Сабақ №1 Тақырыбы: Адам ағзасының даму ерекшелігі. Антропометрлік көрсеткіштер.Өсу мен даму заңдылықтары


Тамақтанудың денсаулық үшін маңызы



бет24/46
Дата14.12.2021
өлшемі1,18 Mb.
#126337
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   46
Байланысты:
Fiziologia
Fiziologia
Тамақтанудың денсаулық үшін маңызы

Тамақтану-өмірді, өсіп-өнуді, денсаулық пен адамның жұмысқа деген қабілетін сақтау амалы. Организм, тамақ және сыртқы орта бірімен бірі біте байланысқан. Тамақ көп құрамдас бөліктерден тұрады: белок, май, көмір су, макро және микро элементтерден ( фосфор, калъций, натрий, йод, кобалът, қалайы және т.б. ). Сондай-ақ витаминдерден, фитоциттермен клетчаткадан.

Ұжымдық тамақтану-ол жасушалар құрамына қажетті заттар мен организмді қамтамассыз ететін қуат, қимыл және т.б. қажеттігін өтейтін, заттар алмасуын керекті деңгейде ұстайтын тағамдарды қолдану. Ұжымды тиімді тамақтанудың негізгі элементтері-

1.Тәуліктік қоректік заттардың арақатынасының үйлесімді балансын сақтау.

2.Дұрыс тамақтанудың тәртібі.

3.Энергия балансын (тепе-теңдігін) сақтау.

Рационалды (толық мәнді үйлестірілген) тамақтау-ол тамақтың қуат және сапалық құрамын, қоректік заттардың деңгейлік арақатынастарының тұрақталығын, қорытылуын және сіңірілуін, санитария және гигиена жағынан мінсіздігін ескертуді қажет етеді. Мұнымен қатар тамақтану тәртібін анықтай отырып, оның қабылданар мерзімін, ұзақтылығын, сандық шамасын, құрамын т.с.с. ескертуді керек етеді.

Б. Д. Ұ. (ВОЗ) Тәуліктік рациондағы белок, май және көмірсу қалыпты өлшемін былай ұсынады:

Белок тәулігіне 80-100г, оның ішінде 55% жануар белогы, 50-45% өсімдік белогы. Тәулігіне дененің 1кг салмағына г. 1-12 жастағы балаларда бұл қажеттік көбірек, тәулігіне 1,5г дене салмағына, әйел екі қабат болғанда 3-4г-1кг дене салмағына болуы тиіс.

Май тәлігіне 80-100г, оның ішінде 25-30% өсімдік майы, сары май 30-35%, қалғаны тоң май. Артық тамақтану гиподинамия-май қорын көбейтеді.

Көмірсу тәулігіне 400-500г қажет, оның ішінде крахмалл 70%, қант 20%,

пектин заттар 3%, клетчатка 2%. Ішіп-жейтін тамақтың колориялық қуатын есептеп шығару керек. Организмде енергиялық тепе-теңдік сақталу керек. Яғни, организмге тамақпен түскен энергия (тамақтың калориясы) организмнің энергиялық шығынына тең болуы керек. Тамақтың калориясынан организмнен босайтын энергия артық болмағаны дұрыс.

Тамақтану ұжымды болу үшін тамақ ішудің дұрыс тәртібі, тәуліктік саны, мөлшері, мерзімі ұдайы сақталғаны жөн.

Тамақты мөлшерден артық жеу организмдегі майды көбейтіп, денеде салмақ пайда болады.

Тиімді тамақтануға көше отырып, негізгі көңілді мыналарға аудару қажет.

1.Тағам мен денсаулық арасындағы байланысқа. Аурудың көпшілігі диабет, қан қысымының жоғарлауы, жүрек аурулары, тіс ауруы, қатерлі ісік, ми соқпасы, инсулът және семіру дұрыс тамақтанбаудың әсеріне пайда болуы мүмкін.

2.Тиімді тамақтану организмнің қоршаған орта факторларының әсеріне қарсы тұрарлық қасиетін ұшқырлайтын маңызды жағдайлардың бірі.

3.Үйлестірілген тағамның маңызды екені.

4.Тағам рационында тағам өнімдеріне қант, тұз аз болуы қажет.

5.Қалағаның сол қалыпты ой еңбегіне деген қабілетіңді дамытатын және мектеп, институтта жақсы оқуға дем беретін тиімді тамақ болсын.

6.Қалаған тағамымыз өзіміздің жасымызға, мамандығымызға,жыл мезгіліне, денсаулық қалпына сәйкес болсын.

ІІ.Артық дене салмақ(АДС)-гипертония, қант диабеті, жүрек қызметінің жеткіліксіздігі, қоректен семіру тағы да басқа көптеген аурулардың дамуына себепкер, қатер факторларының санына кіреді:

АДС – адам семіріп кеткенде, яғни дене салмағы тиіс деңгейден асып кеткенде байқалады. Шынайы дене салмағынан проценттік ауытқу санына қарай семірудің төрт деңгейін ианықтайды.

15––––29%-І деңгей;

30––––49%-ІІ деңгей;

50–––––100%-ІІІ деңгей;

100% аса –––– ІV деңгей.

Сондықтан қалыпты дене салмағын сақтау- денсаулық сақтаудың негізгі амалы.

Қалыпты салмақты сақтау үшін көптеген тәсілдер, ұсыныстар, амалдар таңданылған. Қалыпты салмақты сақтаудың амалдарының жеті принциптері бар:

1.Тамақтың түр-түрін қолдану;

2.Салмақты бір қалыпта сақтаудың қажеттігі;

3.Рационда халестерин мен майы ілкілдеген заттар аз болуы керек;

4.Қант тұтынуды шектеу;

5.Тұзды және натрийге бай өнімдерді орнымен ғана тұтыну қажет;

6.Жеміске, көкөніске бай дәмді дақылдардан дайындалған өнімдерден тұратын рацион пайдалы;

7.Егер де арақ-шарапқа көңіліңіз түссе, шамалап қана тартынып ішіңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет