Оңтайлы күн режімі. Ұйықтау мен ас ішу режімін реттеген жөн. Бұл организмді бейберекет өмір салты тигізетін стресстен арылуға және жүрек-қан жүйесі кеселдері бұзылыстарының дамуынан бойды алыс ұстауға көмектеседі.
Ұйқы гигиенасы. Ұйықтауға арналған төсек орынның ыңғайлы және таза болуы, аса жұмсақ немесе аса қатты болмауы керек. Ұйықтар алдында таза ауада серуендеу, терезені немесе терезе желдеткішін ашық етіп ұйықтау пайдалы.
Тағамдану гигиенасы. Барлық жемістер мен көкөністер ағын суда мұқият жуылуы тиіс. Ет тағамдарының ыстық өңдеуден өтуі қажет.