Сабақ №1 Тақырыбы: Антропометриялық өлшемдер. Антропометриялық өлшемдер, оған қандай өлшемдер жатады?



Дата07.02.2022
өлшемі20,31 Kb.
#88120
түріСабақ
Байланысты:
Антропометриялық өлшемдер.


Практикалық сабақ № 1
Тақырыбы: Антропометриялық өлшемдер.

  1. Антропометриялық өлшемдер, оған қандай өлшемдер жатады?

Соматометрия, физиометрия, самотоскопиялық өлшемдер деген не ?


Антропометрия — адамның дене мүшелерін өлшеу арқылы оның дене құрылысына тән жыныстық, нәсілдік және жас ерекшеліктеріне жан-жақты анықтамалар беретін антропологиялық зерттеудің негізгі тәсілдерінің бірі.
Антропометриялық өлшем кезінде - бас, бет, дене салмағы, бойы т.б. түрлі өлшемдер,кеуде шеңберіне және т.б өлшеу жұмыстары жүргізіледі.
Физиометрия – адамның физикалық жағдайын бақылайды.Мысалға, адам өкпесінің тіршілік сиымдылығын өлшейді.
Соматометрия – дененің ұзындықтарын, диаметрлерін және салмағын аңықтау.
Самотоскопиялық – бұл сыртқы сыртқы зерттеу мәліметтерін сипаттау және талдау : шырышты қабаттардың, тері күйін, май шөгінділері, бұлшық еттер, аяқтың пішіні, қалып және т.б



  1. Жалпы биологиялық ұғымдар: бой, даму дегеніміз не?

Денсаулық дегеніміз не? Абсолютті, практикалық денсаулық деген не?
Бой – организмнің морфологиялық белгілерінің бірі.Ол атропология мен медицинада дененің басқа да өлшемдерімен бірге, дене дамуын, бітімін сипаттайтын негізгі көрсеткіш болып саналады. 
Даму - қайталанбайтын, заңды және бағытты өзгерістерді білдіретін философиялық ғылыми категория деп аталады.
Денсаулық адам өміріндегі ең басты қажеттілік, яғни ағзаның дұрыс және қалыпты жұмыс жасауы, организмнің өзін-өзі басқара білуі.

1,2 - СОӨЖ тақырыбы: Өсу мен даму заңдылықтары.

  1. Антропометриялық көрсеткіштер.

Антропометрия – адамның негізгі физикалық көрсеткіштерін өлшей отырып, физикалық дамуын бағалау деп аталады. Антропометриялық көрсеткіштерге : бойы, дене салмағы, кеуде қуысының өлшемі және басқалары жатады. Жалпы физикалық даму көрсеткіштері денсаулық жағдайы мен жұмыс қабілеттілігін бағалауда маңызы бар.

  1. Адам жасының кезеңдері.

  1. Нәрестелік кезең

  2. Емшектегі кезең

  3. Мектепке дейінгі сәбилік кезең

  4. Мектепке дейінгі естияр кезең

  5. Мектеп жасындағы ересек кезең

  6. Жасөспірімдік кезең

  7. Балғын жастық

  8. Кемеллденген кезең

  9. Мосқалдық кезең

  10. Қарттық кезең


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет