Пәні: Химия Сабақ №137
№5-практикалық жұмыс.
Тақырыбы: Нәруыздың денатурациясы мен түсті реакциялары.
Реактивтер: жұмыртқаның ақуызы, су, натрий гидроксиді, мыс (ІІ) сульфаты ерітінділері, азот, күкірт қышқылдарының концентрлі ерітінділері, спирт, формалин ерітіндісі, сүт, сірке қышқылының концентрлі ерітіндісі.
Құрал-жабдықтар: сынауықтар, тұрғы, стақан, шымшуыр, спиртшам, сүзгі қағаз.
Қауіпсіздік техникасы ережесі: қыздырғыш құралдармен, қышқылдармен, сілтілермен жұмыс істеу ережесін сақтау
р/с
|
Жасалатын жұмыс
|
тапсырмалар
|
Қорытынды
|
1.
|
Нәруыз денатурациясы.
Екі сынауыққа 2 мл-ден жұмыртқаның ақуызын құйып, біріншісіне 2 мл спирт, екіншісіне 2 мл формалиннің ерітіндісін қосыңдар.
|
Химиялық реакцияның қандай белгілері байқалады?
|
Нәруыздар қышқылдармен де, сілтілермен де әрекеттесіп, екіншілік және үшіншілік құрылымдары арқылы қайтымсыз денатурацияланады.
|
2.
|
Казеин нәруызын тұнбаға түсіру.
Стақанға 5 мл сүт, 10 мл дистилденген су және 2 мл концентрлі сірке қышқылын қосыңдар. Тұнбаны сүзіп, суда ерітіп көріңдер.
|
Не байқадыңдар?
Тұнба ери ме?
|
Казеин сүт іріген кезде оның құрамындағы пептидтік байланысының үзіліп, бұзылуы нәтижесінде пайда болады.
|
3.
|
Ауыр металл тұздарымен нәруызды тұнбаға түсіру.
Екі сынауыққа көлемі 1 мл жұмыртқаның ақуызын құйыңдар. Біріншісіне 1 тамшы мыс (ІІ) сульфатын, екіншісіне 1 тамшы қорғасын ацетатын қосыңдар.
|
Не байқадыңдар? Тұнбаларды суда ерітіп көріңдер
|
Құрамында күкірті бар нәруыздарға мыс (ІІ) сульфатын қосқанда ашық күлгін түс, ал қорғасын ацетатын қосқанда, қара тұнба түзіледі.
|
4.
|
Қыздыруға нәруыздың әсері
Сынауыққа 2 мл нәруыз ерітіндісін құйып, спиртшамның жалынында қыздырыңдар. Сынауық салқындаған соң, түзілген тұнбаға 5-7 мл су қосыңдар
|
Не байқадыңдар? Нәруыз суда ери ме?
|
Қыздырудан нәруыздың үшінші және екінші реттік құрылымы бұзылады, денатурацияланады. Мысалы, жұмыртқаның пісуі, қауырсынның және еттің күюі.
|
5.
|
Нәруыздың түсті реакциялары
а) Биурет реакциясы
сынауыққа 2-3 мл нәруыз ерітіндісін құйып, оған натрий гидроксиді мен мыс (ІІ) сульфатының ерітіндісін қосыңдар
ә) Ксантопротеин реакциясы
сынауыққа 2-3 мл нәруыз ерітндісін құйып, оған 0,5-1 мл концентрлі азот қышқылын абайлап қосыңдар. Сынауықты 2-3 мин қыздырыңдар
|
Не байқадыңдар?
Не байқадыңдар?
|
Сілтідегі мыс (II) сульфаты ерітіндісімен нәруызға әсер еткенде, ашық күлгін түс пайда болады.
Құрамында бензол ядросы бар нәруыздар концентрациялы азот қышқылымен сары түс береді.
|
Үйге тапсырма: Кестені сызу
Достарыңызбен бөлісу: |