Таблеткалар-Tabulettae. Таблеткалар ішкі және сыртқы қолдануға арналған престелген дозаланған ұнтақтарды білдіреді. Дозалаудың дәлдігі оларды өндірудің машиналық тәсілмен негізделген. Таблеткалар фармацевтикалық өнер кәсіпте жасалады, сондықтан бұл дәрілік заттардың ресми түрі. Таблеткалардың оң жағы дозалаудың дәлдігі, портативтілігі, сақтау кезіндегі төзімділігі, дәмнің болмауы (көп жағдайда), болып табылады. Таблеткаларда бірнеше дәрілік заттардың сіңу реттілігін қамтамасыз етуге болады. Кемшіліктерге мыналар жатады: компоненттердің химиялық өзгерістері, бояудың өзгеруі, ерігіштіктің жоғалуы. Таблеткалардың салмағы 0,1-ден 1,0-ге дейін және жеке таблеткала рарасындағы рұқсат етілген ауытқулар + 0,5% шегінде болады. Рецептілік жазбаны жасаған кезде тек бір таблетканың салмағы немесе оның әсер ететін басталуы және таблеткалардың жалпы саны көрсетіледі. Рецептіде фармацевт жай ғана жазады, (Da tales doses № Х in tabulettis) таблеткадағы х санымен осындай дозаларды беріңіз .
Күрделі таблеткаларды жазып беру кезінде, таблеткада 2 немесе одан да көп заттар болғанда, құрамдас бөліктерді рецептіде санамалау қажет емес, коммерциялық атаулар қолданылады.
Rp.: Ascorpheni 0,5
D.t.d. № 21 in tabulettis.
S. Қабылдауға 3 таблеткада, күніне 3 рет
Мысал. Стрептоцидті 5,0 дозада таблеткада, бұзау үшін 6 қабылдауға (0,5 таблеткадан) жазып беріңіз.
Rp.: Streptocidi 0,5
D.t.d. № 60 in tabulettis
S. Ауыз арқылы, 10 таблеткадан 1 рет қабылдауға.
Бір таблетканың салмағы белгілі-0,5. Бір қабылдауға доза 5,0. Барлығы алты, 6x10= 60 таблетка.
Драже. Dragee. (род.-Dragee). Индифференттік көмекші заттардан алынған түйіршіктерге қосымша заттары бар қоспаға әсер ететін заттарды қабаттап жағу жолымен алынатын ішке қабылдауға арналған қатты мөлшерленген дәрілік түрі. Драженің салмағы, әдетте, 0,1– ден 0,5 г-ғадейін, жекелеген жағдайларда-1,0 г-ға дейін ауытқиды.
Rp.: Liazolini 0,05
D.t.d. № 20
S. Ауыз арқылы, 1 дражеден, күніне 2 рет
Достарыңызбен бөлісу: |