"True or false" әдісі
Эскиз (sketch)- алдын ала қағаз бетіне көркемсурет туындысының (картина, мүсіндеме, театр мен кинодекорация және архит. жобаның, т.б.) түпкі ойы түсірілетін нобай;
Пентаптих (the pentaptychs) атауы композицияның оң және сол жақ бөлігінің салмағының, пішінінің, түсі мен реңінің тепе-теңдігін, ондағы элементтердің өзара үйлесімділігін сұңғақтығын қамтамасыз етеді. Симетрия ою-өрнекті бейнелеуде жиі қолданылады;
Диптих (the diptych) - екіге жарылып ашылатын, екі бетіне де кескіндемелік немесе рельефті суреттер салынған бүктеме;
Симметрия (symmetry) - бейнелеу өнерінде жалпы тақырыбы, сюжеті немесе композициясы бойынша біріктірілген үш картина, рельеф я болмаса сурет туындысы.
Триптих (the triptych) - төрт бүктемден тұратын картинаның атауы.
Тарихи жанр(historical genre) – белгілі бір оқиғалар мен тарихи кезеңдер бейнеленген көркем шығармалар.
ІІІ. Нұсқау беру: (10 мин.)
Акварель (гр. agua— су) құрамында суға еритін желім қосылған түрлі-түсті бояу. Кескіндеменің ең әсерлі түрі. Акварель бояуларының ерекшелігі — мөлдірлігі. Бұл кескіндеме техникасында ақ бояу мүлде қолданылмайды. Ақ бояуды кескіндеме жазылатын ақ қағаздың өзі ауыстырады. Шығарманың ең жарық нүктелерінде қағаздың тиісті жерлері мүлде боялмайды. Акварель бояулары қолдануға ыңғайлы және қарапайым. Соған қарамастан, Акварель техникасы — мейлінше күрделі.
Акварельдің көптеген әдіс тәсілдері бар:
1. Құю – бояудың мөлдір жағылғаны.
2. Лессировка - бояулардың мөлдірлігі қолданылатын кескіндемедегі көркемсурет тәсілі. Лессировка кескіндемеде түстерге жаңа реңдік сипаттама беру үшін, кейде қосымша жарық беру үшін, сонымен қатар түстік күшін арттыру үшін қолданылады. Лессировка техникасын меңгеру үшін бояуларды араластыру заңдылықтарын білу керек. Егер мөлдір бояуларды бір-бірінің үстіне қабаттап жаға берсе, онда ең жоғарғы қабаттағы түс анықтаушы түс болып есептеледі. Лессировка акварельді кескіндемеде көп тараған.
3. Гризайль – шығарманы қылқаламмен бір түсті қолдана отырып орындау техникасы, көбінесе қара немесе қоңыр түс қолданылады.
4. Мазок (түртпе) - қылқаламға жағылған бояуды қағаз бетіне түртіп жазуды айтамыз.
5. Пуантелизм – француз тілінен аударғанда нүктемен жазу деген мағына береді. Бұл техника түрі XIX ғасырдан бері осы уақытқа дейін сақталып келген.
Мастер-класс:
Лессировка техникасын салып көрсету:
Тапсырманы орындау әдістерін көрсету және түсіндіру;
Акварель техникасын орындауда түс таңдау ерекшелігін көрсету;
Лессировка - лессировка - glaze
Акварельмен жұмыс жасау әдісін бейнероликте көрсету
Сабақты пысықтау: суреттің реңдік өзгерістері (шынжыр әдсі).
V . Тәжірибелік бөлім: ( 15 мин.)
Акварель техникасын орындауда үйлесімді түстерді таңдау;
Палитрамен жұмыс жасауы;
Акварельмен жұмыс жасау әдіс –тәсілдеріне машықтану.
VІ. Сабақты қорыту және бағалау: (7 мин.)
Студенттердің акварельмен орындаған жұмыстарынан шағын көрме ұйымдастырып, жетістіктерін мадақтау, үлгі ету, кемшіліктерін айтып түсіндіру. Жақсы жұмыс жасаған студенттерді атап өту.
Түстердің қосындысының нәтижесін көрсету (түстер палитрасы);
Әр студенттің жұмысын бағалау критерийіне қарай бағалау:
Акварель бояуын палитрада қолдана алуы;
Бояу түстерімен көлемін сомдауы;
Сұрақтарға жауап беруі;
Тапсырмалрды дұрыс орындауы.
Рефлексия: "Білім қоржыны" әдісі.
VІ. Үй тапсырмасы: (1 мин.) долбар салып келу
Критерийлері:
Акварель бояуын палитрада қолдана алуы;
Бояу түстерімен көлемін сомдауы;
Реңдік өзерістерін сомдауы.
Оқытушы ______________________М.К.Акимбаева
Достарыңызбен бөлісу: |