Сабақ №1. Зоогигена зертханасындағы қауіпсіздік ережелері



бет4/5
Дата14.05.2017
өлшемі1,05 Mb.
#16262
түріСабақ
1   2   3   4   5

Зертханалық сабақ №7. 1-ші межелік бақылауға арналған сұрақтар

1.

2.



3.

4.

5.



6.

7.

8.



9.

10.
Зертханалық сабақ №8. Топырақтың негізгі физикалық құрылымы және механикалық құрамын зерттеу.


Қаралатын сұрақтар:

1. Топырақтың ауа -райына және мал организміне тигізер әсері.

2.Топырақтың зерттеуге орта сынамасын алу.

3. Механикалық құрамы және топырақ түрлері.

4. Топырақтың типін (түріне) анықтау және оған санитарлы баға беру.

5. Топырақтың физикалық қасиетінің гигиеналық маңызы


1.Топырақтың ауа райына және мал организміне тигізер әсері

Топырақ - күрделі органикалық және минералдық қоспалардың жинағынан тұратын жер бетінің құнарлы қабаты. Ол қабатта көптеген әртүрлі физикалық, химиялық, биологиялық және басқадай күрделі айналыс процесстері жүреді.

Топырақтың гигиеналық маңызы оның құнарлылығында, онда өсетін өсімдіктің өнімділігінде ғана емес, ол қора микроклиматына, қала берді ауа райына (климатқа) үлкен әсерін тигізеді. Топырақтың құрамында барлық бізге белгілі макро-микроэлементтер болады. Олардың топырақ құрамында жетіспеушілігі немесе қалыптан тыс артық болуы қоректік азық, су т.б. арқылы мал организміне зор әсерін тигізеді, кейбір жағдайларда денеге аурулар туғызады. Онымен қоса топырақ көптеген ауру қоздырғыштардың тұрақтауына, тіпті өніп-өсуіне қолайлы жағдай тудыратын орта болып есептеледі.

Топырақты механикалық құрамына (бөлшегіне) қарап құрылымды (структуралы) және құрылымсыз (структурасыз) болып екіге бөледі. Құрылымды топырақтардың физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттері қүрылымсыз топыраққа қарағанда өзгеше болады. Құрылымды топырақтың су өткізгіштік қасиеті жоғары болады, оның арасында оттегі көп кездесетіндіктен, оның ішіндегі органикалық заттар тез ыдырайды, яғни күрделі заттар тез жай минералдық заттарға айналады.

Ондай топыраққа су аз сақталып, жылулык, қасиеті жоғары болады. Керісінше құрылымсыз - сазды, саздақ топырақ бойына суды көп ұстап, ауасыз, суық болады да, ондай топыраққа түскен органикалық заттар ыдырамай көп жатады. Сондықтан ондай топырақтардағы көң, нәжіс, өлексе қалдықтары шіріп ыдырамай, ол ұзақ уақыттар санитарлық тұрғыдан қарағанда өздігінен тазару процесстері жүрмейді. Сол себептен құрылымсыз топыраққа мал қораларын жобалап салуға рұқсат етілмейді. Өйткені ондай құрылымсыз топырақты жерге салынған қоралардың әсіресе едені суық, жер асты сулары, топырақтың капилярлық қасиеті жоғары болғандықтан, іргетас, қабырға т.б. бөлшектер бойымен көтеріліп, қора ішінің микроклиматын нашарлатады, температурасы төмендеп, ылғалдылығы жоғарлайды.

Сондықтан топырақтың типтерін (түрлерін) анықтап оларға механикалық құрамына қарап сипаттама берген дұрыс. Топыраққа жан-жақты санитарлы және гигиеналық баға бермес бұрын оның орта сынамасын алады.



2.Зерттеуге топырақтың орта сынамасын алу

Алынған сынама топыраққа толық сипаттама беретін, санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес келуі керек. Сынама алмас бұрын жердің беткі қыртысын сырып алып тастайды (20см).

Топырақтың сынамасын ашық, жауын-шашынсыз құрғақ күндері әртүрлі тереңдікте алады. Топырақтың сынамасын қабаттық әдіспен 1 м тереңдікке дейін алудың, оның қай мезгілде ластанғанын анықтауға өте үлкен маңызы бар. Оның құрамындағы минералдық тұздарды - хлориттерді, сульфаттарды, тағы сол сияқты органикалық заттарды әсіресе мал көңдерінің нәжіс, өлексе т.б. қоспалардың қалай минерализацияланатын және ол топырақтың қай қабатында, қай сатыда жүргендігін анықтауға мүмкіндік береді.

Топырақтың орта сынамасын ауданы 25 кв.м. жерден диагнал сызық бойынша 3-5 жерден әртүрлі тереңдікте (0,2 0,5; 0,75; 1,0 м) алып, оларды біріктіріп араластырады. Әр сынама салмағы 2-3 кг шыны ыдысқа, таза мешокке немесе екі қабатты орау қағазына салып, сынаманың алынған күні, орны, тереңдігі көрсетілген түсініктеме қағазбен қамтамасыз етеді.

Лабораториялық жағдайда ашық қағаз бетіне сынаманы жұқалап жайып, ұйып қалған кесектерді қолмен ұсатады да, ауада кептіреді. Зерттеу жүргізуге 0,5-1кг. бөліп алынады (қалғаны қорада тұрады). Топырақтан өсімдік тамырларын, тас, жәндіктер т.б. қоспаларын іріктеп шығарып, олардың проценттік құрамын өлшеп анықтайды.

Алынған сынаманың бір бөлігінен топырақтың судағы сүзінді ертіндісін дайындайды. Бұл сүзбе ертіндіге өтетін минералдық тұздардың мөлшері топырақтың құрамындағы олардың шамасына ғана байланысты емес, олар сүзбе ертіндісін жасауға алынған су мөлшері мен топырақтың ара қатынасына да, судың температурасына, тұндыру уақытына және топырақтың ұсақ-ірілігіне т.б. байланысты болады. Сондықтан топырақтан сүзбе ертінді жасау үшін орта сынаманың 50-100 гр. өлшеп алып, оны сыйымдылығы 500-700 мл колбаға салып, үстіне құрамында аммиагі жоқ судан (дистиленген) 250-500 мл құямыз.

Содан кейін колбаны жауып 3 мин. бойы шайқаймыз. Ертінді тез тұну үшін 1 мл 13 процентті күкірт қышқылы аллюминий (глинозем) қосып 30 сек. бойы шайқаймыз.

Егер ол нәтижесіз болса оған 0,5 мл 7 процентті күйдіргі калий ертіндісін қосып араластырады да тұндырып, қағаз сүзгіден өткізіп сүзбе ертіндісін алады. Топырақтың сүзіндісін аузы жабық ыдыста қараңғы жерде сақтайды да керек мөлшерінен оның құрамындағы химиялық заттарды лабораториялық жолмен тексереді.



3.Топырақтың механикалық құрамын анықтау

Топырақтың құрамындағы механикалық бөлшектердің размеріне байланысты оның ауасы мен атмосфера ауасының алмасуы әртүрлі болады. Кесте 17 - Топырақтың түйіршіктерінің көлемі бойынша жіктеу (кітаптан қарау).

Топырақтың оттегімен қанығуы оның органикалық заттардың тотығуына тікелей әсерін тигізеді. Топырақты механикалық құрамын анықтау үшін арнайы бірнеше елеуіштер тобы болуы қажет. Олардың тор көздеріні диаметрі 7, 4, 2, 1, 0,3 мм болуы керек. Осы елеуіш топтары бір-біріне кигізіп, үстіңгі елеуішіне 100 г құрғақ, уатылған (қолмен) топырақ салып, қақпағын жауып ақырын қозғап елейді. Диаметрі 7 мм-ден үлкен бөлшектер (қыйыршық тас) N1 үстінгі елеуіште қалып, орташа қыйыршық бөлшек диаметрі 4 мм-ден үлкен N 2 елеуіште ұсталады, ал орташа кіші қыйыршық бөлшек - диаметрі 2 мм-ден үлкен N3елеуішіне өтеді де, диаметрі 1 мм-ден үлкен құм бөлшек N4 елеуішке түседі, одан диаметрі 0,3 мм ұсақ топырақ N5 елеуіште қалып, 0,3 мм-ден кем ұсақ, құм елеуіш тобыны түбіне жиналады.

Еленген топырақты әр елеуіштен жеке-жеке алып өлшеп, топырақтың жалпы салмағынан проценттік қатынасын есептеп шығарады. Тәжірибенің нәтижесі бойынша топырақтың типін (түрлерін) анықтайды.



4.Топырақтың типін (түріне) анықтау және оған санитарлы баға беру.

Алынған сынаманың бір бөлігін ақ қағаздың немесі кюветаның үстіне жайып топырақтың түрін мына жіктеу жүйесіне қарап анықтайды:

1. Тасты топырақ - құрамында 50 процент және оданда жоғары үлкені - кішілі тасы бар;

2. Қыйыршық тасты топырақ - құрамында диаметрі 21 мм бөлшектері бар;

3. Құм топырақ құрамының 80 проценті және одан да жоғары құмы бар;

4. Құмайтты топырақ - құрамында 80 процентта төмен құмы бар;

5. Сазды топырақ - құрамында 60 процент және одан жоғары сазы бар;

6. Саздақ топырақ - құрамында 40-50 процент сазы бар;

7. Әкілі топырақ /известі/ - құрамында 50 процентке дейін әкі бар;

8. Борлы топырақ - құрамында 50 процентке дейін бор (мел) бар;

9. Қара топырақ құрамында 20 проценттен жоғары гумусы (шірігі) бар;

10. Торфты.



5.Топырақтың физикалық қасиетінің гигиеналық маңызы

Топырақтың физикалық касиетіне мыналар жатады: түсі, иісі, капиллярлығы (су кетерілгіш қабілеттілігі), сүзгіштік қабілеттілігі (су өткізгіштігі), су сіңіргіштігі және кеуктігі (топырақ аралық қуыс).

3.2.1. Түсі. Топырақтың құрамындағы органикалық заттардың мөлшеріне байланысты оның түсі қоңыр (қара), ашық-қоңыр, ашық-сары т.б. болады. Топырақтың қоңыр (қара) түсі оның құрамында органикалық заттардың көп екенін білдіреді. Қара топыраққа санитарлық баға бергенде оның түсі құрамындағы гумус пен шірікке байланысты болатындығын естен шығармау керек. Қара топыраққа қарағанда құрамына көң қосып тыңайтылған жерлерде ауру қоздырғыш микрорганизмдер көп кездеседі.

Құрамында органикалық заттар мен гумусы аз топырақтар ашық-қоңыр (күлді) немесе ашық-сары құмды сазды топырақтар (түсті) боп келеді. Ондай топырақтарда биологиялық маңызы бар минералдық заттар - кальций, фосфор, калий т.б. аз кездеседі.

3.2.2. Иісі. Таза, ластанбаған топырақтың иісі болмай ды. Әр түрлі иіс (шірік, аммиак, күкіртті сутегі) топырақтың таяу арада мал кеңдерімен, өлексесімен, басқа лас ағын қалдықтармен қосылып және ондағы органикалық заттардың әсіресе анаэробты (оттегісіз) жағдайда шіру процесстерінің жүргендігінен пайда болады. Топырақтың иісін оның сынамасын алған жерде қолма-қол анықтаған жөн. Әйтпесе иісін анықтауға арналған сынама болігін жеке колбаға салып, үстіне ыстық су құйып, қақпағын жауып, шайқап араласты-рып, қақпағын тез ашып, иіскеп анықтайды.

3.2.3. Температура. Топырақтың температурасын бір ерекше керек болған кезде ғана анықтайды. Оны көбінесе, мысалы мал қораларын жобалап, салу үшін орын таңдау кезінде, немесе мал дем алатын, жазғы лагерлер тұрғызы-латын жерлер, жазғытурғы, күзгі мезгілдерде малдарды қамап ұстайтын шырақ (загон) құратын орындарды белгілеген кездерде анықталады. Топырақтың температура-сын анықтауға арнайы термометрлер пайдаланады.

3.2.4. Капиллярлығы. Топырақтың бұл қасиеті оның механикалық құрамына тікелей байланысты - неғұрлым топырақтың құрамындағы бөлшек кіші болса, солғұрлым оның капиллярлығы жоғары болады. Жоғарғы капиллярлық қасиеті жердің сулылығы, саздылығының себебі болып есептеледі.

Топырақтың түрлеріне байланысты биіктігі 1м оданда биік бірнеше диаметрі 2,5 - 3 см, тік бойында 1см бөліктері бар шыны трубкаларды (түтік) арнайы штативке орнатады. Шыны трубкалардың (түтіктің) төменгі басына дәке орап, бір ұшын 0,5 см. суға батырып қояды. Әр түрлі жоғары бөлігіне дейін зерттеуге арналған топырақпен толтырады.

Топырақтың аралық қуысына байланысты су жоғары оның бойымен көтеріледі. Топырақтың түтіктегі түсінің өзгеруін қадағалап әр бір 5, 10, 15, 30, 60 мин. және одан әрі әрбір бір сағатта, судың көтерілуі тоқтағанша бақылап жазып топырақтың капиллярлығын анықтаиды.

3.2.5. Су өткізгіштігі. Әртірлі топырақтың қабатынан судың сүзіліп өтуі оның құрамына (структурасына) байланысты болады. Топырақтың сулы - ауа режимі оның су өткігіштік қасиетіне тікелей байланысты болғандықтан бұл көрсеткіштің санитарлық-гигиеналық маңызы өте зор болады.

Топырақтың су өткізгіштігін анықтау үшін ұзындығы 20-25 см. диаметрі 3-4 см. шыны түтікті топырақпен толтырады да төменгі және жоғарғы топырақтың тұрған жерін белгілейді. Түтіктің төменгі басын жұқа дәкемен орап, топырақты сілкіп толтырады, штативке түтікті тігінен бекітіп, теменгі астына түтіктің диаметріне сәйкес келетін воронка мен цилиндр қойып, оның 4 см биігін белгілейді.

Уақытты белгілеп-ап шыны түтіктің жоғаргы басына топырақтың үстіне биіктігі 4 см су құяды және судың және судың осы қабат биіктігін тұрақты сақтап отыру қажет. Топырақтың су өткізгіштігі екі уақыт көрсеткішімен өлшенеді. Бірінші түтікте 20 см биіктігі бар топырақтың қабатын судың өту уақыты, екінші топырақ қабатынан өтіп, шыны түтіктің астындағы цилиндрдің 4 см биіктігіне жиылатын судың уақыты.


Зертханалық сабақ №9. Судың кермектілігін және тотықыштығын анықтау.

Қаралатын сұрақтар:

1. Судың кермектігінің санитарлық-гигиеналық маңызы

2. Кермектілікті анықтау тәсілдері.

3.Ауыз судың тотықкыштығын анықтау.
1. Судың кермектігінің санитарлық-гигиеналық маңызы

Судың кермектілігі кейбір кездерде оның органикалық заттармен ластанғанының көрсеткіші болады. Өйткені олар ыдырап, көмірқышқылының түзілуінен топырақтан кальций және магний тұздарын қосып-ап қос көмірқышкылы түындыларын тузеді де судың кермектілігін ұлғайтады.Судағы әртүрлі процесстерінің салдарынан күрделі өзгерістерге ұшырайды. Судағы әртүрлі тұздардың салдарынан оның дәм сапасы төмендейді, ас қорыту жүйелеріне зиянды әсерін тигізеді.

Кермектіліктің үш түрі болады: тұрақты немесе жойылғыш (карбонатты) және жалпы.

Кермектіліктің өлшемі миллиграмм эквивалент және градус. 1 градус кермектілік 1 л судағы 10мг кальций тотығына тең, ал 1 мг/экв. 28 мг кальций тотығы немесе 2,8 градусқа пара-пар. Кермектілігі бойынша ауыз су - орташа кермекті, қанағатты кермекті және өте кермекті болып бөлінеді. Кермектіліктің сипаттамасы қосымша 13-кестеде көрсетілген (кітаптан қарау).



2. Кермектілікті анықтау тәсілдері.

Ауыз судың кермектілігін анықтау тәсілдері

Кермектілікті анықтауда бірінші бикарбонатты кальций мен магний тұздарынан болған түрі карбонатты кермектілікті, содан кейін жалпы кермектілікті анықтайды.

Керек құралдар мен ыдыстар: 200-250 мл колба, өлшегіш цилиндр (100 мл), бюретка (2), қағаз сүзгіш, воронка, электр плитка.

Реактивтер: 1. 0,1н көмірқышқылы нартий ертіндісі, 2. 0,1н тұз қышқылы ертіндісі, оның 1 мл кальций тотығының 2,8 мг-ын бейтараптайды, 0,1н күйдіргіш нартий ертіндісі, Индикатор -0,25 процентті метилрот, 5. Сілтілер қоспасы - 0,1 н көмірқышқылы және күйдіргіш натрий ертінділерінің бірдей мөлшері.



Карбонатты (тұрақсыз) кермектілікті анықтау

Колбаға 100 мл зерттеуге арналған суды алып, 2 тамшы индикатор - метилрот қосып, сәл қызғылт түске боялғанша 0,1н тұз қышқылы ертіндісімен титрлейді. Ол кезде судағы бикарбонаттар хлоридтерге айналады.

Титрлеуге кеткен 0,1н тұз қышқылының мөлшерін 2,8-ге көбейтіп карбонаттық кермектілігін табады. Мысалы. 100 мл зерттейтін суды титрлегенде 3,4 мл 0,1н туз қышқылы кетті десек карбонатты кермектілік 9,52 (3,4 х 2,8) градус болады, яғни жұмсақ кермекті су.

Жалпы кермектілікті анықтау

Карбонатты кермектілікті анықтаудан қалған сұйыққа 20 мл сілтілі қоспа құйып 3 минут қайнатады. Ол кезде сілті қоспасының әсерінен судағы кальций мен мәгни, көмірқышқылы кальций және гидроокись магнийға айналып қалдыққа тұнады. Сұйықты суытып өлшемді цилиндрге ауыстырып ондағы сұйықтың көлемін дистилденген сумен 200 мл-ге жеткізеді де, араластырып, сүзгіден өткізіп, оның 100 мл бөліп колбаға құйып, оған 2-3 тамшы индикатор қосып, сәл ашық қызыл түске боялғанша 0,1н тұз қышқылының ертіндісімен титрлейді. Титрлеуге 100 мл (21 емес) алғандықтан оған кеткен (титрлеуге) тұз қышқылының мөлшерін екі еселейміз. Ол сан сілті қоспасының судағы кермектік металдар мен реакцияға түспей /байланыспа| қалған мөлшерін көрсетеді. Сондықтан ол санды құйылған сілтілі қоспаның көлемінен (20 мл) шегеріп, 0,1н тұз қышқылы ертіндісінің судағы кальций мен магний элементтерімеи байланысқа түскен мөлшерін табады. Ол табылған мөлшерді 2,8-ге көбейтіп жалпы кермектіліктің шамасын анықтайды.

Мысал: 100 мл сүзілген сұйыққа 6,9 мл 0,1н түз қышқылы титрлеуге кетті десек 200 мл-ге 13,8 мл (6,9 х 2), шығындалган болады, яғни 20 мл сілті қоспасының 13,8 мл - 1 судағы кальций және магний элементтерімен байланыспаған. Ал осы санды барлық сілті қоспасының көлемінен кемітсек (20-13,8) 6,2 мл 0,1 н тұз қышқылының ертіндісі кальций және магниймен байланысқа түскен болады, яғни жалпы кермектілік 17,36 (6,2 х 2,8) градусқа тең келеді.

Тұрақты кермектілік жалпы кермектілік пен карбоната кермектіліктің айырмасынан шығады. Егер жалпы кермектік 17,36 градус, карбонатты кермектілік 9,52 градус болса, тұрақты кермектілік 7,84 градус болады, яғни 2,8 мг/зкв,л 7,84 : 2,8.



3.Ауыз судың тотықкыштығын анықтау.

Бұл су құрамындағы органикалық заттардың мөлшерін анықтаудың жанама тәсілі болып есептеледі. Судың ластануының көрсеткіші деп 1 л судағы органикалық заттардың тотығуына шығындалған оттегінің мөлшерін (миллиграммен) атайды.

Сондықтан судың тотыққыштығын анықтау принципі калийлі марганец тұзының (КМnО4) органикалық заттарды тотықтыруына негізделген.

Керек құралдар мен ыдыстар:

1. Сыйымдылығы 250 мл колба.

2. Өлшегіш цилиндр (100 мл).

3. Пипеткалар (5 мл).

4. Екі бюретка (50мл).

Реактивтер:

1. 0,01 н калий марганец ертіндісі.

2. 0,01 н қымыздық қышқылының ертіндісі.

3. 25 процентті күкірт қышқылының ертіндісі.

Анықтау жолы:

Калий марганец тұзы әркез химиялық таза қалыпты болмауы және одан жасалған ертінді сақтау кезінде тотығып алғашқы титрін азайтуы мүмкін болғандықтан, зерттеудің алдында оның титрін анықтап, оған түзету енгізеді.

Калий марганец ертіндісінің титрін анықтау.

Колбаға 100 мл дистиленген су құйып, 5 мл 25 процентті күкірт қышқылының ертіндісін және 8 мл калий марганец тұзының 0,01н ертіндісін қосып қыздырып, 10 мин. қайнатады да оған ыстық кезінде 10 мл 0,01 н қымыздық қышқылының ертіндісін қосады. Ол ағарған ертінді қоспасын сәл қызғылт түске боялғанша калий марганец тұзының 0,01ертіңдісімен титрлейді.

Жалпы калий марганец тұзының 0,01 н ертіндісінің мөлшері (құйылған және тирлеуге кеткен) 10мл 0,01 н қымыздық қышқылының ертіндісіне пара-пар болып есептеледі, яғни калий марганец 0,8 мг оттегі бөледі деген сөз.

Зерттеуге арналған судың тотыққыштығын анықтау үшін оның 100 мл колбаға алып, үстіне 5мл 25 процентті күкіртқ қышқылының 8 мл 0,01 калиймарганецтұзының ерітінділерін құйып, 10 минут қайнатады да, оған 10 мл 0,01 қымыздық қышқылының ерітіндісін қосып, ағарған қоспаны сәл қызғылт түске боялғанша 0,01 калий марганец ерітіндісімен титрлейді. Содан соң суды титрлемей тұрып құйылған (8мл) және 10 мл қымыздық қышқылының ерітіндісін қосқаннан кейінгі титрлеуге шығындалған 0,01н калий марганец ерітіндісінің жалпы мөлшерін есептеп, 1 л судағы органикалық заттардың тотықтыруға кеткен оттегінің мөлшерін табады (мг).

Мысал. Алғашқы титрді анықтау кезінде 10 мл қымыздық қышқылының 0,01н ерітіндісін титрлеуге (жалпы) 11,2 мл 0,01н калий марганец ерітіндісі кетіп, зерттеуге арналған суды (100мл) титрлеген кезде ол 14,3 мл 0,01 калий марганец ерітіндісі кеткен делік.яғни 100 мл судағы органикалық заттардың тотығуына 3,1 мл (14,3-11,2) 0,01н калий марганец ерітіндісі кетеді, ал 1000 мл суға есептесек 31мл (3,1х10) болады. Осыдан 1л (1000мл) судағы органикалық заттарды тотықтыруға мг оттегі шығындалғанын табамыз.

11,2мл 0,01н калий марганец ерітіндісі 0,8мг оттегі бөлсе, 31мл - Х

Х=31мл х 0,8мг/11,2=2,21мг оттегі 1л суға кеткен, яғни ол судың тотыққыштығы 2,21мг/л.

Мемлекеттік стандартта (МЕСТ) ауыз суларға қойылатын талаптарда оның тотыққыштығы 5 мг/л жоғары болма керек. Ізденіс зерттеудің алынған нәтижелері бойыннша әртүрлі су сынамаларына санитарлық баға беріледі.


Зертханалық сабақ №10. Суды ветеринариялық-санитариялық зерттеу.
Қаралатын сұрақтар:

1.Ауыз судың сапасы себептері

2.Әр түрлі су көздерінен зерттеуге арнайы судың орта сынамасын алу

3.Ауыз судың физикалық касиеттеріне қойылатын гигиеналық талаптар



1.Ауыз судың сапасына әсерлі себептер.

Ауыз судың шығу тегіне, орналасқан жерін жабдықтануына және жер қыртысына (құрылымы) байланысты сапасы әртүрлі өзгерісте болады.

Ауыз сулар шығу тегіне қарап атмосфералық, жер үсті және жер асты болып бөлінсе, соған қарап олардағы сулардың да сапасы әртүрлі болады.

Мысалы, атмосфералық су көздерінің жауын, қар сулары жиі ластанған, құрамында минералдық тұздар аз кейде жоққа жуық, әртүрлі газдарға бай, дәмсіз, физикалық көрсеткіштері ауа райының құбылысына сәйкес өзгергіш микроорганизмдер көп, ұзақ тұруға шыдамсыз тез бұзылғыш келеді.

Сондықтан бұл атмосфералық су көздерінің сулары арнаулы өңдеуден өтпей пайдаланған күнде мал организмінде әртүрлі аурулардың пайда болу қаупін туғызады.

Атмосфералық сулар көбінесе жер беті ашық суларға (өзен, көл, шалшық, тоғам т.б.) құйып олардың құрамының өзгеруіне апарып соғады. Сондықтан ондай сулар физикалық қасиеттері жиі өзгергіш болып тұрақты емес әсіресе жазғытұрғы, күзгі мезгілдерде ластанғыш, жаздың ыстық айларында буланып азайғыш, түбіне минерал тұздары тұнып, малдарда іш бұзылу ауруларын туғызады.

Жер су өткізбейтін 1 немесе екі қабат қыртыстарының астында жататын сулардың сапасы жоғары, физикалық қасиеттері тұрақты ауа құбылыстарының өзгерістеріне байланыссыз, химиялық құрамы біірқалыпты минералдық заттарға бай, суы мол, таза жиі ластанбайтын және кейбір жер асты суларын (бұлақ, құдық т.б) арнайы өңдеусіз пайдалануға болады, себебі ондай сулар ауру қоздырғыш микробтардан таза болады.

2.1.2. Су көздерінің басқа өндіріс орындарынан, мал қораларынан, тұрғын үйлерінен, тағы сол сияқты суды ластауға себепші болатын көң қоймаларынан, мал өлекселерін сақтау орындарынан орналасу қашықтығына байланысты, олардың суларының сапасы да әртүрлі болады.

Су көздері, әсіресе ашық жер үсті болса, оған таяу орналасқан объектілердің қалдықтары құйылып оның сапасын өзгертіп, ластандырады. Сондықтан су көздері ондай өндіріс орындары мен мал қораларынан қашық зоогигиеналық талаптар мен ережелерге сәйкес орналасуға тиіс.

2.1.3. Ауыз судың сапасы сол сияқты жер қыртысы, топырақ құрамына да тікелей байланысты болады. Сазды, саздақ топырақта органикалық заттар ыдырамай ұзақ сақталады, сол сияқты ондай жерге түскен микрорганизмдер де төзімді, көп уақыт сақталады. Құрылымды топырақтың арасынан өткен су өздігінен сүзіліп тазаланса, құрылымсыз топырақты жер қыртысынан су жүрмей ластануға бейім тұрады. Сондықтан тастақ, қүмды, құмайт жерлердің арасынан шыққан сулар көбінесе таза, органикалық қоспалар аз болып келеді.

2.1.4. Ауыз сулардың тазалығы су көздерінің дұрыс жабдықталуына байланысты болады. Әсіресе ашық, жер үсті суларын қоршап, мал аяғы түспейтіндей етіп, арнайы суағарлар жасап, жер асты суларын пайдаланғанда сүзгіштерден өткізіп, қақпақ, қалқандар жасап, оларға басқа лас ағын сулар қосылмайтындай су кездерінің маңайы биік /дөңес/, тастақ, құмайтты болуы қажет. Жалпы су кездеріне санитарлы-топографиялық баға бергенде және оның аймағын сипаттап жазғанда мына негізгі сұрақтар қамтылуға тиіс:

1 .Су көзінің шығу тегі___________________________________

2.Адресі_______________________________________________

З.Орналасу орны________________________________________

4.Жер беттерінің сипаттамасы_____________________________

5.Су көзінің жабдықталуы________________________________

6.Суды алу тәсілі________________________________________

7.Су жағалауын сипаттау_________________________________

8.Су көзінің түрі________________________________________

9.Басқа обьектілерден ара қашықтығы______________________

10.Су көзі ластанама_____________________________________

Осындай негізгі су сапасына әсер ететін факторлар санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес баға бергеннен кейін, ол су көздерінің суларының негізгі қасиеттері мемлекеттік ережелерге сай талаптар қойылып бағаланады. Ол үшін алдымен су көздерінен орта сынама алады.



2.Әр түрлі су көздерінен зерттеуге арнайы судың орта сынамасын алу

Су көзін сипаттаған кезде лабораториялык, зерттеуден өткізу үшін оның орта сынамасын алады. Сынама алатын жерді (орынды) су көзін тексерген кезде белгілейді. Егер судың сапасына қандай бір лас орындардың әсерін анықтау керек болса, оның орта сынамасын ластау кезінен жоғар және төмен (ағыннан) жерлерден алады. Құдықтан орта сынаманы таңертең суды пайдаланғанға дейін және кешке пайдаланудан соң алады. Құдық, өзен, көл тоғандардан орта су сынамасын 0,5-1 м тереңдікте және жағадан 1 – 21 м қашықтықта алады.

Әртүрлі тереңдікте және жағадан қашықтықта су сынамаларын арнайы құрал-батометрмен алады. Сынама алардың алдында ыдысты екі рет сол зерттеуге арналған сумен шайып тастайды. Сынаманы алғаннан соң ыдысты жауып, керек болса пломбылайды және сынама алынған жер күні, номері, не үшін, неге зерттеу т.б. жазылған түсінік қағаз.

Толық зерттеу жүргізу үшін 5 л, жартылай - 2 л сынама алады. Бір метрге дейінгі тереңдікте орта сынаманы алу үшін сыйымдылығы Зл батометрді пайдаланады, ал одан да тереңціктен алатын болса сыйымдылығы 6 л-ден кем емес қақпағы автоматты түрде ашылып-жабылатын Молчанов Батометрімен алады. Ондай құралдар жоқ болған кезде судың орта сынамасын бөтелкені ұзын жіпке байлап, оған ауыр зат бекітеді де суға тастайды. Бөтелкенің тығынын керекті тереңдікте оган байлаған жіңішке жіптің көмегімен ашады.

Құбырлы (водопровод) су көздерінен орта сынама аларда оның бойында тұрып қалған ескі суды (10-15 мин) ағызып барып алады. Су сынамасын бактериологиялық зерттеуге стерленген ыдысқа (бөтелкеге) алады. Құбыр крандарын, насостарды алдын ала оттың жалынымен өңдейді. Егер сынама бір тәуліктен артық сақталатын немесе лабораторияға жеткізілетін болса, оны консервациялайды (бекітеді), әсіресе жаздың ыстық күндерінде.

Сынама аммиакты, хлориттерді (тұздарды) және судың тотыққыштығына арналған болса, 1 л суға 2 мл 25 процентті күкірт қышқылының ертіндісімен, ал басқадай жағдайда хлороформмен (1 л суға 2 мл) консервациялайды.


3.Ауыз судың физикалық касиеттеріне қойылатын гигиеналық талаптар

Судың сапасы белгілі бір мөлшерде оның физикалық қасиеттеріне де байланысты болады. Сондықтан сол физикалық көрсеткіштеріне қарап ауыз суға белгілі бір дәрежеде санитарлы-гигиеналық баға беруге болады.

Судың физикалық қасиеттеріне мыналар жатады: температура, түсі, иісі, дәмі және мөлдірлігі.
2.3.1 Судың тепмпературасын анықтау

Судың температурасы физиологиялық фактор, өйткені өте суық сумен суарғанда мал денесінен көп энергия жоғалып суыққа ұрынып, суық тиіп ауруға шалдығады, ас алмасу жүйесі бұзылады, өнімі төмендейді. Өте жылы суды + 20 градустан жоғары мал сүйіп ішпейді, ас нашар қортылып сіңеді. Буаз малдар суық су ішкенде іш тастауы мүмкін. Сондықтан мал ішетін судың температурасы: ірі малдар үшін 10-12, буаз малдарға 12-15, жас төлдер үшін 15 градустан жоғары болуга тиіс.

Судың температурасын анықтау үшін оның сынамасын алатын тереңдікке термометрді түсіріп анықтайды. Ол үшін арнайы ілгіш термометрлер болады. Ол жоқ болса кәдімгі термометрдің резервуарын дәкемен орап суға салып анықтайды. Анықтау уақыты 10-15 мин. кем болмауы керек. Судың температурасын анықтаған кезде қоса ауаның температурасын да анықтап екеуін салыстырған жөн.
2.3.2. Судың түсін аныктау

Судың түсі ондағы минералдық және органикалық қоспалардан пайда болады. Судың түсін анықтағанда они шығу тегіне көңіл болу керек, себебі ол судың мал нәжістері мен тағы басқа шіріген органикалық заттармен ластануынан пайда болуы мүмкін.

Судың түсін анықтау үшін шынысы түссіз екі 250 мл цилиндр алып, оның біріне дистиленген (100 мл), екіншісіне сүзілген, зерттеуге арналған суды қуйып, ақ түсті бетте екеуін салыстырып анықтайды. Түс түрлері-түссіз, ашық сары, сұрғыш, қоңыр, сары, жасыл т.б. болады. Ауыз судың түсі 20 градустан жоғары болмауға тиіс.
2.3.3. Судың иісін анықтау

Судың иісі оған араласқан минералдық заттардың мөлшеріне және органикалық заттардың ыдырауына тікелей байланысты болады. Сондықтан судың иісі болса, оның шығу тегіне көңіл бөлу қажет. Егер суда микроорганизмдер көп болса, өсімдіктердің гүлденуіне апарып соғып, суға әр түрл иістер береді (шөп, топырақ, май.балық т.б.).

Судың иісін әр түрлі температурада анықтаған жөн (201 40, 60 градус). Ол үшін зерттеуге арналған суды колбаға (стаканға) құйып, аузын жауып қойып белгілі температураға дейін қыздырып иіскеп аныктайды. Иістің сезілгіштігін баллмен белгілейді. Сәл сезілгіш иісті 2 баллға бағалайды. Малдарды суаруға судың иісі 2 баллдан жоғары болмауы керек.
2.3.4 Судың дәмін анықтау

Ауыз суда кездесетін ащы, қышқыл, тұзды, тәтті батпақ, жағымсыз, шірік тағы басқа дәмдер ондағы минералдық заттардың мөлшеріне және әртүрлі органикалық қоспалардың ыдырауына, немесе иісі бар ағынды - өндіріс лас сулардың қосылуынан пайда болады.

Судың дәмі бес баллды жүйемен бағаланады. Малдарды суаруға судың дәмі екі баллдан жоғары болмауы керек.
2.3.5.Ауыз судың мөлдірлігін анықтау

Судың мөлдірлігі - оның қабатынан жарық шоғын өткізгіштік қабілеті. Судың мөлдірлігі оның ішіндегі қалқып жүрген минералдык, немесе органикалық қоспаларға байла¬нысты болды.

Өте тереңде жатқан жер асты суларын алған кезде жылдам лайланып кетеді. Оның себебі оның ішіндегі кейбір заттардың (темір бикарбонаты, кальции карбонаты, бикарбо¬наты) ауадағы оттегімен қосылып сілтілік қоспалар түзеді де мөлдірлігі төмендейді, бірақ бұл біраздан соң ыдыс түбіне тұнба боп түседі.

Сондықтан мүндай себептермен пайда болған төменгі мөлдірлік санитарлық тұрғыдан қауыпты болып есептелмейді. Ауыз судың мөлдірлігін арнайы диаметрі 5-7 см. биіктігі 40-50 см. түссіз шыныдан жасалған цилиндрде анықтайды. Зерттеуге арналған суды цилиндрге құяды.

Анықтауды екі тәсілмен жүргізуге болады: шығыршық сымның көмегімен және Снелленің шрифтісімен (әрпімен) цилиндрге құйылған судың қабаты мен әртүрлі шрифті (әріпті) оқыйды. Неше см. биіктіктен оқуға мүмкіншілік болса, сол биіктікті судың мөлдірлігі деп есептейді.

Басқа тәсіл мен мөлдірлікті аныктау үшін диаметрі 1 мм сым темірдің бір басын диаметрі 1 - 1,5 см шеңбер (сақина) жасап иеді де цилиндрдегі зерттейтін суға иілген басын көрінісі жоғалғанша матырады да, сымды қайта судың үстінгі қабатынан қарағанда анық көрінгенше көтереді. Сол жерге дейінгі су қабатын оның см мен алынғандағы мөлдірлігі болып есептеледі. Ауыз судың мөлдірлігі 25 см-ден кем болмауға тиіс.


Зертханалық сабақ №11. Судың сапасын жақсарту тәсілдері және залалсыздандыру.

Қаралатын сұрақтар:

1.Суды тазалау және сапасын жақсартудың гигенасы

2. Ауыз суды заразсыздандыру тәсілдері:

2.1. Ауыз суды зарасыздандырудың тәсілдері.

2.2. Суды зарасыздандыруға хлорлы әкіні пайдалану.

2.3. Хлорлы әкінің активтігін (күшін) анықтау.

2.4. Судың хлор қажеттілігі неге байланысты және оны қалай анықтайды.

2.5. Хлорланған судағы қалдық хлорды анықтау.
1.Суды тазалау және сапасын жақсартудың гигенасы

Ауыз суды тазалау және сапасын жақсарту біріне-бірі тығыз байланысты процесстер. Себебі тазалау кезінде судың физикалық көрсеткіштері (иісі, дәмі, мөлдірлігі, түсі) жақсаруымен қатар химиялық қасиеттері де (темірдің, кальцийді магнийдің, қорғасынның т.б. азаяды) жақсарып өзгереді. Кейбір суды тазалау тәсілдері (сүзу) оның құрамындағы механикалық қоспалардан ғана ажырату емес, оны пайдаланған кезде эпизоотологиялық және эпидемиялык, қауыптерді төмендетеді.

Тұндыру тәсілімен суды тазалаған кезде әртүрлі ыдыстарды немесе арнайы тұндырғыштарда тұндырады. Бұл кезде тұндыру жылдамдығы, әрине, судағы қоспалардың размеріне байланысты болады

Мысалы, біркелкі тереңдікке (1 м) диаметрі 1 мм құм бөлшегі 10 секундта түссе, ұсак, 0,1 мм диаметрі бар қүм -2 минутта, ал 0,01 мм ұсақ құм тек 2 сағатта тұнады. Суда қалқыған заттардың тұнуы тек оның размері емес, ортаның температурасына да байланысты болады, яғни температура жоғарылаған сайын судың меншікті салмағы кеми береді де су менен ондағы заттардың массасының айырмашылығы арта береді. Сондықтан кейбір кездерде судағы қалқыған заттар дың тез және толықтай тұнуын арттыру үшін тазалауда коагуляциялау (ұйыту) тәсілін қолданады. Суды коагуляция тәсілімен тазалағанда ұйтқыш (коагулянт) есебінде сульф алюминий, хлорлы темір, глинозем мен хлорлы темірі қоспасы т.б. пайдаланады.

Тұндыру мен коагуляциялау тәсілі толықтай суды тазалауын қамтамасыз етпеуі мүмкін, тіпті судың ортасында тұнбаған түйіршіктер, тіпті мақта қалыптас заттар қалады. Ондай жағдайда суды сүзу тәсілі қолданылады. Ондай жағдайда әртүрлі сүзгіштер пайдаланады, жиі ұнтақ (құм) заттардың қабатынан өткізу арқылы. Ол ұнтақтардың бөлшектерінің размерлері әртүрлі болып келіп, қалындығы 0,1 ден 1,3 метрге дейін болады.

Сулардың сапасын жақсарту ішіндегі ең жиі кездесетіні суды жұмсарту, яғни кермектілігін азайту. Ол көбінесе карбонаттық кермектілік жоғары болса известі (әкті) қосып, ал кермектілік сульфаттардың, кальций және магний хлоридтердің көптігінен болса сода ертіндісімен жұмсартылады.

Суды коагуляциялау нәтижелі болу үшін оған қажетті коагулянттың мөлшерін дұрыс анықтау керек. Ол үшін карбонаттық кермектіліктің 1 градус мөлшеріне 10 мг кальций тотығы пара-пар болғандықтан сульфат алюминийдің 20 мг өтетін (тұнатын) болады.

Коагулянттың жалпы қажетті мөлшерін анықтау үшін 3 біркелкі стаканға 200 мл-ден зерттеуге арналған суды алып, біріншісіне 8 мл, екіншісіне - 5 мл, үшіншісіне - 2 мл 1 про¬центі күкірт қышқылы алюминийдің ертіндісін қосып араластырып 10 минутқа қойып қояды. Содан кейін үш стаканның қайсысында судың мөлдірлігі қалыпты және оған қанша коагулят қосылғанын есептеп 1 л суға қанша коагулят керек екенін табамыз.

Мысалы: Судың тазалығы 2-ші стаканда қалыпты делік (біріншіде әрине өте жақсы болуға тиіс) яғни однағы 200 мл суға 5 мл 1 процентті күкіртқышқылы алюминий ертіндісі қосылған, ал 1 л суға 25 мл 1 процентті күкірт қышқылы алюминий ертіндісі жеткілікті болады.

2. Ауыз суды заразсыздандыру тәсілдері

1. Ауыз суды зарасыздандырудың тәсілдері.

2. Суды зарасыздандыруға хлорлы әкіні пайдалану.

3. Хлорлы әкінің активтігін (күшін) анықтау.

4. Судың хлор қажеттілігі неге байланысты және оны қалай анықтайды.

5. Хлорланған судағы қалдық хлорды анықтау.

Тазалау тәсілдерінің (тұндыру, коагуляциялау, сүзу) көмегімен судың тек механикалық қоспаларынан ажыратып қоймай, 90-95 процентке ондағы гельминтер мен (құрттар) бактериялардан тазартса да, ауыз суды заразсыздандыру, әсіресе жұқпалы аурулардың қоздырғыштарымен ластанған (ластану) қаупі төнген кезде, міндетті болып есептеледі. Онымен қоса мал шарушылығында, малдардың нәжістерімен жиі ластану қаупі бар жағдайларда, ең кем дегенде жыл ішінде 1-2 рет жоспарлы заразсыздандырған дұрыс болады.

Ауыз суды заразсыздандырудың көптеген тәсілдері бар. Оның ішінде реагентсіз яғни химиялық қоспа затсыз заразсыздандыруға, 5-10 мин. қайнатып, аз ғана су мөлшерін (ауру малдар, жас төлдер үшін) микрорганизмдерден ажыратуға болады. Сол сияқты таза, мөлдір суларды ультракүлгін сәулесінің бактерицидтік аймағын шығаратын құралдармен (шамдармен) сәулелендіріп заразсыздандыруға болады.

Көптеген суды зарасыздандыру тәсілдерінің ішінде қолайлысы реагентті (химиялық заттармен) түрі болып есептеледі. Оның ішінде озондау, күмістеу және иодтау тәсілді суды заразсыздандырудың белгілі бір нәтижелілері боып есептеледі. Ал хлорлау тәсілі ең арзан, қолайлы және зарар сыздандыру күші жоғары әдістің бірі болып келеді. Суды хлорлау үшін сұйық және газды хлорды, гипохлоритті (хлор қышқылдың тұзы) хлорлы әкіні пайдаланады. Ондай кезінде судағы кальций ионы хлорлы және хлорлы сутегі қышқылдарының аниондарымен байланысады. Яғни, суға хлорлы қоспаларды қосқан кезде оның гидролизі жүріп, оның салда рынан хлорлы қышқылы, гипохлорид ионы пайда болады және судағы микробтарды өлтіретін солар болғандықтан, оларды бос активті хлор деп атайды. Суды хлорлаған кез осы активті хлордың тек 1-2 проценті ғана бактериаларды өлтіруге кетеді де, оның көп мөлшері минералдық және органикалық заттармен байланысады. Осылай шығындалған хлордың мөлшерін (суды хлорлаған кезде) судың хлор қажеттілігі деп атайды. Ол көбінесе судың тазалығына тікелей байланысты болады. Неғұрлым су таза, органикалық заттармен ластанбаған болса, солғұрлым суға аз хлор кетеді, яғни оның хлор қажеттілігі төмен болады, ал керісінше хлорлайтын су неғүрлым лас болса, солғұрлым оған активті хлор көп керек, яғни хлор қажеттілігі жоғары болады.

Мысалы, жер асты сулардың 1 л хлор қажеттілігі 1-2 мг хлор болса, ашық жер үсті суларының хлор қажеттілігі 5-те 10 мг одан да көп болуы мүмкін.

Ауыз су органикалық заттармен ластанбаған, оның физикалық және химиялық қасиеттері мемлекеттік талаптардан алшақ болмаса, оны қалыпты хлорлайды, яғни суға өзінің хлор қажеттілігіне сәйкес активті хлор салады. Ал ластанған, әсіресе, бактериологиялық көрсеткіштері талапқа сәйкес болмаса, ондай суды суперхлорлайды, яғни судың хлор қажеттілігін ескермей, артық хлор салып хлорлайды. Содан кейін ол артық хлорды алады, ондай процесті дехлорлау дейді. Қандай жағдайда да хлорлаудан соң ондағы қалдық хлордың мөлшері 0,4-0,5мг/л аспауы қажет.

Ауыз суды хлорлы әкінің ертіндісімен хлорлаған кезде оның құрамындағы активті хлорды анықтау керек. Себебі хлорлы әкінің құрамындағы хлорлы кальций тұрақты болмай, әсіресе көп сақталғанда (күн, жел, жауын астында) күшін жоғалтады.
ХЛОРЛЫ ӘКІНІҢ КҰРАМЫНДАҒЫ АКТИВТІ ХЛОРДЫ АНЫҚТАУ

Жақсы әкінің құрамында зауаттан шығарған кезінде 35-38 процент активті хлор болады. Сақтау уақытының ұзақтығына қарап хлорлы әкінің активтігі төмендейтін болғандықтан оның құрамындағы активті хлорды әуелі анықтап алады. Ол үшін әкі сақталатын жерден орта сынама алып (әр түрлі жерден), одан араластырып 1 гр келіге (шыны) салып түйіп ұсатады да оған 100 мл дистилденген су құйып, әкінің 1 процентті ертіндісін жасап, оны тұндырып алып соның құрамындағы активті хлорды анықтайды, яғни ол хлордың иодты калий ертіндісінің құрамынан жеке иодты бөліп шығару қабілетін гипосульфит ертіндісімен титрлеп табу керек.

ҚАЖЕТТІ РЕАКТИВТЕР МЕН ЖАБДЫҚТАР:

1. Хлорлы әкінің 1 процентті ертіндісі.

2. Күкірт қышқылының 25 проценттік ертіндісі.

3. Иодты калийдің 5 проценттік ертіндісі.

4. Гипосульфаттың 0,01 н ертіндісі (1 мл иодтың 1,269 мг байланысы алынады, яғни 0,355 мг хлормен).

5. Крахмалдың 1 процентті ертіндісі.

6. Бюретка.

7. Колбалар.

АНЫҚТАУ ЖОЛЫ

Кішірек колбаға 1 мл дайындалған хлорлы әкінің 1процентті ертіндісін алып оған 50 мл дистиленген су құйып сондағы және 5 процентті иодты калий ертіндісінің 2 мл, күкірт қышқылының 25 процентті ертіндісінің 1 мл және 1 процентті крахмал ертіндісінің 1 мл қосып, араластырып 3-4 минут қойып қояды. Содан соң көк түске боялған сұйықты бюреткадан түссізделгенше 0,01 н гипосульфат ертіндісімен титрлейді. Шығындалған (титрлеуге кеткен) 0,01 н гипосульфаттың ертіндісінің мөлшеріне байланыстырып, яғни оның 1 мл процент хлорлы 0,355 мг хлорға парапарлығын ескеріп, 1 проценттік әкінің құрамындағы активті хлорды табамыз.

Мысалы: 1 мл 1 процентті хлорлы әкінің ертіндісін титрлеуге 8 мл 0,01н гипросульфат ертіндісі кетті десек, 5 мл 1 проценттік хлорлы әкінің құрамында 2,84 мг (8x0,355) активті хлор бар деген сөз. 1 мл 1 лроцентт әкі ерітіндісінде 0,01 гр активті хлор барлығын білсек, яғни 0,01 құрғақ хлорлы әкінің құрамында 2,84 мг активті хлор болады, немесе грамға айналдырсақ 0,00284 гр, ал 100 гр құрғақ әкінің құрамында: 0,01-0,00284 г болса, 100 - х

х =0,00284х100/0,01=28,4 процент активтіхлор бар болады. Суды хлорлауға арналған әкінің құрамындаактивті хлор 20 проценттен кем болмауы керек.


АУЫЗ СУДЫҢ ХЛОР ҚАЖЕТТІЛІГІН АНЫҚТАУ

Суды хлорлауға қаннша акивті хлор керектігін анықтау үшін сыйымдылығы 250-300 мл біркелкі 3-4 колба алып, оларға зерттеуге арналған судан 200 мл құйып оның біріншісіне-2 мл, 2 - шісіне - 0,4 мл, 3-шісіне 0,6мл, 4-шісіне-0,8 мл 1 процентті хлорлы әкінің ерітіндісін қосып, араластырып 20 - 30 минугқа қалдырады. Осы уақыттың ішінде судағы органикалық заттар мен микроорганизмдер тотығып, ол заразсызданады. Содан соң әрбір колбаға 2 мл тұз қышқылы (1:2) немесе күкірт қышқылының 25 процентті ертіндісін, 2 мл 5 процентті иодты калий, 1мл крахмал ерітіндісін құйып араластырады.

Егер суда бос хлор болса, ол көк туске боялады. Хлорлауға қай колбадағы су сәл көкшіл түске боялса сондағы хлор жеткілікті болып есептеледі. Егер су көк түске боялмаса, яғни ондағы 1 процентті хлорлы әкінің ертіндісі жеткіліксіз деген сөз. Ал су өте көк туске боялса, керісінше, ондағы хлордың өте көптігін көрсетеді.

Мысалы: 1- ші колбада барлық реактивтерді қосқаннан кейін ондағы су боялмай түссіз қалды делік, яғни қалған хлор онда жоқ. Сондықтан (200 мл) суға қосылған (0,2 мл) 1 процентті хлорлы әкі жеткіліксіз, су заразсызданбайды, ал 2-су сәл көкшіл, 3-ші - көк, 4-ші - каракөк түске боялады десек, суды хлорлауға керек хлорды 2-ші колбадағы (0,4 мл) процентті әкі ертіндісін негізге алады. Яғни 1 л суды заразсыздандыруға 2мл (0,4x5) 1 процентті хлорлы әкінің ертіндісі жеткілікті болады, немесе 5,68 мг (2,84 х 2 мл) активті хлор.

Хлорлау үшін судың жалпы мөлшерін тауып алып соған 1 процентті хлор әкінің керекті ертіндісін құйып, аралас¬тырып, жазда 30 минут, қыста 1 сағат қойып заразсыздандырады. Содан кейін хлорлаудың нәтижесін білу үшін ол судағы қалдық (бос) хлорды анықтайды.
ХЛОРЛАНҒАН СУДАҒЫ ХЛОРДЫҢ ҚАЛДЫҒЫН АНЫҚТАУ

Суда хлордың қалдығының мөлшерін анықтау үшін 200 мл хлорланған суды (хлор қажеттілігін анықтаған суды да алуға болады) алып, оған 2 мл 5 процентті иодты калийдің, 2 мл 25 процентті күкірт қышқылының, немесе 50 процентті тұз қышқылының және 1мл 1 процентті крахмалдың ертіндісін қосып араластырады. Одан көк түске боялған суды түссізденгенше 0,01 н гипосульфаттың ертіндісімен титрлеп, оның шығындалған мөлшері бойынша ондағы қалдық хлорды анықтайды.

Мысалы: 200 мл хлорланған суды титрлеуге 1,5 мл 0,01 н гипосульфат ертіндісі кетті десек, ал 1 л-ге 7,5 мл (1,5х 5) керек. Яғни 1 л судағы қалдығы - 2,66 мг/л (7,5 х 0,355 мг). Хлорланған суда оның қалыпты заразсыздануын қамтамасыз етіп, судың дәмін нашарлатпай, адам және мал организміне зиянсыз болып есептелетін мөлшері 0,3 - 0,5 мг/л.

Суды қайта хлорлау, әсіресе артық хлорлау (супер хлорлау) кезінде ондағы қалдық хлор қалыптан көп болып кетсе оны жояды, яғни де хлорлайды. Оны көбінесе құрғак, гипосульфитпен жасайды. Жоғарыдағы мысалда хлорланған (200 мл) суда қалдық хлор өте көп (2,66 мг/л) оны қалыпты мөлшеріне 0,5 мг/л артық болмайтындай етіп дехлорлау қажет. Оған керек гипосульфаттың мөлшерін мына формуламен есептейді:


X = (Ах5х0,355)-0,5/0,355х2,48мг/л

мундағы:


X - дехлорлауға керек гипосульфаттың мөлшері, мг/л.

А - хлор қалдығын анықтауда 200 мл суға титрлеу кезінде кеткен гипосульфаттың 0,01 н ертіндісінің мөлшері, мл.

5 - алынған судың мөлшерін (200 мл) литрге айналдыру,

0,355 - 1 мл 0,01 н гипосульфаттың ертіндісінің активті хлорға пара-пар (эквивалентті) мөлшері, мг.

0,5 - хлорланған суда қалдыруға рұқсат етілетін хлордың мөлшері, мг/л.

2,48 - 1 мл 0,01н гипосульфат ертіндісіндегі құрғақ гипосульфиттің мөлшері, мг.

Қалдық хлорды анықтағандағы мысалды пайдаланып дехлорлауға керек гипосульфиттің мөлшерін есептейміз.
X = (1,5-5 -0,355)х 0,5/0,355х 2,48 = 15,19 мг/л, ал
100 л суды дехлорлау үшін 1,52 гр (15,19 х 100) гипосульфит керек.
Зертханалық сабақ №12. Қатты азықтардың гигиеналық бағасы.

Қаралатын сұрақтар:

1. Қатаң азықтардың орта сынамасын алу

2. Қатаң азықтың сапасына органолептикалық баға беру

3.Шөптің құрамындағы алкалоидты анықтау
Қатаң азықтардың сапасына санитарлық -гигиеналық баға беру

Қатаң азықтардың сапасына баға беру үшін органолептикалық (сезім органдарының көмегімен), лабораториялық және кей жағдайларда биологиялық әдістерді (тәжірибелік малдарға сынама) қолданады.

Көп азықтардың бұзылуы оның сақтау, дайындау технологияларының дұрыс жасалмағандығынан болғандықтан оларға санитарлық - гигиеналық баға беру көбінесе сол сақтау, дайындау органдарында жүргізіледі. Ал лабораториялық зерттеулерге олардан орта сынама алады.

1. Қатаң азықтардың орта сынамасын алу

Шөптің орта сынамасын маяның 15-20 шақты әртүрлі жерлерінен, түктелген (буылған) шөптердің әр партиясынан (вагон, машина т.б.) 1-3 процент алады. Түктелген шөптің біреуінің беткі қабатынан (жібін босатқан соң), екіншісінің ортасынан, үшіншісінің - астыңғы қабатынан т.е. 200-250 гр. алып, оларды біріктіреді.

Жалпы сынама салмағы 25 тонна шөптен 5 кг алынады. Жалпы сынаманы тегіс бетке (стол, дәке, брезент т.б. жайып, ақырын сындырмай) араластырып, үлкен қоспаларды (кездейсоқ кездескен) алып тастап, әртүрлі жерден (II қалса ашық - боз түс, ал ж шақты) екі бөлік 500 гр-нан орта сынама алады. Оның бірі шөптің ботаникалық құрамын анықтауға, ал екіншісі - лабораториялық зерттеулер жүргізуге арналады. Лабораториялық орта сынаманы сындырмай қағазға орап ящикке салады. Ол сынаманың бір бөлігін (300 гр) шөптің ылғалдығын анықтау үшін шыны ыдысқа салып жабады.

Алынған орта сынамаға анықтама жіберіледі. Онда сақтау орны, азық түрі, қашан, қалай, кім сынама алған, оның себебі, неге зерттеу қажет, қандай ауру (не өлім) туғызған т.б. көрсетіледі. Сынама алынған жерде органолептикалық баға беріледі.


2. Қатаң азықтың сапасына органолептикалық баға беру

Азыққа органолептикалық бағалау жүргізгенде оның мына көрсеткіштеріне көңіл бөледі.

ШӨПТІҢ БІРКЕЛКІЛІГІ. Сапалы шөптің структурасы сақталған, арасындамеханникалық қоспалар, шіріген, көгерген, улы шөптер жоқ болады.

ШӨПТІҢ ЫЛҒАЛДЫЛЫҒЫ. Органолептикалық тәсілмен шөптің ылғалдылығын 1 процентке дейін ғана ауытқу жіберілетін дәлдікпен анықтауға болады. Құрғақ шөп (солома) ылғалдылығы 15 процент болса бір шумағын бұраған кезде өзіне тән дыбыс беріп, сынғыш болады.

Орта ылғалдықты шөп - ылғалдығы 17 проценттен жоғары емес, ұстағанда жұмсақ, салқын сияқты, бұраған кезде шықырламай және толықтай сынбайды. Дымқыл шөп ылғалдығы 17-20 процент алақанға салып сыққанда дымқыл сезіледі, бірнеше рет бұраған шөп бумасы шықырламайды, сынбайды.

Ылғалдылығы 20 проценттен жоғары шөп бумасын бұраған кезде үстіне су тамшысы шығады.

ШӨПТІҢ ТҮСІ. Уақытында дайындалып, кептіріп маялаған шөптің түсі хлорофилге байланысты, жасыл болады. Шөп арасындағы әртүрлі түстер оның құрамындағы шөп түрлеріне байланысты болады.

Мысалы, шөптің құрамындағы дәнді өсімдіктер әлсіз сұр, бидайық - көкшіл сары, жоңышқа - жасыл т.б. түс бөледі. Шөпті уақытында жинамай, күн астында көп жатып қалса ашық - боз түс, ал жиналған кезде жауын астында қалса - ашық сарғыш түсте болады. Шіріген, ішінен жанған шөптер қоңыр сары, қоңыр, тіпті қара түске дейін өзгереді.

ІІІӨПТІҢ ИІСІ. Сапасы жоғары шөптің өзіне тән жағымды иісі болады. Сулы кезінде ұзақ уақыт сақталған шөптің көк иісі, шіріген шөптің шірік иісі болса, көп жатып, жауын астында қалған, ұзақ сақтаған шөптің иісі кетіп қалады. Иісін анықтауға қыйынға түссе, оны алақанға салып жылдам-жылдам ысқылап, қыздырып немесе ыстық (60 градус) суға салып, бетін жауып қойып, тез ашып анықтайды.

3.Шөптің құрамындағы алкалоидты анықтау

Шөптің құрамындағы алколоидтың мөлшерін анықтау үшін 1г шөпті пробиркаға алып, оған 7 мл сірке қышқылының 1 проценттік ертіндісін құйып, қыздырып (қайнағанша) суытып (араластырып) қағаз немесе мақта сүзгішпен сүзеді де 1-2 тамшысын ашық түссіз шыныға салып үстіне 1-2 тамшы иодтың сулы ертіндісін (1 гр иод кристалы + 2 гр. иодты калий 50 мл дистиленген суда ерітілген) қосса, немесе қызыл-қоңыр түс пайда болса, онда алкалоидтың барлығын сипаттайды.


Зертханалық сабақ №13. Шырынды азықтардың гигиеналық бағасы.

Қаралатын сұрақтар:

1. Сүрлемді азықтың сапасына органолептикалық баға беру

2. Сүрлемді азықтың жалпы қышқылының мөлшерін анықтау

3.Қант қызылшасындағы нитриттерді анықтау

4. Картоптың құрамындағы салониннің мөлшерін анықтау


Шырынды азықтардың сапасына санитарлық - гигиеналық баға беру

Сүрлемді азыққа баға бермес бұрын оның орта сынамасын алады. Орта сынаманы сүрлемді (силос, сенаж) азықты дайындағанынан екі ай өткеннен соң, беткі 10-25 см қабатын сырып, әртүрлі жерлдерден 1-2 кг алады да жабылатын банкіге, полиэтилен мешогіне салады.

Керек жағдайда хлороформның толуол мен (1:1) қоспасымен, 1 кг азыққа 5 мл есебінен консервациялайды. Сынаманы алынған жері, сақтау жағдайы, көлемі т.б. көрсеткіштері жазылған құжатпен қамтамасыз етеді.
1. Сүрлемді азықтың сапасына органолептикалық баға беру

Сүрлемді азыққа органолептикалық зерттеу жүргізгенде оның мына қасиеттеріне баға беріледі.

ТҮСІ. Сапалы сүрленген азықтың түсі оның құрамындағы өсімдіктердің түстерінен құралады: сары, сарғыш-жасыл, қоңыр-жасыл, ашық қоңыр. Сапасы бұзылған кезде қоңыр түс көбейе бастайды. Бұзылған пайдалануға жарамсыз сүрлем азықтың түсі тұнба кір, қара-қоңыр болады.

ИІСІ. Сапалы сүрленген азықтың өзіне тән жағымды жеміс немесе жаңа піскен нанның, ашыған алманың иісіне сәйкес болады. Бұзылған кезде сірке қышқылының, ашыға майдың, шіріген балықтың т.б. иісі сезіледі.

ДӘМІ. Сапалы сүрлемнің әлсіз қышқыл, жағымды дәмі болса, бұзылғанда өте ашты қышқыл, тамақты қыратын дәм сезіледі.

КОНСИСТЕНЦИЯСЫ. Сапалы сүрлемнің құрамындағы өсімдіктер төгілгіш, бір-бірінен айырылатын, жапырақ үсті жылтыр, құрамы сақталған болады. Дұрыс сүрленбеген азықтың құрамы сақталмай, үсті кілегейлі болса бұзылған сүрлем жабысқақ болады.


2. Сүрлемді азықтың жалпы қышқылының мөлшерін анықтау

Құралдар мен ыдыстар:

1. Колба (250 мл)

2. Бюретка

3. Пипеткалар

Реактивтер:

1. 1 процентті фенолфталиннің спирттегі ертіндісі.

2. 0,1н күйдіргіш натрий (немесе калий ертіндісі).

Сүрлемнің сынамасынан 100-150 г. алып 1 л дистиленген суға 20-25 градуста 4-5 сағат тұрғызып тұндырады да артынан сүзіп сүзбесін алады. Сол сүзбеден 100 мл колбаға құйып, 5 тамшы индикатор - фенолфталин қосып, бюреткадан 0,1н сілті ертіндісімен сәл қызғылт түске боялғанша титрлейді. Титрлеуге кеткен 0,1 н сілті ертіндісінің мөлшері 100 гр сүрлемдегі жалпы қышқылдың градустық шамасын білдіреді.

Сапалы сүрлемде жалпы қышқылдар мөлшері 27 градус немесе 2 проценттің шамасында болуға тиіс. Оның 2:3 (18 градус) бөлігі сүт қышқылы, ал 1:3 бөлігі (9 градус) сірке қышқылы болғаны дұрыс. Ондай сүрлемде май қышқылы болмауға тиіс. Кейбір қант қызылшасынан алынған сүрлемнің құрамында қымыздық қышқылы көп кездеседі де малдардың ішін жүргізуіне апарып соғады. Сондықтан ондай қышқыл-дықты бейтарап (нейтралдау) жасау үшін 1-3 кг мелді 1 тонна сүрлемге қосады.


Сүрлем құрамында май қышкылын анықтау

Сүрлемдегі май қышқылының мөлшерін анықтау үшін жалпы қышқылы анықталғаннан (титрленген) қалған сұйықты 10-15 мл қалғанша буландырады. Қалған қою қалдыққа жалпы қышқылдықты анықтауға кеткен 0,1н сілтінің мөлшеріндей 0,1 н тұз қышқылының ертіндісін қосады да, сұйықты тік цилиндрге ауыстырады да оған 10 мл хлорлы кальций мен хлорлы калийдің қаныққан ертіндісін және 40 мл таза, бейтарап керосин қосып 15 минуттай ақырын (көпіршік шығармай) араластырады да, тұндырып, жоғары мөлдір қабатынан пипеткамен 20 мл сорып алып оны құрғақ колбаға ауыстырады, оған 100 мл дистиленген су құйып, индикатор - фенолфтолеиннің 4-5 тамшысын қосып 0,1н күйдіргіш барий ертіндісімен сәл қызарғанша титрлейді. Титрлеген кезде май қышқылы барий түзіліп, қалдыққа тұнады. Титрлеуге шығындалған 0,1н күйдіргі барий ертіндісінің 1 мл-і май қышқылының 0,0088 грамына сәйкес келеді.

Май қышқылының 100 г сүрлемдегі мөлшерін мына формуламен есептеп табады:

Х=АхБх0,0088х10/20 ондағы,


X - 100 гр сүрлемдегі май қышқылының мөлшері, г.

А - 0,1 н күйдіргіш барий ертіндісінің 20 мл мөлдір

тұнбаны титрлеуге кеткен мөлшері, мл.

Б - цилиндрдегі сүзбенің калий мен кальций

қоспасының және керосиннің мөлшері, мл.
СОӨЖберу

Сүрлемдегі аммиактың мөлшерін анықтау

Сүрлем азықтың құрамында органикалық аммиак кездесуі, ондағы амин қышқылдарының ыдырауын, протеиннің кемуін және улы заттардың жиналуын көрсетеді.

Сүрлемдегі аммиакты анықтау үшін пробиркаға реактив Эберса құйып (1 бөлік күшті тұз қышқылы, меншікті салмағы 1, 19, 3 бөлігі 96 градусты спирттен және 1 бөлік зфирден тұратын) ортасынан сым өткізілген тығынның имегіне сүрлемнің бір түйірін қыстырып, 1-2 см сұйықтың жоғарғы бетіне жақындатқанда, егер сүрлемде аммиак болса, сүрлем шірісе пробиркада ақ шаңыт + тұман (хлорлы аммонийдің түзілуіне байланысты) байқалады.
Аммиакты қоспаларды анықтау

Азықты сүрлеген кезде оған карбомид, аммиак суы немесе басқа аммиагі бар заттар қосады. Ондай жағдайда сүрлемнің құрамындағы аммиакты қоспаларды анықтаудың қажеті болмайды. Ал, ондай өңдеу жүргізілмеген сүрлемде аммиакты қоспалардын кездесуі белоктардың ыдырап, аммиакты қоспалардың түзіліп сапасының төмендеуін сипаттайды. Сондықтан, сүрлемді азықтың құрамындағы аммиакты қоспалардың мөлшерін анықтаудың үлкен, гигиеналық маңызы бар.

Аммиакты қоспаларын анықтау үшін пробиркаға 10 мл сүрлем сүзбесін алып, оған 10 тамшы Несслер реактивін қосады (иодты сынап және иодты калий ертіндісінен тұратын). Сұйықтың ашық - сары немесе қызыл-күрең түске боялуы, онда аммиакты қоспалардың барлығын, ал кірпішті-қызыл тұнбаның түзілуі, оның көптігін сипаттайды.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет