Сабақ "Ұлттық киімдер" 7 сынып Сабақтың мақсаты



Дата17.02.2017
өлшемі61,97 Kb.
#9756
түріСабақ
Ашық сабақ "Ұлттық киімдер" 7 сынып

Сабақтың мақсаты:

Білімділік –ұлттық киімдермен таныстыру, көрсету, ұлттық сөзінің ерекшелігін көрсету, баяндау, есте сақтау қабілетін ұлғайту, білімдерін толықтыру.

Дамытушылық – ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша ой дамыту.

Тәрбиелік – адамгершілікке, ұлттық сыйластыққа, Отанымызға сүйіспеншілігін арттыруға  тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  интерактивті тақта,слайдтар,сурет.

Пәнаралық байланыс:  тарих,әдебиет.

Әдіс-тәсілдері:түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, зерттеу .

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

а) оқушыларды түгендеу

ә) оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау

Көңіл-күйіміз жақсы. Барлығыңызға сәттілік тілейміз!



ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

Зымыран сұрақтары арқылы үй тапсырмасына шолу жасау.



  • Киім дегеніміз не?

  • Киімнің түрлерін ата.

  • Күндізгі киім дегеніміз не?

  • Вешалака” қазақ тілінде қалай айтылады?

  • Жолға шыққанда қандай киім киген дұрыс?

  • Сырт киімдерді неге байланысты кию керек?

ІІ. Жаңа білімді меңгерту кезеңі.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.



ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

            Жақсы балалар, киім түрлерін ажырата білдіңдер. «Адам көркі – шүберек, ағаш көркі - жапырақ» демекші балалар, бүгін бізде ерекше сабақ қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрлерімен танысамыз.



Мақсатымыз: ұлттық киімдерді танып біліп, аз болса да қалай, неден жасалатынын, кімдер киетінін біліп танысу.

  • Ал бүгін ұлттық киімдер туралы айтамыз (слайд көрсету)

  • Ең бірінші сабағымызды бастамас бұрын мына сөздіктерді оқып алайық.

  • Ұлттық киім – национальная одежда

  • Тақия – тюбетейка

  • Қалпақ – шляпа

  • Тымақ – зимняя шапка

  • Жалбағай тымақ – малахай со свободными ушами

  • Бөрік – шапка

  • Кимешек – национальный казахский женский головной убор

  • Сәукеле – свадебный головной убор невесты

Мәтінмен жұмыс

  Қазақ халқының ұлттық киімдері климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сыртқы, біркиер, салтанат киімдері болады. Біркиер киім қымбат матадан тігіледі. Той думандарға барғанда, жат елге іс сапарға шыққанда киетін сәнді киім болған. Ішкі киімдер: көйлек, желет, кәзекей; сыртқы киімдер: шапап, кеудеше, тон т.б жатады. Қазақ әйелінің ұлттық киімі: көйлек, камзол, кимешек, тақия, сәукеле, кебіс, мәсі, т.б.



Киімдердің әлеуметтік дәрежесі

Ішкі киімдер: көйлек, желет, кәзекей;

сыртқы киімдер: шапап, кеудеше, тон.

Қазақ әйелінің ұлттық киімі: көйлек, камзол, кимешек, тақия, сәукеле, кебіс, мәсі.



Шешуін тап

Бір нәрсе менен биік,

Кейде менен аласа.

Мұндай қызық дүниеде

Көріп пе едің тамаша. (бөрік)

Атамдікі – шошақ

Апамдікі – жалпақ (Атамның тымағы мен апамның кимешегі)

Ашамайды арта салдым

Айыл жібін тарта салдым (Тымақ)

Сылдыр – сылдыр жүгенім

Сқлу қара құнаным

Көлеңкесі көсіктей

Ауырлығы асықтай (сәукеле)

Биік таудың басында қара лашық

Түілік жабық болғанмен есік ашық

Қайда жүрсең қажетің соған түсіп

Құтылмассың керексіз деп одан қашып (Бас киім)

Таңертең тұрдым

Айырыма міндім (шалбар)

Сөздер мен сөз тіркестерінің аудармаларын дұрыс табыңдар.


 

қолайсыз


ыңғайлы

жауын-шашын

мал терісі

күздің суығы

 


 

неудобный

удобный

дождь


удобный

холод осени

 



«Сыңарын тап» ойыны

Жылы киім тәнді жылытар,

Жылы сөз жанды жылытар
Киім кірі жуса кетеді,

Көңіл кірі айтса кетеді.


Адам көркі-шүберек

Ағаш көркі-жапырақ.


Ескі киімді баптағаның

Жаңа киімді сақтағаның.



«Кел, бірге септейік.»

Сәукеле, шапан сөдерін септеңдер.



А.с. сәукеле, шапан

І.с.  сәукеленің, шапанның

Б.с.  сәукелеге, шапанға

Т.с.  сәукелені, шапанды

Ж.с.  сәукеледе, шапанда

Ш.с. сәукеледен, шапаннан

К.с. сәукелемен, шапанмен

ІҮ.Бекіту


Сөздер

Үйде киетін киім

Жолға шыққанда киетін киім

Спорттық киім

Жазғы киім

Қысқы киім

Қарапайым, жинақы




+










Халат, көйлек

+













Көйлек, сарафан










+




Тон, пима













+

Саяхат костюмі




+










Шаң өткізбейін плащ




+










Спорт пальтосы




+










Жеңіл, әдемі







+







Ү.Үйге тапсырма

Ұлттық киімдерег сипаттама беру.



ҮІ.Бағалау
Каталог: uploads -> doc -> 0fb4
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0fb4 -> Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік желілердің негізгі түрлері. Ғаламтор желісінде ақпарат іздеу. Электрондық пошта
0fb4 -> Сабақтың тақырыбы: К. Сегізбайұлы «Құмырсқалар»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет