Өзін-өзі бақылайтын сұрақтар:
1.
Судағы қауіпсіздік ережелері
?
2. Су туризм түрлерінің құрал - жабдықтары?
Қолданылған әдебиет тізімі:
1. Моисеев Н.А. Экономика лесного хозяйства. – М.: 2008.
2. Абаева Қ.Т. ҚР Орман шаруашылығын басқару, Алматы, 2012
Практикалық сабақ №16-17
Тақырыбы:
Су туризмінің медициналық аспектілері
Жоспары:
1. Мемлекеттік қорықтардағы шарттар
2. Мемлекеттік қорықтардағы жалақы
Мақсаты:
Мемлекеттік қорықтардағы шарттар мен жалақы туралы жалпы ақпарат
беру
Су туризмінде орындалатын өз қағидалары болады, және туристерге судағы өзін - өзі
ұстау ережелерінің сақталуын және құтқару құрал-жабдықтарын қолдану әдістерімен
таныстырылады. Сонымен қатар алда келе жатқан суға түсу маусымында саяжайларда, демалу
орындарында суға түсу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау, суда болу тәртібін насихаттау
мақсатында жарнамалар тараттылады туристердің денсаулықтарын жақсы екеніне
куәландырылады. Судағы қатерге ұшыраған адамға алғашқы көмек ұсыну түсіндіріледі:
Қатерге ұшыраған адамға көмек көрсеткенде мүмкіндігінше тездетіп оттегі жетімсіздігін
қолдан дем алдыру тәсілін қолдану арқылы жойыңыздар. - қатерге ұшыраған адамды судан
алып шыққаннан кейін оның киімін беліне дейін шешіп, демалу жолдарының жоғары жағын
және асқазанын судан босатуға кірісу; - қатерге ұшыраған адамның аузын азу тістерінінің әр
жағынан саусақпен қармай, немесе қол орамалмен, не дәке оралған пышақ жүзімен, шай
қасықтың сабымен немесе жалпақ темір заттпен ашу керек. -Ауыз ішін шырыш пен балдырдан
тазалау керек. -Қатерге ұшыраған адамның жоғарғы тыныс жолдары мен асқазанын судан
арылту үшін оның кеудесін көмек көрсетушінің тізесінің бүгілген аяғының үстіне басын
төмендетіп салып, кеуде сүйегінің астыңғы бөлімдерін ырғақпен қысып баса беру. Ең жеңіл
және тиімді тәсіл - ауыздан - ауызға немесе ауыздан - мұрынға ауа үрлеу. Қатерге ұшыраған
адамды бетін жоғары қаратып жатқызып, бір қолды оның мойнының астына жіберіп, екінші
қолымен маңдайынан басып, басын мүмкіндігінше шалқайту. Бас бармақпен және сұқ
саусақпен қатерге ұшыраушының мұрнын қатты қысып, демді ішке терең алып, оның аузына
минутына 18-20 дем салу керек. Қатерге ұшыраушының жүрек соғуын ұдайы қадағалап отыру
керек. Егер жүрек соғуы тоқтап қалса қолдан дем алдыру мен қатар, жүрекке тікелей емес
массаж әдісін қолдану керек, ол үшін: қатерге ұшыраушының жүрек түсына бір алақанды
қойып екіншісін айқастыра салу керек, екі колдың да саусақтары көтеріңкі болу қажет, дене
салмағын пайдалана, төс сүйекті омыртқа жотасына қарай 4-5 см қысады, жиілігі минутына
70-72 рет. Тағы бір қауіпсіздік ережелерінің сақталуының негізгізгісі ол дәрі - дәрімек
қорапшасының болуы, қорапшаның альюмин металлдан жасалуы ықтимал. Дәрі - дәрімек
салынған қорапша ішінде болу керек заттар ол маршрутқа шығатын адам санына байланысты
салынады. Жарақаттарды таңу құралы (бинт) ол стерильленген және әр түрлі енді болу керек,
2 созылмалы бинт, 3м марлі, 200г мақта, 2 қорапша жабсытырма пластырлері енді және енді
емес, қайшы және түйреуіш. Жарақатты асқынып кетуден сақтайтын мазь және арнайы сұйық
дәрілер 10 ампула тұрақты йод, 10г марганцовка, 300г спирт, 50г синтомецин, 25г вазельин.
Тұмауға қарсы дәрілер 30 таблетка антигриппин, 40 таблетка аскорутин, 20 таблетка асперин,
20 таблетка анальгин, 30 от кашля. Асқазанға арналған дәрілер 20 таблетка бесалола, 20
таблетка фенол - фталенин, 20 таблетка фталазола және сульгина, 20 таблетка энтросептол.
Керек болып қалуы мумкін деген дәрі - дәрімектер 10 ампула немесе таблетка кофеина, 10
ампула нашатырлі спирт, 20 таблетка триоксазина, 100г сода. Дәрі - дәрім ек салынған
қорапша міндетті түрде қатты металлдан жасалған.
Шомылғанда суда нені жасамау керек:
* Қоршау белгісінен тысқары жүзбеңіз!
* Тыйым салынған жерде шомылмаңыз!
* Шомылып жүрген балаларды қараусыз қалдырмаңыз!
* Шомылғанда камераларды, доптарды, тақтайларды пайдаланбаңыз!
* Суда шолжаңдауға жол бермеңіз!
* Жалған дабыл бермеңіз!
* Өтіп бара жатқан катерлерге, кемелер мен қайықтарға қарай жүзбеңіз!
* Суға көпірлерден, тоғандардан, айлақтардан, қайықтар мен катерлерден секірмеңіз!
* Таныс емес жерден сүңгімеңіз!
Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды
судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алу қажет. Тамақ ішкеннен кейін бірден
шомылмау қажет. Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылу. Өте ұзақ
шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалыунызға дейін жеткізбеңіз. Суға түскенде бір-
біріңізді көзден таса қылмаңыз. Қоршау белгілерінен, буйлардан тысқары аумаққа шықпаңыз.
Техникалык ескерту белгілерінің, буйлардың және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар.
Алғашқы көмек көрсету Есте сақтаңыз! - Зардап шегушіні дем тоқтағаннан кейін - 6 минут
кешікпегенде өмірге оралтуға болады.
Суға түсер алдындағы ескертпелер
Адамдардың суда қауіпсіздік ережелерін орындамауы орны толмас қайғыға әкеліп
соғады келеңсіз жағдайларға ұшырамас үшін төмендегі ережелерге мұқият болыңыз.
* Суға шомылатын жер метр тереңдігін тексеру.
* Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылуға болмайды.
* Суға тек рұқсат етілген жерлерде және жаға жайларда шомылу.
* Өте ұзақ уақыт бойы суға түсуге болмайды.
* Суда жүзген де өзін шаршауға және тоңып қалуға жеткізбеу керек.
* Қоршау белгілерінен тыс жерлерге асып кетпеу қажет.
* Маскүйінде суға түсүге болмайды. Судағы апаттардан зардап шекпеудің ең тиімді
жолы су қауіпсіздік ережелерін сақтау болып табылады. Жалпылама бөлімді қорыта кетсек су
туризмі қашан қалыптасты, және оның қандай түрлері бірінші пайда боғанын жайлы түсінік
қалыптастырдық. Су туризм түрлерінде қолданылатын құрал - жабдықтары жайлы білдік. Су
туризмінде қауіпсіздік ережелерін қатаң түрде сақтау кере, және де бірінші медициналық
көмек қалай жасалытынын білу өте маңызды оқыс жағдайлар болып қалған сәтте.
Қазақстан Республикасы бойынша Талдықорған қаласының оңтүстік-шығысындағы
Текелі қаласы бойынша су туризмін талдауға алдым. Текелі қаласы Талдықорған қаласының
оңтүстік-шығысында, 39 км қашықтықта, Алматы қаласынан 285 км шығысқа қарай
орналасқан. Қаланың алып жатқан аумағы 6133 га. Жетісу Алатауының тау шатқалдарының
шыға берісіндегі Қора аңғарындағы үш өзеннің: Қора, Шажа және Текелі өзендерінің қосылған
жерінде. Бұл үш өзен Балқаш көліне құятын екінші үлкен өзен болып саналатын Қараталдың
бастауы болып табылады. Таулардан ағып шыққан өзен, кейін жазық даладағы құмдар
арасымен ағып өтеді де, оның аңғары кеңейе түседі. Қала Жетісу Алатауының солтүстік
баурайының тау етегінде орналасқан. Теңіз деңгейінен биіктігі 1300 метр. Текелі қаласы - бұл
серпінді дамып келе жатқан өңір. Қала Жетісу өңірінде туризмді дамыту орталықтардың бірі
бола алады. Қаланың географиялық орны, қолайлы табиғат жағдайлары мен таулы жер
бедерінің көп болуы, тұрақты қар жамылғысы, қыс маусымының 5-6 ай созылуы, Алматы
мегаполисіне жақын орналасуы белсенді демалыс қызметтерінің толық спектрін қамтамасыз
ететін заманауи ірі, халықаралық туристік және спорт кешенін салу, жоғары сапалы, бәсекеге
қабілетті мамандар даярлап, қызмет көрсету саласын дамытуғажағдай жасайды. Қалада
туризмді дамыту талаптары Алматы облысының басқа өңірлермен салыстырғанда өзгеше
болып келуінің басты себебі, Текелі қаласының туристік-рекреациялық әлеуетінің
жоғарыболуында. Текеліқаласыныңтуристік-рекреациялы қресурстары. Бұрқанбұлақ -
Орталық Азиядағы ең биік сарқырама қатарына жатады, биіктігі 120 метр. Ол Текелі
қаласынан 55 км жерде Қора өзенінің шатқалында орналасқан. Бұрқанбұлақ орталық Азияның
ең биік сарқырамасы, биіктігі 120 метр. Сарқырама атауының шығуы туралы бірнеше
жорамалдар бар, соның бірінде бұл жердің будданың қасиетті мекені екендігі туралы
айтылады. Бір кездері шатқалда будда бейнесі болған, ал бұлақ бастау немесе қайнар, яғни
будданың бұлағы деген мағына береді. Текелі қаласынан 25 км жерде орналасқан Ойсаз
өзеніндегі күкірттісутек құрамды Жылыкілт бұлағы да өзінің емдік қасиеттері мен
ерекшеленеді. Бұрханбұлақ сарқырамасы маңайында Киелітас табиғи ескерткіші орналасқан.
Жетісу Экономикалық Институтының тарихшысы М.А. Антонов Текелі маңындағы буддалық
сурет деген мақаласында ежелгі тастың бетінде алғашқы өңдеудің іздері көрінгенін айтады.
Тастың ортаңғы жағында суға толған шұңқыр пайда болған. Этнографиялық мәліметтер
бойынша жиналған су тастың ортасында жыл бойы сақталады екен, жергілікті тұрғындар
арасында тастың ортасындағы су киелі болып саналған. Тастың төменгі бөлігінде сурет
орналасқан. Тастың үстіңгі бөлігіндегі лотостың бейнесі Үнді пагодасының бейнелі суреті
болып табылады. Тастың астыңғы бөлігінде мифологиялық жануар бейнеленген. Бұл
бейнелердің осы аймақтаға басқа ескерткіштермен ұқсастығы табылмаған. Керісінше,
Үндістандағы Шива храмындағы бейне мүсіндермен ұқсастығын байқауға болады. Бұл тастың
үстіңгі бөлігінде жазулар бар. Зерттеушілердің айтуы бойынша тастағы жазулар Ом-ма-ни-
пад-мэ-хум. Саған жалбарынамын, аса қамқор пірәдар деген мағынаны береді. Қалмақ
жазбаларына ұқсас болып келеді. Текелідегі тас Қора шатқалының кіре берісінен бірнеше метр
қашықтықта орналасқан. Қора өзенін ең алғашқы болып 1903 ж. ашқан Сібірдегі бірінші Томск
университетінің профессоры, географ, ботаник, әрі этнограф Василий Сапожников болды. Ал
П.П.Семенов-Тянь-Шанский 1856 жылы Қапалдан өткенде Қора шатқалын үстінен көріп, бұл
шатқал маған Швейцарияның ең әдемі де әсем шатқалдарын есіме салды деп атап кеткен. Қора
Достарыңызбен бөлісу: |