Сабақ №1 Тақырыбы: Жеке бастың гигиенасы



бет4/4
Дата08.02.2022
өлшемі23,49 Kb.
#119432
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
ОФД

Жыныстық гигиена.
Жыныс мүшелерін таза ұстауға баланы ерте жасынан үйреткен жөн. Жыныс мүшелерін күніне екі рет сабындап жуу және іш киімді күнделікті ауыстыру пайдалы. Кездейсоқ жыныстық қатынастан бойды алыс ұстау венерикалық кеселдердің жұғуынан сақтандырады.
Жан гигиенасы” немесе психологиялық гигиена.
Мүмкіндігінше артық стресстен қашқан немесе стресстік жағдайларға өз көзқарасыңды өзгерткен дұрыс. Өмірде стрессті толықтай болдырмау мүмкін емес. Босаңсу (релаксация) тәсілдерін игеру көптеген кеселдерді болдырмауға, тән мен жан үйлесімділігіне қол жетуге мүмкіндік береді.


Тапсырма 1. Төменде берілген кестені толтырыңдар





Дене қозғалысының түрлері

Күнделікті

Анда - санда

Мүлде жасамаймын

1

Таңертеңгі ұйқыдан 7:00 тұрамын










2

Таңертеңгі дене қозғалысы










3

Таңертеңгі пайдалы ас ішу










4

Оқу орнына келу










5

Сабаққа деген белсенділік










6

Сабақтан тыс іс-шаралар (секция, бокс, күрес)










7

Денені шынықтыру










8

Үйдегі дене еңбегінің орындалуы










9

22:00-де ұйықтау












Бақылау сұрақтары:



  1. Оқушылардың физиологиялық дамуы мен мектеп гигиенасы нені және қалай зерттейді?

  2. Қазақстан және шет ел ғалымдарының оқушылардың физиологиялық дамуы мен мектеп гигиенасына қосқан үлестері қандай?

  3. Оқушылардың физиологиялық дамуы мен мектеп гигиенасының өзара және басқа пәндермен байланысы қандай?

4. Оқушылардың физиологиялық дамуы мен мектеп гигиенасы қалай дамыды?
5. Оқушылардың физиологиялық дамуы мен мектеп гигиенасы қандай зерттеу әдістерін пайдаланады

Практикалық сабақ №2
Тақырыбы: Адам организмінің физикалық дамуын анықтау

Тірек-қимыл аппаратында немесе қозғалу аппаратында сүйектер, олардың қозғалуы және бұлшықеттер біріктіріледі. Қимыл аппараты тірек қызметін, қозғалу қызметін атқарады.


Тірек-қимыл аппараты белсенді және белсенді емес болып бөлінеді. Белсенді емес бөлікке органның бөліктері және сүйек тұтқаларының қозғалғыштығы тәуелді болатын сүйектер және олардың қосылуы жатады. Белсенді бөлікке қаңқа сүйектерінің қозғалуы үшін жиырылып қысқаратын бұлшықеттер жатады.
Тірек-қимыл аппаратын физиологиялық тұрғыдан оқу маңызды деректер алумен қоса адамның физиологиялық тұрғыдан дамуы жайлы да маңызды деректер береді.Физиологиялық тұрғыдан оқу адамның денсаулық ақауларын шешуді, спорттық сабақтар, қаңқа мен бұлшықеттердің байланысы жайлы мағлұматтар толықтырылады. Адамның физикалық жағдайына баға беруде антропометриялық зерттеулердің маңызы зор.
Антропометрия-адамның дене мүшелерін өлшеу арқылы оның дене құрылысына тән жыныстық, нәсілдік және жас ерекшеліктеріне жан-жақты анықтамалар беретін антропологиялық зерттеудің негізгі тәсілдерінің бірі. Оның тәсілдері:

  1. Соматометриялық-дененің салмағы мен ұзындығы, кеуде клеткаларының диаметрі т.б.

  2. Физиометриялық-өкпенің тіршілік сыйымдылығы, қол бұлшықетінің күші, күштің пайда болуы.

  3. Соматоскопиялық-тірек-қимыл аппаратының күйі( омыртқа,кеуде клеткасы, аяқ формасы), жыныстық даму және май дәрежесі.



Тәжірибе № 1
Физикалық дамудың үйлесімділігін антропологиялық мәліметтер арқылы анықтау(соматометриялық зерттеулер)
Мақсаты:физикалық дамуды өлшеу арқылы бағалау.
Зерттеу объектісі:адам.
Материал және құрал-жабдықтар:ростометр, медициналық таразы, сантиметрлік лента. Тәжірибе топ болып немесе жұп болып орындалады.
Жұмыс барысы: Антропометриялық өлшем күннің бірінші жартысында медициналық кабинетте сырт киімсіз және аяқ-киімсіз өткізілгені жөн.
Бой өлшемі. Ростометр арқылы өлшенеді. Өлшенетін адам ростометрдің платформасына тік өкшесімен, бөксесімен тұруы керек. Эксперимент жүргізуші бойды өлшейді. Шыққан нәтижені бекітіңіз.
Кеуде клеткасының шеңберін өлшеу.Өлшенетін адам қолын жоғары көтереді,тәжірибе жүргізуші адам сантиметрлік лентаны күректің төменгі бұрышынан өтетіндей қылып орналастырады. Лентаның алды орта кеуде нүктесінен өтіп денеге тығыз орналасады. Содан кейін өлшенетін адам қолын түсіреді.
Кеуде шеңбері 3фазада өлшенеді:Әдеттегі дем алуда(пауза), максималды ауа жұту және шығару кезінде. Кеуде клеткасына экскурсия- ол дем алу және дем шығару кезіндегі шеңбердің айырмашылықтары.Кеуде қуысының экскурсиясын анықтаңыздар. Шыққан нәтижені бекітіңіз.
Дене салмағын анықтау. Өлшем медициналық таразы арқылы орындалады. Шыққан нәтижені бекітіңіз.


Бақылау сұрақтары:

  1. Өсу мен дамудың көрсеткіштері қандай?

  2. Дамудың түрлері қандай?

3.Баланың өсу қарқыны неше кезеңнен түрады жөне оның қаңдай себептері бар?
4.Өсу мен дамудың акселерациясы деген не?
5.Өсу мен дамудың акселерациясының белгілері қаңдай және оларды қалай анықтайды?
6.1965 жылы Мәскеулік жиналыста адамның жасын қандай кезеңдерге және қандай белгілеріне сүйеніп бөлген?
7.Өзгеру мезгілі деп нені айтады, оның ерекшеліктері қандай?


Практикалық сабақ №3
Тақырыбы: Сопақша ми рефлекстерін зерттеу
Мақсаты: тыныс алу орталығының қызметі негізіндеүлкен ми сыңары қыртысы мен сопақша мидың өзара әрекеттесуін көрсету.
Зерттеу объектісі: адам
Қажетті құрал-жабдықтар: болмайды
Жұмыс жеке жүргізіледі.

Түсіндірме сөз
Сопақша ми жұлынмен жалғасады. Ақ зат бетінде, ал сұр зат ядро ішінде орналасқан. Сопақша ми да өткізгіштік және рефлекстік қызмет атқарады. Олардың сұр затында адамның тіршілігі үшін мағызды орталықтар бар. Бұл орталықтар арқылы жүзеге асатын рефлекстерге:

  1. Қорғаныс (түшкіру, жөтелу, құсу, көзден жас ағу, көзді жыпылықтату)

  2. Қоректену (ему,сору, жұту, сөл бөлу, ас қорыту)

  3. Тыныс (тыныс қозғалысы)

Сондықтан сопақша ми зақымданса адам тыныс алу және жүректің тоқтауынан тез өліп кетеді
Жұмыс барысы:
Сынақшы тыныс алады (өте терең емес) және демді кешіктіреді. Аз уақыттан кейін (30-40 секундтан кейін) демді ұстап тұру қиынға соғады, содан кейін мәжбүрлі түрде дем шығарады. Енді адамның тыныс алуы қалай өзгергендігіне назар аударыңыз.
Тыныс алу қалыпқа түскен кезде, сынақшы екі-үш рет жылдам және терең дем алу керек. Бұл ретте ол мәжбүрлі түрде тыныс алу кідірісін сезінеді.
Есептеу нысаны


Бақылау сұрақтарына жауап беріңдер.

  1. Не себептен сынақшы демді аз уақытқа ұстап тұрған кезден кейін тыныс алу терең және жиі болып кетті?

  2. Жасалған тәжірибелерге байланысты тыныс алу орталығының қызметі негізінде қорытынды шығарыңдар.



Бақылау сұрақтары
1.Жүйке жүйесінің басты қызметтері қаңдай?
2.Орталық жүйке жүйесінің қандай бөлімдері бар және олардың даму ерекшеліктері қаңдай?
3.Жұлынның өткізгіш және рефлекстік қызметтері қандай?
4.Сопақша мидың қызметі мен жас ерекшеліктері қандай?
5.Ортаңғы мидың қызметі мен жас ерекшеліктері қаңдай?
6.Мишықтың қызметі мен оның мидың басқа бөлімдерімен арақатынасын айтыңыз және оның жас ерекшеліктері қандай болады?
7.Аралық мидың құрылысы мен қызметінің жас ерекшеліктерін талдаңыз.
8.Алдыңғы мидың негізгі қызметтерінің даму ерекшеліктері қандай?
9.Тітіркендіргіштер қандай болады?
10.Қозу, тежелу, синапс дегендер не? Синапстың қандай түрлері бар.
11.Нерв клеткасы - нейронның құрылысы қаңдай?
12.Рефлекторлы доғаның құрылысы мен қызметін айтыңыз. Тура және кері байланыс жолдары дегеніміз не?
13.Соматикалық жөне вегетативтік жүйке жүйелерінің жас ерекшеліктері туралы не айта аласыз?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет