Әдісі: Тәжірибеге бір ересек (салмағы 15-20 г), бір жаңа туған ақ тышқанды алады. Олардың жалпы тәртібіне, тыныс алуына, терілерінің түсіне назар аударады. Содан кейін барометрлік қысымды біртіндеп 200 мм.с.б. дейін азайтып, жоғарыда келтірілген көрсеткіштерді қадағалап, салыстырады. Екі тышқанда биіктік ауруының дамуын қадағалайды. Биіктік ауруы дамуында жас мөлшерінің маңызы туралы қорытынды жасалады.
№ 3 тапсырма.
Организм реактивтілігіндегі ОЖЖ-нің функциялық жағдайының маңызын анықтау
Әдісі: тәжірибеге үш ақ тышқан алынады. Біреуіне тері астына 1% гексенал ерітіндісі 100 г дене салмағына 0,5 мл. ерітінді есептеліп енгізіледі. Екіншісіне - 10% кофеин ерітіндісі дене салмағына 0,5 мл. ерітінді есептеліп енгізіледі. Үшінші тышқан бақылау болып есептеледі. 5 - 6 мин. соң үшеуін де Комовский аспабының астына отырғызады. Алдыңғы тәжірибеде жүргізілген ретпен қайталанады. Жануарлардағы өзгерістердің айырмашылығын анықтайды. Алынған мәліметтерді сарапталады.