Сабақ №15 Сабақтың тақырыбы



Дата06.02.2022
өлшемі1,45 Mb.
#81458
түріСабақ
Байланысты:
№15 Қайнау, меншiктi булану жылуы - Қайнау температурасының атмосфералық қысымға байланыстылығын анықтау


ТІРЕК КОНСПЕКТ
ФИЗИКА



Пән: Физика

Сынып: 8

Тоқсан: I

Сабақ №15

Сабақтың тақырыбы

Қайнау, меншiктi булану жылуы. Қайнау температурасының атмосфералық қысымға байланыстылығын анықтау

Бөлім

Агрегаттық күйлер

Ресурстар

https://www.youtube.com/watch?v=v87XE8is5Eg&list=PLCZ6Ox1-6l5I8Tc26YZH3S9TZxGX2ch4D&index=10

Сабақтың мақсаты

  • Меншікті булану жылуының физикалық мағынасын түсіндіреді;

  • Қайнау температурасының қалыпты атмосфералық қысымға тәуелділігін түсіндіреді;

  • Булану, қайнау, конденсация процестері кезінде жылу мөлшерін анықтауға арналған формулаларды есеп шығару барысында қолдана алады.

Қысқаша тірек конспект

Қайнау – бұл сұйықтың тек үстіңгі бетінен ғана емес, сонымен бірге оның ішінде де бу көпіршіктерінің пайда болуымен жүретін қарқынды булану процесі.
Қайнауды жалғастыру үшін сұйықтыққа сырттан энергия беріп отыру керек.
Қайнау әрбір сұйық үшін қайнау температурасы деп аталатын температурада жүреді.

Сұйықтықтың бірлік массасын қайнау температурасында буға айналдыруға қажетті жылу мөлшерін меншікті булану жылуы деп атайды.
Меншікті булану жылу r әрпімен белгіленеді, өлшем бірлігі Дж/кг
Конденсациялана отырып бу, булануға кеткен жылу мөлшерін бөліп шығарады.

Q=rm



Тапсырма

1. Суретте бейнеленген процестер қалай аталады?

а) б)
2.Суретте судың булануы мен конденсациясының графигі көрсетілген.

Жоғарыдағы графиктен әрбір бөліктегі процестерді атаңыз.


АБ –
БВ –
ВГ –
ГД –
ДЕ –
ЕЖ –
Есептер шығару
1.Температурасы 1000С массасы 0,5кг суды буға айналдыру үшін қанша жылу мөлшері қажет? r=23105 Дж/кг.
2.Температурасы 170С-қа тең 0,4кг суы бар ыдыс ішінде 1000С-тағы 10г су буы жіберілген. Бу суға айналғаннан кейінгі жалпы температура қандай болды? r=2,3106 Дж/кг, с4200 Дж/кг0С.
3.Массасы 0,75кг суды 200С-тан 1000С-қа дейін ысытуға және одан 250г будың пайда болуы үшін қанша энергия жұмсалады? с4200 Дж/кг0С, r=2,3106 Дж/кг.
4.Температурасы 200С болатын 2,8л суы бар ыдысқа массасы 6кг, температурасы 4600С бір кесек болат салынды. Бұдан кейін су 600С-қа дейін ысыды да оның бір бөлігі буға айналды. Буға айналған су массасын тап. с4200 Дж/кг0С, сб460 Дж/кг0С, r=2,3106 Дж/кг.



Кері байланыс

(whatsapp мобильді қосымшасы арқылы немесе электронды почтаға):
Мен не білдім?
Мен үшін бұл жаңалық болды.
Бұл менің білгендеріме қарама қарсы болды.
Бұл туралы көбірек білгім келеді.


Әзірлеуші: Дабылова Тоқжан Мамыралықызы №200 МГ физика пәні мұғалімі. Алматы қаласы Білім басқармасының ҚББЖТҒӘО қолдауымен ұсынылып отыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет