоспары кітапшаға енді.
Каталог: uploads -> doc -> 0b33
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b33 -> Ағылшын тілі сабақтарында деңгейлеп оқыту және құзыреттілік тәсілдерді қолдану тәжірибемнен


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет