Суреттерді талдай отырып, сабақтың тақырыбы ашылады.
(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.)
Оқылым дағдысы.
1- тапсырманы кезекпен оқып, аударып шығады. Тапсырманың соңында сұрақтар беріледі, сол сұрақтарға оқушылар оқылған тапсырма бойынша жауап береді.
Төр
Төр қонақ бөлменің жоғарғы жағы. Ол жасы үлкен адамдар Қонақтар отыратын сыйлы орын. Қазақ үйге келген қонақты «төрлетіңіз» «төрге шығыңыз» деп отырғызып құрмет көрсетеді. Қазақ халқында дастарханға үлкендерден бұрын отыру ұят болып саналатын. Себебі алдымен ақ сақалды ата мен ақ шашты әжені сыйлап төрден орын береді .Үлкен кісілер көпті көрген сыйлы кісілер. Қазақта төріңнен қарт кетпесін деген сөз бар. Себебі қарт тілегін айтып, батасын береді.
Сұрақтар :
1.Төр қайда орналасқан ?
2. Қазақ халқы үйге келген қонақты қалай қарсы алған ?
3.Қонаққа қалай құрмет көрсеткен?
4.Қазақ халқы төрге кімді отырғызған?
5.Қазақта қарт туралы қандай аталы сөздер бар?
6.Дастарханға кім бата береді?
(Оқушылар ауызша жауап бере отырып, ішкі уәжді арттыра түсенді.)
2-Тапсырма Суреттердің бірін тыңдап, ауызша мәтін құрыңыз.
Мәтінде қазақша амандасу түрлері және ұсынылған сөздер мен сөз тіркестерін қажетінше пайдаланыңыз.
Ұсынылатын сөздер мен сөз тіркестері: шырағым, қарағым, көп жаса, жасың ұзақ болсын, мал-жан аман ба?
Дескриптор
- суреттерге таңдау жасайды;
- сурет бойынша ауызша мәтін құрайды;
- мәтінде қазақша амандасу түрлерін қолданады;
- сөздер мен сөз тіркестерін суретке қатыстырып ұлтық этикет формаларын қолданды.
Кері байланыс
- нені білді, нені үйренді;
- не әлі де түсініксіз;
- қандай бағытта жұмыс жүргізу қажет.
3-тапсырма
Белсенді оқу әдісімен оқушылар шеңберде тұрады, мұғалім оқушыларға тізбектей жеке -жеке сұрақтар қояды бір бірімен сұхбаттаса отырып сұрақтарға жауап береді.
-Үйгекелген қонанақты қалай қарсы аласың?
-Қонақтарды дастархандағы дәмге қалай шақырасың?
-Дастаханға қандай тағам түрлерін қоясыңдар?
-Дастарханға шақырылған қонақтар қай жерге отырады ?
-Үй иелері қайда отырады?
-Сен қайда отырасың?
-Атаң қайда отырады?
4-тапсырма «Ой толғау» өз ойыңызды бос орынға жазыңыз.
Сөздік жұмысы.
А) Алыңыз – возьмите ә) Беріңіз - дайте
Оқыңыз – читайте Тыңдаңыз - слушайте
Ішіңіз – пейте Жазыңыз - пишите
Көріңіз – смотрите Отырыңыз - садитесь
Зейнеткер – пенсионер
1)Мұғалім оқиды.
2)Оқушылар – қайталайды.
3)Жуан, жіңішке сөздерді ажырату.
4)Тән дыбыстарды айтқызу.
5)Сөз тіркесін құрау.
6)Сөйлем құрастыру.
7)Доппен ойнату. Сөздердің меңгеруін тексеру.
Бер + іңіз.
Ал + ыңыз.
Мәнерлеп оқимын.
Менің атым – Нұржан. Менің атам бар. Олар ауылда тұрады. Ауылда қой, ешкі, сиыр бар. Атамның аты – Сәкен. Мен атам мен әжеме көмектесемін, оларды жақсы көремін.Бізде қазақта атаны сыйлаймыз, ол міндетті түрде төрде отыру керек
Оқушылар оқиды.
Орыс тіліне аудару.
Мазмұндау.
Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді жазғызу (тақта жұмысы).
Музыка ойналады
3 түрлі стикерлер
Отбасы, қариялар туралы суреттер кескіні
|
Сабақтың соңы
2 минут
|
Рефлексия
Мен ... үйрендім.
Мен ... білдім.
Маған ... қиын болды.
Қалыптастырушы бағалау: өте жақсы, жақсы, орташа.
Үйге тапсырма: «Атам төрде отырады» атты сөйлемдер жазып келу.
| |