Сабақ №104 Ондық бөлшектерді натурал санға бөлу Мектеп: Мамлют қазақ мектеп-интернаты Күні



Дата18.02.2020
өлшемі46,63 Kb.
#58293
түріСабақ

Сабақ №104 Ондық бөлшектерді натурал санға бөлу

Мектеп: Мамлют қазақ мектеп-интернаты

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Әшірбаева Г.Қ.

Сынып: 5

Қатысқан оқушы саны:

Қатыспаған оқушы саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.2.30

ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді орындау;



Сабақтың мақсаты

Тақырып аясында берілген есептерді шығара алады, яғни теориялық алған білімін практикада қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Барлығы -

Ондық бөлшектерді жазуды және салыстыруды біледі.

Көпшілігі-

Тақырып аясында берілген есептерді шығара алады.

Кейбірі –

Теориялық алған білімін практикада қолдана алады.



Құндылықтарды дамыту

Әділдікке, патриоттыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеттерін дамыту

Пәнаралық байланыс

Геометрия, қазақ тілі

Дидктикалық материалдар

Интербелсенді тақста, интернет ресурстары (сайттар, видеолар, есептер), таратпа материалдар, көрнекі-демонстрациялық құралдар, фигуралар

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Оқыту ресурстары

Басы

5-7 минут



Психологиялық ахуал

«Шаттық шеңбері»

Оқушылар ортаға шығып шеңбер құрады. Бір-бірінің қолынан ұстап бір біріне сәттілік тілеп, жылы сөздер айтады.

«Айналмалы қалам» әдісі арқылы оқушылар «ондық бөлшектер» және «бөлу» деп екі топқа бөлінеді. Топтың тақырыбына қарай оқушылардан жаңа тақырыптың атын сұраймын. сабақтың мақсатын бірге анықтаймын.



қаламсаптар





Сабақтың ортасы

25-30 минут

Мұғалімнің жаңа тақырыпты түсіндіруі

«Шиыршық» әдісі бойынша өткен сабақты пысықтай отырып оқушыларға жаңа сабақты түсіндіріледі.

48,6:9=5.4

5:16=0.3125

1.43:11=0,13







Топтық жұмыс: «Бірге ойлаймыз» әдісі

Критерий :

-ондық бөлшектерді натурал санға бөлу;

-үтірді дұрыс жылжыта білу.



Екі топтың оқушыларына 38 беттегі №686 есепті бөліп беріледі. Әр оқушы бір-бірден есеп шығарып оны плакаттарға жазады. 5 минут өткен соң уақыт тоқтатылады. Әр топ бір-бірімен плакаттарын ауысып, тексереді.

Дескриптор :

-ондық бөлшектерді натурал санға бөле алады;

-үтірді дұрыс жылжыта алады.

Қалыптастырушы бағалау: «От шашу» әдісі



Плакаттар, маркер.



Жұптық жұмыс : «Ойлан,тап» әдісі

Критерий :

-амалдардың орындалу ретін анықтайды;

-шешімін дұрыс табады.

№690 есеп әр жұпқа бір-бірден бөлініп беріледі. Жұптар бірлесіп есептерді шығару керек.



  1. 80,16+10,5:25=80,58

  2. 200,2-5,04:36=200,34

  3. 119,6:13-5,82=15,02

  4. 30,34:37+18,18=19

Дескриптор :

-орындалу ретін біледі;

-шешімін дұрыс таба алады.

Қалыптастырушы бағалау: «Фигуралар» әдісі


-тамаша

Жақсы

Қанағаттанарлық





Дәптер,оқулық, қаламсап, фигуралар





Сергіту сәті

«Әріптер мен сандар»

Екі топқа мұғалім әріп немесе сан айтады. Оқушылар бірігіп бейнелеп беруі тиіс.








Жеке жұмыс: «Кім зерек!» әдісі

Критерий:

- теориялық білімін практида қолдану.

Оқушылардың әрқайсысына өткен сабақтарды қайталай отырып сұрақтар қойлады.

1)20 санының еселіктері?

2) ең кіші жай сан?

3)ең үлкен цифр?

4)0,3 көп па 0,38 көп па?

5)бірнеше обьектінің бірігіп жұмыс жасауына арналған мәтін есептерді қалай шыгарамыз?

6)180нің 3/2 бөлігі нешеге тең?

7)5/1 бөлігі 10 болатын санды ата?


Дескриптор:

- теориялық білімін практикада қолдана алады.



Қалыптастырушы бағалау: «Басбармақ» әдісі


Кеспе қағаздар


Соңы

5 минут


Сабақты бекіту

Рефлексия

 «Бөлмедегі заттар» рефлексиясы.

Оқушылар бөлмедегі жансыз заттарды қағазға жазады. Араластырып өздері ішінен таңдап алады. Кімге қандай зат түссе сол заттың атынан бүгінгі сабаққа қатысты ойын білдіреді. Мысалы үстел түссе. Мен үстелмін, бүгін маған тыным болмады. Оқушылар маған келіп плакаттарға сызды. Мен бүгінгі тақырыптың мынандай екенін білдім.

Үйге тапсырма: (1. Алдамұратова Т.А., Байшоланов Е.С. Математика: Жалпы білім беретін мект. 5-сыныбына арн. / Т. Алдамұратова, Е. Байшоланов. 4-басылымы. - Алматы: Атамұра, 2015)№ 692 есеп





Кеспе қағаздар, каламсап


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет