Сабақ 1*2 Сабақ тақырыбы Қазақ отбасының дәстүрлері


Шығармадағы басты кейіпкер – Қайрош (Қайырғали Смағұлов) - өмірде болған адам



бет214/222
Дата27.02.2023
өлшемі45,28 Mb.
#170336
түріСабақ
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   222
Байланысты:
00121a88-02216692

Шығармадағы басты кейіпкер – Қайрош (Қайырғали Смағұлов) - өмірде болған адам.
Әкесінен ерте айырылған Қайырғалиды анасы Биғайша өзі өсіріп, жастайынан білім алуға құштар оның жолына еркіндік береді. Оралда оқып, елге оралған Қайырғали 1939 жылы әскер қатарына шақырылып, сол жақтан Отанын жаудан қорғауға соғысқа аттанады. Ал 1943 жылы қарашада Керчь түбіндегі майданда көрсеткен ерен ерлігі үшін Қ.Смағұловқа Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. 1945 жылы елге оралады. Өмірінің соңғы күніне дейін жас ұрпаққа білім берген батыр аға республикамыздың өзге аймақтарында жазушы Ғ.Мүсіреповтің "Қазақ солдаты" романының бас кейіпкерінің прототипі ретіңде жастармен кездесіп, олардың жүректерінде Отанға деген сүйіспеншілік пен адамгершілік деген зор қасиеттің ұялауына себепкер болды. Біз танысқан «Жаңа достар» әңгімесінен бала Қайрош, бақташы Қайрош, оқушы Қайрошты көреміз. 



Түсінік тексеру:
Сұрақ жауап

  1. Шығарма оқиғасы кімнің атынан баяндалады?

  2. Роман қай кездегі өмірді суреттеп отыр?

  3. Қайрош қалаға кіммен және неге қашып келеді?

  4. Жайық өзені, Каспи теңізі көріністері мен Қайроштың көніл күйінде қандай ұқсастық бар?

  5. Шеген мен Бораштың сыртқы кескін – келбетін, мінез – құлқын, іс – әрекетін, тұрмыс – жайын суреттейтін көріністерді мәтіннен табыңдар. Шегеннің портретін ашу үшін жазушы қандай теңеулерді қолданған?

  6. Шеген Қайрошқа неліктен сеніммен қарайды, оған қандай қамқорлық жасалы, қандай шарт қойды? Балалар күнкөріс жолында не істеді?

  7. Қайрош балалар үйіне қалай әікелінді?

  8. Қайрош ана құшағында қандай шаттық сезімге бөленді?

  9. Қайрош шешесімен бірге ауылға қайтып кетпей, неге балалар үйінде қалды? Ол нені арман етеді? Апасы оған қандай аманаттар тапсырды?

  10. Шығарманы ең басты – басты мәселелер бойынша бөлімге бөліп, әр бөлімге лайық ат қойыңдар.

  11. Шығармада жазушы қолданған мақал – мәтелдерді дәптерлеріңе теріп жазыңдар. Осы нақыл сөздердің оқиғаға қандай қатысы бар екенін анықтаңдар.

  12. Жазушының табиғатты суреттеу шеберлігіне ықылас аударыңдар.

Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақы- рыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.
2. Мәтіналды жұмыс. А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақ- паратты қабылдауға машықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатады.
Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 2-тапсырманы орындатады.
3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 3-тапсырманы орындатады.
Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   222




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет