Сабақ №1 тақырып патологиялық физиология пәНІ, мақсаты және міндеттері. Жалпы нозология. Сабақтың мақсаты


Организм реактивтілігіне сыртқы орта жайттарының ықпалын зерттеу



бет12/62
Дата19.12.2021
өлшемі1,87 Mb.
#103635
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   62
Байланысты:
ПОӘК-стом-2011-2012

Организм реактивтілігіне сыртқы орта жайттарының ықпалын зерттеу.

Әдісі: Тәжірибеге үш тышқан алынады. Біреуін тоңазытқышта 20 минөт мұздатады, екіншісін 400С термостатта 10 мин ұстайды. Үшінші тышқан –бақылау тышқаны. Оларды комовский аспабының астына отырғызып, биіктік ауруын шақырады. Жануарлар тәртібінің айырмашылықтарына назар аударып, қорытынды жасайды.

Хаттаманың кестесі



Жануарлар

Барометрлік қысым

Тәртібі

Минөтіне тыныс алуы, ж.б. өзгерістер

Терісінің түсі

Жауап қайтару түрі




Бақа

Бастапқы жағдай
















Биіктік ауру
















№1 тышқан

(бақылау)



Бастапқы жағдай
















Биіктік ауру
















№2 тышқан

(жаңа туылған)



Бастапқы жағдай
















Биіктік ауру
















№3 тышқан

(наркоз)


Бастапқы жағдай
















Биіктік ауру .
















№4 тышқан

(кофеин)


Бастапқы жағдай













Биіктік ауру













№5 тышқан

(гипертермия)



Бастапқы жағдай













Биіктік ауру













№6 тышқан

(гипотермия)



Бастапқы жағдай













Биіктік ауру













Студенттер хаттаманың жалпы кестесін толтырады және гипоксияның бүліндіргіш әсеріне организм төзімділігінің әртүрлі екені туралы тұжырым жасайды, патогенезін түсіндіреді.
5 тапсырма. Ситуациялық есептерді шешу.

Екі егеуқұйрыққа мынадай тәжірибе жүргізілген:

№1 егеуқұйрықты судың температурасы +10 С аквариумға салған. 5 минөт өткен соң оны барокамераға дені сау (интакталық) егеуқұйрықпен №2 бірге отырғызады және де алдын ала 10 минөт бұрын психостимулятор фенамин 2,5 мг/кг енгізілген үшінші №3 егеуқұйрық отырғызылады. Содан кейін барокамерадағы ауаны барометрлік қысым 180мм с.б.-на дейін сорып алады. Сол мезеттен бастап олардың өмірінің ұзақтығы №1 егеуқұйрықта 15 минөт, №2 егеуқұйрықта 7 минөт, ал №3 егеуқұйрықта 4 минөт болды.


    1. Жануарлардың гипоксияға төзімділігіне гипотермия мен психостимулятор фенамин әсер етедіме?

    2. Гипотермия мен фенамин жануарлардың гипоксияға төзімділігіне, өмірінің ұзақтылығы созылып немесе қысқартатын факторлардың әсері туралы мысал келтіріңіздер.

ӘДЕБИЕТТЕР:



Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 80-115.

  2. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с. 308-324, 232-307

  3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 81-90.

  4. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 73-89

  5. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 23-33.

  6. Патофизиология.: учебник под ред. А.И. Воложина, Г.В. Порядина.-Т.1. – М.: «Академия», 2006.- с.121-139

  7. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б. 51-59

Қосымша

  1. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 21-23, С. 26-42

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2007. - С. 21-23, С. 26-42.

  3. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 41-44.

  4. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С.133-149

  5. Назаренко Н.М. Патофизиология раннего онтогенеза., Алматы, 1998.– 175с.

  6. Ә. Нұрмұхамбетов. Ұрық даму мен балалық шақ ауруларының патофизиологиясы., Алматы, 2004. – 162б.

  7. Н.В. Жуйко. Особенности реактивности детского организма, Алматы, 2006.- 68с.

БАҚЫЛАУ


Тест тапсырмалары – патофизиология пәнінен сынамалық тапсырмаларды қараңыз. Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б. 51-59
4 тақырып: ЖАСУШАНЫҢ ЖАЛПЫ ПАТОЛОГИЯСЫ

Сабақтың мақсаты:

  1. Жасуша зақымдануының жалпы этиологиясы мен патогенезін меңгеру

2. Патогенез сызба нұсқасын құрғанда және есептерді шешуде игерген теориялық материалдарды қолдана білу.

    1. Жасуша деңгейінде дамитын патологиялық үрдістердің пайда болу себептерін даму механизмдерін, патологиялық өзгерістердің нәтижелерін патофизиологиялық тұрғыдан талдау қабілетін игеру.

    2. Осы тақырып бойынша терминдерді қолдана білу.

    3. ҚР ДС министірлігінің № 442 және 575 бұйрықтарын жануармен эксперимент жүргізгенге ескеру.

Оқыту міндеттері:

1. Жасуша зақымдануының себептері мен патогенезін зерттеу

2. Зақымдаушы агенттердің әсеріне жасушаның бейімделу тетіктерін зерттеу

3. Жасушаның зақымдану белгілерін анықтап, оларды бағалау

4. Тақырып бойынша атаусөздерді дұрыс қолдана білу

5. Сабақтың тақырыбы бойынша патогенездің сызба нұсқасын құруға үйрену

6. ҚР ДС министрілігінің №442 және 575 бұйрықтарын іс жүзінде эксперимент жүргізгенде қолдана білу

Тақырыптың негізгі сұрақтары:


  1. Жасушаның бүлінуі, анықтамасы. Жасушаның бүлінісін туындататын себептер. Бүліністерге жасушаның төзімділігін анықтайтын жайттар.

  2. Жасуша бүліністерінің түрлері, сипаттамасы. Жасушаның жіті және созылмалы бүліністерінің сатылары.

  3. Жасуша өлімінің түрлері. Некроз және апоптоз, даму тетіктері.

  4. Жасуша бүліністерінің арнайы және арнайыланбаған (иондық дисбаланс, қажыммен қамтамасыз етілуінің азаюы, рН, мембраналық потенциалдың, сіңірулік қабілеттің өзгеруі) көріністері, даму тетіктері.

  5. Жасуша мембранасы бүлінулерінің патогенезі (МАТ, фосфолипаза және басқа гидролазалардың әсерленуі, осмостық және иммундық бүліністер).

  6. Жасуша мембранасы мен жасушаішілік құрылымдар мембраналары бүліністерінің салдарлары.

  7. Бүліністер кезіндегі жасушадағы теңгерілулік тетіктер.

  8. Патогенді жайттардың әсеріне жасушаның төзімділігін арттыратын және зақымданған жасушада қалпына келтіру үрдістерін күшейтетін алдын алу және емдік шаралардың патогенездік негіздері.


Оқыту мен сабақ жүргізу тәсілдері:

Студенттер арасында оқытушының қатысуымен және бақылауымен сабақтың негізгі сұрақтары бойынша пікірсайыс, тәжірибелер орындау, тәжірибе нәтижелерін талқылау, ситуациялық есептер шығару, бейнефильм көру.


Бақылау әдістері:

Ауызша сұрау, тәжірибе нәтижелерін және есептерді тексеру, тестілеу




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет