« Сергіту сәтін» жасап оқушыларды бір сергітіп аламын
Үш оқушы орындарынан тұрып,бір-бірінің құлақтарына ұлттық музыкалық аспаптарымызды сыбырлап айтады және сол аспаптың дыбысын салып көрсетеді ал, қалған оқушылар қай аспап екенін табады.
Жаңа тақырыпты сұрақтар қоя отырып ашып аламын. Тақырыпқа байланысты қысқаша түсінік беру. «Мағынаны тану» әдісі арқылы тірек-сөздермен жұмыс жасалады.
Жаңа тақырыпқа байланысты тірек-сөздер:
-Урарту
-Тушпа
-Ван
-Көшпелі мал шаруашылығы
-Бау-бақша
-Храмдар,сарайлар
-Сфинкстер
Оқушылар бір-біріне сұрақтар қою арқылы білімдерін толықтыра түседі.
Дәптермен жұмыс жасайды,тірек-сызба арқылы жаңа сабақты меңгеру,керекті мәліметтерді есте сақтау үшін дәптерге енгізу.
«Ия жоқ» ойыны
Сұрақтар қойылады, оқушылар дұрыс болса ия ал, дұрыс емес болса жоқ деп жауап берулері керек.
1.Қазіргі Армения жерінде ертеде Урарту елі өмір сүрген.
2.Урарту мемлекетінің астанасы Тушпа қаласы.
3.Урартулықтар ежелден аңшылықпен айналысқан.
4.Урартулықтардың құрылыс жұмыстары гректерге ұқсас болған.
5.Урартулықтар Ассирияны басып алды.
|