Сабақ №1 тақырып патологиялық физиология пәНІ, мақсаты және міндеттері. Жалпы нозология. Сабақтың мақсаты



бет9/62
Дата19.12.2021
өлшемі1,87 Mb.
#103635
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   62
Байланысты:
ПОӘК-стом-2011-2012

МАШЫҚТЫҚ жұмыс

№ 1 тапсырманы орындау немесе «Биіктік ауруын үлгілеу» бейнефильмін көру.

1 тапсырма. Биіктік ауруының үлгісін алу және негізгі көріністерін зерттеу.

Әдісі. Ақ тышқанды Комовский аспабының астына отырғызады. Жануардың бастапқы жағдайын: тәртібі, тыныс алу сипаты, терісінің түсін байқап белгілеп алады. Комовский аапабының насосы арқылы ауаны барометрлік қысымның көрсеткішін манометр арқылы байқай отырып, біртіндеп сорады. Барометрлік қысымның 0,2 атм., 0,4 атм., 0,6 атм., 0,8 атм-ға төмендегенде тышқандағы өзгерістердің сипаты мен бірізділігін белгілейді. Тышқанның өліп қалмауын қадағалап отыру керек, сол себепті құрысу-тырыспа басталғанда тез арада қалпақтың астына ауа жіберіледі. Алынған нәтижелер хаттамаға толтырылады, қорытынды жасалады.

Тәжірибе хаттамасы.

Барометрлік қысымның деңгейі

Негізгі көріністері

Бастапқы жағдайы




0,8 атм.




0,6 атм.




0,4 атм.




0,2 атм.




Сұрақтар.1.Бұл экспериментте жануарлар қандай патогендік фактордың ықпалына душар болды?


    1. Патологияның дауына қандай ықпал әсер етті (гипобариялық гипоксия?)

    2. Қалай тексеруге болады?

2 тапсырма. Пол Бер тәжірибесін сараптау

Тәжірибеге екі топ тышқан алынады. Біріншісі ауа толтырылған барокамераға отырғызылып, барометрлік қысым біртіндеп 210 мм. с.б. дейін төмендетіледі. Бұл кезде жануарда биіктік ауруының белгілері көрініп, тырысу дамиды.

Екінші топ тышқандарын оттегіге толтырылған барокамераға отырғызылады. Бұл камерада барометрлік қысым 200 мм. с.б. дейін төмендетіледі. Бұл тышқандарда биіктік ауруының белгілері байқалмайды.

3 тапсырма. Биіктік ауруының құрылымдық кестесін зерттеу

№ 1. БИІКТІК АУРУЫ

Себептері

Патогенездің негізгі тізбегі

ОЖЖ

Жүрек- қан тамыр жүйесі

Тыныс алу жүйесі
Қан жүйесі


Барометрлік қысымның төмендеуі,

дем алатын ауада рО2 төмендеуі



гипоксемия

зат алмасудың бұзылуы



гликолиздің белсенділенуі

зат алмасудың шала тотыққан өнімдерінің жиналуы



негізгі көріністері

Тоқмейілсу, психикалық үрдістердің баяулауы, нәзік қимылдық нақтыланудың бұзылуы, қозғалыстар үйлесімділігінің бұзылуы, селкілдек.
Тахикардия, жүректің соғулық көлемінің, жүректің минөттік көлемінің ұлғаюы, қанайналымының орталықтануы.
Гиперпноэ, кейін брадипноэ немесе үзілісті тынысқа ауысады
Эритроцитоз


Газдар және сұй-ықтардың физикалық қасиеттерінің өзгеруі

Декомпрессиялық синдром, іш кебуі, құлақ және маңдай қуыстары ішіндегі шаншу, майда қантамырларының жыртылуы, тері астында ауа жиналуы, газдық эмболия


№ 2.


БИІКТІК АУРУЫНЫҢ ПАТОГЕНЕЗІНДЕГІ КЕРІ АЙНАЛЫП СОҒУ ШЕҢБЕРІ
Дем алатын ауада оттегінің үлестік қысымының (рО2) төмендеуі

г ипоксемия



Тыныс алу орталығының қозуы

гиперпноэ



Гипокапния, тыныстық алкалоз

Тыныс алу орталығының әлсіреуі



брадипноэ


Ситуациялық есептер (1,2,3,4) сабақта таратылатын материялдар бар.
ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология. – Алматы; РПО «Эверо», 2010. –Б. 8-27

  2. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 73-82

  3. Патофизиология / /Под ред. Новицкого В.В – М.Гэотар,2010 том 1.С. 73-87.

  4. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 17-22.

  5. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 30 -38.

  6. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 8-14.

  7. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б. 24-50

Қосымша

  1. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 33-37.

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 37-45.

  3. Давыдовский И.В. Проблемы причинности в медицине (этиология). М.: Медгиз. - 1962. -176 с.

  4. Царегородцев Г.И., Ерохин В.Г. Диалектический материализм и теоретические основы медицины. М.: Медицина, 1986, С.226 - 233.

  5. Нурмухамбетов А.Н. Спорные вопросы этиологии (лекция) // Вестник КазГМУ, 1999. - № 5,.с.114 - 117.

БАҚЫЛАУ

Тест тапсырмалары – патофизиология пәнінен сынамалық тапсырмаларды қараңыз. Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б. 24-50

2 САБАҚ

3 тақырып: «ОРГАНИЗМ РЕАКТИВТІЛІГІНІҢ ПАТОЛОГИЯДАҒЫ РОЛІ»

Сабақтың мақсаты:


    1. Ауру туындауы мен дамуындағы, организм реактивтілігі мен резистенттілігінің және тұқым қуалаушылықтың маңызын меңгеру

    2. Теориялық материалды меңгеру арқылы есептерді шешу

    3. Организм реактивтілігі мен резтстентілігі туралы түсініктерді қалыптастыру үшін пікір сайыстар жүргізу

    4. Зертханалық жануарлармен жұмыс жүргізе білуді үйрету

    5. №442 және 575 ҚР ДС министрлігі мен индустрия және сауда министрлігінің техникалық комитеттінің бұрықтарының негізгі қағидаларын, ережелерін эксперимент жүргізгенде қолдану арқылы организмнің гипоксияға төзімділігінде жастың, жыныстың, ОЖЖ функционалдық жағдайының және қоршаған орта факторларының роліне көңіл бөлу.


Оқыту міндеттері:

  • организмнің реактивтілігі мен резистентілігінің патологиядағы ролін меңгеру.

  • реактивтіліктегі жас, жыныс, дене бітімінің рөлін зерттеу

  • тітіркендіргішке организмнің реактивтігіне байланысты жауап қайтару түрін тәжірибеде бағалау


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Организм реактивтілігі туралы түсінік. Қоздырғышқа организмнің жауап қайтару түрлері

  2. Реактивтіліктің түрлері, сипаттамасы.

  3. Реактивтіліктегі жас мөлшерінің және жыныстың маңызы.

  4. Реактивтіліктегі конституцияның маңызы. (С.Сиго, Э. Кречмер, И.П.Павлов), Черноруцкий М.В. бойынша конституциялық түрлердің жіктелуі.

  5. Организм төзімділігі, анықтама. Төзімділіктің түрлері. Белсенді және енжар төзімділіктің мысалдары. Организмді белгілі бағытта реактивтілігін өзгертудің аурудың алдын алу мен емдеудегі маңыздылығы.


Оқыту мен сабақ жүргізу тәсілдері:

Студенттер арасында оқытушының қатысуымен және бақылауымен сабақтың негізгі сұрақтары бойынша пікірсайыс, тәжірибелер орындау, тәжірибе нәтижелерін талқылау, бейнефильм көру.


Бақылау әдістері:

Ауызша сұрау, тәжірибе нәтижелерін және есептерді тексеру, тестілеу




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет