Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады?
Бөлмеде бар болғаны екі адам отыр. Оның біреуі - екіншісінің әкесі де, алайда, екіншісі біріншісінің ұлы емес. Сонда кімі болғаны?
Қолымызда 10 саусақ бар. 10 қолда неше саусақ бар?
Екі адам төрт сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнаған?
Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді?
Бір жанұяда бес ұл бар. Олардың әрқайсысының қарындасы бар. Сол жанұяда қанша бала бар?
Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады. 12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?
Үш метрлік 60 бөренені жарты млетрлік шөркелерге арамен бөлу керек. Қанша рет аралап кесу керек?
Үйдің 6-шы қабатына дейінгі басқыштың ұзындығы 2-ші қабатқа дейінгі басқыштың ұзындығынан неше есе ұзын?
8 тиынның біреуі басқасынан гөрі жеңілірек. Гир тасын қолданбай табақшалы таразының көмегімен жеңілірек тиынды кем дегенде неше рет өдшегеннен кейін табуға болады?
Бала мен лақтың бірге қосқандағы салмағы дәл 5 жәшіктің салмағындай. Лақтың салмағы 4 мысықтың салмағындай, ал 2 мысық пен пен лақтың салмағы 3 жәшіктің салмағындай, баланың салмағы неше мысықтың салмағындай болар еді?
4 машинаның 4 кілті бар. Ақылды адам әр машинаның өз кілтін табу үшін неше рет ауыстыру жасайды?
Ержан әрбір 3 минут сайын 8 әуе шарын үрлейді. Егер әрбір оныншы шар үрлеп біте сала жарылып кететін болса, ол 2 сағаттың ішінде қанша шар үрлеп береді?
Сатының 21 баспалдағы бар. Қанат пен Жанат осы баспалдақтарды санайды: біреуі төменнен жоғарыға, біреуі жоғарыдан төменге дейін. Олар Қанаттың оныншы деп атаған баспалдағында кездеседі. Бұл баспалдаққа Жанат қандай нөмір береді?
Құрбақа тереңдігі 50м құдыққа түсіп кетті. Бір күнде ол 18м жоғары көтеріледі де, сонан кейін 12м төмен түседі. Сол орнында келесі күнге дейін қалады. Келесі күні де осы қайталанады. Құрбақа неше күннен кейін құдықтан шығады?