“Бекітілді”
Факультет оқу-әдістемелік кеңесі
№2 хаттама 1.09.2008ж.
_____________________
(төрағасы, аты жөні)
Қазақстан Республикасының қоғам қайраткерлерінің бейнесі пәнінен ОБСӨЖ сабақтарының
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Жетісай – 2008 ж.
САБАҚ
№1Сабақтың тақырыбы: ХХ ғ басында қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі.
Алаш қозғалысының басталуы.
Жоспары:
Алаш қозғалысының өзекті мәселелері.
2. Алаш қозғалысының тарихнамасы.
Теориялық мәліметтер:
Ұлттық демократияшыл зиялылар үлт азаттық идеясын
таратушы, қазақ халқының үлттық саны - сезімін оятушы,
отаршылдыққа қарсы күреске дем беруші болды. Оны Шыңғыс -
ханы үрпағы Ресейдің либериал демократиялық қозғалысының
жоғары биліктің қайраткері, бүрын кадет партиясы Орталық
Комитетінің мүшесі болған Алихан Бөкейханов басқарды.
Көрнекті ағартушылар мен демократтар, революциялық
қозғалысқа белсене қатысушылар А.Байтүрсынов, М.Дулатов
және басқа көптеген адамдар оның пікірлестері мен серіктестеріне айналды.
Алаш қозғалысының әлеуметтік негізі даланың бетке үстарлары - билердің, батырладың, жартылай феодал байлардың мүдделерін білдірген, капиталистік даму жолына бағдаор алған зиялылар болды.
Олар сондай - ақ оппозициядағы кең көлемді демократияшыл бүқара - шаруалардың жүмысшылардың, қала демократиясының мүдделері де білдіреді. Қозғалыстың әлеуметтік негізінің ауқымдылығнан азаттық қозғалысының жалпы үлттық көлемінің, оның деимократиялық және отрашылдыққа қарсы сипатымен түсіндіруге болады. Қазақ халқын отарлық езгіден азат, егеменді автономиялық үлттық мемлдекет қүру идеясы қозғалыстың негізгі өзегіне айналды.
Ақпан революциясынан кейін, 1905 жылдан бастап өмір сүрген алаш қозғалысы қапйта жанданды. 1917 жылғы сәуір - мамыр айларында «Алаш партиясының облыстық, ішінара уездік съездері болып өтті.
Мәселен, қазақтардың 1917 жылғы сәуір айында болған Жетісу облыстық съезі жергілікті өзін - өзі басқару орындарының өкілеттігіне жататын мәселелер жиынтығын қарады.
Олардың қатарында азық - түлікпен жабдықтау, жергілікті өзін - өзі басқару, сот ісін жүргізу, салық салу, білім беру және ағарту проблемаларын шешу көзделді. Аграрлық мәселе қызу талқыланды. Атап айтқанда, съезд облысқа сырттан әкеліп қоныстандыруға жол бермеу қажет деп тапты. Қазақтардың орыстармен өзара қатынастарын реттеу әдістері босқөындарды Қытайдан қайтару әдістері арнайы қаралды.
Қазақтардың Семей облыстық съезі (27.ІҮ-7.У.1917) Бүкілқазақ съезіне Қазақстанның болашақ автономиясын қүру туралы өз көзқарасын үсынды. Съезд Ресейлік бірінші Қүрылтай жиналысында Үлы Ресейді мекендейтін үлыстардың еркіндігі, теңдігі мен туысқандығы баянды етілуі тиіс және оларға өздерінің еаяси өмірін үлттық, түқрмыстық, мәдени, экономикалық тарихи - географиялық ерекшеліктеріне сәйкес қайта қүруға мүмкіндік берілуге тиіс деп санады. Съезд дворян-помещиктер үстемдігі түсында қүрылып, ескі режимнің саясатын қолдап келген, қазіргі кезде күні өткен, халыққа мүлде пайдасы жоқ және зиянды шщаруа бастықтарды, становойлық приставтар, урядниктер мен дала генерал-губернаторлығы институттарының таралуын талап етті.
1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынборда, Жалпы қазақ съезі болып, оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарымен ішкі Бөкей Ордасының делегаттары қатысты.Съезд мемлекеттік басқару нысаны, қазақ облыстары автономиясын, жері мәселесін халықтық милиция үйымдастыру, земство, халыққа білім беру, сот, рухани-дін, мәселелерін және т.б. қарады.Көріп отырғанымыздай қазақтың демократиясын жүртшылығын қазақ мемлекеттігі демократиялық реформалар үлттық саяси өзін-өзі билеуі үшін қажетті алғы шарттар жасау проблемалары толғандырды. Съезд қазақтың "Алаш" саяси партиясын қүру туралы мәселе қарап оның бағдарламасын жасау қажет деп тапты."Мемлекеттік басқару нысаны" мәселесі бойынша съезд "Ресейде демократияшыл федерациялық , парламенттік республика бо луға тиіс "-деп жаздьі.
1917 жылғы мамырда мүсылмандардың Бүкілресейлік съезы болды.Соғысқа көз қарас мәселесі бойынша съезд өзінің үраны:Европа,Азия мен Африкахалықтарының өзі-өзі билеуі негізінде . аннексиясыз және контрибуциясыз бітім деп санайтынын мәлімдеді.
Съезд көп әйел алушылық пен қалыңмалға қарсы шықты. Жүмысшы мәселесін тиалқылағаннан кейін съезд өз қарарында былай деп жазды: 1?8 сағаттық жүмыс күні енгізілсін 2. Апта сайынғы үздіксіз мерекелік демалыс 42 сағат болып белгіленсін. Съезд бастауыгп мектептерде оқыту түркі халықтарының әрбір тобының ана тілінде жүргізлуге тиіс, міндетті және тегін жалпыға бірдей бастауыш білім беру енгізілсін деп тапты. Мүсылмандардың діни басқармасының міндеттері белгіленді.
Съезде белгілі турколог, Шығыс азаттық қозғалысының қайраткері Зәки Валидов (Тоған) өз сөзінде Ресей дамуына тәуелді болып қалған түрік халықтарының бүдан былайғы тағдыры туралы мәселе қозғап, бүкіл Түркістанның тәуелсіздігі идеясын үсынды. Ресей мүсылмандары Орталық шурасына Қазақстаннан Ж.Дусмухамедов пен Аққазы Досжанова кірді.
Мүсылмандардың 1917 жылғы шілде оқиғаларын кейін болған екінші Бүкілресейлік съезі алдағы Қүрылтай жиналысы сайлау-ғы түжырымдаманы әзірлемеді.
Ақпаннан қазанға дейінгі кезеңде үлттық демократия идеясы қалыптасты. Ресейдің шет аймақтарының 30 миллион халқына ықпалын жүргізген мүсылман қозғалысының қаулап дамуы бірқатар ислам партияларының қүрылуына алып келді.
1917 ж. Әулиеата (қазіргі Жамбыл) мен Меркеде Қазақ жастарының революция одағы қүрылды. Кейіннен осы үйымдардың көптеген мүшелері (С.Сейфуллин, Т.Рысқүлов) Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату жолында жданқиярлықпен күресті.
Қортындылай келсек Алашорда буржуазияшыл үлтшылдық мемлекет қүрылым.Оны жақтаушылар кейіннен өзінің алдынан Қазақстан территориясында Алаш автономиясы аттас бурж-үлшылдық қорғалысқа бірікті.Ол Алаш партиясына және оған қосылушы феодал,бай әлементтерге арқа сүйеді.Олар Қазақстанда Ресейдің буржуазия қоғамы шеңберінде Алаш автономиясы деп аталатынды негіздеуге тырысты.Алаш партиясының 1917жылы 5-13 декабрьде Орынборда өткен 2 съезінде жарияланды.
Алашорда үкіметін кадет партиясы Орталық комитетінің мүшесі Ә.Бөкейханов басқарды.Алашорда орталғы болып Семей қаласы жарияланды.Ж. және X. Досмүхамедовтар басқарған топ Алашорда ерекше бағыт үстанды.Олар Оралдың ақ казак орыстарымен тығыз бойланыста жүмыс істеген Ойыл уәлаяты деп аталатын батыс бөлемшесін қүрды.Уәлаят үкіметі Орал,Ілбішін,Гурьев және Маңғышылақ уездеріндегі қазақ болыстарына өз билігін жүргізбек болды.
Алаш өзі жарияланған кезден бастап Орынбор,Орал Сібір,Жетісу
қазақ әскерлерінің контреволюциялық үкіметтермен,Сібір
облыстық думасымен,Қоқан автономиясымен,Қүрылтай жиналысы
мүшелерінің комитеті үкіметімен, татар және башқүрт үлтшылдарымын,Колчак әкімшілігімен әскери саяси байланыс
жасады.Алашорданың халыққа қарсы қимылы ақгвардияшыл
қастандыққа,бүлікке комунисттерге, Совет өкіметін жақтаушыларға қарсы қырып-жою шараларына қктысуынан айқын көрінді.
Алашордашылар қүрған 3 атты полкі және бірнеше үсақ
бөлімшелер ақгвардияшылар әскерлеріне қосылып Қызыл
гвардия мен партизандарға қарсы соғысқа қатысты. Қазақстан
еңбекшілері Коммунистік партиясының басшылығымен
Алашордашыларға қарсы белсенді күрес жүргізді.
Ж. Жанкелдиннің А Имановтің отрядтары қазақ атты әскер
бригадасы, қазақтың 1 және 2 - үлгілі атты әскер полктері
ақгвардияшылар мен алашордашыларға қирата соққы берді.
Қазақ халқының даңқты үл-қыздары - комунистер А.Асылбеков,
Ә.Әйтенов,С.Асфендияров,Т.Бокин,С.Сейфуллин, У.Жанибеков,
О.Жандосов, С.Жақыпов, Б.Жәнікешев, А.Оразбаева, т.б. қазақ еңбекшілері арасында лениндік үлт саясатын насихаттады. Алашорданың бет пердесін ашып көрсетті. Бүл ретте РКПП уездік және қалалық комунистерінің мүсылман секциялары мен бюролары елеулі жұмыс атқарды. Партия бүларға Совет өкіметіне шын берілген, неғүрлым әзірлігі зор жүздеген коммунист-қазақтарды жүмысқа жіберген болатын. 1917 ж. декабрьде Алашорда өз өкілдерін Шыгыс майданының 1-және 4-армияларының командованиесімен келіссөз жүргізіп жіберіп, Совет өкіметімен ынтымақ жасамақ болды. Бірақ одан ештеңе шықпады. Азамат соғысының барысында Алашорда қүрамалары толық қиратылды. 1920 ж. Эмартта қырғыз (қазақ) ревкалы Алашорданың және оның барлық мекемелерінің жойылғаны туралы бүйрық берді . Неғүрлым белсенді алашордашылар ақгвардияшылардың
Тест тапсырмалары.
1. «Алаш» партиясының Жетісу облыстық съезі қашан болды?
А) 1917 сәуір
В) 1917 наурыз
С) 1917 желтоқсан
Д) 1917 ақпан
2. Алаш партиясы қандай қоғамдық даму жолына бағыт алған зиялылардан тұрды?
А) Капиталистік қоғам
В Феодалдық қоғам
С) Социалистік қоғам
Д) Демократиялық қоғам
3. «Үш жүз» партиясының мақсаты қандай?
А) Алаш партиясына қарсы күрес
Б Қаз АКСР-ін құру
В) Көп әйел алушылық пен қалың малға қарсылық
С) Алаш партиясына қарсы күрес
Д) 8 сағаттық еңбек күнін енгізу
Бақылау сұрақтары:
1. Алаш қозғалысының басталуы.
2. Алаш қозғалысының шығу себептері .
3. Қарқаралыдағы метингі қазақ зиялыларының алға қойған мақсаты.
4. Ғасыр басындағы қазақ зиялыларының саяси көзқарасы
Реферат тақырыптары:
1. Алаш партиясы.
2. Бүкіл қазақ съезі. “Алаш партиясының” құрылуы.
3. “Алаш” партиясының бағдарламасы
4. “Алаш”партиясының большевиктер, кадеттер, Үш жүз партияларымен арақатынасы мен айырмашылығы.
Пайдаланатын әдебиеттер.
1. Ғ.Ахметов .Алаш «Алаш» болғанда Естеліктер мен тарихи деректер. А,1996ж.
2. Аманжолова Д.А. Движение Алаш в 1917 г М,1993 ж.
3. Аманжолова Д.А Казахский автономизм и Россия. Историческая наука Казахстана А 1992
3. М..Қозыбаев Ақтаңдақтар ақиқаты. А1992ж 272 б.
4. М.Қойгелдиев Алашорда II Егемен Қазақстан 1992 ,18 қаңтар
5. К.Н.Нұрпейісов .Алаш һәм Алашорада
САБАҚ
№2 Сабақтың тақырыбы: Алаш партиясы.
Жоспары:
1. Алаш партиясының тұғырнамасы.
2 Алаш қозғалысының бастау кезеңдері.
Теориялық мәліметтер:
1917 ж Ресейде ақпан буржуазиялық революциясы өткеннен кейін қазақ даласында қоғамдық қозғалыстар басталды.1 жалпы қазақтық съезд 1917 ж шілдеде Орынбор қаласында өтеді . Күн тәртібінде 14 мәселе қаралды: мемлекеттік басқару жүйесі , автаномия, білім , сот дін, әйелдер құқы және т.б. Съезд қазақтардың « Ресей Федеративтік демократиялық , парламенттік республикасының құрамында автономия » алу талабын жариялады. Съезд революцияларында жер мәселесі өте өткір көтерілді, оның ішінде қоныс аударуды тоқтату , қазақ жерін өзіне қайтарып беру т.б.Осы съезд уақытында «Алаш» партиясы құрылды.Бұл Ахмет Байтұрсыновтың ,Әлихан Бокейхановтың «Қазақ» газеті төңірегінде жиналған қазақ зиялы қауымының белсенділігі арқасында , қазақ этносын құлдыраудан сақтап қалған ірі оқиға болды. Қазақ қоғамында ,саяси өмірде 1917 ж желтоқсанда Орынборда өткен ІІ қазақ съезі үлкен орын алады. Бұл съезде «Алаш» партиясының бағдарламасымен бірге ұлттық – мемлекет идеясы ұсынылды.
V. Алаш облыстарын құлдыраудан, анархиядан аман сақтау үшін Алаш Орда халықтық кеңесін ұйымдастыру. Оның 25 орнының 10 орны орыс және басқа халықтар өкілдеріне берілсін. Алаш орданың орталығы Семей қаласы болсын. Алаш Орда қазақ елінің билігіне тез арада өз қолына алынсын.
Азамат соғысы жылдарында (1918-1920жж) Орынбор мен Самара қалаларында қазақ және башқұрт ел басшылары арсында бірнеше келіссөздер мен жиналыстар өтті. Мұндай келіссөздердің жетістіктерінің бірі «оңтүстік-шығыс мұсылман облыстарының федерациясын» құру, башқұр-қазақ әскери бөлімдерін қалыптастыру болды.
З.Валиди өзінің естеліктерінде 1918ж. 18-21 шілде аралығындағы келіссөздер туралы былай деп жазды «Саитгерей Магазов Семейге келгенде, онда Алихан Бөкейханов пен бұрынғы Қоқан автономиясының басшысы Мұхамеджан Тынышпаев болды. Бұл Қоқан республикасы, Алаш Орда және Башқортстан лидерлері ұйымдастырған алғашқы бірлескен съезі болды».
Өкінішке орай, көптеген себептерге байланысты Түркі елінің ұлттық қолбасшыларының жоспары жүзеге аспады. Сол кездегі күрес жайлы Башқортстан саяси қайраткері және тарихшысы З.Валидов естеліктерінде жақсы көрінеді: «орталық (Мәскеу) келешекте де бұрынғы отар елдеріндегі орыс пролетариатының өкілдеріне сүйенді, біз олардың «басшыларына» адалдық пен берілгендікті қанша лықты көрсетсек, соншалықты олардың сенімділігін пайдалана аламыз, бізге деген сенімсіздік Ресей шегінде социализмнің жеңісінен кейін де сақталып қалады. Тіпті әлемде социализм орныққаннан кейін де шығыс халықтары Ресей метрополиясының және жұмысшыларының тарапынан «басқару жүргізілмейінше қанағаттанбайлды дегенді мен Лениннің өз аузынан естідім...»
Мұның бәрі Лениндік түсінік «... социализм құру жолына түскен шығыс халқы ешқашан орыс коммунистерінің сенімін пайдалана алмайтынын мен түсіндім»
Бұл мәселе – шовинизм ұлттық ел басшылары алдында кеңес үкіметіне қарсы ашық күрес туғызу қажеттігін қойды. Дәл осы уақытта Т.Рысқұлов, Н.Ходжанов және т.б. пікірлестер Түркістан комиссиясынан және Түркістан атқарушы комитетінен шығарылды. Олардың орнына «интернационалистер» сеніміне ие болған басқа адамдар тағайындалды. Осылайша революция кезінде шығыс халықтарының өтірік алдарқатқанымен билік қолына тиісімен большевиктер өздерінің шовинистік пиғылын ашық көрсете бастады.
Кеңес үкіметінің Қазақстанда орнауы және азамат соғысы
Ресейдегі ақпан революциясынан кейін билік үшін кадеттер мен кеңесшілдер арасында талас басталды. Уақытша үкіметтің беделін шұғыл құлдырауы және оның нақты биліктен айырылу жағдайында 191ж. 25 қазанда ( қараша) Петроградта солшыл эсерлер және социал-демократиялық, социал-революциялық партиялардың біршама радикалды бөліктерінің калициясын билікке әкелген қарулы төңкеріс жүзеге асты. Үкімет билігі В.И.Ульянов Ленин басшылық еткен Халық комиссарлар Кеңесінің қолына өтті. Жұмысшылар мен солдат депутаттардың Кеңесінің екінші съезінде қабылданған декреттер Ресейдің соғыстан шығуын, жердің шаруаларға берілгендігін және әртүрлі деңгейдегі кеңес билігінің жер-жерде орнай бастағанын жариялады.
Түркістан генерал- губернаторлығының құрамына енген Сырдария және Жетісу облыстарындағы Кекңестер шұғыл түрде билікті өз қолына ала бастады.
Оңтүстік Қазақстанада билікке келген Кеңес үкіметінің отаршылдық сипаты 191ж 15-22 қараша аралықтарында Ташкент қаласында өткен Кеңестің III. өлкелік съезінде айқын көрінді. Мұнда Кеңестік Түркістан автономиясы жарияланды. Бұған қарама-қайшы 26 қарашада Қоқан қаласында IV төтенше Мұсылман съезі өз жұмысын бастады, оның басты нәтижесі уақытша кеңес басшылық еткен. Түркістан Мухтариятын (автономия ) жариялау болды. Уақытша үкімет басшысы М.Тынышпайұлы, шет істер министрлігінің басшысы болып М.Шоқай тағайындалды. Осылайша 1917ж қараша желтоқсан айларында Қазақстанның оңтүстігінде өзіндік қос үкімет қалыптасты. Бірақ Ташкенттегі Кеңес үкіметі өздеріне оппозициялық әрекеттегі мұсылман үкіметінің қызметімен келісе алмады. 1918ж қарашаның 5 жұлдызынан 6-сына қараған түні Кеңестік Түркістанның барлық қарулы күші Қоқанд қаласына шабуыл жасап Қоқан автономиясы құлатылды. Жалпы қазақ елінде жоғарыда болып жатқан күрес түсінікті болған жоқ.
Қазақтардың негізгі бөлігінің бейтараптылық жағдайында Орынборда Кеңес үкіметі орнықты, бірақ бұл ұзақ уақыт әрекет етпеді. Орынбор казак әскерінің басшысы А.Дутов Алаш партиясының және меньшевиктердің қолдауымен Орынбор Кеңесінің мүшелерін қамауға алды. Бірақ 191ж Аяғанда Қостанайда Орынборда Дутов пен оның одақтастары жеңіліп далаға шегінді.
1917ж қараша желтоқсан айларында Қазақстанның солтүстік қалаларының көпшілігінде билік большевиктер қолына өтті. Қарулы күш қолдану жолымен Кеңес үкіметі 1918ж ақпанда Семейде, наурыз айы,нда Верныйда орнатылды. Тек қана Оралда казак әскерлерінің билігін большевиктер жоя алмады. 191ж қараша 1918ж наурыз айларында Қвазақстанның көптеген қалаларында Кеңес үкіметі жарияланғанымен большевиктер ықпалы қалалар мен оның маңындағы терір жолдардан әрі аспады. Халықтын көп бөлігі, әсіресе Қазақстанның далалық өлке қазақтары Алаш Орда үкіметі мен оның жергілікті комитеттеріне бағынды. Ал қазақ станциялары- әскери үкіметке, немесе атамандарына қарады.
Большевиктер мен олардың саяси қарсыластарынан ұстанған бағытының қарама-қайшылығы 1918ж көктемде елдің кбарлық аумағында азамат соғысының кең жайлауына ықпал етті. Қарулы қақтығыстрың басталуына жергіулікті Кеңестің Сібірден шығып Владивосток арқылы Еуропаға бағытталған, бұрынғы әскери тұтқын чехтар мен словактардан құралған Чехославак корпусының бір бөлігін қарусыздандыру әрекеті себеп болды. Алғашында Петропавлскіде кейін Семейде орын алған көптеген көтерілістер Қызыл Армияның көктемгі-жазғы шабуылы антибольшевиктік күштердің соңғы жетістігі болды.
Пайдаланатын әдебиеттер.
1. Ғ.Ахметов .Алаш «Алаш» болғанда Естеліктер мен тарихи деректер. А,1996ж.
2. Аманжолова Д.А. Движение Алаш в 1917 г М,1993 ж.
3. Аманжолова Д.А Казахский автономизм и Россия. Историческая наука Казахстана А 1992
4. М..Қозыбаев Ақтаңдақтар ақиқаты. А1992ж 272 б.
5. М.Қойгелдиев Алашорда II Егемен Қазақстан 1992 ,18 қаңтар
6. К.Н.Нұрпейісов .Алаш һәм Алашорада
САБАҚ
№3 Сабақтың тақырыбы: Алаш автономиясының құрылуы
Жоспары:
1.Алаш қайраткерлерінің қатал тағдыры.
2.ХХ ғасырдың басындағы саяси тәуелсіздік үшін күрестің жаңа кезеңі.
Теориялық мәліметтер:
“Қазақ ” газетінің 1917 ж 21 қарашадағы санында “Алаш ” партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды. Жобаны жасаушылар: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Елдес Омаров, Е. Тұрмұхамедов, Ғ. Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов деп көрсетілген. Бұдан көріп отырғанымыздай ХХ ғасырдың бас кезінде-ақ қазақ халқы ұлт-азаттық қозғалысының негізін қалаушы, әрі идеялық басшылары Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатовтың аты-жөндері бірінші тұр. Ұдайы саяси қуғын –сүргінге ұшырағанына түрмеге жабылып, жазаға тартылғандарына қарамастан, олар өздерінің туған халқына шексіз берілгендігін көрсетті және оны іс жүзінде дәлелдеді. Олар қатәгез отаршылдық пен полицейлік езгі жағдайында туған халқының мүддесін қорғады, оның өмір сүру құқын ғана емес, сонымен қатар дербес саяси даму құқығын да ғылыми дәйектілікпен айқындап партия бағдарламасының жобасын түзді.
Ұйымдасып көмеген қазақ зиялылары бостандық жарияланғаннан кейін алғашқы кезде әрқайсысы әр жақта ұйым ашты, олардың көбі ұйым деген аты болмаса, ен істеу керектігін өздері де білмеді, жалпы жергілікті жерде мәдени ағарту жұмыстарынан (сауық кештерін қою, жазба газет шығару,т.с) әрі аспады.Мысалы Омбыда “Бірлік”, Қызылордада “Талап ”, Зайсанда “Қазақ жәрдемі ” т.б. ұйымдар болды. Орынборда бір топ қазақ жастары 1917 жылдың жазында “Еркін дала ” деген ұйым ашып, “Қазақ ” газетінің 17 шілдедегі санында халыққа мынадай үндеу жариялапты: “Бірінші тамызда оқытушылардың Орынборда жиыны болады.Учредительное собрание келіп қалады.Болатын өзгерістің жайын ұйымдасып кеңксуіміз қажет. Оның үстіне, жаңа туған қауымның көптің талқысына салатын сөздері бар. Соның үшін күш біріктіріп қызмет етуге сендерді біз шақырып күтеміз”.
Алаш партиясының бағдарламасының жобасы.
I Мемлекет қалпы. Ресей демократиялық федеративтік республикаға енген әрбір мемлекет тәуелсіз болып табылады. Үкімет басында Учредительное собрание мен Г.Дума қалауынша кесімді жылға сайланатын президент болу. Президент халықты министрлер арқылы бағу, ол министрлер Учредительное собрание мен Г.Дума алдында жауапты болу.
Депутаттар тегіс, тең төте һәм құпия сайлаумен болады. Сайлау хұқында дін, еркек, әйел талғаусыз болады.
Законда жалғыз ғана Г.Дума шығару һәм Г.Дума үкімет үстінен қарап ісін тексеру, запрос (сұрау) жасау хұқы да Г.Думада болу мемлекет салығы Г.Думасыз салынбау.
II Жергілікті бостандық. Қазақ жүрген облыстарының бәрі бір байланып өз тізгіні өзінде болып Россия республикасының федерациялық бір ағзасы болу. Реті келсе, қазақ автономиясы сыбайлас жұрттармен әзірге бірлесе болу, реті келмесе бірден-ақ өз алдына жеке болу. Қайткенде де осы күнгі земстволықты қабыл алу. “Алаш ” партиясы қазақтың би, болыс, ауылнайлары сияқты орындарында қызмет ететін адамдар жұртқа пайдалы, жұрт үшін қызмет етерге көңілді адамдар болуына жаһид қылады. Земестволардың управаларында милицияларында таза қызметші боларлық адамдардың атын халық қалауына салады. “Алаш ” партиясы әділдікке жақ, нашарларға жолдас, жәбірлерге жау болады. Күш-қуатын игілік жолына жұмсап, жұрт тарақи (дамуына) ету жағына бастайды.
III. Негізгі хұқық. Россия республикасында дінге, қанға қарамай еркек әйел демей адам баласы тең болу.
-жиылыс жасауға,қауым ашуға, жария сөйлеуг, газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік, үкімет қызметшілері иесінен рұқсатсыз ешкім табалдырығынт атамаушылық;
законсыз жолмен ешкімді өкімет адамдары ұстамаушылық, сот сұрамай, билік айтылмай тұтқын қылмаушылық, қылмысты болған адам судья бар жерде бір жетідей қалмай судьяға тапсырылып, жабылса, судья үкімімен жабылу. Кісі хатын ашқанға –айып, оқығанға жаза болу.
VI. Ел қорғау . ел қорғау үшін әскер осы күнгі түрде ұсталмау. Әскерлік жасына жеткен жастар жерінде үйретіліп, жерінде қызмет ету, әскер тобына бөлгенде туысқан табына қарай бөлу. Әскерлік міндетін қазақ атты милиция түрінде атқару.
VII. Салық.
Салық әл-ауқат табысқа қарай байға –байша, кедейге –кедейше әділ жолмен тарату.
VIII. Жұмысшылар.
Жұмысшылар закон панасында болу. (Қазақ жерінде завод –фабрикалар аз, сондықтан қазақтың жұмысшылары да аз. “Алаш” партиясы жұмысшылар турасында социал –демократтардың меньшевик табының програмасын жақтайды.)
IX.Ғылым –білім үйрету.
Оқу ордаларының есігі кімде кім болса ашық һәм ақысыз болу; жұртқа жалпы оқу жацылу.Бастауыш мектептерде ана-тілінде оқу, қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашу, оқу жолы өз алдына автономия түрінде болу;үкімет оқу ісін е кіріспеу; Мұғалімдер-профессорлар өзара сайлаумен қойылу; ел ішінде кітапханалар ашылу.
Ахметтің сөзімен айтқанда “киіздей шала басып қарпылмаған ” алаштың өзі сол қым-қиғаш заманда құрылмай жатып быт-шыт болып Шығыс Алашорда, Батыс алашорда болып бір бөлігі Торғайда қалыпыдырап аяғынан тозды. Шығыс пен Батыс Алашорданың арасында байланыс болмады. өйткені жер шалғай қолдарында байланыс құралдары жоқ еді. Сонымен “Алашорда ” іс жүзінде 1918ж ортасынан 1919ж аяғына дейін бас аяғы жыл жарымдай ғана өмір сүрген.
Тест тапсырмалары.
1. Алашорда Автономиясын теріске шығарғандығы туралы қарар қай съезде қабылданды?
А) Ақмола уездік съезінде
Б Торғай облыстық съезінде
С) Түркістан облыстық съезінде
Д) Орынбор жалпықазақ съезінде
2. Сталиндік жазалаудың құрбаны болған «Алаш» партиясының негізін қалаушы, Автономиялық қазақ «Үкіметінің» басшысы «Айқап», «Қазақ», «Қазақстан» газеттеріне мақалалар жазып тұрған 1894 жылы Петербургтегі Орман шаруашылығы институтын бітірген кім?
А Ә.Бөкейханов
Б ) М.Шоқай
В М.Дулатов
С) А.Байтұрсынов
3. Алашорда Уақытша Халық Кеңесінің қанша мүшесі болды?
А) 37 мүшесі
В) 44 мүшесі
С) 52 мүшесі
Д) 25 мүшесі
Е) 17 мүшесі
4. Алашорданың уақытша орталығы болған қаланы атаңыз?
А) Верный
В) Торғай
С) Семей
Д) Қостанай
Е) Тараз
5. Алашорда Автономиясын теріске шығарғандығы туралы қарар қай съезде қабылданды?
А) Торғай облыстық съезінде
В) Ақмола уездік съезінде
С) Түркістан облыстық съезінде
Д) Орынбор жалпықазақ съезінде
Е) Семей облыстық съезінде
6. «Алаш» партиясының бағдарламалық талаптарын қолдайтыны туралы өткен сайлауда Семей уезі неше пайызды көрсетті?
А) 85, 6 %
В) 57,5%
С) 75%
Д) 38,4%
Е) 92,8%
7. «Алаш» партиясының төрағасы:
А) М.Шоқай
В) М.Тынышбаев
С) А.Байтұрсынов
Д) Ә.Бөкейханов
Е) М.Дулатов
Реферат тақырыптары:
1. Алаш автономиясының құрылуы.
2. Бүкіл қазақ съезі. “Алаш” автономиясының құрылуы.
3. “Алаш” үкіметі және оның құрылымы
4. “Алашорда” Кеңес өкіметі мен азамат соғысы жылдарында
5. Кеңес үкіметінің Алашордаға қатынасы. Алашорданың тағдыры.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Мұхтар Құл-мұхаммед“Алаш ” бағдарламасы А:2000 ж
2. Ғ.Ахметов Алаш –алаш болғанда естеліктер мен тарихи деректер А:96
3. М. Қозыбаев Ақтаңдақтар ақиқаты А:95
4. М.Қойгелдиев алаш қозғалысы А:95
5. Ғ.Ахметов .Алаш «Алаш» болғанда Естеліктер мен тарихи деректер. А,1996ж.
6. М.Қойгелдиев Алашорда II Егемен Қазақстан 1992 ,18 қаңтар
7. Н.Нұрпейісов .Алаш һәм Алашорада
САБАҚ
№4 Сабақтың тақырыбы: 1905 – 1907 жылдары Ресей мемлекеттік думасы және Қазақстан
Жоспар:
1.1905-1907 ж.ж.Орыс Революциясы жылдарындағы қазақ қоғамы.
2.Мемлекеттік Думаға сайланған қазақтар.
Теориялық мәліметтер:
Дала мен Түркістан аймақтық парламентарийлерімен, Ресей Мемлекттік Думасының бірінші және екінші шақырылымндағы қазақ депутаттарының тағдырымен, ел үшін еткен еңбектерімен таныстырады. Депутат-қазақтардың Дала және Түркістан аймақтарындағы қоғамдық –саяси өмірі ғана емес, күллі империядағы салмағы ой өлшеміне салынады.
Бұл ғылыми еңбекте Ресей мемлекеттік Думасына депутаттарды сайлау компаниясының жұмысы мен құрылымы сөз етіледі.
Әлуметтік-экономикалық, саяси мәселелердің дұрыс әрі бейбіт жолмен шешілуіндегі парламентаризмнің рөлі мен көрсетіледі.
1. Ахмет БІРІМЖАН -1871 жылы туған, І және ІІ думаларға Торғай облысынан депутат болып сайланған. Екі кластық училищені, Орынбор гимназиясын және Қазан университетінің заң факультетін бітірген. Біраз жылдар Орынбор, Ақтөбе уездерінде сот қызметкері, бітімгер судья болып істеген. Ағартушы –демократ Ыбырай Алтынсариннің туысы. 1906 жылы 2 шілде күнгі Дума отырысында қазақтар арасынан бірінші болып мінберден сөйлеген адам.
2. Сәлімгерей ЖАНТӨРЕ – 1864 жылы туған. І Думаға Уфа губерниясынан сайланған. Кадет партиясының мүшесі, жоғары білімді. Орынбор гимназиясын бітіргеннен кейін Санкт-Петербург универсиетінің заң, Мәскеу университетінің физика- математика факультеттерінде оқыған. Губерниялық земствоның бастығы қызметін атқарған. Өзі башқұрт жерінен депутат болып сайланса да туған халқының мұң-мұқтажын қорғауға үлес қосты. Қазақ халқының болашақта орыстанып кетуінен қауіптенген адам.
3. Алпысбай ҚАЛМЕН-1860жылы туған , І Думаға Орал обылысанан сайланған. Кадет партиясының мүшесі , Орныбор гимназиясын бітірген соң жоғары білім алған, Ішкі Орданы басқару кеңесінің мүшесі болған. Халқының білім алып, отырықшы болуы істері оны үнемі толғандырған. Ана тілінде мектептер ашылуын қолдаған.
4. Дәуіт НОЯН ТҰНДЫТ-1860 жыл туған, І Думаға Астрахань губерниясынан сайланған. Кадет партиясының мүшесі, ауқаты отбасында туып, пташа лицейінен білім алған. Кейін жоғары оқу орнын бітірген. Мемлекеттік Дума мүшелерінің тізімінде жер иеленуші деп көрсетілген.
5. Шәмерден ҚОСШЫҒҰЛҰЛЫ-1869 жылы туған, І және ІІ думаларға Ақмола обылысанан сайланған. Ауыл молдасынан білім алған. Дума мүшелерінің тізімінде ауқатты , бай адам деп көрестілген. Орыс тілін білмейтіндігі себепті ІІ Думаның ресми тізімнен кіргізілмеген. Мұсылман фракциясында болған. Ел ішінде беделді кісі болып, өз қаражатына мектеп ашқан. Халқыты қанушылықтан, езгіден құтқарудың жолын іздеп, түрлі шараларға барған.
6. Әлихан БӨКЕЙХАН -1870 жылы туған, қазақ халқының рухани көсемі. Алаш партиясының және Алашорда өкіметінің төрағасы. І думаға Семей облысынан сайланған. Кадет партиясының мүшесі , алдымен Қарқаралдағы Зариф молда медресесін, одан кейін төрт жылдық қалалық кәсіптік училищені және техникалық училищені бітірген. 1890 жылы Санкт-Петербургтегі императорлық Орман институтыга түседі. Осы жылдарда орыс демократтарымен тығыз араласып, олар Ә. Бөкейханның саяси талаптар жасап, 14,5 мың адам қол қойған «Қарқаралы петициясының» ұйымдастырушысы болды. Үкіметке қарсы үгіт жүргізді деген айыппен полиция 1906 жылы қаңтар айында Павлодар абақтысына қамады. Дәл осы уақытта Думаға сайлау қызу жүріп жатқан. Тек 30 сәуір күні ғана халықтың ноы сырттай Думаға сайлап қойған белгілі болған соң ғана амалсыз босатты. Бұл кезде І-ші Дума өзінің жұмысын бастап кеткен еді. Сөйтіп, халық қалаулысы оның жұмысына тым кеш келеді. Өмірінің соңғы күніне дейін Әлихан Бөкейхан халқының жоғын жоқтап, сол үшін қолынан келгеннің бәрін жасап, қызу күрес жүргізгені белгілі.
7. Темірғали НҰРЕКЕН-1858 жылы туған, ІІ Думаға Семей облысынан сайланған. Бастауыш білімі бар, ауқатты отбасынан шыққан. Осы облыстағы Сәйтен әкімшілігінің болысы болған. Думаның мұсылмандар фракциясына енген. Өзі де көкірек көзі ояу, қажылық парызын да өтеген, діни сауатты адам екен.
8. Тілеулі АЛЛАБЕРГЕНҰЛЫ -1856 жылы туған ІІ Думаға Сырдария облысынан сайланған. Бастауыш білімді, бай адам болған. Думаның мұсылмандар фракциясының мүшелігіне өткен.
9. Мұхамеджан ТЫНЫШБАЙҰЛЫ-1879 жылы туған. Қазақ арасынан шыққан тұңғыш темір жол инженері. ІІ Думаға Жетісу облысынан сайланған. 1890 жылы Алматыдағы ерлер гимназиясына түсіп, оны алтын медальмен бітірген. Сонан соң Санк-Петербургтегі І Александр атындағы Жол қатынасының инженерлерін даярлайтын институтқа түскен. Осы оқу орнында жүрген жылдар оның саяси көзқарасы қалыптасады. 1905 жылғы Петербордағы автономияшылар одағының І құрылтайына қатысып, «Қазақтар һәм азаттық қозғалысы » губернаторлықты жойып, азаматтық басқару жүйесіне көшу, Мемлекеттік Думаға халықтың санына сәйкес мандат беру, арождан, сөз бостандығы беру, баспахана, газет –журналдар ашу, т.б. мәселелерін көтерген. Қазақтың өз еліндегі және шетелдегі саны, қоныстану жиілігі, т.б. зерттеп, ең алғашқы ғылыми –демографиялық еңбек жазған. Кеңес одағы кезінде ол өз маманыдығы бойынша түрлі қызметтер істеді. Бірақ Алаш партиясына мүше болғандығы себепті НКВД соңына шырақ алып түсіп, 1932 жылы тұтқындап, Воронежге жер аударады. Есіл ер сол жақта көз жұмады.
10 Бақтыгерей Қаратай -Әбілқайыр ханның шөбересі .,1860 жылы туған. 2 Думаға Орал облысынан сайланған. Орынбор гимназиясын ,ал 1890 жылы Петербург университетінің заң факультетін алтын медальмен бітірген . Патшаның Әділет министрлігінің бұйрығымен Грузияның Кутаиси қаласына тергеуші болып барған. Бір қызығы, онымен бірге Орал облысынан он сегіз отбасы бірге барады. 189 жылдан туған еліне оралып, адвокаттық қызмет атқарады. Кеңес одағы кезнде де түрлі қызметтер істеген. 1934 жылы, 74 жасында дүниеден өтті.
11.Бақтыгерей Құлман– 1857 жылы туған. I жәнеII Думаға Астрахань губерниясындағы Ішкі Орда қазақтарынан сайланған ауқатты адам болған. Депуттаттардың тізімінде жоғары білімді шенеулік деп жазылған. Мұсылмандар фракциясының мүшесі.
12.Молда Тайынұлы I Жетісу облысынан дәл оның тарайтын қарсаңында сайланған.Сондықтан болса керек оның есімі ресми тізімге енгізілмеген. Ол туралы басқа деректер жоқтың қасы.
Алаш партиясы
Контррев буржуазияшыл –ұлтшыл ұйым(1917-1920) Байлардың ,феодалдар мен жаңадан қалыптасып келе жатқан қазақ буржуазиясының сойылынсоқты 1905 жылы кодет партиясының Қазақстандағы тобы ретінде пайда болды.Оған Ә.Бөкейханов ,М.Тынышбаев т.б қазақтың буржуазияшыл –ұлтшылдары құрды.1917жылы 21-26 июльде (3-8 августь)Орынборда болған «Бүкіл қырғыздық» («Бүкіл қазақтық») съезде «Алаш» партиясы саяси жағынан ресми түрде қалыптасып ,өзін басшы органдарын сайлады.»Алаш»партиясының бағдарламасы пан исламизм ,пан туркизм идиялогиясын уағыздады.
Қазақ автономиясын құру жолындағы қиындықтарды туралы әңгімелейтін құжаттармен деректер жарияланған «Ақтар қозғалысын « өкілдер арасынан одақтастар іздеді,уақытша Сібір үкіметімен ,құрылтай жиналысы мүшелерінің комитетімен ,Түркістан (Қоқан) автономиясымен,Башқұрт ұлтшылдарымен Орал әскери үкіметімен әскери-саяси одақ жасау –Алаш Ордашыларды қандастарын өлімге қиған азамат соғысына қатысуға итермеледі.
Болшевизмнің идеялогиялық артықшылықтарын бекітіп берген Қызыл Әскер жеңісі оларды Қазақ өлкесін басқару жөніндегі Төңкеріс комитетімен одақтасуға мәжбір етті,бұның өзі Кеңес үкіметімен одақтасу болатын.Бұл тақырыпты көптеген ғалымдарымыз зерттеп өздерінің үлкенді-кішілі еңбектерін жазды.Кеңес одағы тұсында жасалған зертеу еңбектері халық арасынан сайланып,елдің мүддесін биік мінберден қорғаған ардақтыларымыздың бәрі «Аты жаман «Алаш партиясының мүшелері болғандықтан,бір жақты қаралау ұстанымымен жазылды.
Белгілі Қоғам қайраткері ,тарих ғылымдарының докторы ,профессор Өмірзақ Озғынбай еді.Ғалым ұзақ жылдар бойы осы мәселені түп ізденісіне түсіп ,өзіміздегі мұрағаттарды ғана емес,Санг-Петербург ,Мәскеу мұражайларындағы деректерді де ақтарып ,қалмай жүргізген зертеулеріне арқасында қазақ даласындағы XX ғасырдың алғашқы жылдарындағы саяси-әллеуметтік ақуалдан бастап ,думаға депутат сайлаудың қалай өткені ,олардың атқарған қызметтері ,көтерген мәселелері жөнінде және осынау Алаш ардақтыларын кейінгі тағдырлары туралы да мол мағлұмат береді.Соңғы мәселеге байланысты Орынбор ,Омбы,Омск,Саратов,Ташкент,т.б қалалардыңда мұражайларында жұмыс істеді .
1905-1906 жылдары сол кездегі қазақ қалаларында «Кодет»,»Нородная сбабода»,»Сосиал демаккраттар»т.б партиялар ресми түрде тіркеліп ,өздерінің үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп тұрған .
Оған қазақтың оқыған зиялыларымен қатар ел арасындағы құлағы түрік,көкірегі ояу көптеген белсенді адамдар да өтіп өз партияларының мәслихатын халық арасына таратып отырған .Ішкі Ресейдегі толқулардың екпіні қазақ қалаларында шарпып ,патшаға қарсы елеуілдермен шерулер Орал ,Перовск,Ақтөбе,Петрапавл,т.б қалалардағы өнер-кәсіп орындарында темір жол жұмысшылары арасынгда жиі болып тұрғаны белгілі.Міне,осынау кезеңде Думаға сайлау болатын туралы заң шыққаны қазақ арасына жетеді.
Әрине бұл жақсы жаңалық еді.Өздерін теңгермей ,жарты кеш санап жүрген үкіметтің енді елдің басты заң шығарушы органының мүшелігіне орын бермеген қазақ арасында жыл келгендей жақсы хабар әкелгені шындық.Жергілікті төрешіл үкіметтің басшылары болса,өздері кемсітіп жүретін қазақтардың жоғарғы үкімет органына сайлану құқығына ие болғанына шек келтіріп,Петербордан басқа бұйрық келіп қалар ма екен деп ойлап,сайлау науқанын ұйымдастыруды көп уақыт қолға алмайды.Жергілікті халықтың қысымымен қолға алынған ол мерзімнен әлдеқайда кеш басталады.Қала берді ол аумақтық бөлініске келгендеде барынша әділетсіз болады.
Реферат тақырыптары.
1. Ресей мемлекеттік Думасы және Қазақстан. (1905-1917)
2. Ресей мемлекеттік Думасына депутаттарды сайлау компаниясының жұмысы мен құрылымы.
3. Әлеуметтік – экономикалық,саяси мәселелердің дұрыс әрі бейбіт жолмен шешілуіндегі парламентаризімнің ролі мен жолы.
Пайдаланатын әдебиеттер:
1. Мұхтар Құл-мұхаммед“Алаш ” бағдарламасы А:2000 ж
2. Ғ.Ахметов Алаш –алаш болғанда естеліктер мен тарихи деректер А:96
3. М. Қозыбаев Ақтаңдақтар ақиқаты А:95
4. М.Қойгелдиев алаш қозғалысы А:95
5. Ғ.Ахметов .Алаш «Алаш» болғанда Естеліктер мен тарихи деректер. А,1996ж.
6. М.Қойгелдиев Алашорда II Егемен Қазақстан 1992 ,18 қаңтар
7. Н.Нұрпейісов .Алаш һәм Алашорада
САБАҚ
№5 Сабақтың тақырыбы: Әлихан Бөкейханов
Жоспары:
1.Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт – азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы.
2. Ә. Бөкейханов Ресей империясының қазақ даласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көз – қарасы қалыптасқан, марксизмнің эканомикалық қағидаларымен қаруланған, үйреніп, білген, күрес – тартыстан біршама тәжірибесі бар саяси күрескер.
Теориялық мәліметтер:
1917 жылы 5–13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында өткен екінші жалпы қазақтардың съезі Алаш автаномиясы аталатын мемлекеттік құрылым үшін күресетіндігін мәлімдеп, оның үкіметін сайлады. Әлемнің алтыншы бөлігін алып жатқан Ресей империясы көлемінде бұл аса зор болмағаны мен отарлық езгідегі қазақ қоғамы үшін оның тарихи маңызы ерекшеленетін. Өйткені бұл қабылдаған шешімдер қазақ елінің ХVІІІ ғасырдан бері өз бостандығы мен теңдігі үшін патшалық билікке қарсы жүргізген азапты күресінің қорытындысын анықтайтын айғақтайтын оқиға еді.
Ұлттық саясатта түптеп келгенде ұлыдержавалық мақсатты көздеген Ресейдегі бұл екі саяси жүйе де ұлттық мемлекеттік идеядан қорықты сондықтанда кеңестік билік тұсында біз қазақ ұлт азаттық қозғалысы қайраткерлерінің өмір жолы мен олардың артында қалдырған шығармашылық мұрасы мен танысу мүнкіндігі мен айырылдық. Азаттық қозғалыс тарихында сондай терең із қалдырған тұлғалардың бірі - Әлихан Нұрмұхаммедұлы Бөкейханов.
2. Әлихан Бөкейханов 1866 жылы бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының жетінші ауылында өмірге келген. Қазіргі әкімшілік аймақтық бөлініс бұл елді мекен Жезқазған облысы Ақторғай ауданы Даратал савхозына қарайды.
Алашорда үкіметінін премьер-министрі, аса көрнекті мемлекет қайраткері, ғалым публицист аудармашы. Әуелі білімді Қарқаралы үш класты мектебімен Қарқаралы училищесінде алған (1879 – 86) Омбы техникалық училищесін (1890) С Петербург императорлық орман институтын (1894) бітірген студент кезінде отаршылыққа қарсы «Зарзаман» тобының жұмысына қатысып, саяси күреске ораласа бастайды. 1894-1908 ж Омбы орман мектебінде оқытушы, Омбы қоныс аударушылар басқармасында қызмет істейді. 1896ж Императорлық орыс география қоғамының Батыс Сібір бөлімшесінің мүшелігіне өтті. 1896-98ж әуілі Тобыл губерниясынсы эканомикасын зерттеуге арналған экспидициясының кейін Ф. А. Изербина экспидициясының құрамында болды. Осы кезеңде ол қазақ елінің эканомикалық жай күйін шаруашылығын, этнографиясын, тұрмыс-салтын материалдық және рухани мәдениетін зерттейді. 1903ж С.П. Швецов басқарған Сібір экспидициясы құрамында болып, қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы – қой өсірудің жай – күйіне арналған іргелі еңбегін жазды. 1905 жылдан бастап қазақ елінің тәуелсіздігі жолындағы саяси күрес ісіне белсене араласады. 1905 жылы Ресей конституциялық демократтар (кадет) партиясына мүше болып, осы жылы Қарқаралыда өткен қозғалысқа басшылық жасап 14500 адам қол қойған петиция ұйымдастыруды осы жылы Орал қаласында Қазақстанның бес облысы зиялылары мен игі жақсылары бас қосқан съездге басшылық жасап бастапқыда Ресей кадет партиясының филалы ретінде құрылған Алаш партиясының іргесін қалады.
ІІ. 1906 жылдың 9 – қаңтарында саяси қозғалыс көсемі ретінде тұтқындалып, Павладар түрмесіне жабылды. Сол жылы Ресейдің І Мемлекеттік думасына мүше болып сайланар алдында түрмеден босатылып саяси күресін жалғастырады. Патша үкіметінің І Мемлекеттік думаны күш пен таратуына қарсы бағытталған «Выборг үндеуін» ұйымдастыруға қатысқаны үшін 1907 жылдың соңында қамауға алынып, түрмеге отырғызылды. 1908 жылы абақтыдынбосатылғаннан кейін Омбыға қайтіп оралған Бөкейхановты патша үкіметі Самараға жер аударады. 1908-15 ж Самарада тұрған кезінде Батыс Қазақстандағы қазақ зиялыларымен бірлесе отырып Алаш қозғалысының жұмысын жандандыра түседі. 1913 жылы А. Байтұасынов, М. Дулатовтармен бірге бүкілқазақтық, жалпы ұлттық баспасөз ұйымы – «Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырады. Саяси партия құру жөніндегі ісінде одақтастар іздеу мақсаты мен 1914 жылы социал – революционерлер партиясымен («ЭССР») жақындасып, 1914 – 15 ж оның басшысы А. Ф. Керенскиймен үш рет кездеседі. 1914 ж С Петербургте өткен Ресейде мекендейтін 10 мұсылман халықтарының өкілдері қатысқан Мұсылман съезіне қатысып, Ресей мұсылман халықтарының орыс отаршылығына қарсы ортақ күрес идеясын ұсынды. Уақытша үкіметтің 1917 жылдың 3 – ңаурызында Торғай облысы бойынша комиссары, ал 7 – сәуірде Түркістан комитетінің мүшесі болып тағайындалды. 1917 жылы Ақпан революциясынан кейін 1917 – жылдың 21 – 26 шілдесінде Орынборда бүкілқазақ съзін өткізіп, Алаш партиясы атқару комитетінің төрағасы болып сайланады. 1917 жылы Қазан революциясынан кейін тәуелсіз қазақ мемлекеті Алаш автаномиясын құру мақсаты мен Орынборда 5 – 13 желтоқсанда Алаш партиясының ІІ съезін өткізіп, Алаш автаномиясын құру туралы шешім қабылдады. Осы съезде «Алашорда» үкіметі құрылып, Бөкейханов жасырын дауыспен оның төралығына саиланды. Алашорда үкіметі Батыс бөлімшесінің қызметіне рухани басшылық етті.
Бақылау сұрақтары:
1. ХХ ғ .басындағы ұлттық интеллигенциясы
2. Алихан Бөкейханов қызметі.
3. Өмірі мен қызметі
4. Шығармашылығы мен еңбегі
5. Қоғамдық қызметі
Реферат тақырыптары:
1. Әлихан Бөкейхановтың ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның экономикасын зерттеуге қосқан үлесі.
2. Әлихан Бөкейханов Қазақстанның қоғамдық саяси және мәдени өмірі.
3. Әлихан Бөкейханов - өмірі мен қызметі.
Пайдаланатын әдебиеттер:
1. Мұхтар Құл-мұхаммед“Алаш ” бағдарламасы А:2000 ж
2. Ғ.Ахметов Алаш –алаш болғанда естеліктер мен тарихи деректер А:96
3. М. Қозыбаев Ақтаңдақтар ақиқаты А:95
4. М.Қойгелдиев алаш қозғалысы А:95
5. Ғ.Ахметов .Алаш «Алаш» болғанда Естеліктер мен тарихи деректер. А,1996ж.
6. М.Қойгелдиев Алашорда II Егемен Қазақстан 1992 ,18 қаңтар
7. Н.Нұрпейісов .Алаш һәм Алашорада
САБАҚ
№ 6,7 Сабақтың тақырыбы: Ә. Бөкейханов.
Жоспары:
1. Ә. Бөкейхановтың ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның эканомикасын зерттеуге қосқан үлесі.
2. Кадет партиясынан шығу себептерін түсіндірген. Ә. Бөкейхановтың “Мен кадет партиясынан неге шықтым” мақаласы.
Теориялық мәліметтер:
Ресей федерациясы құрамында қазақ мемлекетінің сақтап қалуға тырысқан Бөкейханов 1918 жылы наурвзда Семейден тікелей телефон арқылы РКФСР халық комиссарлары кеңесінің төрағасы В. Лениннің Ұлт істері халық комиссаы И .Сталинмен келіссөз жүргізеді. Азамат соғысының аяқталу қарсаңында Алашорданың қазақ халқа арасындаға беделінен қаймыққан кеңес үкіметі қырғыз (қазақ) ревалюциялық комитетінің 1920 ж 9 – науруздағы бұйрығы мен Алашорда мемлекетің таратып , оның басшыларын қуғын сүргінге ұшыратты. Бұл кезде 1922 – 27 ж Бөкейханов Мәскеуде КСРО халықтары орталық баспасының қазақ секциясында әдеби қызметкер болып істейді. 1927 – 37 ж Мәскеуде бірыңғай ғылыми әдеби аудармашылық қызметпен айналысада. Осы мерзім ішінде бірнеше рет саяси айып тағылып, жауапқа тартылған Бөкейхановты 1937 ж тамызында түрмеге жауып, 27 – қыркүйекте ату жазасына кеседі.
3. Бөкейханов экономист-ғалым ретінде орыс тілінде «Қазақ өлкесінің тарихи тағдыры» , «Қазақтар» , «Дала өлкесіндегі қой шаруашылығы», «Қарқарала уезіндегі қазақтардың рулық құрылымы» , «Павладар уезі» және «Адай уезінің қазақтары » атты іргелі ғылыми еңбектер жариалады. Бөкейханов 1894 – 1913 ж «Степной край», «Степной пионер», «Голос степей», «Иртыш», «Семипалатенский листок» , «Тургайская газета», «Туркестанские ведомости», «Оренбургский листок» басылымдары мен Айқап журналы мен тығыз қарым қатынас орнатып, олардың беттерінде өзінің публицистикалық шығармаларын жариялады. Алашорданың органы болған – «Қазақ» ( 1913 – 18), «Сарарқа» (1918) газеттерін, «Абай» (1918) журналын шығаруды ұйымдастырып, Кеңес үкіметі жылдарында «Темірқазық», «Қызыл Қазақстан» , «Жаңа әдебиет», т.б. журналдары мен «Ақ жол», «Еңбекші қазақ», «Советская степь» т.б. газаттері мен жиі араласып, олардың беттерінде «Қыр баласы » , «Ғ Б», «Қ Б», «А Б», «Сын степей» , «Гуземец» деген бүркеніш аттар мен көптеген публицистикалық еңбектерін жариялады.
Бөкейханов қазақ тарихы, әдибиеті мен фольклорын зерттеу ісіне де зор үлес қосты. 1907 ж Абай қазасына арналған «Абай (Ибраһим) Құнанбаев » атты қазанамалық мақала жазып, 1909ж Абайдың ұлы Турағұл Құнанбаев пне Кәкітай Ысқақов дайындаған қазақтың ұлы ақыны – А. Құнанбаевтың бір томдық шығармалар жинағын басып шығарды. Әр жылдары «Қарақыпшақ», «Қобыланды», «Батыр Бекет», «Мырза Едіге», «Роман бәйгесі», «Роман деген кім?», «Ән-өлең және оның құралы» т. б. еңбектерін қазақтардың шығу тегіне арналған «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» этнографиялық сипаттағы «Қазақтардың ас беруі» зерттеулерін жариялады. «Ер Тарғын» мен «Қозы Көрпеш – Баян сұлу»жырларын жинап бастырды. Орыс жазушылары Толстой, Чехов, Короленко, Малин – Сибиряк, француз жасушысы Ги Де Мопассаның шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Бөкейханов 1989ж 16- мамырда ақталып, туған халқымен қайта табысты.
ІІІ. 1937 жылы 27-қыркүйекте КСРО жоғары соты әскери коллегиясыныңнегізсіз үкімі бойынша ату жазасына кесілген Әлихан Бөкейханов 1989 жылы 14- мамырда КСРО жоғары сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан ақталды.
Әр заманның өзіндік көкейтесті мәселелері болған. Әлихан Нұрмұхамедұлы мен оның серіктері өмір сүрген дәуірде қазақ қоғамы алдында тұрған ең өзекті меселе ұлттық теңдік, саяси бостандық еді.
Әлихан Бөкейханов мәселелердің жоқтаушысы ғана емес, бүкіл қазақ елінің саяси қайраткері ретінде осы күрес жолындағы көш бастаушысы да болды. Ұлы қайраткердің соңынан ерген інілерлерінің бірі, азаттықтың тағы бір құрбаны Жүсіпбек Аймауытұлы оған арнау сөзінде: «Қараңғыда қан жылап, қаңғырған күнде басынды қазақ жолына құрбан қылған ағамыз! Өмірінде жүрген жолың біздің інілерімізге жағып қойған шамшырақ » - дегенде асыра айтып қателескен жоқ еді.
Тест тапсырмалары:
1. Орта мектептерге арналған алғашқы алгебра мен география оқулықтарының авторлары кімдер?
А) Сәтпаев пен Бөкейханов
Байтұрсынов пен Аймауытов
В) Жұмабаев пен Дулатов
С) Сейфуллин мен Асфендияроов
2. Бөкейханов.Байтұрсынов, М.Дулатов бастаған қазақтардың демократиялық зиялы қайраткерлері 1916 ж. көтеріліс кезінде парасатты ымыраластық тактикасын ұстануының басты себебі не?
А) Олар елдің амандығын, басқа қырылмауын ойлады.
В) Олар қазақ елі де Ресей құрамында болғандықтан, оның соғыста абыроймен жеңіп шығуына шын көңіл мен тілектес, мүдделі болды.
С) Олар соғысқа қазақ жігіттерін де қатыстыру арқылы, болашақта Қазақ ұлттық Армиясын құруды басты бағдарда ұстанды.
Д) Олар Ресей патша үкіметіне жақсы жағынан көрнінуге тырысты.
3. Ә.Бөкейханов, қызмет еткен «Қазақ» газеті аграрлық мәселеде қандай бағыт ұстады?
А) Жерге мемлекеттік меншікті жойып, оны қазақтардың меншігіне өткізу және жерді сатуға тыйым салу.
В) Жерді мемелекет қарамағына алу және оны жекелеген тұлғаларға жалға беру және сату.
С) Қазақ шаруаларын орыс мұжықтарынан кем қылмай, оларға да солармен бірдей 15 дестянинадан жер беру.
Д) Қазақтарға өз атамекен болғандықтан және шаруашылық ерекшеліктеріне байланысты
4. Санкт-Петербург университетінің заң факультетін бітірген орыс, түрік, ағылшын, француз, поляк тілдерінде еркін сөйлеген қан төгісті жазалаудан кейін Грузияға, Туркияға, Францияға кеткен, кейін Берлинде қайтыс болған кім?
А) Ә.Бөкейханов
М.Дулатов
В) Ә.Бөкейханов
С) А.Байтұрсынов
6. Ә.Бөкейхановтың кадет партиясының қатарынан кетуіне не себеп болды?
А). Уақытша үкімет ұлттық мәселені шеше алмады
Б) Уақытша үкімет аграрлық мәселені шеше алмады.
Г) Кадеттер партия мүшелігіне тек суропалықтарды ғана тартты.
Д Кеңес өкіметін қолдау керек болды.
7. Торғай облысының Уақытша үкіметінің космиссары кім болды?
А) Ә.Бөкейханов
В) С.Сейфуллин
С) М.Тынышбаев
Д) М.Шоқай
Пайдаланған әдибиеттер.
Мәмбет Қойгелдиев«Ұлттық саяси элита» А. 2004ж
Мұқтарқұл Мұхаммед «Алаш Бағдарламасы қиянат пен ақихат» А. 2000ж.
Ғалым Ахмедов «Алаш – Алаш болғанда» А. 1996ж.
М. Қойгелдиев «Алаш қозғалысы» А. 1995ж.
САБАҚ
№8,9 Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынов.
Жоспары:
1. “Қазақ” газетінің редакторы қызметі .
2. «Революция және Қазақтар» еңбегінде Ахмет Байтұрсынов қандай мүддені көздеді.
3. А. Байтұрсынұлының жазушылар ұйымы жөніндегі көзқарасы.
4. А. Байтұрсынұлы – гуманист күрескер.
Теориялық мәліметтер:
Қазақ білімі мен ғылымының Хантәңірі атанған халқымыздың бір туар перзенті Ахмет Байтұрсынұлының өз халқының алдында сіңірген еңбегі туралы аз жазылған жоқ және алдағы уақыттада жазыла берері сөзсіз. Өйткені, Ахмет Байтұрсынұлы бүкіл саналы өмірін ұйықтап жатқан халқын қараңғылықтан оятуға, отарлық езгіден құтқарып, бостандыққа жеткізуге арнады. Әсерлеп айтпай-ақ турасын айтқанда сол жолда жанын құрбандыққа берді.
Бүгін біз ұлы тұлғаның саяси күрестегі өмір белестерінің бір кезеңі оның Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитеттің мүшесі ретінде қызметіне тоқталмақпыз.
1919 жылдың шілде айынан 1920 жылдың қазан айына дейін жұмыс істеген Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет өз қолына Қазақстандағы әскери-азаматтық біріктіру мен ұйымдастыру, орталық кеңнстің биліктің қарулыларын іске асыру, жергілікті кеңестердің қызметін бақылау, қазақ өлкесін шаруашылық және мәдени жағынан көтеру, жергілікті маңыздағы пайда болған барлық мәселелерді шешу, жалпы сьездің қарауына және бекітуіне қазақ автономиясы туралы жобаны дайындау, қазақ өлкесі мен Ресей федерациясы және Түркістан кеңестік республикасы арасында қарым-қатынасты реттеу міндеттерін іске асыруы қажет еді.
Таптық қарсылықтан туындаған Азамат соғысының бел ортасында құралған бұл Ревкомның алдында жоғарыда аталған міндеттерімен қатар, Ресей империясының кезіндегі „бөлшекте де, билер бер” саясатының салдарынан жанжақты бөлшектеніп кеткен байырғы қазақ жерлерін біріктіру, жинастыру сияқты қасиеттті де, қажырлы жұмыстар тұрған еді.
1919 жылы Кеңес өкіметі кешірім жариялағаннан кейін Алашорданың шығыс бөлігі кеңес өкіметі жағына шығып, оның кейбір көрнекті мүшелері кеңестік қызметтерге тартылды. Бұдан былайға өзінің -әрекетін, халқының жарқын болашағы кеңес өкіметімен байланыстырғылары келіп, өз еркімен кеңестер жағына шыққандардың бірі –Ахмет Байтұрсынұлы болатын. Бар жоғы он бес айдай жұмыс істеген революциялық комитеттің құрамына кірген –Ахмет Байтұрсынұлы оның белді мүшесі болып, төрағаның орынбасары ретінде ревком шешкен, қараған барлық мәселелерге белсенді араласып, өзінің ұлт мүддесін қорғауға бағытталған ұсынысын –пікірлерін батыл білдіріп отырғанын ревкомның құралған кезінен бастап, автономияға айналғанға дейінгі бүкіл қызметінен мол хабар беретін ревком мәжілістерінің хаттамаларынан анық байқауға болады .
Қазақ автономиясын құруға дайындық барысында үлкен талас тудырған мәселенің бірі жер мәселесі болды. Әсіресе, Ақмола мен Семей облыстары, Қостанай уезі үшін Сібір ревкомымен арадағы талас-тартыс барысының алдыңғы шебінде Ахмет Байтұрсынұлы тұрды.Ревком 1991 жылғы 12 қыркүйектегі мәжілісінде Сібір ревкомына қарасты Челябы губерниясының құрамына берілген Қостанай уезін Қазақ өлкесіне қайтару жөнінде мәселе қарайды. Ресей империясы кезіндегі әкімшілік территориялық бөліс бойынша Қостанай уезі орталығы Орынбор қаласы болған Торғай облсының құрамында болды. Азамат соғысы жылдарында Қостанай уезінің еліміздің батысындағы Орынбормен байланысы нашарланғаннан кейін уезд 1919 жылы Бүкілресейлік Орталық атқару комитетінің шешімімен Челябы губерниясының құрамына беріледі. Қазақ жерлерін біріктіру жұмысын бастағанда шовинизммен уланған Сібір ревкомы басшылары Қостанай уезін Қазақстанға қайтаруға қарсы шықты. Мәжілісте қабылданған қаулыда Қостанай уезін Қазақ ревкомының құрамында қалдыру жөнініде орталық билікке жеделхат жолдау және үш күн ішінде Қостанай уезін Қазақ ревкомының құрамына қалдырудың қажеттгі туралы баяндама дайындауды Ахмет Байтұрсынұлына тапсырылады. Ахмет Байтұрсынұлына бұл баяндама дайындауды тапсыру оның білімділігі мен өз көзқарасын табанды қорғай алатын қазақ жері тарихының білгірі екендігі ескерілсе керек. 1919 жылы 16 қыркүйекте дайындалған баяндамасында: Ахмет Байтұрсынұлына Қостанай уезін байырығы қазақ жері екендігін басты негізге ала отырып, уездің тұрмыстық және экономикалық жағынан Торғай облысының басқа уездерімен сондай-ақ , Сырдария Қазалы Перовск уездерімен де өте тығыз байланысып жатқандығын дәлелдеп берді. Сонымен қатар Қостанай уезінің тарихы географиялық жағынан да Қазақстанда қалдырылуы керек екендігіне назар аударады . Ахмет Байтұрсынұлының баяндамасы негізінде ревком 16 қыркүйекте Халық Кмиссарлар Кеңесіне Қостанай уезінің Қазақстанға қайтарылуының саяси экономикалық жағынан тиімділігін ұсынған баяндама жолдайды. 1919 жылы қараша айында ревком төрағасы С.С. Пестковский Кеңестердің 7-бүкілресейлік сьезіне байланысты Москвада болғанда сьезден кейін ревком алдында тұрған көптеген мәселелермен қатар , Қостанай уезі жөніндегі мәселені де шешуге тиіс болатын. 1919 жылы қараша айының 21 күні блоған ревкомның мәжілісінің қаулысы бойынша Москвадағы сьезге Пестковскиймен бірге Ахмет Байтұрсынұлы барсын деген қаулы қабылданады . Бірақ бұл кезде белгілі бір себептерге байланысты Ахмет Байтұрсынұлы аталған сьезге бара алмай қалады.
Қазақ өлкесін басқару жөнінде революциялық комитеттің 1920 жылы 10 сәуірде болған мәжілісі де көңіл аударарлық Мәжілісте Қостанай уезіне және Қазақстанның басқада талас тудырып отырған жерлеріне байланысты А. Байтұрсынұлын Москваға іс сапарға жіберу керек пе мәселені Москвадан төраға Пестовский келгенше кейінге қалдыра тұр керекпе деген пікірталас өрбиді.Ревком мүшесі Седельников қордаланған мәселені шешу үшін тез арада А. Байтұрсынұлын Москваға жіберуді табанды түрде ұсынып, бұған дейін Москвада бірнеше рет болған Пестовский ештеңе шеше алмады, оған үміт арттырудың қажеті жоқ деген ой айтады. Т. Седельниковтың А. Байтұрсынұлын Москваға тез арада жіберу керек деген ойының екінші бір себебі ревкомның өз ішінде алдағы құрылғалы жатқан қазақ кеңестік автономиясының құрылымы мен әдіс тәсілдері жөнінде қарам-қайшылық күшейіп келе жатқан болатын. Бұл кезде Москвада жүрген ревком төрағасы Пестовскийдің өзі байланыс арқылы ревком мүшелерімен сөйлескенде БОАК – нің жанындағы қазақ ревкомының тұрақты өкілдігін қайта құру үшін, Қазақстандағы материалдық және қаржылық жағынан қамтамассыз етуді жақсарту мақсатында оның қызметін күшейту үшін беделді тұлға А. Байтұрсынұлының тез арада Москваға келуін жатқанды. Сонымен 1919 – жылы сәуір айында Москваға аттанған
А. Байтұрсынұлы кеңес елінің басшысы В.И. Ленинмен кездескенде Қазақ жерінің шекарасын айқындау барысында талас тудырып отырған Семей мен Ақмола обылыстары, Қостанай уезі. Орынбор губерниясын экономикалық, саяси, тарихи, этнографиялық тұрғыдан қазақстанға қосудың тиімділігін нақты көрсетіп, Ресей империясы кезінде қазақтардан тартып, орыс шаруаларына дәлелдеп береді. Жалпы бұл талас тудырған даулы жерлер 1920 жылы тамыз айында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы құрылғанға дейін де, бірнеше рет талқыланғаны белгілі. А. Байтұрсынұлы байырғы қазақ жерлерінің біртұтастығын сақтау жолында табанды түрде күрескен және соған қол жеткізуі жолында бар күш жігерін аямаған нағыз халқын сүйген қайраткер болды. Яғни, ата-бабаларымыздың қа.нымен орныққан қасиетті жеріміздің териториялық тұтастығын қайта қалпына келтіру жолындағы күресте А. Байтұрсынұлы еңбегі де зор. Ревком мүшесі ретінде А. Байтұрсынұлының саяси қызметінің екінші бір қыры оның ақ гвардияшылар жағында кеңес қарсы күресіп жүрген Алашордалықтарды кеңес үкімет жағына тартуда көрінді. Әрине бұл іс әрекеттер бірден іске асып, оңайлықпен орындалған жоқ. Қолына қару алып, бір-біріне қарсы күресіп жүрген екі қарсыластарды ымыраластыру үшін қаншама тер төгу қажет еді.
1919 жылы 4 сәуірде Бүкілресейлік Орталық атқару комитетінің қаулысында алаштықтарға амнистия жарияланып, қаулыда аталған: Аталған мәжілісте А. Байтұрсынұлы ұсынысы мақұлданып, қабылданғанымен де кешегі Алаш қайраткерлеріне деген сенімсіздік, оларды қуғындау әрекеттері жалғасты.Қайраткерлеріне деген сенімсіздік, оларды қуғындау әрекеттері жалғасты . Мәселен Ревком өзінің 1920 жылы наурыз, тамыз айларында болған мәжілістерінде Семей , ақмола облыстарында қазақтың ұлттық зиялы өкілдерін кешегі саяси қызметтері үшін қуғындаулар тоқталмай отырғандығы жөнінде мәселе қаралып , бұдан әрекеттердің аймақта кеңес өкіметін орнатуға кедергі жасалып отырғандығы айтылады. Тіпті А. Байтұрсынұлының өзіне Қазрпевкомның құрамында жұмыс істеу оңайға түспегенін бағамдаймыз. Большевиктер Еуропада ымырашұыл саясат ұстанып, байқап қимылдаса, Азияда орталықтан келген өкілдер жергілікті большевиктермен санаспастан, белден басып, ұлт мәселесінде ұлы державашыл шовинизмді ұстанды. Мәселен орталықтан жіберілген Түрік комиссиясы мен Түркістан республикасы басшыларының арасындағы айтыс тартыс Мәскеуге дейін жеткен. Осындай айтыс тартыстар Қазревком ішінде де жүріп, орталықтың өкитем өкілдері жергілікті халық өкілдеріне тізесін батыруға тырысты. 1919 жылы қазан айының 28-і күні Ревком мүшесі Лукашевтің ісі жөнінде мәселе қаралып, анайы хаттама толтырылады. Хаттамада Түріккомиссияның, үркістан майданының революциялық әскери кеңесінің және Қазревкомның біріккен мәжілісі аяқталғаннан кейін ревком мүшесі В. Лукашов мәжіліс барысында өзінің тарапына қарай айтылған А. Байтұрсынұлы сөзін қайтып алмайтынын, өзінің ойында қалатынын айтқанда В. Лукошев, А. Байтұрсынұлына тақап келіп жағдайды қауіпті болып бара жатқандығынан ревком мүшелері Мендешов, Сидоров, Пестковскийлер оның қолынан қаруын тартып алып, сыртқа алып кетеді. В. Лукашов сияқты кейбір ревком мүшелерінің ақ гвардияшылар жағындағы Алашорданың батыс бөлігін соғыс арқылы талқандауды белсенді жақтауы айтыстың басты, өзегі болуы әбден мүмкін екендігін жоққа шығармаймыз. Осы оқиға жөнінде оқиғаның басы қасында болып, өз көзімен көрген Түркістан майданының қолбасшысы М.В. Фрунзе 1919 жылы 30 қазанда Ленинге былай деп жеделхат жолдапты:
“..Қазревком әрекетсіз және орыс – қазақ екі жақ. Пестовский ревкомға басшылық ете алмай отыр. Ревком мүшесі Лукашев мәжіліс үстінде Байтұрсыновты револьфермен атуға оқталды, біз оны Москваға қайтарып жіберуге мәжбүр болдық. Егер Казревкомдағы жолдастар талап етсе оны соттау керек ” Казревком мүшелері А. Байтұрсынұлының, С. Мендешовтың және Бегимбетовтың батыс басшыларымен бірнеше рет жүргізілген келісөз барысында оларды өкімет жағына тартуға мүмкіндік туып, 1920 жылы 5 наурызда Қазревкомның қаулысы бойынша батыс Алашорда үкіметі таратылады. Батыс Алашорда қайраткерлерін қантөгіссіз кеңес өкіметі жағына шығаруды А. Байтұрсынұлының қазақтар арасындағы беделі, саяси қайраткерлер ретіндегі өмір тәжірибесі септігін тигізгені дауыссыз.
Тест тапсырмалары:
1. А.Байтұрсынов пен М.Сералин қай аймақты республика құрамына қосу қажеттігін дәлелдеді?
А) ) Қостанай
Б Павлодар
В) Орынбор
С) Ақмола
2. ХХғ. «Қазақ атты» апталық газеттің ұйымдастырушы редакторы кім болды?
А) А.Байтұрсынов
Б М.Дулатов
В) М.Шоқай
Д) М.Тынышбаев
3. «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» деп кім жазды?
А) ) А.Байтұрсынов
Б Ә.Бөкейханов
В) С.Садуақасров
С) М.Жұмабаев
4. Қазақ алфавитінің реформаторы кім?
А) А.Байтұрсынұлы
Б) Ә.Бөкейханов
В) М.Дулатов
С) А.Құнанбайұлы
5. «Қазақ» газетінің (1913 ж) редакторы кім?
А С) А.Байтұрсынов
Б Б.Майлин
С.Сейфуллин
Д ) М.Дулатов
6. А. Байтұрсыновтың әкесінің аты
А. Шошақ
Б. Жылқыайдар
В. Тоқтабай
Г. Тұрлыбай
7. Өздерінің Кеңес үкіметіне жолдаған жазбасында Қостанай аймағын Қазақстан құрамына қосу қажет екенін жан-жақты дәлелдеп қайраткерлер?
А) А.Байтұрсынов, М.Сералин
Б Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов
В) Ә.Бөкейханов, М.Дулатов
Д) С.Қожанов, Т.Рысқұлов
8. Криловтың 40 мысалын қазақ тіліне аударып шыққан қайраткер.?
А) А.Байтұрсынов
Б М.Дулатов
В) П.Алтынсарин
Г) Т.Рысқұлов
9. Ахмет Байтұрсынов қай жылдары «Қазақ» газетінің редакторы толып жұмыс істеді. .?
А) 1913-1917ж
Б) 1909-1912ж
В) 1913-1916ж
Г) 1909-1915ж
10. «Қазақ» газетінің редакция алқасының мүшелігіне кім кірмейді
А) А.Байтұрсынов
Б) М.Дулатов
В) Ә.Бөкейханов
Г) С.Сейфуллин
11. А.Байтұрсынов пен М.Сералин қай аймақты республика құрамына қосу қажеттігін дәлелдеді?
А) Павлодар
В) Орынбор
С) Ақмола
Д) Петропавл
Е) Қостанай
12. ХХғ. «Қазақ атты» апталық газеттің ұйымдастырушы редакторы кім болды?
А) М.Дулатов
В) М.Шоқай
С) А.Байтұрсынов
Д) М.Тынышбаев
Пайдаланатын әдебиеттер тізімі:
1. Ахмет Байтұрсынов шығармалары Өлеңдер,Аудармалар,Зерттеулер.А»Жазушы»1991ж.
2. Ахмет Байтұрсынов «Ақ жол» А «Жалын» 1991ж.
3. Мұқтар Әуезов. «Қазақ әдебиеті» 23.12.1988 ж
4. Мұқанұлы Сәбит «20-ғасырдағы қазақ әдебиеті»,1-бөлім ,Ұлтшылдық дәуірі .1932,
«Қазақстан» баспасы..
5. Ахмет Байтұрсынов 5-1 том А.»Алаш» 2003ж.
САБАҚ
№ 10 Сабақтың тақырыбы:Ахмет Байтұрсынов.
Жоспары:
1. (1873 - 1937) Ұлы Қазан ревалюцисянан көп бұрын – ақ, ағартушы, ғылыми – лингвист, түріктанушы, орыс поэзиясының шебер аударушысы.
2. “Қазақтың Ламаносовы” деп дәріптеуі.
Теориялық мәліметтер:
1873 жылдың 28 (15) – қаңтарында қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Сарытүбек ауылында туып, «халық жауы» деген жаламен 1938-жылдың 8-желтоқсанында атылған.
Тұңғыш қазақ тіл білімі ғылымының негізін қалаған адам.
Тұңғыш әдебиеттану ғылымының негізін салған ғалым.
Араб харіпіндегі тұңғыш төте жазу әліппиін жасаушы;
Тұңғыш тіл ғылымына және әдебиеттануға қатысты қазақ терминдерін жасап, ғылыми айналымға түсіруші.
Ахмет 1873 жылы Торғай облысы, Торғай уезінде Тосын болсында туған, сүйегі Арғын, оның ішінде Үмбетей болады.
Бергідегі аталары – Үмбетейден шыққан Шошақ Ахмет- Шошақтың немересі. Өз әкесінің аты - Байтұрсын. Ахметтің туып- өскен ауылы , қыр қазағының ұғымынша ол кездегі Үмбетейдегі іргелі, аталы ауылдың бірі болған. Оның үстіне белгілі батырдың тұқымы болғандықтан, Ахаңның жақындарының ішінен батырлықты, мықтылықты салт қылған ірі мінезді адамдар көбірек шыққан.
Ахаңның әкесі баласын өзге ағайындары түскен жолға түсірмей, өнер – білім үйретпекші болып, жас кезінде Торғайдағы екі сыныптық орыс- қазақ мектебіне берген.
Сол мектепте оқып жүріп, 13-ке келгенде әкесі Байтұрсын үкімет алдында « Жазықты » кісі болып, Сібірге айдалып кеткен. Мұның себебі Тосын болысының сайлануына шыққан Тотғай уезінің басшысы « Кәрі ояз » атанған Яковлев Үмбетейге бұрыннан көптігін көрсетіп, зорлығын көрсетіп жүрген Дәуітбай тобына болысып, соның сөзін қостап, бұларға қиянат қылғандықтан, Байтұрсын Кәрі оязды сабап, басын жарған.
Байтұрсынның айдалған себебі сол. Бұл оқиға Ахметтің соңғы кездегі « Анама хат » деген өлеңінде бала күндегі жүргеніне қандай әсер бергендігін көрсетеді.
Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп,
Бітпеген жүрегімде бар бір жарам,
дегені сол күнде әкесі көрген бейнеттен қалған белгісі. Торғайдағы алғашқы түскен школын жастай бітірген соң тағы ілгері оқуды талап қылып, Ахмет Орынбордағы мұғалімдік мектебіне түскен. Әуелгі мектебінде де соңғы Орынбор мектебінде де сабақтас балалардың алды болып, жақсы оқыған. Мұғалімдік мектепті 4 жыл оқып, жасы 19-ға кегенде, 1982 жылы оны да бітірген. Оқуды бітірген соң ел ортасына барып, қазақ балаларын оқытпақ ниетпен Ақтөбе уезі, Батпақты болсындағы Ахметкерей Қопсыбақовтардың ауылындағы ауылдық мектепке барып оқытушы болған. Мұнда біраз уақыт болған соң Қостанай уезіндегі Әулиекөл деген жерде болыстық мектепте екінші рет оқытушы болған. Әуликөлден үшінші рет ауысып барған мектебі Қостанай қаласының өзіндегі екі сыныптық орыс-қазақ мектебі . Бұл айтылған үш мектепте неше жылдан тұрғаны бізге белгісіз. Жиыны үшеуін де төрт жылдан тұрып 1986 жылы Омбыда, Ақмола, Семей мектептерін басқарып тұрған Алекторовпен хабарласып Омбыға барған.
Ахметтің Қостанайдан кетуіндегі себептерінің көбі бізге белгісіз, бір себебі, қазақтың басқа жерлердегі хал-жағдайын көріп білу болса керек. Омбыға барып Алекторовпен көрісуі Ахметтің кейінгі күндері адамшылығы мен ісіне екі түрлі әсер берген.
Біреуі, Алекторовтың қазақ турасындағы отаршылдық саясатының басын біліп, көздеп жүрген мақсатын сезген болар.
Ильминскийдің жолымен қазақтың көзін ашу үшін осы оқу керек деген саясатын тұтынып үргендігін сөздерімен білдірген Алекторовтың ниетімен жақын келіп танысқан соң, Ахмет қазақ халқының жағдайының ауырлығын ұғып, ел турасындағы түкпірлі ойлары сол кезде ояна бастаған.
1905 жылы Қарқаралыда Ахметпен біраз оқығандар бас қосып кіндік үкіметке қазақ халқының атынан (арыз-тілек) жіберген, ол арыз тілекте аталған үлкен сөздер, бірінші, жер мәселесі. Қазақтың жерін алуды тоқтатып. Екінші қазақ жұртына земство беруді сұраған; үшінші отаршылдардың орыс қылмақ саясатынан құтылу үшін, ол күннің құралы барлық мұсылман жұртының қосылуында болғандықтан, қазақ жұртын муфтиге қаратуды сұраған. Арыз-тілек қылған мәселелер осылар.
1905 жылдағы арыз-тілек берген адамның бәрінің атын жиып, үстінен белгілі доностарын жүргізе бастаған. Бұлардың бейнеті көпке созылмай-ақ аз күнде еңбегі жанған. Қазақтың өзгеріс уақытында түзілуді ойлап, тура бетпен жүірген азаматтарының бәрі де үкіметтің қырын қабағына ілініп, абақтыға түсе бастаған.
Сол доностың арқасында Ахметті алты жолдасымен абақтыға салған.
Қарқаралы тұтқында аз уақыт отырған соң «жазалыларды» Семейге айдаған. Он екі жыл өмір өткізіп еңбегі жанбай айдалып бара жатқанда Ақаңның қайғылы көңілінен шыққан ауыр сөздерінің бірі :
Қош сау бол Қарқаралы, жуылмаған
Айдай бер, қалса адамың қуылмаған,-
Семейде сегіз ай абақтыда отырған соң бір жарым жылға айдау ретімен Орынборға келген. Орынборда сол тұрған жылдарындағы ниет қылған бетінен тайынбай, бұрынғыдан ащырақ күштірек тілмен «масаны» жазған.
1917 жылдың төңкерісіне дейін Ахметтің уақыты «Қазақ» газетімен бірге өтті. Бұдан да «Қазақтың» сатылған тілмаштары жасаған донастары аз болған жоқ.. Әлденеше рет «Қазақты»жаппақ болып, штраф төлеткен, Ахметті абақтыға салмақ болған күндері белгілі.
Ахметтің денсаулығын ойлап, халін ойлаған жолдастары абақтығы жатқызған жоқ.. Үкіметтің тілеген штрафын беріп, босатып алды.
Ахмет ашқан қазақ мектебі, Ахмет тілеген ана тілі, Ахмет салған әдебиеттегі елшілдік ұраны- «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ
баласына істеген еңбегі, өнер-білімі, саясат жолдарындағы қажымас қайратын біз ұмытсақ та тарих ұмытпайтын істер болатын.
Ахмет Байтұрсынұлы «Масадан» кейін өлең жазған жоқ.
Қазақ әдебиетіне Ахметтің еңбегі өлең жазудан гөрі тіл жағынан көп сіңді. Ахметті тарих өлеңінен гөрі тіл жағынан көп бағалайды.
Осы сияқты әр тілдің айдауында жүрген қазақ балаларына қазақ тілімен кітап жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргесін қалаған алғашқы адам - Ахмет Байтұрсынұлы. Ахметтің тарихи еңбегі бағаланбай қалмауы мүнкін емес.
Бұны плолетариат та бағалайды.
1929 жылы Ахмет Байтұрсынов ұсталғаннан кейін ендігі кезек сүйген жары Бәдрисафа мен қызы Шолпанға келді. «Халық жауының әйелі мен қызы» деген атаққа ұшыраған Бәдрисафа мен Шолпан Астанаға қуылды.
Ахаңның шаңырағының астаң-кестеңі шықты . Тінту өте қатаң түрде жүргізілді. Ахметтің бүкіл кітапханасы, жазған-сызғандары қоқысқа лақтырып жыртылды.
Қажетті дегендерді таңдап теріп алып, ОГПУ қызметкерлері жерден жеті қоян тапқандай қуанды.
Ахметтің халқына арналған қазынасы осылай ОГПУ қолында кете барды. Ахмет Байтұрсыновқа тиесілі барлық асыл қазына, бағасыз мұра Бәдрисафа мен Шолпанға бұйырмай, олардың көз алдында жыртылды, тапталды. Көп ұзамай бір - екі күн құйтыртқы сұрақтар мен жәбірленіп жандары жараланған анасы мен қызы Сібірге жер аударылды.
Томск қаласында ОГПУ- дың ерекше бақылауына алынды. Бұл 1929 жылдың жазы болатын.
1936-1937 жылдардың құйыны басталды. А. Байтұрсыновта 1937 жылы 8-октябрьде тұтқындалып, содан қайтіп оралмады. Сөйтіп көрнекті ғалым, әдебиетші қасірет кездің құрбаны болып кете барды. Оның атына, еңбектеріне ұзақ жылдар бойы тиым салынды.
Әдебиеттану ісіне А. Байтұрсыновтың қосқан үлесі аса мол. Қазақ тілі мен көркем сөзі, сана-салты, дүние танымы Ахмет Байтұрсыновты семинарияда оқып жүген кезінен қатты қызықтырғанға ұқсайды, өйіткені ол Орынбордағы мұғалімдер дайындайтын семинарияны бітірген. 1895 жылдың өзінде «Тургайская газетаның» 39-санында «Казахские предметы и пословицы » деген мақала жарияланған. Бұл оның баспа бетін көрген алғашқы еңбегі.
Қазақ филологиясының әдедиеттану саласында А. Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» (1926) атты кітабының ерекше маңызы бар. Бұл әдебиеттің тарихы мен теориясы туралы қазақ тіліндегі тұңғыш көлемді де салмақты қазақ тарихын, этнографиясын, тұрмысы мен әдет- ғұрыптарын терең білетіндіктен, А. Байтұрсынов Торғай, Ақтөбе, Бөкей ордасы, Қарқаралы өлкесінің әндерін жазғанда көп жәрдемдесті тамаша екі күйді, тіпті өз орындады.
Қазақ халқының мәдениеті, оның тарихы, қалпы, келешегі туралы толғаныстар А. Байтұрсынов еңбектерінде көп ұшырайды.
М. О. Әуезов бір мақаласында А. Байтұрсынов 1923 жылы «Мәдениет тарихы» атты кітаптың қолжазбасын тәмандағаны туралы да хабарлаған.
А. Байтұрсынов қазақ ауылындағы әулеттік теңсіздіктің, таптық шиеленіс-қақтығыстардың себеп-салбарына терең бойлай алмаса да, еңбекші халыққа, олардың ауыр халіне көңіл бөліп аяушылық сезім білдіреді, ауыр халге төзіп, көніп, үндемей жүре бермей, адамдық қасиетті қорғауды қалайды.
А. Байтұрсыновтың өмірі мен қызметі туралы алғашқы басылған мақалалардың бірі РКП (б) - ның Орынборлық комитетіне мүшелікке алу туралы өтінішіне байланысты жазылды («Известия», 1920 жылы 16 апрель ).
Реферат тақырыптары:
1. Ұлтымыздың рухани көсемі А. Байтұрсынұлы
2. Өмірі мен қызметі
3. Білім саласындағы еңбегі
4. А. Байтұрсынов. Қазақ ревкомындағы қызметі.
5. А. Байтұрсынов отаршылдыққа қарсы күрес идеясы.
Пайдаланатын әдебиеттер:
1. Ахмет Байтұрсынов шығармалары Өлеңдер,Аудармалар,Зерттеулер.А»Жазушы»1991ж.
2. Ахмет Байтұрсынов «Ақ жол» А «Жалын» 1991ж.
3. Мұқтар Әуезов. «Қазақ әдебиеті» 23.12.1988 ж
4. Мұқанұлы Сәбит «20-ғасырдағы қазақ әдебиеті»,1-бөлім ,Ұлтшылдық дәуірі .1932,
«Қазақстан» баспасы..
5. Ахмет Байтұрсынов 5-1 том А.»Алаш» 2003ж.
САБАҚ
№ 11,12Сабақтың тақырыбы: Мұхаметжан Тынышбаев.
Жоспары:
1. Жетісу обылысындағы босқын қырғыз – қазақ жайындағы
2. М. Тынышбаевтың мәліметі.
3. ІІ мемлекеттік думаның депутаты.
4. Қазақ шежіресін зертеуші.
5. Инженер тарихшы.
Теориялық мәліметтер:
М. Тынышпаев сияқты ірі тұлғаны тарихтан ойып алып тастау немесе оның халқына сіңірген өлшеусіз еңбнгін жоққа щығару біздер үшін өте үлкен күнә болған болар еді. Лепсі уезі бастығының құптауымен 1890 жылы жіберіледі. Қарт Тынышбай баласын генерал Колплковскийдің қазақ балаларына арнап ашқызған гимназия ішіндегі пенсионатқа әкеп тапсырады. Бұл туралы архив материалдарында : “1890 жылдың август айында Верный гимназиясының дайындық курсына түсіп, он жыл болып және ҮІІІ класта бір жыл оқыды”
1900 жылы гимназия бітіруші он сегіз түлектің ішіндегі жалғыз қазақ М. Тынышпаев алтын медальмен бітірген төртеудің бірі болады. 1900 жылдың 31 майында гимназияның мұғалімдер советі оның орыс тілі, логика, латын тілі, математика, физика, тарих, география және француз тілі пәндерінен өте үздік бағалар алғанын айта келе мынадай шешім қабылдайды:“... ереже негізінде мына оқушылар алтын медальмен наградталады: Бенько, Куневичь, Тынышпаев және Фрунзе”. Гимназия бітірушілердің тәртібі бойынша, гимназия директоры Вахрушевтің атына жазылған арызында Мұхамеджан : “.. менің император І Александр атындағы Жол қатынасы инжинерлері иститутына түсуді қалайтындығымды Сізге мәлім етемін”, - дейді. Петербургке оқуға жүрейін деп тұрған М. Тынышпаевқа гимназия дирекциясы өте жақөсы мінездеме береді.
Осы жерде айта кететін тағы бір жай: Мұхамеджанмен бірге бітірген К. Фрунзе өзінің інісі Михайл Фрунзе туралы естелігінде : “...біз гимназияда таризтан, философиядан және жаратылыстану ғылымдарынан қосымша мағлұмат беретін “дебиеттермен танысып отырдық”, деп атап өтеді. Бұл үйірмеден Мұхамеджанда сырт қалмаған болуы керек.
Сол кездегі Петербургтегі І Александр атындағы Жол қатынасы инжинерлерін дайындайтын иститутқа тек орыстардың дворян балаларын қабылдайтын еді. Түркістан өлкесінен келген қыр баласына иститут оқытушылары сенімсіздікпен қарап, қабылдау емтиханына дейін бірнеше комиссиядан өткізеді. Кейін өзінің бір естелігінде Мұхамеджан осы комиссиялардың емтихандарынан мүдірмей өтуіне үлкен пайдасын тигізгенін айтады. Оқу барысында 1906 жылға дейін Жетісу губерниясының қазынасынан Тынышпаевқа стипендия төленіп тұрған. Прогресшіл идеялар орталығы болған петербургте жас Мұхамеджан Бірінші орыс ревалюциясының куәгері болды. Бұл болашақта тлық зерттелуге тиіс мәселердің бірі.
1906 жылы институты бітіріп келген М. Тынышпаев Орта Азия темір жол құрылысына инжинер болып жұмысқа орналасады.
1907 жылы 28 жасында Жетісу губерниясынан Екінші Мемлекеттік думаға депутан болып сайланды. Дума құрамына Қаратайев, Тынышпаев сияқты дала депутаттары кірген мұсылман фракциясыда социал-демократиялық фракция сияқты Дума мінбесінен патша өкіметінің аграрлық , отаршылдық саясатын сынады. Патша өкіметі бұл “тілазар ” Думаны таратуға қажетті сылтау іздей бастады.
Екінші Дума таратылдғаннан кейін Тынышпаев темір жол құрылысына қайиып келіп, ерекше бөлімнің инжинері болып тағайындалды.
1911 жылдан бастап Урсатьевск-Андижан станциясындағы темір жол құрылысың бастығы және бас инжинері болып қызмет атқырды.
1914 жылы Жетісу темір жол құрылысына жұмысқа ауысады. Мұнда ол Арыс станциясынан Әулие – Атаға дейінгі құрылыс бөлімінің бастығы және бас инжинері қызметінде болады.
1916 жылы қазақ даласын дүр сілкіндірген ақ патшаның июнь жарлығы ұлт-азаттық қозғалысының басталуына себеп болды. Қазақтың көптеген алдынғы қатарлы прогресшіл қөзқарастағы азаматтары сияқты Тынышпаев та халықтың ауыр тағдырын бірге көтеру үшін февральдің басында туған жері Ешкіөлмеске келеді. Келген заматта тұтқынға алынған Мұхамеджан өзінің тергеу кезінде берген жауабының бір нұсқасын генерал – губернаторға жібергізеді. Бұл берген жауабында Тынышпаев ұлт-азаттық қозғалысқа дейінгі қазақ халқының мұқ-мұнтажын, жергілікті патша әкімшілігі мен қазақтардың арасындағы шиеленіскен қайшылықтарды, патша чиновниктерінің жүгенсіздігін , зорлық – зомбылығын ашып көрсете келе: “...Мен жоғарыда қырғыз (қазақ-ред) өміріне өзгерістер енгізген орыс өкіметі мен қырғыздың (қазақ) арасындағы қатынасты сипаттайтын мәліметтерді келтірдім... осыдан кейін біз куә болған қайғылы уақиғалардың шығуына қалай ғана таңырқауға болады және бұған жалғыз қырғыхдардың (қазақ) айтпауға бола ма?”-дейді. Көтерілістің шығу тегін түсіндіріп губернаторға хат жазғандағы Тынышпаевтың мақсаты – осы кезде қазақ даласында бейбіт ауылдарды қанға бояп жүрген жазалаушы экспедицияларды ауыздықтау еді.
1917 жылы февраль , онан кейін Ұлы Октябрь ревалюциясы Ресейді және оның құрамындағы отар елдерді мекендеген барлық халықтың өміріне түбегейлі өзгеріс алып келді.
1917 жылдың 26 ноябрінде қоқанда шығарылған мұсылмандардың өлкелік төтенше ІҮ съезінде жарияланған “Қоқан автономиясының ” күйзеліске ұшырауына байланысты халық қанын нақақтан төккізбеу мақсатымен Тынышпаев осы өкіметті таратуды талап етіп, Хожиковпен бірге Ташкентке келді.
В.И. Лениннің нұсқауы бойынша, байырғы интеллегенцияға кешірім жасағаннан кейін Тынышпаев 1921-1922 жылдары Түркістан өлкесінің жер-су Халкомының су шаруашылығы қызметін атқарады. Тынышпаевтың осы кезеңге байланысты өміріне жарық беретін мына бір документті келтірейік. “Удостоверение Дано настоящее бывшему сотруднику комиссии товарищу Тынышпаеву в том что он на службе в органах государственным размежением был назначен в Особую Комиссию ВЦИК по землеустройству на должность ст. Совета, находясь в указонных должносьтях по 1-ое мая ”. Осы қызметімен қатар 1924 жылдан бастап қазақтың тұңғыш жоғарғы оку орны болған Таншкенттегі Қазақ халық ағарту институтында алгебрадан, геометриядан және физикадан сабақ берген.
Осы кезде, 1919 жылы декабрьде Орынборда “Қазақ өлкесімен қазақ халқының геграфиялық тарихи және этнографиялық жағына ежелдегі және таяудағы өткендегісін зерттеу” мақсатымен құрылған Тарних статистика бөлімінің мүшесі белгілі тарихшы Чулошниковтың қазақ халқы тарихының екі томдық еңбегімен танысады. Жоғарыда айтылған тарихшының мардымсыз жанжақты, зерттелмеген , дұрыс талдау жасалынбаған еңбегін сынға алады. Мәселен сол еңбектің ҮІ – тарауына : всерьез утверждает что, “узбеками произваны шайзвольных людей ”, и что другая шайка других вольных людей, оброзоваашайся поздне называлась “казаками”. Его “о казаках” до джанибекского периода нечто вроде высказал вельяминов-Зернов то по здашнему кругу знании о происхождении казакох забыла еще понятно , от автора подводяшшего научное или всему прошлому о казахах мы вправе требовать большего. Вопрос а шайках настолько несерезный и повсяком случая не науяной что не стойт даже астонавлевается на нем”, - деп автордың қазақ халқының шығу тегін дұрыс түсінбегендігін, басты тарихи оқиғаларға дұрыс назар аудармағандығын кітаптың 4/1 бөлігінің қазақтарға еш қатысы жоқ екенін айта келе тағы : “в виду изложенного мигу Чулочникова, так солидный научный труд рекомендавать мы не можем”- деп қорытынды жасайды.
Түркістан тарихын зерттеуде үлкен еңбек сіңірген белгілі тарихшы В.В. Бартольд “Серезное изучение... края еше находится впереди и главная роль при этой работе должна принадлежать месным деятелям”,-деп жергілікті тарихшылардың болашағына үлкен үмітпен қарады. Өз кезегінде бұл тарихшылар Бартльдты құрметтеп, ұстаз тұтқан. 1925 жылы бұл ғалымның “Туркистан в эпохы мангольского нашествие ” деген докторлық диссертациясының 25 жылдығына арнап “Бартльду, Туркистанские друзья, ученики и почитатели”- деген жинақ бастырды. Осы еңбекее “Ақтабан шұбырынды ” деген зерттеуінде М. Тынышпаев былай деп атап өтеді:”Этот важнеишии момент в исторической жизньи казахов почти неизучен , если не счетать кратких упаменании онем Левшина и нашего заслуженного учителя по историй Средней Азии Бортольда ”. Қазақ тарихын зерттеуде елеулі үлес қосқан Тынышпаевтың баспа бетін көрген және қолжазба түрінде сақталып келген еңбектері болашақта жинақ болып басылады деген үміттеміз.
1925-1926 жылдардағы қысқа мерзім ішінде Тынышпаев осы Қызылордадағы қызметімен өзінің таланттты инжинер екенін көрсетіп қана қоймай тамаша ұйымдастырушы екенін де байқатты.
Құрылыс жұмысының аяқталуына байланысты КазАССР ХКС мен ОАК-і өзінің келесі мәжілісінде “Құрылыс жұмыстарының аяқталуына байланысты... 1926 жылдың 1-ші январьдан бастап бас инжинердің қызметі қысқартылсын” – деп қөаулы шығарды.
Осы кезде яғни 1926 жылдың 26 ноябрінде БК (б) ПОК Түркісіб темір жол магистралін салу жұмыстарын түзету жөнінде шешім қабылдады. Бұл құрылысқа жан-жақтан белгілі инжинерлер : Березин, Шатов, Перелман және осы құрылыстың тікелей маманы жергілікті жер – су жағдайын жақсы білетін инжинер Тынышпаев шақыртылады. РСФСР ХКС-і председаделінің орынбасары Т. Рысқұлов Қызылордадағы Қазақстан басшылары : Н. Нұрмақоатың Голошекинге жазған телеграммасында “инжинер Тынышпаевті білгір маман ретінде Көмек комитетімен Жол қатынастар комиссариатының Құрылыс комитетіне қосымша енгізуді ұйғардық өз пікірлеріңізді хабарлаңыздар. Млсква Кремль 18- декебрь. 1926 ж”- деп хабарлайды. Алайда Голошекин бастаған өлкелік партия комитеті Қазақ совет интелегенциясының, оның ішінде алаш Орда қозғалысына бұрын қатысқан кейін ревалюция ісіне адалдықь көрмсеткен адамдардың творчествалық потенциалын толық пайдалана алмады. Оларды қуғын – сүргінге салып, тағдырларын тәлкекке түсірді.
Голошекиннің қарсылығына қарамастан Ұлы магистральдың алғашы жобасының авторы болған дарынды инжинерді Т. Рысқұловтың ұсынуымен жоғарыда аталған комитеттер құрамына кіргізді. Оны 1927 жылдың январында Рұсқұловтың Алматыдағы Тынышбевқа жіберген телеграммасынан көруге болады. “Сіздің ХКС-ң Көмек комитеті және ЖҚК-ң Құрылыс комитеті құрамына енгіздік. Алдын ала Москвада дайындық жұмыстарын жүргізу керек. Егер қарсы болмасаңыз қай уақытта шығатыңызды хабаолаңыз. Нұрмаховпен келісімге РСФСР ХКС-і председателінің орынбасары Рысқұлов ”.
Қазақ даласына экономикалық прогресс әкелген жұмысшы табының үлкен мектебіне айналған, І-ші бес жылдық қорытындының негізгі көрсеткіші болған Түркістан Сібір темір жолын салуды, сол салада жас ұлттық кадрлар дайындауда Тынышбевтің еңбегі ұланғайыр.
Осындай қыруар еңбегіне қарамастан жалған жаламен 1932 жылдың 22 апрелінде тұтқынға алынып, Воронежге жер аударылды. Айдауда жүріп 1933-1937 жылдар аралығында Москва –Донбас темір жол салу құрылысында инжинер болып істейді. Осы жалған айыпты 1959 жылдың 29 Сентябрьдегі ҚазССР Жоғары Сот үкімі жоққа шығарады: “Постонавление бывшей тройки при ПП ОГПУ Казакстане 20 апреля 1932 году в отнешении Тынышпаева Мұхамеджана отменено и дело производства прекрашенно за отсутствием застава преступления”.
1937 жылдың басында айдауда елге оралған Тынышпаев денсаулығының нашарлығына байланысты жұмыс істемеді. 1937 жылдың 21 ноябрінде қайта ұсталынып елде басталған ІІ репресияның құрбанына ұшырайды.
Тынышпаев 1879 жылы 22 мамырда Жетісу облысы, Лепсі уезі, Мақаншы - Садыр болысындағы Жалынды тауының дүниеге келген.
1890 жылы 14 тымызда Верный қаласындағы Ерлер гимназитясына оқуға қабылданды.
1900 жылы 21 жасында гимназияны алтын медальмен бітіреді.
1900-1906 жылдары император І Александр атындағы Птербург Жол қатынасы инжинерлері корпусы иститутының студентті.
1905 жылы Профессор Бодуэн-дэ Куртэнэмен (поляк) А.А. Кусов пен (украин) журналист В. Жаботинскиймен (еврей ) бірігіп автономист- федералистер одағын құрды.
1905 жыл 19 қарашада Петербург қаласында автономист-федералистердің эсерлік одағының І съезінде “Қазақтар және азаттық қозғалыс” атты баяндама жасады.
1905 жыл Бүкіл қазақ халқының атынан Ресей Министірлер Комитетінің төреағасы С.Ю. Витте ге хат жазды.
1907 жылы сәірде Жетісу түземдіктері атынан екі Мемлекеттік Думаға сайланады.
1908 ж 1 тамызда Ашхабат қаласында Жол қызметі дистанциясы бастығының көмекшісі.
1911 ж Урсатьевске-Андижан станциясының Темір Жолд құрылысының бастығы әрі бас инжинері.
1912 ж Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов және М. Дулатовтармен бірігіп, “Қазақ ” газетін шығаруға қатысты.
1914 ж бастап Жетісу темір жол құрылысында болды.
1914-1915 ж “Қазақ” газетінде “Қазақ инжинері” деген бүркеніш атты көптеген мақалалар жазып отырды.
1916 ж Жетісу жеріндегі көтеріліске ат салысты. Патша өкіметінің қазақ даласындағы отаршылдық саясаты туралы белгілі мәлімдемесін (“его происходителству господину Туркистанскому генерал-губернатору”) жазып қалдырды.
1917 ж 6 сәуірде Уақытша үкіметтің қаулысымен Түркістан өлкесін (Самрқанд, Сырдария, Ферғана, Закаспий, Жетісу облыстарымен Хиуа, Бұхара ) басқаратын Түркістан комитетіне мүше болып тағайындалады.
1917 ж 24 сәірде О.А. шкавскимен бірге 1916 жылғы көтерілістің зардабын жою үшін Жетісуға іссапарға жіберілді.
1917 26 қарашада Қоқан қаласында ІҮ Төртінші өлкелік Мұсылмандар съезіәнде Бүкіл үкімет билігі М. Тынышпаев басқаратын уақытша үкіметі (министірлер кеңесі) мен 54 мүшесі бар Халық билігі кеңесіне берілді.
1917ж 28 қараша “Түркістан автономиясының төреағасы болып сайланды”
1932 ж 20 сәір. 2370 іс бойынша РКФСР қылмыс кодексінің 58/7 ,58/11 және 58/3 баптарымен тармақтарымен айыпталып, басында 5 жыл мерзімге (1930 жылдан бастап есептеліп) қамау туралы үкім шығып, Воронежге жер аударылды. От басымен Воронежле тұрды. Мұнда Москва –Донбас темір жол басқармасының өндірістік техникалық бөлімі тобының жетекшісі және жобалау бөлімінің инжинері болып істейді.
1935 ж көктем -жаз. Жер аударылу мерзімі аяқталып, елге оралды.
1935-1937 жж Гурьев Қанды ағаш темір жолы құрылысында істеді.
1937ж 21 қараша. Өзбек ССР –і Ішкі Істер Халық Комисариаты тұтқынға алды.
1938 ж 20 сәірде. Тынышпаев ресми құжаттар бойынша “атылды”.
1958 ж 28 ақпан қазССР Жоғары Соты Тынышпаевтың қылмысы жоқтығы туралы шешім қабылдады.
Тест тапсырмалары:
1. Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы қызметін Ж.Шаяхметов қай жылдары атқарды?
А) 1939-1954 жж
В) 1941-1953 жж
С) 1943-1948 жж
Д) 1946-1955 жж
Е) 1948-1954 жж
2. Жетісу облысында уақытша үкметінінің комиссары кім болды
А) М.Тынышбаев
Ә.Бөкейханов
В) М.Шоқай
Д) А.Бірімжанов
3. Т. Рысқұловтың білім алуына қаржылай көмектесіп болашағына жол сілтеген досы
А. М. Тынышпаев
Б. С. Мендешев
В. Ә. Жангелдин
Г. М. Саматов
4. Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы қызметін Ж.Шаяхметов қай жылдары атқарды?
А) 1941-1950 жж
В) 1941-1953 жж
С) 1943-1948 жж
Д) 1948-1950 жж
5. Түрксіб темір жолының жобасын жасағандардың бірі, белгілі қоғам қайраткрі, алғашқы қазақ инженері, өлкетанушы ғалым кім еді ?
А) М. Тынышбаев
Б. Қаратаев
С А. Ермеков
Д Х. Ғаббасов
Пайдаланатын әдебиеттер.
1. Қозыбаев М. Тарих зердесі І –ІІ томдық Алматы: Ғалым, 1998 -5 бб
2. Қазақ әдебиеті. 1991 -22 -29 наурыз
3. Тынышбаев М. Материалы к истории киргиз –кайсахского народа. Ташкент: 1925г. -66с.
4.Тынышбаев М. Великие бедствия... Ташкент 1927г. -152с.
5. «Қазақ» 1916 №166,
САБАҚ
№ 13 Сабақтың тақырыбы: Мұхаметжан Тынышбаев.
Жоспары:
1. ІІ Мемлекеттік Думаның депутаты, Қоқан автономиясының басшысы, Алашорда үкіметінің мүшесі.
2. М. Тынышбаевтың 1905 жылғы төңкеріске қатысуы.
Теориялық мәліметтер:
Ұлт – азаттық қозғалыстың осы көрнекті өкілдерінің қатарына мұхамеджан Тынышпаевтың 1879-1938 ж орны ерекше екені мәлім. Ол қазақтың тұңғыш теміржолшы инжинері. Кезінде Санк-Петербургтегі Жол қатынасы инжинерлер институтын бітірген. Инжинер Тынышпаев Жетісу темір жолының жобасын жасауға, кейін оның құрылысына қатынасып, тыңнан түрен тартқан кәсіби маман. Орталық езгіні көщімен көріп, қазақ жерлерінің талам - таражға салынуына халқыгның құқығын қорғауға белсене шыққан студент Тынышпаев кейін, 1905-1907 жж Ресей ревалюциясы кезінде қазақ халқының атынан Мемлекеттік Думаға тұңғыш рет сайланған ұлт өкілдерінің бірі. 1917 ж Ақпан ревалюциясынан кейінгі құрылған Ресей империясы Уақытша үкіметінің Түркістандағы комитетінің мүшесі, Жетісу облысының комисары М. Тынышбев сол жылы қарашаның аяғында құрылған Қоқан Автономиясы үкіметінің алғашқы төреағасы болды. Оның алаш Орда үкіметіндегі қызметі ерекше еді.
Құрамында Тынышбев бар Алашорда үкіметі 1918-1920жж қамтитын осынау шиеленіске толы кезеңде екі жаққа бірдей соғыс алаңы болған туған жерді қан төгістен қазақ елі дербестігін қалпына келтіруге елдің амандығын сақтауға, бар мүмкіндікті пайдаланып бақты. Алашорданың жетекшілерінің бірі болған Тыншбаев осы мақсатты ту етіп, Ә. Бөкейханов, Ғаббасов, Мәрсеков, Танашев және Қозбағаровтармен бірге бір-бірімен күшпен алмастырған әр түрлі орыс үкіметтерімен жүргізілген келіс сөздерге де белсене қатысты.
Тынышпаевтың өмірімен қызметі туралы Бөкейханов, Байтұрсыноа, Дулатов шығарған “Қазақ” газеті 1917 ж 247 санында “Мұхамеджан Тынышпаев – ІІ Гасударственный Дума ағасы , инжинер. Саясат ісіне жетік халыққа таза жолмен қашаннан қызмет етіп жүрегн алдынғы қатар зиялы азамат” деп көрсетіп, оның 1905, 1916 және 1917 жж қоғамдық саяси қызметі туралы “Мұхамеджан қазақта бір болса өзі , екі болса екншісі кісі екендігі ” – деп бағалайды. Сол сияқты “Семреченские ведмости” газеті де қөұрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат Тыншбаевты “1905ж Ревалюциялық қозғалысқа араласқан Жетісу қырғыздары арасынан бостандық пен ревалюция идеяларын үгіттеп таратқан облыстан шыққан тұңғыш қырғыз ” деп сипаттайды.
Азамат соғысы аяқталғаннан соң, бұрынғы Алаш қозғалысы қайреткерлерінің басына күн туған кезде Тынышпаев өзінің кәсіби мамандығы бойынша Темір жол құрылысында еңбек етті. Оның бұл қызметке сеніп жіберілуіне Тұрар Рысқұловтың себепші болғаны белгілі. Аса қабілетті қазақ инжинерінің қолтаңбасы қалған Түркісібтің күні бүгінгі дейінгі Халық шаруашылығы күре тамыры болып отырғанын ескерсек Оның тарихында Тынышпаевтың еңбегі зор.
Алматы қаласындағы Транспорт және Комуникация академиясына М. Тынышпаевтың есімі берілуі талантты инжинердің қызметінің құрметті белгісі деп білеміз.
Тынышпаев қазақ халқының тарихының келелі мәселелерін тоғаған зерттеулерде жазып жариялатқан. Ғалым мұрасының маңызды бөлігі осы ғылыми талдаулары. Ол халқымыздың тарихының күрделі, бұрын зерттелмеген кезеңдеріне арнап дерек көздері бай ғылыми тұрғыдан негізделген іргелі еңбектер қалдырды. Мысалы, “Қырғыз қазақ руларының шежіресі”, “Қырғыз қазақтырдың шығу тегі”, “Қазақ этнонимы туралы ”,”Алтынорданың күйреуі” және “Қазақ хандығының құрылу тарихы ”, “Ақтабан шұбырынды ” және т.б еңбектері әлі күнге дейін өте құнды. Ғылыми айналымда кеңінен қолданылып келеді. Кеңес заманында тарихшы ғалымдар Тынышпаев еңбектеріне жүгінп, оның қазақ руларының шежіресіне, таңбаларына қатысты жазғандарын дерек көзі ретінде пайдаланса да сілтеме жасап көрсете алмағаны да рас.
Кеңестік саяси жүйе құрбаны Тынышпаев 1930 жж Воронеж облысына жер аударса, 1937 ж қайтадан тұтқынға алынып, атылып кетті. М. Тынышпаев халқына қайта ор\алғаннан бері уақытта 1993 ж оның шағармалар жинағы орыс тілінде жеке кітап болып жарық көрді.
2001 ж “Арыс” қорынан Тынышпаевтың шығармалар жинағы жарияланды. Ол туралы зерттеулер жазылып, кандидаттық диссертациялар қорғалды.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі орталық ғылыми кітапханасында шығарыла бастаған “Ұлы тұлғалар ” сериясы бойынша әзірленген бұл жинақтан оқырман Тынышпаевтың өмірімен қызметі туралы мол мағлұмат алары сөзсіз.
Реферат тақырыптары:
1. М.Тынышбаев
2. Өмірі мен қызметі
3. Шығармашылығы мен еңбегі
4. Қоғамдық қызметі
5. М.Тынышбаев - өлкетанушы
6. Этнографиялық қызметі
Пайдаланатын әдебиеттер:
1. Қозыбаев М. Тарих зердесі І –ІІ томдық Алматы: Ғалым, 1998 -5 бб
2. Қазақ әдебиеті. 1991 -22 -29 наурыз
3. Тынышбаев М. Материалы к истории киргиз –кайсахского народа. Ташкент: 1925г. -66с.
4.Тынышбаев М. Великие бедствия... Ташкент 1927г. -152с.
5. «Қазақ» 1916 №166,
САБАҚ
№ 14,15 Сабақтың тақырыбы: Халел Досмұхамедұлы.
Жоспары:
1. Халел Досмұхамедұлының ұлттық мектептердің жүйесін құруға , қазақ тіліндегі ғылыми терминология жасау ісіне ат салысуы.
2. Қазақ педагогика инистутының негізінде Қазақ мемлекеттік университетін ашуға, соның ұйымдастыру жұмыстарын атқаруға белсене араласуы оның бірінші проректоры қызметі.
Теориялық мәліметтер:
Досмухамедов Халел(24,4,1883,Қызылқоға ауд,-23.4.1939)-Алашорда көсемдерінің бірі,ғылым, публист.Орал реалдық училещесін үздік(1903),С-Петербург Императорлық Әскери академиясын алтын медалмен (1909)бітірген. 1903-13ж.Пермь губерниясында 1-Түркістан,2-Орал орыс қазақ атқыштар батальонында әскери дәрігер,1913-17ж.Темір уезінде дәрігерлік қызмет атқарды. Д.1905 жылдан бастап саяси күреспен айналыса бастады. Осы жылдың желтоқсан айында Қазақстанның бес облысының игі жақсылары бас қосқан Оралдағы жиынға қатысып, қазақ халқының тәуелсіздігін ту еткен Алаш қозғалысының жұмысына белсене араласады. 1913 жылы әскери дәрігерлік қызметін тастағаннан кейін біржолата Алаш қозғалысына ден қойып оның саяси қызметіне араласа бастаиды. 1913 жылы “Қазақ”газеті ұйымдасқанда оның тұрақты авторы ретінде қатысып отырды. 1917 жылдың Ақпан ревалютсиясыннан кейін Д. Қазақстанның батысында Алаш қозғалысын өрістетіп, 1917ж-19-22 сәуірінде өткен,
800-ден астам делегат қатысқан Орал облыстық сьезінің жұмысына белсене араласып,облыстық камитет мүшелігіне саиланды. 1917ж.1-11 мамырда Мәскеуде өткен Бүкілресеилік мұсылмандар сьезіне делегат ретінде қатысып бүкілресеилік саяси күреске тартылады.1917ж21-26 шілдеде Орынборда өткен бүкілқазақтық сьезге төреғалық етіп,онда Бүкілресеилік құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылды.1917жылдың 5-13 желтоқсан күндері Орынборда өткен бүкілқазақтық сьезіне төрт адамның бірі ретінде сьездің тең төреағасы болып сайланып, 15-адамнан тұратын “Алашорда” үкіметінің мүшелігіне өтеді. “Алашорда” тапсырмасы бойынша Д.Жаhанша Досмухамедовпен бірге 1918 ж.РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің төреғасы В.И.Лелин және Ұлт істері Халық комиссиясы В.И.Сталинмен Алашорда және Кеңес үкіметінің арақатынасына байланысты келісөздер жүргізілді. Азамат соғысы жылдарында Алаш қозғалысының бір орталыққа бағынған біртұтас қызметін жүргізу қиынболып қатысып,2-Бүкілқазақтық сьезде (5-13 желтоқсан 1917) Алащорда үкіметіне мүше болып сайланды.1917-18ж.Алаш автономиясы Уақытша Сібір үкіметі, Комуч,Башқұрт үкіметі, Сібір облыстық думасы, Уфа директориясы атыннан Колчактың Омбы үкіметімен келісөздер жүргізді.
1918ж2-сәуірде Ә. Бөкейханов және Х.Ғаббасовтармен бірге Семеиден тікелей байланыс арқылы большевиктер үкіметінің басшылары Халық Комиссарлар Кеңесінің төреағасы В.Лелин,Ұлт істері Халық комиссары И.Сталинмен Алаш автономиясын тану жөнінде келісөздер жүргізеді.1919ж.Алашорда үкіметі күшпен таратылғаннан кеиін Семеи губрекованың мүшесі, кеиін Қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери-рев крмитетінің мүшесі әрі төреағасы болып қызмет атқарды. 1920 ж17 тамызда Лелин төреағалық еткен мәжлісте болашақ ҚАКСР шекарасын белгілеу мәселесі бойынша баяндама жасап, қазақ жерінің тұтастығын қорғап қалды. 1921-22жҚарқаралыда халық ағарту ісімен айналысып,1923ж Томскидегі оқуын бітіреді.1924-25жСемей губ.атқару комитеті мен губ.жоспарлау комитеті төреағасының орынбасары,1925-26жҚАКСР Мемлекеттік жоспарлау комитет төреағасының орынбасары қызметтерін атқарды.1926 жылдан біріңғайғыл.-педагоктык қызметке көшіп,Қазақ жоғары пед.ин-да оқытушы, жаратылыстану математика ф-тінің деканы(1926-28),Қазақ мемл.ун-тінде (1930 жылдан Қазақ пед.ин-ты)доцент,Қазақ мемл.зоотех.-мал дәрігерлік ин-да доцент,проф. Кафедра меңгерушісі (1929,1932-35).Қазақ тау-кен металургия ин-тында проф,математика және теориялық мехарика кафедрасының меңгерушісі (1935-37) Кубышев жоспарлау институнда кафедра меңгерушісі (1938) Шымкент техналогия ин-да математика кафедрасының меңгерушісі(1947-48)Қарағанды тау-кен ин-тының аға оқытушысы (1955-58) қызмет атқарды.1958 жылдан кеиін ғыл.-педагогтык қызметтен біжолата шеттетілді.
Е.Кеңес үкметіне комунистік репресиялық жүиеге қарсы қызметті Алаш партиясын құрысып Алашорда үкіметіне мүше болғаны үшін бір неше рет жазықсыз жазаға тартылды. 1930-32ж М.Әуезовпен бірге екі жыл түрмеде отырады. 1938-47жрепресияға ұшырап сталиндік лагерде азап шегеді,бір жылғы үзілістен кейін 1948 ж қамауға алынып 1955ж деиін түрмеде отырады.
Е.жоғарғы математикалық сталистика ықтималдық теориясы математикалық терминалогия мәселелері жиынтығы бірқатар ғыл. Еңбектермен естеліктердің авторы.
Бақылау сұрақтары:
1. Халел Досмұхамедов қызметі.
2. Өмірі
3. Қызметі
4. Мұрасы
Пайдаланатын әдебиеттер:
1. М. Жолдасбекұлы, А. Сейдімбек, Қ. Самюраұлы «Ел тұтқа» Астана 2001ж
2. Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. Алматы «Ататек» 1995, 186-187- б.
3. Иночкин В,Карин А, Азалы кітап.Орал ,2001.75-б.
б)қосымша
4. Мақсат-Тәж-Мұрат. Батыс Алаш Орда.Биобиблиографиялық сөздік тәжірбиесі. Ақтөбе .2003. 93-б.
5. Төгісов К. Шығармалар жинағы. Алматы , «Алаш»,2003.22-бет.
САБАҚ
№ 16 Сабақтың тақырыбы: Жаһанша Досмұхамедұлы.
Жоспары:
1.1917 жылы 21 – 26 шілдеде Ж. Досмұхамедовтың Орынборда өтетін І жалпы съизені Орал қазақтары атынан қатысуы.
2. 1918 жылы мамыр айында Жымпитыда өткен IV Орал облыстық съйезінде төреғалық етіп. Осы съиезде “Ойыл уәлаяты” Уақытша үкіметінің төреғасы болып сайланды.
Теориялық мәліметтер:
ХХ ғасыр басында қазақ қоғамында өз халқының егеменді ел болуын көксеген Батыс Алашорда үкіметін құрушы азаматтың бірі-Жаһанша (кейбір деректерде Жаһаншаһ деп көсетілді.-Р.М.)Досмұхаммедов.
Ол 1886 жылы Жымпиты (қазіргі Сырым) ауданының Бұлдырты елді мекенінде дүниге келген. Жаhаншаның туған жылы турасында мұрағат құжаттар мен ғылыми әдебиеттерде әр түрлі мерзім көрсетіліп жүр.Мәселен,Мемлекеттік,Қауіпсіздік,мемлекетінің мұрағатына алған құжаттар «Досмұхаммедов Жақаншақ-қазақ .Партияда жоқ (айыпталған уақытта 44жаста ).1930жылы 31-шіқазанда Мәскеудегі «мал шаруашылығы»басқармасында аға экономист қызметін атқарып жүрген кезінде ,бұрынғы қазақ КСР ППОГУұйымдары арқылы Алаш партиясының ұйымдастырушыларының бірі және Алаш орда үкіметінің бұрынғы мүшесі болды»деген айыппен қамауға алынды»деп келтірілсе,алРесей Федерациясы Әділет министрлігінің Мәскеу қалалық сотынан алынған анықтамада «188жылы бұрынғы Орал облысы,Жаметай ауданында туып өскен» деген мәліметтер келтіріледі.
Ж.Досмұхаммедов 1896жылы Орал қаласындағы реалдық әскерт уеличесіне түсіп,оны1904жылы үздік бітірді.1906жылы белгілі қоғам қайраткері, заңгер Бақытжан Қаратаевтің ақылымен Санк-Петербург университетінің заң факултетіне түсіп,бұл оқу орнында орыс және Батыс ғалым заңгерлерінің озық ойлы еңбектерімен танысып, қазақ тәрізді кереге биліктен азматтық заңды билік түріне көшудің аса қажет екендігін ұғынды.
1911жылы Жаhанша Санк-Петербургт Императорлық университетінің заң факультетін үздік бітіргеннен кейін Оралға келіп, заңгерлік қызметке орналасады. Алайда, «Оарлски листок» газетіне қазақ халқының бұрыннан шешімін таппай келе жатқан жер мәселесі туралы мақала жариялап, жерге қатысты ойын ашық айтқанын сескенген Орал генерал губернаторы оның қызметін ауыстырып,Том қаласына жібереді,сөйтіп Жаһанша 1911жылдан1917жылдың ақпанында дейін Том қаласында әуелі адвокаттық қызмет кейіннен Том округтық сот прокурорының орынбасары қызметін атқарады.
1917жылы Ресейдегі ақпан революциясыннан кейін Ж.Досмұхаммедов саяси белсенділік танытып, қоғамдық жұмыстарға араласа бастайды.Ол уақытша қазақ комитетінің арнайы шақыруымен Оралға келіп,1917 жылдың 19-22сәуір аралығында өткен Қазақ Орал облыстық сьезіне қатысады.Сьезде уақытша үкметтің төрағасы болған Хабдулла Әлібеков-4- наурыз 19- ақпан аралығында атқарған қызметі жайында есеп беріп сиезге «призидум сайлау» турасындағы ұсыныс айтады.аталмыш сиезге қатысушы 800 делегат тарапынан Жаһанша бірауыздан сиез төрағасы болып сайланды. 1917 жылдың 19 мамырында шыққан «қазақ»газетінде бұл жайында: «Жұрт бір ауыздан прецедателдікке Жаһанша Досмұхановты серіктікке –Алпысбай Кәлменовты,Ғабдулла Әлідековты,хатшылыққа төрт кісі сайлаған.Прзидиум сайлауы біткен соң председатель Досмұхаммедов Алаш ұранды халықты құттықтап, бостандық бекуін тілеп, бостандықты әперген ерлермен таныстырды » деп жазылды.Бұл сьезде Орал қазақтары үшін аса маңызды жер,дін, азық түлік, бірқатар қарарлар қабылданды.
Ж.Досұхаммедов осы сьезде Мәскеуде өтетін бүкіл Ресейге мұсылманмен сьезіне делегаттыққа сайланады.
1917жылы 1-11ші мамыр аралығында Мәскеуде өткен бүкіл Ресейлік мұсылман сьезіне қазақ облыстарына,Түркістан,Кавказдан,Сібірден,Хиуа мен Бұқарадан және т.б.жерлерден 830-ға тарта делегат қатнасты.Батыстан Ж.Досмұхаммедов пен бірге Х.досмұхаммедов,Ғ.Әлібеков,У.Танашев,А.Темеріов сияқты қазақ зиалылары қатысқан.
Бүкіл Ресейлік мұсылман сьезіне қаралған басты мәселелер оқу ағарту,жергілікті басқару,жер,дін,әйел,Ресейдің мемлекеттік құрылысы,Ресейлік мұсылмандар кеңесін құру болды.
Мұсылман сьузінің қарағында бүкіл мұсылман істерін басқарып тұратын «Шура-И-Ислам»болсын деген қаулы қабылданды. «Қазақ»газетіне жарияланған «Шура-И-Ислам»атты мақалада бұл жайында: «Шура-И-Ислам»ағзасының бар саны-30. Оның10-ы ноғай,7-іТүркістандықтан ,5-іқазақстаннан, 2-іқырымнан,қалғандары Кавказ һәм Литвадан.Бірақ бұлар өкілдерін бір жола елден сайламақ болған.30-ағзаның ішінен 12-ікісі басқарушы болып Шура –И-Ислам жұмысын атқарып тұрмақ» деп жазды.13-ші мамырда бүкіл Ресейлік мұсылмандар кеңесі жиналыс өткізіп,Жаһанша Досмұхммедовты Шура-И-Ислам комитеті төрағасының орынбасарлығына сайлайды. Бүкіл Ресейлік мұсылмандар кеңесінің атқару комитетінің құрамында Жаһаншамен бірге Уалитхан Анашев,Зәки Валиди,Көлбай Төгісов және Ғ.Ходжаевтар болды.
1917жылы 21-26 шілдеде Жаһанша Досмұхаммедов Орынборда өткен І жалпықазақ сиезіне Орал қазақтары атынан қатысады.
Халел Досмұхммедовтың басшылығымен өткен бұл съезге Ақмола ,Семей,Торғай, Жетісу,Сырдария,Ферғана облыстары мен Ішкі Бөкей Ордасынан өкілдер қатысты . Съезде Құрылтай жиналысына депутат сайлау мәселесі көтеріліп, Орал мен Манғышлақ облыстарынан сайланатын депутаттардың тізімі жарияланды . Сондай-ақ, Ә.Бөкейханов ,У Танашевпен бірге Ж. Досмұхамедов та тамыз айында Киев қаласында өтетін федералистер съезіне белгілі бір себептермен 8 қыркүйекке қондырылды . «Сарыарқа » газетінде жарияланған Орал облысы Атынан Құрылтай жиналысына сайланған депуттатар тізіміне Ж. Досмұхамедов турасында: «Жаһанша Досмұхамедов- өзгеріске шейін Томск окружной сот товарищ прокурор еді.Өзгерістен кейін ол орынды тастап , халыққа қызмет етіп жүр. Бұл күнде Петроградта Шура-и- Ислам ағзасы, социолист революционер» делінсе, ал «Қазақ» газетінде : «Жаһанша Досмұхамедов- юрист, Петроградтағы Шура-и- Ислам ағзасы» деген мәліметтер келтірілді.
Ж. Досмұхамедов Орынборда 5-13 желтоқсан аралығында өткен ІІ жалпықазақ сиезіне арнайы шақырылды. Бұл сиезде «ұлттық автономия» мәселесі қарастырылып, осы мәселе төңірегінде екі топ құрылды. «Тез арада автономия жариялау» мәселесін көтерген 33 делегат арасында Ж. Досмұхамедов та болды. Ал бұл топқа «қарсы» топ арасында «Алаш» партиясы құрушы зиялылар Ә.Бөкейханов пен А.Байтурсұновтар болды.М.Шоқай,Ә.Кенесарин мен А.Шегіровтар бұл мәселеге дауыс беруден қалыс қалды.Сиез шешімі бойынша Алашорданың халық кеңесінің мүшелеріне Ж. Досмұхамедов сайланды.
1918-жылдың наурыз айында Алашорда үкіметінің шешімімен Жаһанша мен Халел Досмухамедовтар Мәскеуге келіп, Кеңес өкіметінің Қазақ автаномиясына позициясынаанықтау мақсатында
В.Ленин және И.Сталинмен келіссөз жүргізген. Кеңес өкіметінің талаптары орталық Алашорда үкіметінің ойынан шыққын, келіссөз тұйыққа тірелгеннен кейін де Жаһанша бастаған делегеция Совнаркомда Алашорда өкілдерінен тұратын Қазақ комисариятын құру жұмыстарымен айналысты. 29-наурызда Мәскеудегеі Жаһанша мен Халел Ғаббасовқа «Кеңес үкіметі барлық облыстарда қамауға алынған қазақ қайраткерлерін босату туралы бұйрық бергендігі, «Алашорданың үкімет алдына қойған шарттарына тайау арадажауап беретіндігін уәде еткендігін, сондай-ақ, қазақ комиссариятын ашу мәселесіне рұхсат етіліп , оның құрамын бекіту Алашорданың құзырына қалдырғандығы» турасында жеделхат жібереді.
Жаһанша 1918-жылы мамыр айында Жымпипыда өткен IV Орал облыстық сиезінде төрағалық етіп, осы сиезде «Ойыл уалияты» Уақытша үкіметтің төрағасы болып сайланды.
Б9л сиез жөнінде мұрағаттағы мына бір құжатта: «Ауылда жаңа сыбыс. Ж. Досмұхамедов Мәскеуден келді, болшевиктермен ұлттықавтономия туралы келісті.Басқарма Жымпитыға көшірілді. Таңға сиезге келдік.Бірінші сөзді . Ж. Досмұхамедов алды »,-делінген.
Жымпиты сиезінде Алашорданың басқару ұйымының әкімшілігімен халық милициясы құрылды.Алайда,бұл кензде Алашорданың Батыс бөлімшесі мүшелерінің арасында өзар келіпеушілік қалыптасқан еді. Өйткені, Мәскеуге барып келген Алашорда мүшесі Х.Досмұхамедов пен оның орын басары Поповтың дүниетанымында болшивиктерге деген өзгеше көзқарас туындады.
Оралға келгеннен кейін олар Казак әскери үкіметіне болшивиктердің дінге қарсы екенін, сондықтанда да олар үкімет басынаұзақ тұрақтай алмайтын, олардыңұсынған ұндеуіне (Саратовта Кеңес үкіметін қолдап оған келісу туралы қол қойған құжат) қызылдардың күштеуімен қол қойылғанын баяндады.
Жаһанша облыстық замоство басқарма отырысында мүлде басқа мазмұнда баяндама жасап, онда: «Болшевиктердің көмегімен жүзеге асқан ойлармен нағыз шаралар сан жағынан Кеңес үкіметінде көп, бүкіл Ресей мойындаған жұмысшылармен барлық халықтың, шаруалар топтарының сұраныстарын қанағаттандыруда. Кеңес үкіметінің жағдайы мықты және берік. Кеңес үкіметін саяси күш ретінде қазақ халқыда мойындау керек.»-деп көрсетті . Осы баяндамасы үшін Жаһанша сотқа тартылды. Алайда, әкери үкімет басшысы Х.Досмұхамдов пен уақытша үкімет комисары Бизяновтың басшылығымен шешім ауыстырылып, Жаһаншаға Оралдан кетуге тыйым салынды.
1918-жала қыркүйектк Ж.Досмұхамедовқа қазақ атқару комитеті атынан Колучке (Самардағы құрылтай жиналысы мүшелерінің комитеті РМ) мүше болып кірді. Сондай-ақ 1918-жылдың 8-23 қыркұйек аралығында өткен Уфа кеңесіне қатысады.
Жаһанша бастаған делегация «Ойыл уалятын » таратып, оның орнына Батыс алашорда үкіметін құрды . Батыс алашорда үкіметін Ойылға көшіріп, өзі Жымпитыда қорғаныс комитетін құрады. Батыс Алашорда жетекшілері Орал облысында орныққан Кеңес өкіметінің ықпалынан алыстап , дербес билікті сақтап қалуға тырысып , өздерінің большевиктерге беруін талап еткен шартына келіспей, тең құқылы қарым қатынас орнатуға тырысты. Халел мен Жақанша арасында кейбір істер жөнінде келіспеушіліктер болғанымен де,Алашорда үкметінің Батыс бөлімшесін құруда екеуінің ойлары бір болып, ұлттық аумақтық автономия құруда бірлесе күресті.
Реферат тақырыптары:
1. Жаһанша Досмұхамедов
2. Өмірі
3. Қызметі
4. Мұрасы
Пайдаланатын әдебиеттер:
1. М. Жолдасбекұлы, А. Сейдімбек, Қ. Самюраұлы «Ел тұтқа» Астана 2001ж
2. Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. Алматы «Ататек» 1995, 186-187- б.
3. Иночкин В,Карин А, Азалы кітап.Орал ,2001.75-б.
б)қосымша
4. Мақсат-Тәж-Мұрат. Батыс Алаш Орда.Биобиблиографиялық сөздік тәжірбиесі. Ақтөбе .2003. 93-б.
5. Төгісов К. Шығармалар жинағы. Алматы , «Алаш»,2003.22-бет.
САБАҚ
№ 17,18 Сабақтың тақырыбы: Міржақып. Дулатов.
Жоспары:
1.М. Дулатов қазақтардың халық гимінің авторы.
2.М. Дулатовтың Карелияда айдауда жүргенде дәрігер мамандығын игеруі.
3. М. Дулатов бүкіл саналы ғұмырында “күш көрсетпеу философиясын” уағыздауы.
4. М. Дулатов журналист, жазушы, публицист, тарихшы, лингвист, түркі тілдерінің білгірі, филолог, географ, педагог, ақын, сазгер.
Теориялық мәліметтер:
1885 – жылы 25 – қаршада Қостанай обылысының Жангелдин ауданындағы Қазбек ауылында туған, 1935 – жылы 5 – қазанда айдауда жүріп, Карелияның Беламор – Балтықө каналы бойындағы Сосновец дейтін бекетінде қайтыс болды. Мәйіті 1992 – жылы қазан айында туған жері Бидайық (қазіргі М. Дулатов) ауылына әкеліп қайта жерленді.
Тұңғыш қазақ романының авторы;
Бастауыш мектеп балаларына арнап тұңғыш оқулық жазған жазушы.
М. Дулатов 1885 – жылы 25 – ноябрьде қазіргі Қостанай облысына қарасты Сарықопа деген жерде туған. Алғашында ауыл мектебінде 12, жасынан бастап Торғайдағы екі кластық орыс – қазақ училищесіне оқыды. 1902 – жылы педагогиклық курсты бітірген соң ауылда мұғалім болып істей жүріп, өзінің бүкіл бос уақытын білім көтеруге, орыс және шетел жазушыларының туындыларын игеруге арнайды.
1905 – жылы революциялық оқиғалар тұсында ол Қарқаралыдағы шеруге қатысқандар қатарында болады. Қазақстан конституциялық – демократиялық партиясы дейтіннің Оралдағы өткен сьезіне қатысады, ал 1909 – жылы оның делегаттарының құрамында Петербургке барады.
1909 – жылы Қазанда басылған «Оян қазақ!» атты тұңғыш өлеңдер жинағы М. Дулатовтың атын көпке мәлім етті. Қысқа мерзімде екі рет басылып шыққан бұл жинақ та қатталып, автордың үстінен «іс» қозғалып, автор патша үкіметі тарапынан қуғындауға түседі. Бір жарым жыл бойы ақын абақтыда қамауда болады.
1910 – жылы Қазанда оның «Бақытсыз Жамал» романы, ал 1913 – жылы Орынборда «Азамат» атты өлеңдер жинағы, 1915 – жылы «Терме» деген әдеби – публицистикалық кітабы жарық көрді.
М. Дулатовтың ақын, жазушы әрі публицист ретінде қалыптасуына оның «Қазақ» газетінің редакциясында Ахмет Байтұрсыновпен бірге еңбек еткен кезеңі ерекше із қалдырды. Газет бетінде ол саяси бағыттағы өлеңдер, сол кездегі Қазақстанның өміріндегі қиын – қыстау жағдайларға байланысты публицистикалық материлдар бастырды.
М. Дулатов болса азаттық қозғалыстағы осынау буржуазиялық – ұлтшылдық ағымның белді басшыларының бірі есебінде Алашорданың жетекшісі Ә. Бөкейхановтың ең бір сенімді серігі болып алды.
Бірақ көп ұзамай өмірдің, нақты болмыстың өзі қате түсініктерін аяусыз сейілткен М. Дулатов 1919 – жылы Алаш орданың басқа да көп деген қайраткерлерімен бірге Совет өкіметі жағына шығады.
1925 – жылы аяқ шенінде Қазақстанда революцияға дейінгі интеллигенция қараткерлерін қудалау басталды да, оларға Алаш орда қозғалысын қайта қалыптастыруға астыртын әрекет етіп жүр деген нақақ тағылады. Осындай ойдан шығарылғн айыптар бойынша М. Дулатов қамауға алынады да, 1930 – жылы апрелінде ОГПУ коллегиясының шешеімі бойынша ату жазасына кесіледі, бірақ кейіннен бұл үкім 10 жылға абақтыға қамау жазасымен алмастырылады. Ол 1935 – жылы 5 – октябрьде Соловецкідегі лагерьде қаза табады ( Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің комиссиясы. “Социалистік Қазақстан” 26.07.89).
Тұңғыш өлеңі 1907 – жылы Петербургте алғашқы шыққан “Серке” атты қазақ газетінің бірінші санында жарияланады. Ол газаеттің екі – ақ саны шығып, сонан соң жабылды.
Міржақыптың алғашқы өлеңдер жинағы “Оян қазақ” 1909 – жылы жарияланып, елге тез тарап кетеді. “Оян, қазақ” 1911 – жылы екінші рет басылып шағады. “Оян, қазақ” кітабының сыртқы бетінде ақынның:
Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты!
Өткізбей қараңғыда бекер басты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал харап боп,
Достарыңызбен бөлісу: |