Сабақ 1*2 Сабақ тақырыбы Қазақ отбасының дәстүрлері



бет30/93
Дата16.01.2020
өлшемі42,98 Mb.
#55973
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   93
Байланысты:
ҚМЖ 5 орыс


  1. Қалай ойлайсың, ертегі не туралы?

  2. Түлкі қырғауылға не айтып жатыр деп ойлайсың?

  3. Түлкінің ойы қалай?


Дескриптор

Ертегінің не туралы екенін түсінеді.

Түлкінің қырғауылға не деп айтқанын болжайды.

Суреттер


Интербелсенді тақта

Интербелсенді тақта



Ортасы


Жұмбақ шешкізу: Бұлаңдаған құйрығы,Бір алдарлық қулығы (түлкі) 

Бір топ жыңғыл ішінде,

Бір жапырақ қызыл гүл. (қырғауыл) Біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Түлкі мен Қырғауыл» ертегісі.

- Балалар, жұмбақтың шешуіне назар аударайық.

- Бұл қандай аңдар?

- Олар қайда мекен етеді?

- Немен қоректенеді?

- Қандай пайдасы бар?

- Қандай зияны бар?

Сөздік жұмысы

Қырғауыл


Естімейді

Заман


Зорлық қылмасын

Алды-артына қарамастан


Мәтінмен жұмыс

Тыңдалым.Оқылым

3-тапсырма. Мәтінді рөлге бөліп оқыңдар
Бір түлкі қалың ағашты аралап келе жатып, ағаштың басында отырған қырғауылды көреді де жақындап келіп:

         — Сәлеметсіз бе, қырғауылым, халің қалай? – дейді.

         Қырғауыл:

         — Жақсы, өзің қалай тұрасың? – дейді.

         Түлкі:

         — Жерге түсіп, сөйлессеңіз қайтеді, бір құлағым естімеуші еді? – дейді.

         Қырғауыл:

         — Жерге түсуге қорқамын, жерде әр түрлі аңдар бар, бізді жеп қоюы мүмкін, – дейді.

         Түлкі:

         — Әй, достым, қазір заман бұрынғы заман емес, жаңа ғана келдім, бұйрық шығыпты, біреуге біреу зорлық қылмасқа, қой мен қасқыр бірге жүрсін, түлкі мен тауық бірге жүрсін деген, – дейді.

         Қырғауыл:

         — Жақсы хабарыңыз бар екен, рақмет, достым! Мына жақтан бір иттер келе жатыр, оларға да хабарыңызды айтыңыз, есітсін, – дейді. Ит деген сөзді естіген соң, түлкі алды-артына қарамастан қаша жөнеледі.

         Қырғауыл:

         — Қайда барасың, түлкім, бұйрықты ұмытып кеттің бе? – дейді.

         Түлкі:

         — Кім біледі, бұйрықты ол естімеген шығар, – дейді міңгірлеп.



Сараланған тапсырмалар.

1.Мәтінді рөлге бөліп оқу

2. Мәтін бойынша 5 сұрақ құрастырады.

3. Сұраққа жауап беріңдер.

Қырғауыл не үшін иттер келе жатыр деп айтты?
Дискриптор

Мәтінді оқып, түсіне алады.

Рөлдік ойында әр кейіпкердің дауыс ырғағын келтіре алады.
Жазылым

Сараланған тапсырмалар

4-тапсырма.

1.Берілген сөздерден сөз тіркесін құрастыр.

Ит, мысық, қасқыр, қой, түлкі, қырғауыл, түлкі, қоян, жолбарыс, елік.

2. Үлгіге қарап, сөйлем құра.

Қою әріппен берілген сөйлемдерді алмастыр.

Үлгі: ит мысыққа зорлық қылмасын.

Ит-мысық, қасқыр –қой, түлкі-қырғауыл, түлкі-қоян, жолбарыс-елік.

3.Осы сөздерге қатысты мақал-мәтелдер, жұмбақ, тұрақты сөз тіркестерін айтыңдар.

Мысалы: Қой аузынан шөп алмас.
Дискриптор

Сөздік қорын пайдалана алады.

Жалғауларды дұрыс жалғай алады.
5-тапсырма

Ертегі кейіпкерлерін сипатта» ойны (сәйкестігін анықтау)

Балалар оқыған ертегілердің кейіпкерлерін еске түсіріп, типтік мінездерін атау.

Қоян




айлалы

Аю




айбатты

Қасқыр




қорқақ

Түлкі




сымбатты

Арыстан




сұлу

Қарлығаш




қорбаң

Қырғауыл




қырағы

Бүркіт




ақымақ

Мәтінді 2 рет тыңдап, кейіпкерлерді олардың әрекетімен сәйкестендіріңіз.



Кейіпкерлер

сәйкестендір

Іс-әрекеттері






Қалың ағашты аралап келе жатады






Алыстан дауысы естіледі.






Бізді жеп қоюы мүмкін деп қорқады

Оқулық


Интербелсенді тақта


Соңы

Жаңа сабақты қайталау бойынша сұрақ-жауап:

- Түлкі қырғауылға қай жерде кездесті?

- Қырғауыл неден қорықты?

- Түлкі қандай айла ойлады?



- Қырғауыл қандай тапқырлық көрсетті? - Қайсысы жеңді деп ойлайсыңдар? - Адамдар арасында осы мысалдағыдай жағдай кездесе ме?

Венн диаграммасы. Түлкі мен қырғауылды салыстыр.

Кері байланыс алу

Сұрақтары бар қорап

Кабинетте қорап қойылып, оған оқушылар сабақтың соңында өз сұрақтарын қалдыра алады. Бұл сұрақтар келесі сабақтың басында талқыланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет