11.1. 4. 4. –мемлекеттік стратегиялар мен бағдарламалардың мазмұнын зерттеу және Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық даму болашағын болжау ;
Оқушының аты-жөні (оқушы толтырады)
Іс-әрекет реті
Ресурстар (мұғалім толтырады)
Орында луы (оқушы толтыра ды)
Мағына ны таны
Оқулық беттерінен:Қазақстан тарихы. 11 сынып. Қазақстан Республикасының экономикасының дамуы
Интернет-ресурстарға сілтеме: bilimland.kz,
90-жылдардың басында экономиканың тежелуі экономикалық дағдарыстың ушығуы, соның салдарынан тұрмыс деңгейінің төмендеп кетуі одақтас республикаларды тәуелсіздік жолындағы белсенді қимылға бастады. Саяси саланы демократияландыру күшейген сайын экономикалық жағдай күрделілене түсті.
Қоғамды демократияландыру социалистік теңгермешілікпен жарасым таба алмады. Экономиканы түбірімен реформалау — мемлекеттік меншікке негізделген социалістік жоспарлы экономикадан нарықтық көп меншікті экономикаға көшу қажеттігі туды. Мұның өзі бір сәттік іс емес және қиындықсыз болмайтын үдеріс еді. Одақтас республикалардың егемендігін кеңейтуге байланысты бірнеше экономикалық маңызды заңдар қабылданды. “Қазақ КСР-індегі меншік туралы” Заң социалистік экономикадан нарықтық экономикаға көшудің негізін салды. Осы заңға сәйкес өндіріс құрал-жабдықтарын меншіктенудің мемлекеттік меншіктен басқа түрлерінің де болуына рұқсат етілді. Сөйтіп, әлемдік экономикалық кеңістіктің 1/3-іне жарты ғасырдан артық уақыт бойы үстемдік еткен социалистік өндіріс тәсілі біржола күйреді. Қазақстан экономикасында, басқа одақтас республикалардағы сияқты, нарықтық қатынастар орнай бастады, әр түрлі кооперативтер, жеке меншік фирмалар мен шағын кәсіпорындар пайда болды. 80-жылдардың аяғына қарай орталықтың республиканы бақылауының әлсіреуі салдарынан, шет елдермен тікелей экономика және сауда байланыстарын орнатуға мүмкіндік туды. Қазақстан бұрын да өз өнімдерін шетке шығарып отырған, оның 97%-ы шикізаттар, материалдар мен жартылай шикізаттар болатын. Экономикаға түбірлі реформа жасау және меншіктің көп түрлілігі негізінде нарықтық қатынастар орнату үшін бірқатар заңдар қабылдау керек болды. Орталыққа бағынған кезінде Қазақстанда “Қазақ КСР-індегі еркін экономикалық аймақтар туралы”, “Қазақ КСР-індегі шет ел инвестициялары туралы”, т.б. заңдар қабылданды. Республикада Сыртқы экономика министрлігі құрылды, Сыртқы экономика банкі ашылды. Әр түрлі экономикалық қауымдастықтардың, корпорациялардың дүниеге келуі өзара әріптестік сауданың дамуына жағдай туғызды, оның көлемі 1990 ж. 1,5 есе өсті. Жаңа құрылымдардың пайда болуымен бірге адамдардың іскерлік белсенділігі артты. Бірлескен кәсіпорындар мен банктер ашыла бастады. 1990 ж. қарашада Сауд Арабиясымен біріккен “Әл-Барака банк Қазақстан” банкі құрылды, Оңтүстік Кореяның “Самсунг” корпорациясымен іскерлік байланыс орнатылды. Сеулдік кәсіпкерлер Алматыдан мейрамхана ашты. Қазақстан — Қытай әуе жолы мен Жаркент — Құлжа (Инин) автожолы жұмыс істеді. 1991 ж. Қазақстанда әлемнің 25 елінің қатысуымен құрылған 35 біріккен кәсіпорын ресми түрде тіркелді. Республикадағы тоқыраған экономиканы шет мемлекеттердің экономикалық және технологиялық көмегінсіз қалпына келтіру қиын еді. Шет ел капиталын тарту үшін республика жаңа заңдар қабылдап, инвесторларды 5 жыл бойы табыс салығын төлеуден босатты.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономикаға көшу жолына түсті. Осы бағытта 1992 жылы қаңтарда бағаны ырықтандыруға, мемлекеттік меншікті оның иелігінен алып жекешелендіруге кірісті. Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең - 1991-1992 жылдар, екінші кезең - 1993-1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақұлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең - 1996-1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да құжаттар қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден және т.б.
1993 жылдың 15 қарашасында ұлттық валюта – теңгені енгізу Қазақстан Республикасы экономикалық тәуелсіздігінің айқын көрінісі болып табылады. 1993 жылы өз валютасын енгізуді Украина мен Белоруссия, Қырғызстан мен Балтық жағалауы елдері қолға алды. Қазақстандық валютаны енгізу жоспары сол 1991 жылы жасалғандығы кейін анықталып жатыр. Алдымен қазақстандық дизайнерлер тобы құрылған. 1992 жылы тамыздың 27-сі Ұлттық банкте теңге купюрасының үлгілерін бекіткен дизайнерлер тобы Англияға аттанды. Елімізде ақшаны бастыратын фабрика жоқ болатын. Тіпті құнды қағаз бастыратын қаржы да тапшы болатын. Теңге Ұлыбританиядағы “Харрисон және оның ұлдары” деп аталатын банкнот фабрикасында басылатын болды.
1993 жылдың қарашасында теңгенің айналысқа шығарылуы біздің жас тәуелсіз республикамыздың жылнамасындағы ең маңызды оқиғалардың бірі болып табылады. Ол еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолындағы түбегейлі әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу үшін қажетті тарихи қадам болды. Ал осы жылы қарашаның 22-сінде зейнетақы мен еңбекақы теңгемен беріле бастады. Елімізде валюта айырбастау пункттері ашылып жатты. Кейін Алматы қаласында Ұлттық банктің Банкнот фабрикасы, Өскеменде Монета сарайы ашылды. Уақыт талабына сай теңгенің дизайны өзгерді. Бүгінде купюраларымыздың қорғаныштық қасиеті дамыған елдер валютасымен бәсекелесе алады.
+ белгісімен танысқан ресурста
рыңды белгіле
Жауап бер
Неліктен Қазақстан ДСҰ-ға кіру хаттамасына Женева қаласында қол қойды?
ЭКСПО өткізу еліміз үшін қаншалықты маңызды болды?
Прагматизм дегенді қалай түсінесіңдер?
Референдум деген не?
Интеграция деген не?
Орында
№1. -тапсырма. Талдаңдар. «SWOT» талдау әдісі арқылы 2015 жылы Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруін талдаңдар.