2. Жұмыстың барысы:
Мектепке дейінгі мекемелердегі ауа- жылу режимінің гигиеналық нормаларға сәйкес келуі оқушылардың үлгерімі мен жұмыс қабілетінің қажетті басты шарты: Ауа ортасының физикалық – химиялық және биологиялық қасиеттерінің жиынтығы микроклимат деп аталады. Мекен жайлардың микроклиматы метереологиялық компоненттерден тұрады: ауаның температурасы, ылғалдылығы, қысымы және т.б. Адамдар болатын жабық бөлмеде ауаның ластануының жанама көрсеткіші көмірқышқыл газының мөлшері болып табылады. Оның болатын ең жоғарғы концентрациясы мектеп үйлерінде 0,1%. Оның мөлшері 0,08 – ке жеткеннің өзінде төменгі класс оқушыларының мінез – құлқында өзгеріс байқалады: тәртіп нашарлайды, зейін қою, қабілеті төмендейді.
Бөлмелеріндегі ауаның температурасы солтүстік аймақтарда 21-220 с, орталық аймақтарда 18-200 с, ал оңтүстік аймақтарда 17-18 0 с болуы керек. Кластағы ауа температурасының айырмашылығы көлденең /горизонталь/ жазықтық бойынша 30 с аспауы қажет. Бөлме қабырғаларының температурасы ауа температурасынан 30 с төмен болмауы тиіс. Ауа жылдамдығы 0,2 м/с болуы керек.
Зерттеу обьектісі класс бөлмелерінің микроклиматы.
I. Термометрия
Ауа температурасын оқу бөлмесінің ортасында еденнен 1м биіктікте өлшеу.
II. Ауаның қажетті немесе желдету көлемі.
А – желдету көлемі
В - әр оқушыға келетін ауаның мөлшері.
9.6
ЖС= —— = 1.8 рет /1 сағ ішінде/
5.1
Анықталған нәтижелерді нормамен салыстырыңыз. Ауаны жаңарту нормалары.
Бөлмелер
|
Жаңарту саны
|
Тұрғын үйлердегі және жатақханалардағы бөлмелер үшін
Ас бөлмесі
Ванналар
Биология кабинеті
Гимнастикалық зал
Балалар бақшалары мен яслидегі ойын бөлмелері
Балалар бақшалары мен яслидегі ұйықтайтын бөлмелер.
|
1,0
3,0
5,0
3,0-4,0
2,0-3,0
1,0
1,5
|
Достарыңызбен бөлісу: |