Сабақ 11 сынып дайындап өткізген: Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Дементьева Н. Г



Дата08.09.2017
өлшемі217,96 Kb.
#31250
түріСабақ
Көкшетау гуманитарлы-техникалық лицей-мектебі



ҚАЗАҚ ТІЛІ АПТАЛЫҒЫ АЯСЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН АШЫҚ САБАҚ

11 СЫНЫП

Дайындап өткізген: Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Дементьева Н.Г.


Сабақ тақырыбы: Экология
SMART-мақсаты : 1. Оқушылар сабақтың соңында экологиялық мәселелер туралы жаңа сөздерді пайдаланып, 10 сөйлемнен тұратын әңгіме құрастыра алады.

Сабақ түрі : жаңа білімді үйрететін сабақ

Сабақ әдісі : топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, проблемалық жағдай туғызу

Көрнекілігі : электрондық тақта, видео, суреттер, флип-чат

Пәнаралық байланыс: география, биология, химия

Сабақ барысы
Ι Ұйымдастыру кезеңі

(оқушыларды түгелдеп, оқу құралдарын дайындау)



II Үй тапсырмасын тексеру бөлімі. (5 мин)

Үйге «Қазақстандағы индустрия ошақтары» тақырыбына шағын қызықты әңгіме құрастыру тапсырмасы берілген болатын.



III Жаңа тақырып I тарау

Сұрақ-жауап арқылы биология пәнінен алған оқушылардың экология туралы білімдерін анықтау

1 Экология нені зерттейтін ғылым?

(Тірі организмдердің өзара қарым-қатынасын және олардың орта жағдайларымен байланысын зерттейтін ғылым)

2 Экология ғылымы қай ғылымдарымен тығыз байланысты? (география, физика, химия пәндерімен)

3- Экологиялық факторлардың түрлерін атаңыз.

(Абиотикалық-климат, атмосфера, топырақ, су, жарық, t0т.б.

Биотикалық-тірі организмдердің өзара қарым-қатынасы.

Антропогендік-адамның іс әрекетінің табиғатқа әсер етуі.)

4 Қандай экологиялық орталарды білесіңдер?( су, жер-ауа, топырақ, тірі организмдер ортасы)

5 Су-тіршілік ортасында мекен ететін организмдерінің жалпы атауы? (су көптеген организмдер үшін қолайлы орта. Суда тіршілік етуге бейімделген тобы- гидробионттар..

6 Гидробионттарға не жатады? (планктон, нектон, бентос) (балық, сүтқоректілерр, тб)

7 Ауа ортасында тіршілік ететін организмдердің жалпы атауы (аэробионттар)

8 Аэробионттарға не жатады? (өсімдіктер, жануарлар, тб)
9 Организм ортасында тіршілік ететін қандай тірі организмдер бар? (паразиттер, саңырауқұлақтар, бактерий)

10 Экожүйесінде қандай проблемалар бар? (суды ластау, балықтар мен жануарлардың құрып қалуы, ормандарды құрту)

11 Ал солардың ішінде жаһандық проблемалар бар ма? (парниктік әсері, озон жырығы, әлемдік мұхит ластануы, тұщы су проблемалары, тб )

12 Экологиялық апат дегеніміз не?

(Табиғат пен қоғам арасындағы қарым - қатынас әбден шиленісіп кеткен жағдайда байқалады. Бұл кезде табиғатта қалыптасқан эколгиялық тепе-теңдік мүлдем бұзылады, оны қайтадан қалпына келтіру мүмкін емес. Экологиялық апат адамның тікелей немесе жанама әсерінен болады. Өсімдіктер, жануарлар түрлері мүлдем жойылады. Басты эколиялық апат – ол биосфераның ластануы.

13 Қандай экологиялық апаттарды білесіңдер? 1945 ж. Хиросима, Нагасаки – атом бомбалары радиоактивті заттар таралады, 1986 ж Чернобыль АЭС – ең ірі апат болды.)

14 Табиғи апаттарға не жатады?

(Жер сілкіну (землетрясение), жанартаудың атқылауы (извержение вулкана), сел жүру (затопление, наводнение), қатты дауылдар(шторм), құйындар (торнадо), қар көшкіні т.б (лавина)
II тарау Мұғалімнің сөзі

Қазақстан Еуразия құрлығының орталық бөлігінде кең байтақ жерді алып жатыр. Ол жердің аумағы жөнінен дүниежүзі бойынша 9 орында. Қазақстанның табиғат байлықтары сан алуан. Қазіргі таңда Қазақстан дүние жүзіндегі экологиялық зардаптарды көп көріп отырған мемлекеттің бірі. Адам өзіне керектің бәрін табиғаттан алады.Сол арқылы табиғатты өзгертеді. Неміс ғалымы Александр Гумбольт «Адамның алдынан орман кездессе, артында шөп қалады.» деп дәл айтқан. Табиғаттың өзгеруінен елге экономикалық, әлеуметтік шығындар келеді. Жер климаты өзгереді. Осыдан барып экологиялық қауіп пайда болады.



III тарау

Жаңа тақырыпты өздігімен меңгеру кезеңі.

(флип-чатпен жұмыс істеу)

95 беттегі мәтін оқылады. (5 минут) Одан кейін флип-чатқа тірек сызба жазылады. Әр топ өз флип-чатын қорғап береді.




Мәтін бойынша тапсырма (сын тұрғысынан ойлау)

  1. Сөйлемдерді оқып салыстырыңдар, айырмашылығын түсіндіріңдер

Оқушылар «Экология мәселесі» тақырыбын 11 сыныпта өтті.

Қазіргі оқу бағдарламасы бойынша «Экология мәселесі» тақырыбы 9 сыныпта өтіледі.

Биология пәнінің мұғалімі «Жаһандық экология» тақырыбына сабақ өткізіп тұр.


  1. Етістіктің шақтары, етіс категориясын есімізге түсіреміз! (ауызша)

  2. Қай сөздер жіктеледі?

Жағдай, қолданады, қоршаған орта, заңгер, қызығушылық, жоба, ересек, толғандырады, мақсат, маман, сәулетші, білдіреді, қағида, сөздің төркіні, зиянды қалдық, ластану, өмір сүреді, ойластырған, жер қойнауы.

  1. Денсаулық туралы берілген мақал-мәтелдерді аяқтаймыз!

Дені саудың - .....

Денің сау болса, .....

Денсаулық ауадан аумайды, ...

Бас сау болса,...

Тазалық – денсаулық негізі, денсаулық - ...
Жалғасы: басқа бөрік табылады, жаны сау, байлық негізі, көңілің жай болар, барында кім оны аңдайды
Дұрыс жауап:

Дені саудың - жаны сау

Денің сау болса, көңілің жай болар

Денсаулық ауадан аумайды, барында кім оны аңдайды.

Бас сау болса, басқа бөрік табылады.

Тазалық – денсаулық негізі, денсаулық - байлық негізі


Сабақты бекіту

Видео-ролик үшін мәтін

Табиғи ресурстарға ұқыпты қараудың негізгі қағидалары экономиканы тұрақты дамыту туралы тұжырымдама бойынша белгіленген.

Біріккен ұлттар ұйымы осындай халықаралық құжатты Рио де Жанейро қаласында 1992 жылы екінші дүние жүзілік конференцияда қабылдады. Ондай биологиялық әр түрлілікті сақтап қалу үшін адамдар өмір сүрудің барлық саласында қалдықсыз технологияны және пайдаланылған ресурстарды қайта өңдеп қолдануда тиіс деп атап көрсетілген.

Швеция 2020 жылдан бастап мұнайды, көмірді және газды қолданудан бас тартып жаңартылатын энергия көздерін пайдаланбақ.

Бразилия қазірдің өзінде көліктерді қант құрағынан алынатын био отынға ауыстыра бастады.

Ал Ресей дәстүрлі шамдарды қолданбау туралы заң қабылдады.

Жасыл технологиялар оңтүстік Кореяның ұлттық стратегиясына айналды.

Қазақстанда жасыл экономикаға көшу бағыты алды. 2017 жылы Астана қаласында халықаралық ЭКСПО көрмесі өтеді. Оның тақырыбы болашақтың энергиясы. Дәл осы жерде сол жылы Қазақстандық және әлемдік өнертапқыштар энергияны үнемдеу, сондай-ақ баламалы энергия көздерін пайдаланудың инновациялық тәсілдерін ұсынатын болады.

Тапсырма:


  1. мәтінге ат қойыңыз

  2. тірек сызба арқылы өз пікірлеріңізді қорғаңдар!

Кері байланыс:



  1. Бүгінгі сабақта қай тақырыпты өттік?

  2. Бүгінгі сабақтан қандай жаңа ақпарат алдыңдар? Қысқаша пікірлер

  3. Қандай жаңа сөздерді білдіңдер?

  4. Бүгінгі сабақ мақсатына жеттік пе?

Үйге тапсырма беріледі.



  1. Жаңа сөздердің мағынасын білу

  2. Әлемнің ең таза қаласы туралы қысқаша ақпарат дайындау


Оқушылардың білімі бағаланады

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет