Сабақ №10,11 Бірлескен жұмысқа байланысты есептер.
Бес бала 5 сағатта 5 балықты тазалайды. 100 бала 100 балықты неше сағатта тазалайды.
Шешуі: бұл жерде сол бір уақыт мезетіндегі процестер қарастырылған. Сол себепті қанша бала болса да сондай балықты сол мезетте уақыты бірдей болып қала береді. Жауабы: 5
Тапсырмалар
Тоғыз жүмысшы 8 күнде 72 үйдің қабырғасын бояйтын болса, сегіз жұмысшы 10 неше үйдің қабырғасын бояйды?
Арыстан бір қойды 2 сағатта,қасқыр 3 сағатта,ит 6 сағатта жеп бітіреді. Олар бірігіп осы қойды қанша уақытта жейді? Асан 200 гр тортты 6 минутта, ал Үсен оған қарағанда 2 есе тез жейді. Екеуі бірігіп осы тортты неше минутта жейді? Бір жұмысшы белгілі бір жұмысты 10 күнде,ал екінші жұмысшы сол жұмысты 15 күнде бітіреді. Екі жұмысшы бірігіп сол жұмысты неше күнде бітіреді? Екі кран бірлесе жұмыс жасай отырып,баржадағы жүкті 6 сағатта түсіріп болды. Егер олардың біреуі екіншісіне қарағанда жүкті 5 сағат ерте түсіретін болса,онда олардың әрқайсысы жүкті неше сағатта түсіріп болар еді. Егер екі труба бірге жұмыс істесе,бассейінді 2 сағатта суға толтырады. Егер әрқайсысы жеке-жеке жұмыс істесе,1-ші труба бассейінді екіншіге қарағанда 3 сағат тез толтырады. 1-ші труба жеке жұмыс істесе бассейінді қанша сағатта толтырады? Үйге қыстық отынды Әнуар мен Бағлан 12 күнде,Бағлан мен Жандос 10 күнде, ал Әнуар мен Жандос 15 күнде дайындайды. Қыстық отынды Әнуар неше күнде дайындайды? Бір уақытта ашылған екі кран бассейіннің бөлігін 8 минутта толтырады. Егер оның біреуі екіншісінен бассейінді 6 минут тезірек толтыратын болса,онда әр кран жеке-жеке бассейінді қанша уақытта толтырады?