Сабақ №1Сабақтың тақырыбы: ХХ ғ басында қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі. Алаш қозғалысының басталуы


Қазағым, енді жату жарамас – ты, -



бет3/4
Дата06.11.2016
өлшемі1,76 Mb.
#1114
түріСабақ
1   2   3   4

Қазағым, енді жату жарамас – ты, -


деген бір ауыз өлеңінің өзінен “Оян, қазақ” кітабының мұрат – мақсатын, негізгі идеясын айқын аңғарамыз.

  • Бірлік жоқ алты ауызды халықпыз ғой,

Қатардан сол себепті қалыппыз ғой.

Ғылым мен мағрифатты керек қылмай,

Надандық шарбатына қаныппыз ғой.

Ағартушы – педогог, ақын күрескер – азамат ақын Міржақып Дулатовтың “Оян, қазақ” атты жинағындағы өлеңдері негізінен саяси - әлеуметтік тақырыпқа жазылған, әсіресе патша өкіметінің отаршылдық, озбырлық саясатын әшкерелеуге арналған саяси лирика.

Міржақып өзінің өмірбаянында “Оян, қазақ” кітабы туралы: “В 1911 – году сборник (“Оян, қазақ”. – Қ.М) был конфискован Главным по делам печати”, - дейді.

Сөйтіп, Ахмет ағасының артынан Мыржақып та Семей түрмесіне түскен. Оның бұдан соңғы тағдыры жайында тағы да “Айқап” жұрналының хабарынан білесіз: “Өткен 23 – декабрьде Семипалат Окружной соты Міржақып Дулатовтың ісін қарады. “Оян, қазақ” мәселесін тәржіме еткен екі орыстан басқа, Дулатов тарафының шақырылған екі эксперт: семинария учителі Нұрғали мырза Құжанов һәм Рахметолла Елікбаев бар еді...

Окружной сот кешкі сағат 7 – де Міржақап Дулатовты уголовное уложение 103 – статьясының 2 – пункты һәм 129 – статьяның 6 – пункты бойынша ғайпылы туып, бір жыл крепостқа хүкім етті. Соттан бұрын 6 жарым ай түрмеде отырғаны есеп емес. Дулатовтың бұл хүкімге рижа болмай, шикаят етешегі (уайым ететін. Қ.М.) естілді М.М:

Айқаптың осы санында тағы қосымша хабар жарияланған. Ол хабар “Адаремізге (басқармамызға. – Қ.М.) келген соңғы хаьарға қарағанда, Міржақып Дулатов 2000 сом злогпен азат қылынған екен”,- деген (“Айқап” №1, 1912 – жыл, 23- бет).

Сөйтіп, Міржақыптың “Оян, қазақ” кітабы патша өкімдерінің үрейін ұшырып, әбігер қылған.

Мыржақыптың екінші өлеңдері жинағы “Азамат” деген атпен 1913 – жылы басылып шығады.

М.Дулатов 1911 – жылдан бастап, қазақтың тұңғыш жұрналы “Айқаптың” жұмысына белсене ат салысады.

“Қазақ” газетін ұйымдастырып, жарыққа шығару ісінде Ахмет Байтұрсыновтың оң қолы, ең сенімді серігі болған Міржақып Дулатов еді.

1914 – жылы “Шоқан Шыңғысұлы Уәлихан” атты мақала және “Абай” (опат 23 – июнь 1904 – жыл)атты мақала жазып жарияланды.

М.Дулатовтың ақындық, әсіресе қабілетті маман жұрналистік атағы “Қазақ” газеті арқылы ел – жұртқа онан сайын кең тарады.

1915 – жылы “Терме” атты өлеңдер жинағы басылып шықты.

Міржқып Дулатов 1920 – жылы Ташкент “Ақ жол” газетінің редаксиясында істейді. 1921 – жылы қызмет Семей қаласына ауысып, губерналық слвт халық сотында сот қызметін атқарады. Сонымен қатар жұрналистік , жазушылық жұмысынан қол үзбейді. Мқалалары “Қазақ тілі” газеінде басылып тұрады.

1922 – жылы Орынборға келіп, 1926 – жылы Қазақстан Мемлекеттік баспасында саяси редактор болып қызмет істейді.

Ахмет Байтұсыновтың өмірбаяны туралы орыс тілінде жазған очеркі, “Балқия” атты төрт перделі пьесасы 1922 –жылы Орынборда басылып шығады. Оқу – ағарту ісіне ерекше мән берген жазушы – педагог Дулатов бастауыш мектеп оқушыларына арнап оқулықтар жазады.




Тест тапсырмалары
1. Санкт-Петербург университетінің заң факультетін бітірген орыс, түрік, ағылшын, француз, поляк тілдерінде еркін сөйлеген қан төгісті жазалаудан кейін Грузияға, Туркияға, Францияға кеткен, кейін Берлинде қайтыс болған кім?

А) М.Дулатов

Б) М.Дулатов

В) Ә.Бөкейханов

С) А.Байтұрсынов
2. «Алаш» партиясының танымал басшысы, қазақтың тұңғыш романы «Бақытсыз Жамалдың» авторы Сталиндік жазалаудың құрбаны Соловкий лагерінде қайтыс болған кім?

А) М.Дулатов

Б) М.Дулатов

В) Ә.Бөкейханов

С) А.Байтұрсынов
3. 1916 жылы көтеріліс тарихы қай шығармада жазылған?

А) М.Дулатов «Оян қазақ»

Б Ж.Аймауытов «Қартқожа»

С ) Г.Ибрагимов «Қазақ қызы»

В) 193. Уақытша үкіметінің Қазақ өлкесіндегі жергілікті органдары қашан құрылды?
4. 1922 жылдың желтоқсанында қазақ мәдениетін қорғаушылардың «Талап» деген ұйымы құрылды. Оны құруға атсалысмқандар кімдер еді?

А) М.Дулатов, А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев

Б) М.Әуезов , Х.Досмұхамбетов, М.Тынышпаев

В) А.Диваев, А.Л.Мелков, А.П.Чулошников

Г) Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, С.Мұқанов
5. Бастауыш мектеп балаларына арнап тұңғыш оқулық жазған кім

А) М.Дулатов

Б Д.Қонаев

Б) М.Шоқай

В) А.Байтурсынов
6. Түркістанда оқып жүргенде 1912 жылы С.Қожанов кіммен кездеседі.

А) М.Дулатовпен

Б С.Садуақасұлымен

В) Т.Тәжібаевпен

Г) А.Байтұрсыновпен
7. М.Дулатов әйелінің есімі

А) Ғанижамал

Б) Мәжекең

В) Күләна

Г) Азиза
Пайдаланатын әдебиеттер:

1. Нұрпейісов К. және т.б. Халел Досмұхамедұлы және оның өмірі мен шығармашылығы. Алматы «Санат» 1996, 94- б.

2. Нұрпейісов К. және т.б. Халел Досмұхамедұлы және оның өмірі мен шығармашылығы. Алматы «Санат» 1996, 89- б.

3. Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. Алматы «Ататек» 1995, 186-187- б.

САБАҚ

19 Сабақтың тақырыбы:Міржақып Дулатов.


Жоспары:
1.Тұңғыш қазақ романының авторы.

2.Бастауыш мектеп балаларына арналған оқулықтар.


Теориялық мәліметтер:

М. Дулатов –“Қазақ” газетінде А. Байтұрсыновпен бірге тең редактор болып еңбек етіп, ұлтының сол дәуірдегі қоғамдық -әлеуметтік проблемалары жан –жақты көтерген қаламгер. Ол –қазақтың еркін журналистикасының негізін салған, оның жанрлық формаларын жасаған, баспа сөз мәдениеті, тілін қалыптастырған саналы адамдардың бірі. Міржақыптың тұңғыш мақаласы “Біздің мақсатымыз” 1907 ж “Серке” газетінде “Арғын деген” бүркеншік атпен жарияланған екен. Соңғы журналистік қызметін “Еңбекші қазақ” газетінде аяқтады. Осы аралықтағы (1928 ж ұсталғанға дейін ) 20 жылдан астам мерзімде ол қазақ, татар баспа сөзі бетінде мақалаларын үздіксіз жариялап дәуірдің көкей тесті мәселелеріне үн қосты. М.Дулатовтың мақаларының негізгі тақырыптары “Қазақ жерінің отарлануы”, шаруашылқ, жер мәселесі, 1916 жыл оқиғасы, тарихи адамдар жайындағы очерктері, әдебиет, театр, баспасөз, оқулық жасау, халықаралық жағдай, ұлттық мінез сипаттары сияқты әр қилы салаларды қамтиды. “Біздің мақсатымыз” мақаласында қазақ халқының Ресейге тәуелділігі, отарлық тепкідегі ел екені атадан мұра болып келе жатқан әдет-ғұрыптың, тұрмыс-салттың мұсылман дінінің қудалануы, орыстандыру, шоқындыру әрекеттерінің өрестетілуі, шұрайлы жерлер тартып алынып, шет жерліктер меншігіне айналуы, бұларға қарсы жасағандардың қуғын сүргінге түсіп, абақтыға қамалып, түрмелерге отырғаны ашық айтылады. Мәселені ашып қойып соған дәл жауап іздеген мақаласының бірі –“Жер мәселесі”. (“Айқап”, 1911) деп аталады. Мұнда Ресейден қаптап көшкен мұжықтардың қазақ жеріне орналасуы салдарынан ата қоныстың тарылуы, елдің құм –шөлге ығысу тағдыры ашына сөз болады. “ Қазақ малбаққан халық. Қазіргі бағып отырған малына лайық жер қалдырмай тастауын ақылға сидыруға болмайды.”, -деп жазды ол. Патшаның 1916 жылғы маусым жарлығы шыққанда қазақ жұрты не істерін білмеді. Осы кезде қазақ оқығандары Ә. Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатовтар “Алаш азаматына”, “Торғай Һәм Ырғыз уезінің халқына” деген мақалаларында мәселеге азаматтық парыз тұрғысынан жауап береді. Жігіт бермегені үшін Түркістанда, Жетісуда патшаның қатал жазасына ұшырап жатқандарды ескерте келе алынатын жастар басын қорғаймын деп, үйдегі кемпір -шал, қатын-баланың обалына қалмасын, деп жандары шырқырап, ара түсті. Міржақыптың Абайға арналған екі мақаласы (“Уақыт” газ.-1908ж, “Қазақ” газ.- 1914) оның ақындығына әділ баға берген еңбектер болды. Абай қазақтың жаңа әдебиетінің басы негізін салушы дей келіп, ақынның шығармаларын талдайды. Оларды жариялау мәселелерін көтереді. Тарихи тұлғаларға арналған “Хан Абылай” , “Шоқан Уалиханов” атты мақала очерктерін –танымдық мазмұны терең тарихи деректері мол еңбектер. Сол сияқты татар ақыны Ғ.Тоқай, қазақтың, тұңғыш заңгері А. Бірімжанов әйгілі ғалым- саяхатшы Г.Н. Потанин, азербайжан революционері Н.Нариманов туралы мақалалары да тарихи, ғұмырнамалық сипатымен құнды. Міржақыптың “Хазірет сұлтан”, “Қазақ, қырғыздардың ата тегі туралы” туындылары оның ел тарихын зерттеумен шұғылданғанында айғақтайды. Әрі ұстазы, әрі рухани әріптесі, күрескер досы А. Байтұрсынов туралы орыс тілінде 1922 ж азылған “Ахмет Байтұрсынович Байтұрсынов” деген өмір баяндық очеркін Ахметтану ғылымын төл басы деуге болады. М.Дулатов Ы. Алтынсариннің ағарушылық дәстүрін мұраға тұтты. Оның мектеп, медрессе , оқу орындарына арналған мақаларынан ағарушылық, демократтық көзқарастары, озық дүние танымы, ұлттық дамуды көксеген арман мүддесі айқын көрінеді. 1902 жылы мұғалімдік қызметін бастаған кезден –ақ қазақ балаларына арналған оқу құралының тапшылықтарын көрген ол осы салада өнімді қызмет етті. 1911 жылы оның “Қирағат” деген оқулығы жарық көрдід. Жинаққа ауыз әдебиеті үлгерімен бірге Абай, Ыбырайдың шығармалары, өзінің шағын әңгімелері енгізілген. “Қирағаттың” 2-кітабы 1911 жылы 6 маусымда Семей қаласында тұтқындалған кезде тәркіленіп, полицияның қолына түскен. Бірақ патша өкіметінің қатаң тиым салуына қарамастан, ол 1914 жылы толықтырылып қайта басылған. Автордың “Қирағат” кітабына алғысөз ретінде жазған “Мұғалімдерге” мақаласының үлкен әдістемелік мәні бар. Мұнда мұсылманша, орысша білім алған амал қолдану керектігі сөз болды. ол шәкірттерге ұлт рухын сіңіруді мұрат тұтады.

М. Дулатов өзінің педогогикалық қызметінде ана тіліне зор мән берген. 1911 жылы “Шора”атты татар журналында қазақ тіліне байланысты үлкен тікірталас болады. М. Дулатовтың Соловец лагерінде айдауда жүрген кезінде де ағартушылық жолдан қол үзбей, түрік-орыс тілі сөздігін қарастырған. М. Дулатов Қазақ журналистикасының көптеген жанырлық түрлерін –ашық хат, фельетон, бөгде біреу жазған арызды сөйлету, айтыс, сын-рецензия, тарихи құжаттарды пайдалану, қазақ және орыс тілінде очерк, проблемалық шолу, ғұмырнамалық мақала жазу үлгілерін қалыптьастырды. Оның үстіне ұзақ жылдар педагогтік қызмет атқара жүріп, ағартушы –педагог ретінде мол мұра қалдырды.



Реферат тақырыптары:
1. М. Дулатовтың өмірі мен еңбектері.

2. М. Дулатовтың педогогикалық қызметі.


Пайдаланатын әдебиеттер:
1. «Жүз тұңғыш » Алматы 2005 ж

2. М. Жолдасбекұлы, А. Сейдімбек, Қ. Самюраұлы «Ел тұтқа» Астана 2001ж

3. Данагүл Махат «Қазақ зиялыларының қасіреті» алматы 2004 ж.

4. М. Құлмұхаммед «Алаш бағдарлымасы» қиянат пен ақиқат Алматы 2000ж


САБАҚ

20,21 Сабақтың тақырыбы:Мұстафа Шоқай.


Жоспары:
1.М. Шоқайұлының өз халқының тәуелсіз болашағы үшін білек сванып ымырасыз күреске түскен жылдары.

2.М. Шоқайдың жары Мария Яковлевна арқылы бізге жеткен деректер.

3. Отаршылдықтың озбыр саясатына қарсы жүргізілген қоғамдық қозғалыс көсемдерінің бірі.

4. Түркістан халықтары арасында тарихта тұңғыш рет демократиялық европпаның ортасында түркістандық саяси эмигарциялық қызметінің негізін қалаушы.



Теориялық мәліметтер:
XX ғасырдың басындағы қазақтың белгілі қоғам қайраткері, Кеңес өкіметіне қарсы бағыттағы "Алаш" партиясының жетекшілерінің бірі - Мұстафа Шоқай сол кездегі халықаралық жағдайды жіті қадағалап, түркі тектес халықтардың тағдырына қатысты оқиғаларға өз бағасын беріп отырғаны белгілі. Ол халықаралық жағдайларға жіті назар аударып, әсіресе, ірі державалардың отаршылдық бұғауына түскен бодан халықтардың ұлттық
тәуелсіздік жолындағы күрестеріне ерекше көңіл бөліп, үнемі бақылап отырды. Бұған Мұстафа Шоқайдың шетелде саяси эмиграцияда жүріп өзі басшылық жасап шығарған "Яш Түркістан"(1929-1939жж.) журналының
беттерінде жарияланған мақалалары дәлел бола алады. Мысалы, Қытайдың ұлттық аймағы саналған Шығыс Түркістандағы мұсылман халықтардың XX ғ. 30-40-жылдарындағы маньчжур-қытайлық отаршылдыққа қарсы
көтеріліп, ұлттық тәуелсіздіктерін жеңіп алу жолындағы күрестері жайлы мәліметтерді осы журнал беттерінде жариялап, оған өзінің сая­си көзқарасын білдіріп, тиісті бағасын беріп отырған.

Шығыс Түркістанда ЗО-жылдардың басында жергілікті мұсылман халықтардың қытайлық бодандықтан азат болу жолындағы көтерілісі басталып, ол Қытай империясының онсыз да нашарлай бастаған халықаралық жағдайын шиеленістіре түседі. Кеңес Одағының тікелей араласуымен болып жатқан Шығыс Түркістандағы бұл оқиғалар туралы М.Шоқай "Шығыс Түркістан көтерілісшілдері бұдан бұрынғы көтерілісшілер сияқты атамекенін қытпайлардан біржолата азат етуді көздеп отыр. Бұл мақсаттарына олар ішінара болса да қол жеткізгендей сыңайы бар" деп жазып, 1933 жылы Шығыс Түркістан ислам рес-публикасының құрылуы туралы хабарды жур­нал бетінде мәлімдейді 1931-1933 жылдары Шыңжаңның Құмыл, Баркөл, Тұрфан қалаларына ие болған көтерілісшілердің басшылары Шыңжаңды "көпір қытайлардан" азат етіп, "дербес мемлекет" - Шығыс Түркістан немесе Ұйғырстанды құру жолындағы күрестерін исламдық ұрандармен бүкіл Орталық, Азияға таратуды көздейді. Көтеріліс басшылары аймақтағы нақты саяси жағдайды өздерінің әрекеттеріне қауіртің қай жағынан басым болатынын таразылай алмады. Олар Қытай билеушілеріне өшігіп, империалистік елдердің түпкі саясатын болжай алмай, олардың арандатуына ұшырай бастайды. Өйткені, 30-жылдардың ортасында Шыңжан, ірі державалардың, яғни Жапония, Англия, кеңестік Ресей және Германияның өзара күрес аймағына айнала бастаған болатын. Олардың әрқайсысы Шыңжаңдағы саяси дағдарыс пен ұлт-азаттық күресті өз мақсат: тарына қарай бағыттау жолында бәсекелес күрес жүргізді.

1933 жылы жарияланған Шығыс Түркістан ислам республикасы шетелдік державалардың өзара мүдделері таласқа түскен саяси күресінің нәтижесі іспетті болын, тағдыры тәлкекке түсіп, жеңіліске ұшыраған бола-тын. Шығыс Түркістан республикасының құрған үкіметі, шынында да, артында әртүрлі шетелдік күштер тұрған қуыршақ биліктің үлгісі болатын. "Бұл үкімет ағылшын империалистерінің қолдауымен құрылған, оған арқа сүйеген құрылым еді" деген кеңестік зерттеушілердің пікірінің қаншалықты рас екені күмән туғызғанымен, бұл сөздің жаны бар екені даусыз. Ал Мұстафа Шоқай Шығыс Түркістандағы оқиғаларға сараптама жасап, оған қатысты сан алуан саяси пікірлерге өз көзқарасын білдіре отырып, ол Шығыс Түркістан Республикасына Англияның ұстанымы қандай болды деген сұраққа былай деп жауап береді: "Ағылшындар да Шығыс Түркістан ұлт-азаттық қозғалысына көмек қолын соза қоятындай сыңай танытып отыр-ған жоқ. Ағылшындар да Шығыс Түркістан қозғалысының исламдық сипаты бар деп сескенеді. ... "Панисламизм" десе ағылшындардың да басы-ның "сақинасы ұстайды. Сол себепті ағылшын­дар Шығыс Түркістан ұлт-азаттық қозғалысына аса сактықпен қарайды" - деп, Англияның ШТР үкіметіне қолдау көрсетуінің негізсіздігін айтады Ал бұл пікір, шынында, Кеңес үкіметінің өзімен бәсекелес ағылшындардан қауіптеніп, «солай болуы мүмкін-ау» деген ойынан шығуы да ғажап емес. Мұстафа Шоқай осыны дәлелдейтіндей мынадай тағы бір мысал келтіреді: "Чинни Түркістан ауазы" ағылшындар Шығыс Түркістан ұлттық қозға­лысына іш тартып болысып отыр деп жазады. Ал шын мәнінде олай болып отырған жоқ.

Біз осы газеттен ағылшындардың Үрім-жідегі қытай әкіміне қару-жарақ бергенін де оқимыз. Олай болса, өзі қару-жарақ беріп көмектесіп отырған үкіметке қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалысын ағылшындардың қолдауы мүмкін бола қояр ма екен?

Өкінішке орай, ағылшындар Шығыс Түркістан ұлт-азаттық күресіне көмек көрсетуі былай тұрсын, оған сырттгай жанашырлық та көрсетпейді" дейді Шыңжаңның билеушілеріне кеңестік ықпалдың қаншалықты болғандығын, Мұстафа Шоқай 1933 жылы "Яш Түркістанның" 46-нөмірінде былай деп жазды: "Тұрғындарының көпшілігі тарапынан, яғни түріктер тарапынан (бұл жерде ол жалпы түркі тектес халықтарды айтып отыр-Н.А.) ешқандай құрметке ие бола алмаған және ішкі Қытайдан тым шалғай, оқшау тұрған Шығыс Түркістанның билеушілері тек Кеңес үкіметінің жартылай ашық, жартылай астыртын көмегінің арқасында ғана өмір сүріп тұра алды. Шығыс Түркістандағы осы үкімет тұсында бұл өлкенің есігін емін-еркін ашып, қазыналарын қалауынша тонауға, экономикасын өз ықпалына біржола енгізуге мүмкіндік тапқан Мәскеу мұндай үкіметтің бұдан соң да өмір сүре беруіне шын мүдделі болатын. Большевиктер Шығыс Түркістанда тек экономикалық пайданы ғана емес, сонымен қатар саяси мақсаттарды көздейді" Ол 1933 жылы "Яш Түркістан" журналында, Кеңес өкіметінің Шығыс Түркістан оқиғаларына қатысты саясаты туралы: "Шығыс Түркістан түріктері өздерінің ұлттық құқықтарын корғау жолында орталық Қытай үкіметі, Дұңған күштері және Кеңес өкіметі тәрізді дұшпандардың бірлескен одағымен бетпе-бет келіп отыр. Олар өздерінің ұлттық күресін ешбір сырт күштің көмегінсіз, тек өз күштернпе сүйеніп жүргізуде" деп жазды Кеңес үкіметінің Шыңжаңдағы мұсылман халықтардың ұлт-азаттық көтерілісіне ешқандай да іш тарта алмайтын себептерін Мұстафа Шоқай былай деп көрсетеді: "Олар ұттық көтерілістер капиталист мемлекеттерді әлсірететіні себепті, мұндай көтерілістер тек өздеріне зиян келтірмейтін мемлекеттерде бо­лып жатса ғана, ондай мемлекеттердегі ұлттық көтерілістерді ұйымдастыруға және жәрдем етуге қатысып отырады.

Шығыс Түркістандағы жағдай басқаша. Бұл жердегі ұлттық күрестің жеңісі Кеңес өкіметі мүдделеріне, оның жаңа отаршылдық саясатына қауіп тудыратын болады. Жапонияның Манжурия арқылы Моңголстанға жақындасуы, бір жағынан, Англияның Тибетке саяси-экономика­лық, билік жүргізуі, екінші жағынан, большевиктерді Шығыс Түркістан мәселесінде барынша абай болуға мәжбүр ететін факторлар. Оқиғалар мен жалпы саяси жағдай Шығыс Түркістандағы Қытайға қарсы ұлт-азаттық күрестер тек большевиктердің еркімен ғана бо­лып жатыр деген пікірді теріске шығара-ды Мұстафа Шоқай бұл пікірі арқылы Шығыс Түркістан Республикасының өмір сүруіне кеңестік саясаттың мүдделі еместігын көрсеткісі келді. Кеңес Одағы Шығыс Түркістан үкіметінің Шэн Шицай үкіметіне бағынып, тізе бүгуіне мәжбүр етті. Шығыс Түркістан Республикасы, Мұстафа Шоқай айтқандай, оның жаулары -"орталық Қытай үкіметі, дұңған күштері және Кеңес өкіметі тәрізді дұшпандардың" қарсылығы нәтижесінде жеңіліске ұшырады. Шығыс Түркістанның тәуелсіздігін Кеңес Одағы ешқашан көргісі келген жоқ. Және көргісі де келмейді"

Шығыс Түркістан Республикасының төрағасы қызметін атқарған Қожанияз қажыға Кеңес үкіметі ақыл беріп, оның Қытай үкіметіне берілуін талап етуін, тағы да Мұстафа Шоқайдың "Яш Түркістан" журналында 1935 жылы жариялаған мына мәліметінен көреміз:

"Кейбіреулер "Шығыс Түркістан түріктерінің досы" деп жүрген кеңестік Ресей Қожанияз Ажымға ол Шығыс Түркістан Республикасының төрағасы болып тұрғанда көмектеспей, Респуб­лика туын түсіріп, Қытай үкіметіне берілген соң ғана және дәл осыны шарт ете отырып көмектесетінін білдірді және солай етті де"

30-жылдардағы Шыңжаңдағы кеңестік саясатқа байланысты, ондағы жергілікті билеушілердің кеңестік ықпалға түсуінін себептерін түркі әлемінің көрнекті қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай, 1935 жылы, бы­лай деп жазды: "... Үрімші губернаторы Шың Шыцай Кеңес үкіметімен тығыз достық қарым-қатынас орнатып, большевиктерден түрлі кәсіптегі мамандар мен қызметкерлерді шақырып, "Шығыс Түркістанның экономикалық да­муы" үшін олардан несие ала бастағанын мойындап отыр. Демек, Шың Шұрын (Цзинъ Шужэнь - Н.А.) тәрізді бүгінгі Үрімші үкіметі де Мәскеудің уысына түскені көрініп тұр. Олай дейтін себебіміз- Мәскеу қызметкерлері, Мәскеу мамандары, Мәскеу қаржысы тек Мәскеудің мүддесі үшін ғана қызмет ететін болады. Оның үстіне Шығыс Түркістандағы Қытай үкіметі Мәскеуге ешқандай бір шарт қоя алатын халде емес. Оған шамасы жетпейді.

Шығыс Түркістандағы "Мәскеу мүддесі" дегеніміз, бұл өлке сөз жүзінде Қытайдікі, іс жүзінде Мәскеудікі дегеннен басқа ештеңе де емес" Әрине, бұл алаш қайраткерінің аузымен айтылған пікірлердің артық-кем әсердегі сипатына қарамастан, оның бұл сөздерінің төркінінде шындық жатқанын айтқанымыз жөн. Кеңес Одағы Шыңжаңдағы сауда байланыстары арқылы экономикалық жағынан көп пайда кергені рас және қытай жағының экономикалық мүдделері одан зардап шеккені де белгілі. Бірақ, сол кезеңде Қытай үкіметінін Шыңжаңды экономикалық немесе саяси жағынан да өз қолында берік ұстай алмауы Кеңес Одағының өзінің ұлттық стратегиялық мүдделеріне сәйкес әрекет етуіне толық мүмкіндік берді.

Кеңес Одағының Шыңжандағы жүргізген сауда және әртүрлі бағыттағы экономикалық әрекеттері аймақтың өте ауыр, артта қалған жағдайында, оның шаруашылығын ілгері дамытуға ықпал еткенін қытай жағы да мүлдем жоққа шығара алмайды. Кеңес Одағы өзінің стратегиялық саяси мүдделерін қорғау мақсатында Шыңжаңда белсенді әрекет етіп, оны басқа державалардың ықпалына түсірмеу жолындағы саясатын іске асырып отырды. Ал Шыңжаң Кеңес Одағының бұл әрекеттерінен көп жағдайда пайда көрді. Қытайдың басқа ұлт аймақтарына Қарағанда, Кеңес Одағымен кершілес болған Шыңжаңның экономикалық жағдайы біршама жоғары дәрежеде болды.

Шығыс Түркістан халқынын ұлт-азаттық күресіне Мұстафа Шоқай барлық түркі тектес халықтар мен әлемнің кез-келген халықтарының да қолдауын қалайды. Ол "Шығыс Түркстан халқыда әлемнің басқа еркін, азат халықтары сияқты өз тағдырын өзі айқындауын қалайды. Осы бір әділетті күреске көрсетіліп жатқан және көрсетіпуі мүмкін кез-келген көмекке біз шын жүректен алғыс айтамыз" дейді Мұстафа Шоқай сол заманның қитұрқы саясатына сәйкес, ұлттық тәуелсіздік жолындағы күрестерге, оған жетекшілік еткен қайраткерлерге отаршыл мемлекеттердің қолданатын сан қилы арандатушылық әрекеттерін, ұлттық қозғалыс күштерінің арасына іріткі салу, ұлт көсемдері туралы түрлі жалалы қауесет тарату сияқты әрекеттердің болып тұратындығын ескерте келе былай дейді: «Ұлттық күрестің мүддесі осы күреске белсене қатысқан әрбір жеке адамның мүддесіне немқұрайды қаралмауын талап етеді... Ұлттық қозғалыстың жаулары оның басшылары мен қосшылары хақында алуан түррлі өсек-аяң таратады.

Қазіргі жағдайда ұлттық қозғалыстарды басқарып, жететиілік ететін жеке тұлгаларды қорғап қана қоймай, олардың беделін арттыруға да күш салуымыз керек. Жауларымыздың оларға қастандық жасауына жол бермеуіміз тиіс. Шығыс Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының басшылары мен өкілдеріне сыртқы әлемнің назарын аудару, оларға халықаралық жұртшылықтың симпатиясын тудыру қазіргі кездегі біздің ең маңызды міндетіміз болып табылады. Ұлттық мүдделеріміз осы міндеттің толық орындалуын талап етеді»

Тест тапсырмалары:
1. Кезінде Түркістандағы Уақытша үкіметінің комиссары болып, кейін Францияға эмигранцияға кетіп, Германияда белгісіз жағдайларда қайтьыс болған қоғам қайраткері.

А) Мұстафа Шоқай

Б) Баймырза Хаит

В) Қайып-хан

Г) М.Айтпенов
2. М.Шоқайдың бұл кітабы алғашқы рет 1928 ж. француз тілінде 1935 жылы орыс тілінде Парижде басылып шығарылған болатын. Кітаптың аты қандай?

А) Түркістан Кеңес билігінде

«Колониалдық революция. Түркістан тәжірибесі».

Б) В) «Түркістандағы Қазан»

Г) «Жетісу большевиктер билігінде»
3. Түркістан автономиясы (Туркестани мухтариат) президенті?

А) ) М.Шоқай

Б А.Бөкейхан

С) М.Тынышбаев

Д) С.Қожанов
4. Мұстафа Шоқай қай жылдар аралығында өмір сүрді ?

А) 1890-1941 ж.

В) 1919-1925 ж.

С) 1935-1940ж

Д) 1903-1925ж.
5. Мұстафа Шоқай қандай қалада қайтыс болды..?

А) ) Берлин

Б Париж

В) Франция

Г) Германия
6. М.Шоқай қай жылдары өмір сүрді

А) 1890-1941

Б) 1919-1925

В) 1935-1940

Г) 1937-195
7. Кезінде Түркістандағы Уақытша үкіметінің комиссары болып, кейін Францияға эмигранцияға кетіп, Германияда белгісіз жағдайларда қайтьыс болған қоғам қайраткері.

А) Мұстафа Шоқай

Б Баймырза Халел

В) Қайып-хан

Г) М.Айтпенов
8. Торғай облысының Уақытша үкіметінің космиссары кім болды?

А) М.Шоқай

В) С.Сейфуллин

С) М.Тынышбаев

Д) Т.Рысқұлов

Е) Ә.Бөкейханов


Реферат тақырыптары:
1. МҰСТАФА ШОҚАЙ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЯСАТ САРАПШЫСЫ . (1886-1941)

2. МҰСТАФА ШОҚАЙ Түркістан халықтары арасында тарихта тұңғыш рет демократиялық Еуропаның ортасында Түркістандық саяси эмиграциялық қызметтің негізін қалаушы

3. Шоқай – қоғам қайраткері

4. Шоқай өмірі

5. М.Шоқай қызметі

6. Ұлы Туркестан мемлекетін құру идеясы.


Пайдаланатын әдебиеттер:
1. «Жүз тұңғыш » Алматы 2005 ж

2. М. Жолдасбекұлы, А. Сейдімбек, Қ. Самюраұлы «Ел тұтқа» Астана 2001ж

3. Данагүл Махат «Қазақ зиялыларының қасіреті» алматы 2004 ж.

4. М. Құлмұхаммед «Алаш бағдарлымасы» қиянат пен ақиқат Алматы 2000ж



САБАҚ

24,25,26 Сабақтың тақырыбы:Сакен Сейфуллин.


Жоспары:
1. Повестері.

2. Әңгімелері.

3. Қазақ совет әдебиетінің негізін тұңғыш қалаған жазушы.

4. Қазақ жазушыларының тұңғыш ұйымы қазақ пролитар жазушылар ассоциациясы – Қаз Апп-тың тұңғыш төреағасы.


Теориялық мәліметтер:
Сейфуллин Сәкен (Сәдуақас 1894-1938) - қазақтың көрнекті жазу-шысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі, мемлекет және қоғам қайраткері.Туып өскен жері –Қарағанды облысының Шет ауданына (бұрынғы Жаңаарқа ауданына) қарасты Ортау кеңшарының Қарашілік қыстағы. Саяси репрессияның құрбаны болған. Нілдідегі орыс-қазақ және Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде (1905-1908) , үш кластық қалалық училищеде (1908 -1913) , Омбыдағы мұғалімдер семинариясында (1913 -1916) оқыған Омбыда қазақ жастарының «Бірлік қауымын», Ақмолада «Жас қазақ» ұйымын ашып, «Тіршілік» газетін шығаруды ұйымдастырған. Ақмолада Совдепі президиумының мүшесі (1917). КОКП мүшесі Ақмолада совдепшілерімен бірге тұтқындалып (1918) Атаманның « азап вагонында » 47 күн азап шегіп, Колчактың Омбыдағы түрмесінен қашып шыққан.Ақмола атқару комитетінің төрағасының орынбасары және әкімшілік бөлімінің меңгерушісі (1920). Қазақтың Кеңестік Автономиялық Республикасын жариялаған Кеңестердің 1-Құрылтай съезінде Орталық атқару Комитеті Президиумының мүшесі. (1920). «Еңбекші қазақ » газетінің редакторы(1922).

Қазақстан Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы(1922-1925).Халық ағарту комиссариаты жанындағы Ғылым орталығының төрағасы, Қазақтың пролетар жазушылары ассоцияциясының (Каз.АПП) басшысы (1925). БК(б) П Өлкелік коммитеті партия тарихы бөлімінің меңгерушісі (1926). Қызылорда халық ағарту институтының, Ташкенттегі қазақ педагогикалық институтының директоры (1927). «Әдебиет майданы» журналының редакторы (1932). Қазақтың коммунистік журналистика институтының

профессоры (1934). Сәкеннің алғашқы өлеңдер жинағы «Өткен күндер» деген атпен 1914 жылы жарық көрді. Поэзиялық туындыларының ішінде Сәкеннің шығармашылық ерекшелігі мен идеялық-саяси ұстанымын бедерлі айғақтайтын туындылары – «Кел жігіттер», «Жас қазақ марсельезасы», «Жұмыскерлерге», «Жолдастар» сияқты саяси лирикалары, сондай-ақ «Советстан», «Көкшетау», «Альбатрос», «Социалистан», «Қызыл ат» поэмалары. Проза саласында «Жер қазғандар», «Айша», «Біздің тұрмыс», «Сол жылдарда», «Жемістер» повестері мен «Тар жол ,тайғақ кешу » мемуарлық роман жазған.

«Бахыт жолында», «Қызыл ат» поэмалары. Проза саласында «Жер қазғандар», «Айша», «Біздің тұрмыс», «Сол жылдарда», «Жемістер» повестері мен «Тар жол, тайғақ кешу» мемуарлық роман жазған. «Бахыт жолында», «Қызыл сұңқарлар» драмалары өз заманының рухын танытатын елеулі шығармалар.

Қазақ әдебиетінің қалыптасуына айрықша еңбек сіңірген С.Сейфуллин әдебиетінің басқа жанрларында да айтарлықтай із қалдырған. Оның әдеби-сын мақалалары, баяндамалары мен сөйлеген сөздері ұлттың мәдени – рухани өміріне сергек араласқан сыншылдық ойынының құнарлығын және пәрменділігін танытады. Әсіресе, қазақ әдебиеттану ғылымында күні бүгінге дейін құнын жоймаған «Қазақ әдебиеті» атты зерттеу еңбегінің мәні зор.

Сәкен шығарған әндер халықтық дәстүрді тұғыр ете отырып, дүниеге келген өзіндік даралық сипаттармен ерекшеленеді.

Сәкен қазақ маңдайына біткен біртуар дара тұлғалардың бірі. Ол өз ұлтын қалтқысыз сүйіп, халқына еңбек сіңірді. Бұл жолда Сәкен социалистік жүйені, оның идеялық дем берушісі коммунистік партияны халықтарға бахыт пен бостандық әкелушідеп сенді. Тіпті, сенбеген күнде, сөз жөнінде мейлінше тартымды коммунистік партияның саяси платформасын ұлттың көгеріп-көктеуіне пайдаланбақшы болып жан-тәнімен қимылдады. Алайда мемлекеттік төңкерістер мен идеологиялық өзгерістерге қарамастан Ресейде өзгеріссіз қалған империялық озбырлық Сәкеннің де, Сәкен сияқты жүздеген, мыңдаған боздақтардың да, керек десеңіз, мүлде басқа жолдарды таңдаған ұлтжандардың да армандарын қиялға айналдырып, өмірлерін қасіретке тап қылды. Демек, тарихи тұлғалардың тағдырын парақтағанда олар қандай жолды таңдағаны бойынша бағаланбауы керек, халқына қаншалықты қызмет еткені, қаншалықты еңбек сіңіргені, қаншалықты жілігі танитын мұра қалдыра алғаны бойынша лайықты бағасы берілуге тиіс.

Тарихи әділдіктің де, ғылыми-әдіснамалық объективті ұстанымның да қисыны осы. Бұл тұрғыдан келгенде, Сәкен халқымен мәңгі бірге жасайтын, халқының мәңгі сый-құрметіне лайық біртуар тұлға.


Тест тапсырмалары:
1. «Қазақ жастары марсельезасының» авторы кім?

А С.Сейфуллин

Б) М.Жұмабаев

В) С.Мұқанов

Г) М.Мақатев
2. С. Сейфуллиннің “Тар жол тайғақ кешу” романында азамат соғысы оқиғаларымен

А) 1916 жылғы

Б) ұжымдастыру кезеңі

В) Ақпан ревалюциясы оқиғалары

Г) Қазақстанда білім беру жүйесінің қалыптасу кезеңі
3. «Қазақ» газетінің редакциясына енбек сіңірген адамның фамилиясы

А) С.Сейфуллин

Б) Ә.Бөкейханов

В) М.Дулатов

Г) А.Байтұрсынов
4. «Қазақ» газетінің редакция алқасының мүшелігіне кім кірмейді

А) ) С.Сейфуллин

А.Байтұрсынов

Б) М.Дулатов

В) Ә.Бөкейханов
5. Ақмолада Кеңес өкіметін орнатушылардың бірі?

А) Сейфуллин

Б Цвиллинг

С) Бокин


Д) Жангелдин
6. С.Сейфулин қай жылы халық жауы деген жаламен атылды

А) 1938


Б) 1937

В) 1935


Г) 1936
7. Қазақ Совет әдебиеттінің негізін тұңғыш қалаған жазушы

А) С.Сейфулин

Б) М.Жумабаев

В) Ж.Аймауытов

Г) О.Сулейменов
Пайдаланатын әдебиеттер:
1. «Жүз тұңғыш » Алматы 2005 ж

2. М. Жолдасбекұлы, А. Сейдімбек, Қ. Самюраұлы «Ел тұтқа» Астана 2001ж

3. Данагүл Махат «Қазақ зиялыларының қасіреті» алматы 2004 ж.

4. М. Құлмұхаммед «Алаш бағдарлымасы» қиянат пен ақиқат Алматы 2000ж



САБАҚ

27,28 Сабақтың тақырыбы:Тұрар Рысқұлов.


Жоспар:
1.“Еңбекші қазақ” газетінің жауапты редактор қызметі.

2.Орта Азия мен Қазақстанның кеңес дәуіріндегі тарихшылардың бірі әрі қалам қарымы мықта журналист ретінде де танылуы.

3. 1917 жылы ақпан революциясы басталғаннан кейін Тұрардың қоғамдық саяси өмірге араласуы.

4. Ұлы жазушы М. Әуезовтың «Қараш - қараш» атты еңбегіндегі Т.Рысқұловтың балалық шағы туралы құнды деректер.


Теориялық мәліметтер:
Орталық Азияның аса көрнекті саяси және мемлекеттік қайраткері Тұрар Рысқұлұлы 1894 жылы желтоқсан айында Жетісу облысының Верный уезінде көшпенді кедей қазақтың отбасында өмірге келген.

Тұрардың әкесі Рысқұл Жылқайдаров 1905 жылдың аяғында Шығыс Талғар облысы Саймасай Үшкемпіровты атып өлтіргендігі үшін жауапқа тартылды. 11 жасар Тұрар қанды кектен тасаланып Бесағаш пен Боралдай деген жерлерде, ал содан кейін оның әкесі отырғызылған Верный түрмесін паналауға мәжбүр болды. Ол түрмеде қолбала және көшір бола жүріп, орысша сауатын ашады.

Сахалинде 10 жылға каторга жұмысына кесілген әкесі ұлының өміріне қауіптеніп, Тұрарды да каторгаға жіберуді өтінеді, бірақ оның өте балаңдығы себепті өтініші қабылданбайды. Кещікпей, әкесі Сібірге жөнелтілген соң және түрме басшылары тарапынан каторжниктің ұлын күштеп шоқындыруға әрекет жасағаннан кейін, Тұрар Әулие Ата уезі Мерке поселкесіне қашып барады да байдың малын бағуға жалданады.

1907-1910 жылдары Тұрар Қырғызбаев деген бұркеншік атпен Маркедегі орыс-бұратана бастауыш мектебінде оқиды,ал 1910-1914 жылдарда жас тұрар маркедегі және Ташкент түбіндегі тәжірбие алабында жұмыс істейді. 1916 жылдың жазында Тұрар Әулие Ата уезінде отаршылдыққа қарсы қарулы көтерілісті ұйымдастырушылар санатында қамауға алыады. Жатжерлік езушілерге жаппай қарсылық көрсетуге одан әрі тікелей қатысудан оны тек аяқ астыдан ауруға ұшырауы қалыс қалдырады. 1916 жылғы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы жас зиялылардың –Тұрар замандастарының саяси жағынан жетілу мектебі болды және көп жағдайда олардың бұдан


арғы тағдырын айқындап берді. Сан мәртебе талаптана отырып, Тұрар ақыры 1916 жылдың күзінде Ташкент мұғалімдер институтына оқуға түседі.

1917 жылғы ақпан буржаузиялық-демократиялық төңкерісі Ресей империясының жаңа ұрпағының санасын сілкінтіп, саяси белсеңділігін өсуіне әсер етті. Ташшкентке ақ патшаның құлатылғандығы туралы хабар жетісімен Т.Рысқұлұлы оқуын тастап Әулие Ата уезіне, Мерке ауданына келіп жетеді. Мұнда ол 1916 жылғы көтерліс кезінде орыс жұртының шеккен зияны деп жергілікті кулактардың байырғы халықтан малдай және ақшалай орсан мөлшерде контрибуция алуға бағытталған әрекетін іске асырмай тастады. Оның жетекшілік етуімен Қазақ жастарының төңкерісшіл одағы ұйымдастырылады,. Осы тұста Тұрар большевиктермен жақындасады., 1971 жылғы қыркүйекте РСДЖП мүшелігіне өтеді.

Саясатшы және мемлекет қайраткері ретінде есімі Мұсылмандар бюросы қызметіне байланысты кеңінен әйгілі болды. Тұрар осы ұйымның бастауында тұрды және ол өмір сүрген уақыттың ұзын бойында үздіксіз жетекшілік етті. Оның басшылығымен Мұсбюро іс жүзінде большевиктерден дербес ұйымға айналды және Орталықтың өктемдігі мен зорлығына қарсы дәйекті түрде күрес жүргізді... Ол Ресей коммунистік партиясына қарсы қойған мұсылман партиясының басты теоретигі және идеологы болды.

Тұрар бағыттап отырған Мұсбюро тәулесіздік жолында және байырғы халықты өзін-өзі билеуге таруда едәуір жұмыс атқарды. Тұрардың ұлттық-мемлекеттік құрлыс жөніндегі көзқарасы Түркі Республикасы мен Түркі Компартиясын құру туралы шешім қабылдаған Мұсбюроның Шөлкелік конференциясының толық қолдауына ие болды.


В.И.Лениннің және оның Түркістандағы өкілдерінің (Фрунзе , Құйбышев,) араласуы Түркістандықтардың өздерін-өздері басқару ниетін басып тастады. Коммунистік ұйымдардың басын біріктіру желеуімен Мұсбюро жойылды, ал Тұрарға пантүрікшілік пен ұлтшылдық ауытқушылық айдары тағылды. Осы кезден бастап Тұрарға тағылған партияға қарсы оппазициялық айыбы соңынан қалмады. 1920 жылы Тұрар Шығыс халықтарының Бірінші съезінің жұмысына қатынасу үшін Бакуге барады да мұнда съездің басшы органына сайланды. РКП Орталық Комитетінен бір қызмет тауып Орталықта қалдыруды өтінеді. 1920 жылы Тұрар РКФСР Ұлтар істері жөніндегі Халық комиссарының екінші орынбасары болып тағайындап, бір жыл бойы осы әкімшілік органының Әзірбайжандағы уәкілі болып қызмет істейді.,

1924 жылыдың жазында Тұрар Коммунистік Интернационалдың уәкілі ретінде Монғолияға жіберілді. Мұнда ол партия құрылысында, халық өкіметін нығайтуда көрсетеді. Тұрардың ұсынысы бойынша мемлекеттің астанасы – Урга қаласы Улан Батыр болып аталады.

Т.Рысқұловтың өмірдегі аса маңызды оқиға – оның Қазақстанға кеңес жұмысына жіберілуі еді. Бұл кезле империялық Мәскеудің жаңадан жіберілген өкілі Голощекин қазақстанда өзінің жеке басының билігін орнықтыру жолныда Қожанов, Сәдуақасов, Мыңбаев сынды қазақ басшыларымен шешуші айқасқа әзірленіп жатқан еді.

Ресей Федерациясы Халық Комиссарлар Кеңесі төрағасының орынбасары қызметінде Тұрардың сан-салалы істерінің негізгі бағыттарын РКФСР Экономикалық кеңесінің төрағасының орынбасары, Халком Кеңесінің жанындағы Мақта жөніндегі тұрақты кеңестің төрағасы (1926-1930)

Қазақстандықтардың бірнеше ұрпақтарының жадында Тұрардың жарқын бейнесі Сталиннің шексіз озбырлығына тайсалмай қарсы тұрған қайраткер ретінде сақталды. 1932-1933 жылдардағы қазақ халқының ұлттық қасіреті-республика басшылары мен зиялыларының бойындағы азаматтық кемелдік деңгейін ашып көрсететін қайғылы құбылыс болды. Тарихтың осы бір аса ауыр көңілінде бірең-сараң адамдар ғана қызыл топалаң саясатқа қарсылық көрсеткен еді. Олардың қатарында бірінші болып Рысқұл боздағының есімі – Тұрар.

Сталиндік жендеттер Тұрар Рысқұлын 1937 жылы 21 мамырда тұтқынға алды. Ол КССРО Жоғары Сотының Әскери Алқасының үкімі бойынша 1938 жылы 10 наурызда Мәскеу қаласында атылды. Тұрар 1956 жылдың желтоқсан айында ақталды. Партия жандайшаптары Тұрардың өмірі тарихын шынайы зерттеуге қарсылық көрсетті. Бұл қазақ халқының тамаша ұлының рухани құдіретін айғақтай түсетін құбылыс болса керек.


Тест тапсырмалары.
1. Қазақстан, Түркістан, Ресей, Әзербайжан, Монғолия және Коминтернның қай басшысы Сталинге мемлекетті басқару мәселелері бойынша өз келіспеушілігін ашық айтып, Қазақстандағы ұжымдастырудың қауіпті салдарлары туралы орталыққа хабарлаған еді?

А) Т.Рысқұлов

Б А. Розыбақиев

В ) С.Сейфуллин

С ) С.Мендешев
2. Денсаулық сақтау халық комиссары болып тағайындалған қоғам қайраткері

А) Т.Рысқұлов

Б) М.Дулатов

В) Ә.Бөкейханов

Г) А.Байтұрсынов
3. Т. Рысқұлов халық жауы деген жаламен қай қалада атылды

А. . Мәскеуде

Б Ташкентте

В. Алматыда

Г. Орынборда
4. Т.Рұсқұловтың 1924 ж. қазанда кімге хат жолдады .?

А) ) Сталинге

Б Ленинге

В ) Брежнивке

С ) Голошекинге
5. Қазақ жастарының революцияшыл одағын» ұйымын кім құрды?

А) Т.Рысқұлов

Б С.Сейфуллин

В) Ә.Жангельдин

С) С.Мендешев
6. 1916 ж. ұлт-азаттық кезінде Т.Рысқұлов қай облыста әрекет жасады?

А)Сырдария облысында

В) Қашқария облысында

С) Торғай облысында

Д) Ақмола облысында

Е) Семей облысында


Пайдаланатын әдебиеттер:
1. Қоңыратбаев О. Т. Рысқұлов Қоғамдық - саяси және Мемлекеттік қызметі. Алматы “ Қазақстан ” 1994 301 бет .

2. М. Әбілтайұлы Н. Әбілдаев Тұрар Рысқұлов Монғолияда Алматы “ Қазақстан ” 1994 ж 84 бет.

3. Устинов В. М. Турар Рыскулов ( очерки политической биографии) Алматы “ Казакстан ” 1999 г 470 бет.


САБАҚ

29 Сабақтың тақырыбы:Тұрар Рысқұлов.


Жоспары:
1.Мемлекет және қоғам қайраткері.

2.1904 жылы патша үкіметінің зорлық зомбылығына қарсы шыққаны үшін он жылға сотталып, итжеккенге жер аударылуы.


Теориялық мәліметтер:
РСФСР Ұлт істері жөніндегі халық комиссариатының ұрамына ызметке келгенге дейінгі Т. Рысқұловтың ұлт мәселесі бойынша көзқарасы толық баяндалды, ал енді осы комиссариатты басқарып отырған И. В. Сталиннің ұлт мәселесіне көзқарасы қалай болғаны және осы екі түрлі көзқарастағы қайраткерлердің өзара арақатынасының қалай өрбігені туралы да мәселе іштей талдауды қажет етеді. 1913 жылы жарық көрген өзінің “ Марксизм және ұлт мәселесі ” деген еңбегінде И. В. Сталин ұлт мәселесіне деген көзқарасын мынадай сөйлемдермен тұжырымдап жазған болатын: “ өзін - өзі билеу правосы: яғыни өз тағдырын шешуге ұлыттық өзінің ғана правосы бар ұлттың тіршілігіне зорлап араласуға, оның мектептерін және басқа мекемелерін қиратуға, оның әдет - ғұрыптарын бұзуға, оның тіліне қысым жасауға, праволарын жыртуға, ешкімнің правосы жоқ. ” “ Өзін - өзі билеу правосы, яғыни ұлт өзінің қалауынша тұрмыс құра алады. Ол өзінің тұрмысын автономия негізінде құруға праволы. Ол мүлде бөлініп шығуға праволы. Ұлт еуверенитеті және барлық ұлыттар тең праволы.” “ Ұлт тіпті ескі тәртіпке қайта оралуға да праволы.”

6 наурызда ашылып, төрт күн жұмыс істеді. Кеңеске РСФСР – дің ішкі губернияларының, барлық түрік тілдес ұлт республикалары мен обылыстарынан өкілдер қатынасты. Кеңеске шешуші дауыспен қатынасып, сөз сөйлегендердің арасында Түркістан Республикасының өкілдері - Н. Төреқұлов, С. Қожанов, Х. Бурнашев және т. б. бар.

Т. Рысқұловтың кеңесте сөйлеген сөзін мұқйят, зер сала талдаған кезде, онда уақыт өте тарихи дамудың өзі дұрыстығын дайындаған кесек – кесек ойлар барлығын көреміз. Бұл ойлардың маңыздылығына байланысты, біз бұл жерде оны кеңірек талдауға көшеміз. Ұлт мәселесін әр түрлі көз қарас тұрғысынан қарастыруға болады, - дейді

Т. Рысқұлов сөзінің басында. Ұлт мәселесі біздің партия съезінде қарастырылатын қырынан алғанда, әрйне жалпы мәселе болып табылады. Мұнда, түрік коммунистерінің кеңесінде біз ұлт мәселесінің шығыс бөлігін ғана қарастырамыз, әрі десеңіз баяндамашы негізінен осы бөлігін қамтыды. Жалпы ұлт мәселесін шығыс бөлігін қарастыруға мен де ынталымен және осы бағытта өз ойымды білдірем. Одан әрі Т. Рысқұлов РСФСР ішіндегі ұлт мәселесінің, әсіресе түрік халықтарына қатысты саясаттың қазіргі таңда ерекше зор маңызы бар екеніне көңіл аударады. Шығыс коммунистері арасында азды – көпті белсендірек болып жұрген біз, түрік коммунистері, - дейді Т. Рысқұлов, - әлемдік ревалюция көсемдерімен әлемдік ревалюцияның басқарушы ұйымдарының қазіргі таңда Шығыста қалыптасқан жағдайды түсініп, Шығыс ісі мен шығыстағы міндеттерді жүзеге асыру жолында бізге тосқауыл келтіріп отырған кедергілерді жою үшін сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де қолғабыс жасап, тірек болуына мүддеміз.

Т. Рысқұлов РКП (Б) орталық комитеті мен Түрік комиссиясының саясатын одан әрі де батыл айыптауды жалғастыра түсті. “ Мен, - дейді

Т. Рысқұлов, - отарлау мәселесіне тоқталып өтем ...” мен Жетісу обылысында туылдым, кедей қазақтардың ортасынан шықтым, кулактардың талай зорлығын көрдім, соған қарамастан жергілікті коммунистер осы отарлаушы элементтермен, отарлаушылардың езгісімен күрес жүргіздік, бірақ оларды құрта алғанымыз жоқ, барлық үмітті Орталық өкілдеріне, Түрік коммиссиясының алғашқы құрамы отарлаушылармен күрес, келімсектер мен жергілікті халықтың жағдайын теңестіру және кеңес өкіметіне қарсы бас көтерген орыс кулактары мен орыс – казактардан жасақталған қызыл әскерлерді тарату туралы бахандай бес қаулы қабылдаумен тынды, бірақ бұл қаулылардың бәрі де тек қағаз жүзінде қалды. Сондықтан да жергілікті коммунистер Түріккомиссиямен келісе алмай, партияның орталық комитеті алдында, Түріккомиссия жергілікті кулактарға арқа сүйеп, соларды пайдаланады. Орасан зор Түркістан майданы кулактарға қарсы іс жүнде ешқандай шара қолданбады. Түріккомиссияны алғашқы құрамына тағылған айыптау – бұл ұлт мәселесі бойынша тағылған айыптау болатын. Бұдан әрі Т. Рұсқұлов түріккомиссияның екінші құрамының қазіргі қызметін сынады. “ Ал, енді біз Түріккомиссияның екінші құрамынан нені көріп отырмыз ... Кулактарды талқандаймыз, жер мәселесін теңестіреміз деп Түркістан газеттері жазып, қаулылар қабылданып жатқанымен де, іс жүзінде ештеңе атқарылған жоқ ... Біз, жолдас Сафаровтың қазақтарға бір адым да жер қайтармағанын жақсы білеміз. Өз сөзіне Т. Рысқұлов Түркістан Республикасында жүргізіліп отырған әскери саясат туралы келелі пікірлер айтты. ” Әскери мәселені алайық, - дейді Т. Рысқұлов. Мен бір ғана мысал келтіремін. Ұзақ арпалыстан соң Түркістан қайраткерлері Қызыл Армияға 30 000 мұсылманның шақырылуына қол жеткізді. Москвадан мұсылмандардың ешқандайміндеткерлік атқармауы туралы ескертілді және шақыру орталықтың қыспағымен жүргізілді. Шақыру тіпті тамаша орындалды, 30 000 адам шақырылды, олар лагерьде орналастырылды. Бірақ кейінірек біз нені көрдік? Осы армиядан не шықты? Біз жалаңаш тобырды өлесі ашыққандарды көрдік және осы 30 000 адамның жартысы өз ауылдарына қашып барып, қарапайым қара жұмысшыға айналып жатыр. Ал қағаз жұзінде бізде қазақ бөлімшесі, өзбек бөлімшесі дегендер бар. Міне, әскери мәселенің жағдайы. Т. Рұсқұлов басталып келе жатқан құбылыстың ішкі мәнін тап басып тұр. Армия бізге не үшін керек? Армия бізге сән – салтанат үшін емес, “ қазақтардың өз құқықтарын өздері қорғай алатынын дәлелдеу үшін керек” дейді Т. Рұсқұлов

Т. Рысқұловтың бұл сөзі - оның ұлт мәселесі бойынша жасаған баяндамалары мен сөйлеген сөздері ішішдегі ой – пікір өткірлілігімен ерекшеленеді. Сірә Т. Рысқұловтың сөзінің әсері болса керек, артына сол жылы. Г. Сафаров өзінің “ отарлық революция. Түркістан тәжірибесі ” атты тамаша кітабын жазды. Т. Рысқұлов II кеңеспен бір мезгілде өтіп жатқан РКП (Б) X съезінің жұмысына да қатысады. Съезде аяқталған соң ол қайтадан Баку қаласына оралып, РСФСР Ұлт істері жөніндегі халық коммиссариатының өкілетті өкілі қызметін жалғастырды. Т. Рысқұлов Баку қаласында қызметін жалғастыра жүріп Москва қаласында, Түркістан Республикасында болып жатқан қайшылықты саяси процестерді зерттеп, назарына жіті ұстайды.

1921 жылы тамыз айының басында Т. Рысқұлов Ташкент қаласына келіп, ТКП – ның VI өлкелік съезінің жұмысына қатысады. ТКП VI съезінің мандат комиссияның 1921 жылы 14 тамыздағы мәжілісі съезге келген адамдардан келген өтініштерді қарайды. Комиссия осындай өтініш жазған Т. Рысқұлов пен Н. Ходжаевтың тілегін орындап, оларға ТКП VI съезіне кеңесші дауыспен қатысуы құқын берді. ТКП VI съезі Ташкент қаласында 1921 жылы 11 – 20 тамыз аралығында болып өтті. Бұл съезде наурыз айында Москвада болып өткен РКП (Б) X сезінің шешімдерінің орындалу барысы талқыланды. Т. Рысқұлов қатынаспаған съезінің алғашқы мәжілістерінде бірден – бір маңызды мәселе бойынша саяси пікірталас өтпеген, барлық депутаттар ТКП орталық комитетінің есепті бағдарламасын “ бірауыздан қолдап мақұлдап отырған.” жылы 25 ақпанда “ степная правда ” газетінде жарияланған “ кезбе тезистер және РКП (Б) - ның ұлт саясаты ” атты мақаласында

Т. Рысқұловтың тезистерінің қабылданбауына ерекше белсене күш салған адамның бірі - Ә Әйтиев бұл тезистердің мазмұнына біршама дәрежеде тоқталып, оны барып түрған “ пантүрікшілдік ” ретінде сынаған.
Реферат тақырыптары.


  1. Т.Рысқұлов еңбектеріндегі ашаршылаққа қарсы көзқарастары

  2. Т.Рысқұлов- өмірі мен қызметі

  3. Т.Рысқұлов РСФСР Халық комисары кеңесінің төрағасының орынбасары және партия қызметкері

  4. Ашаршылық жылдары


Пайдаланған әдебиеттер:
1. Қоңыратбаев О. Т. Рысқұлов Қоғамдық - саяси және Мемлекеттік қызметі. Алматы “ Қазақстан ” 1994 301 бет .

2. М. Әбілтайұлы Н. Әбілдаев Тұрар Рысқұлов Монғолияда Алматы “ Қазақстан ” 1994 ж 84 бет.

3. Устинов В. М. Турар Рыскулов ( очерки политической биографии) Алматы “ Казакстан ” 1999 г 470 бет.

САБАҚ

30,31 Сабақтың тақырыбы:С. Қожанов.


Жоспары:
1.Сұлтанбектің шығармалары.

2. Естеліктер, Ескі пікірлер.

3. Мәскеуде “Қожановшылдық” қайдан туды.

4. Сұлтанбектің сырлары


Теориялық мәліметтер:
Қазіргі Шымкент облысы, созақ ауданындағы Ақсүмбе деген жерде 1894ж туған. Сұлтанбектің қысқа ғана балалық шағы сол Қаратау Баурайында, шаруасы жарытымсыз, кедей болған малшы Қожан Қоңқақұлының қолында өтеді. Көп балалы қойшы Қазнаның ұлдарының үлкені Сұлтанбек екен. Патша үкіметі өзінің отардағы ісіне септесер болашақ қолшоқпарларын тәрбиелеу мақсаты мен орыс-түзем мектептерін ашып, оқытатын балаларды әр обылыстан жинауға кіріскенде, ауқаттылар “тұқымын шоқындырып алудан” қорғанышақтағандықтан, жеребе “бір қора ұл-қызы бар кедей-кепшік Қожанның бақташысы боп жүрген еті тірі, пысық жеткіншігі -Сұлтанбегіне” түседі. Осындай жағдаймен 11 жасар баланың тұрмыс салтына өзгеріс енеді - әкесі оны Түркістанға әкеліп, танысының үйіне орналастырады. Мұнда ол бір ауыз орысша сөз білместен орыс-тузем мектебінің партасына отырады, әрі күн-көріс талабына орай етікшінің жәрдемшісі ретінде жұмыс істей бастайды.

Зерек бала орысшаға тез төселіп, төрт кластың бастауыш орыс-тузем мектебін ойдағыдай аяқтайды да үш класстық қалалық үчилищені бітірген соң, білім қуып Ташкентке келеді. Сұлтанбек сондағы мұғалімдер семинариясына түсуге талпынады, ол Түркістан уезінің түземдік тері үшін төрт орын бөлінгенін алдын-ала біліп алған-тын. Тек өзінің ұстазы Түркістан қазақтары арасында Ұзынсақал атанған тілінің мұғалімі Иван Михайлович Яковлевтің араласуымен ғана конкурс бойынша қабылдау емтиханын тапсыруға рұқсат алады. Сынақтардан мүдірмей өтеді. Семинарияда оқыған жылдарында Сұлтанбек жалпы білімін көтерумен қатар қоғамдық озық ой-пікірлермен таныса бастайды, мұғалімдердің астыртын ұйымдарының жүргізген жұмыстарына қатысады. Өзі оқып жүрген мұғалімдер семинарисында 1915 жыл “Кеңес” атты жасырын үйіре ұйымдастырылады. Оқуды 1916 ж мақтау грамотасымен тамамдайды да Әндижан уезіндегі орыс-тузем мектебінің мұғалімі болып тағайындалады. Онда бір жыл істейді, сосын туған жеріне оралып, ауыл мектебінде бала оқытуға кіріседі.

Қожановтың белсенді қоғамдық-саяси жұмысқа бір жола ден қойуына Февраль революциясы мүмкін етті. Ол Ташкентке барып, мұғалімдер институтына тыңдаушы болып жүре, саясат жолынан өз бағытын адастырмас дұрыс жолды табуға тырысты. Патша тақтан құлаған сәтте туындаған саяси мүмкіндіктерді ең алдымен ұлттық буржуазия мен оған тіркес жүрген интеллегенция тобы пайдаланып қалуға тырысты. Бұл топ өлкенің Европа капиталымен тығыз байланысқан түрде капиталистік жолмен дамуын қолдайды. Сұлтанбекте батыл түрде сол жарды ұстанды. Сол шақта теріс пиғылдармен жан аямас күреске түскен Тұрар Рысқұловтың қатарында Сұлтанбек Қожановта болды. Тұрар өлкедегі аштыққа қарсы күрес комиссиясын басқарып, Сұлтанбек 1918 ж көктемінде комиссия тапсырмасымен Түркістан уезіне аттанды.

Созақ, Түркістан, Жаңа қорған және т.б. елді мекендерде ашыққан адамдардарды тамақтандыратын пункттер ашуды ұйымдастырды. “Жылан жылы ел Сұлтанбектің түлен көнесін ішіп жан сақтады ғой” – дегенді сол өңір қариялары күні кешеге дейін өздері дүниеден озғанша айтып жүрді. Сұлтанбек ұстаздық қызметімен шектеліп қана қоймай, ұйымдастырушылық қабілетін қоса танытты. Қазақ халқына білім беру институтының (КИНО) іргесін көтеріп, осы орта дәрежелі оқу орнында алғышқы 300 мұғалімді даярлауға ат салысты. 1919 ж қырүйекте ол Түркістан қаласында, уездің оқу бөлімінде қызмет атқаруға жіберілді.


Реферат тақырыптары:
1. С.Қожанов-өмірі мен қызметі.

2. С.Қожановтың орыс отаршылдарынан жерді “қазаққа” қайтару күресі.

3. Ұлттық мүдде үшін күресі.

4. Қазақстан өлкелік партиясындағы қызметі

5. С.Қожановтың қудалануы.

6. Қожановтың балалық шағы.

7. Өмірі мен қызметі.

8. С. Қожановтың саяси ортаға белсене қатысуы.


Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Жолтай Әлмашұлы. Сұлтанбек Қожанов Алматы 2005ж

2. Жолтай Әлмашұлы. Сұлтанбек Қожанов Алматы 1994ж

3. Қойгелдиев “Ұлттық саяси элита”

4. Қазақ Ұлттық энциклопедиясы 3 том.Үш тұңғыш

5. Ұмытылмас тұлғалар

6. Жолтай Әлмашұлы. Сұлтанбек Қожанов Алматы 1994ж


САБАҚ

32 Сабақтың тақырыбы:С. Қожанов.


Жоспары:
1.С. Қожанұлының орыс отаршылардан жерді қазақтарға қайтару күресі.

2. Ұлттың мүддесі үшін күрес.


Теориялық мәліметтер:

1920 ж наурызда Сұлтанбек РКП(б) мүшелігіне қабылданды. Ұзамай қалалық партия комитетінің мүшесі болды. Кешікпей Сұлтанбек Сырдария облысының революциялық комитеттің предцедателі болды.

Ұлттық-территориялық межелеуге дейін Түркістанда істеген Сұлтанбек 1920-1924 ж Туркреспублика советтері мен Түркістан Компартиясының барлық съездеріне, РКП(б)-ң Х және ХІІІ – съездерінде делегат болды.

Нанейшвели мен Қожанов республиканың басшы орындарына лайық кадрлар таңдауда біраз жұмыс жүргізді. Астананың атын Қызылорда деп өзгертіп, халықтың бұрмаланған тарихи есімін өзіне қайтарған, яғни аталуын тұңғыш рет “Киргиз республикасынан” “Қазақстан респубикасына” ауыстырған Кеңестердің бесінші съезін өткізді. Қожановтың арта түскен беделі “портфельден” айырылған бұрынғы белсенділерге ұнаған жоқ.

“Білгір” рушыл наркомның “ұлтшыл” Қожановқа берген мінездемесі мынадай: “Қожанов барып тұрған қу, өжет іскер адам... Қожанов өзге түгіл, Сталиннің өзіменде жұлқыса кетуге тайынбайтын адам. Бір жиналыста Сталин Қожановқа қалжыңдап: “Халың қалай; Шыңғыс хан?” десе, Қожанов оған: “Мен емес өзің Шыңғысхан!” депті. Ол сондай батына сөйлейтін хан”. “Оның топтастары” Серғазиев, Есқараев, Аралбаев, Тоқтабаев тағы тағылар, “сен тұр мен, айтайын” дейтіндер. “Ол ұстаған жерінде тістесіп қалып қалатын адал... Көрерсің, Садуақасовшылармен біріккен Қожановшылар, бірлік-берекеден айрылып Меңдешевшілер мен Сейфуллиншілердің әр жерде соғып сілесіп қатырды”.

Голощекинге өзін көсем санайтын сарыауыздар керек еді, сондай адам – жалы да маркстік – лениндікте тиянақты білім алып көрмеген, праптип, республикалық деңгейдегі жұмысқа шыққанына бір жылдай ғана болған, бірақ Қожанов тұсына, Кеңестердің V съезіне дейін ҚазЦИК секретары қызметінен түсірілген Ораз Исаевтің Қожановтың орнына, өлкелік партия комитетінің екінші секретарлығына Исаев сайланды. Ол Голощекиннің сенімін толығымен ақтайды. Үш жылдан кейін, Қожановтан өзі қойған сұрақтарға орай, Горлощекин саясатын мойындайтынын жазған жауап-хат келіп, “Еңбекші халыққа” жариялайды. Голощекиннің қолшоқпары бола жүріп, 1929 ж үкімет басына жетеді де, тағы үш жылдан кейін, өзге жауапты қызметкерлер мен бірге бас шұлғи беру салдарынан, халықты қайғылы ашаршылыққа душар еткізеді.

Қожановтың өмір жолына оралайық. Ол Москвада екі жылдай істейді. ВКП(б) Орталық комитетінің жауапты нұсқаушысы қызметін атқара жүріп, марксиз-ленинизм курсында оқиды. 1927 жылы желтоқсанда Ташкентке, ВКП(б) Орталық комитетінің Орта Азия бюросының қарамағына жіберіледі.

Мұнда ол Средазбюро үгіт-насихат бөлімі меңгерушісі, үгіт-насихат жөніндегі секретарь болады.“Түркістан Кеңес Автономиясының 10 жылдығына” деген еңбек жазады. Еңбегінде Түрік республикасының даму кезеңдерін талдап, Түркістан АССР-ң жер-жерінде Кеңес өкіметін орнықтырудағы рөліне, жалпы Ресей Федерациясы құрамына Азиядан кірген тұңғыш автономиялық республиканың маңызына тоқталды. Бұл қазіргі ғалымдардың назар аударуын қажет ететін құнды жұмыс, онда, қайта құру кезеңін талап етіп отырған, ой тоқырауын жоюды мүмкін ететін деректер мен тұжырымдар мол.

Орта Азия бюросындағы қызметімен қоса Сұлтанбек Ташкентте партия тапсырмаларына орай басқа жұмыстар істеді. САХИПИ – ді Орта Азиядағы мақта ирригациялық политехника институты ұйымдастырып, алғашқы директоры болды. ВАСХНИЛ-ң Ташкенттегі филиалында қызмет атқарды. Орта Азияның мақта комитетін басқарды. 1931 жылы наурызда ол қайтадан Москваға шақырып алынды. Әуелі ВКП(б) Орталық Комитеті боп, 1932 жылы майдан “Союззолотхлопок” меңгерушісінің орынбасары, тамыздан Орталық бақылау коиссиясында техникалық дақылдар тобы жетекшісінің орынбасары, ал 1934 жылы февральдан августқа дейін СССР Халкомсовы жанындағы Советтік бақылау комиссиясның мақта жөніндегі бақылаушысы болды.

Сұлтанбек Қожанұлы 1934 жылы тамыздан бастап 1937 жылы шілде де қамауға алынғанға дейін Ташкентте істеді. Әуелі СССР Егіншілік Халкоматының Орта Азиядағы өкілі, ал 1934 жылдың қазанында - Кеңестік бақылау комиссиясы Өзбекстан бойынша өкілінің орынбасары қызметтерін атқарды.Өзбекстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі болып сайланды.

Бар саналы ғұмырын халық игілігі үшін еңбек етуге арнаған бұл қайраткер партияның Х, ХІІІ, ХІV, XVII- съездеріне делегат ретінде қатысты, Бүкілроссиялық Орталық Атқару комитетімен СССР Орталық Атқару Комитетіне мүше болды.

Жазықсыз репрессияланды. Ардақты есімі КПСС ХХ-съезінен кейін көп ұзамай қалпына келтірілді. Алайда, Қазақстан тарихшыларының орынсыз кір жағуынан әзірге аршып алынған жоқ. Жекелеген ғалымдар,философия ғылымының кондидаттары Т.Жангелдин мен М. Бурабаев: “С.Садуақасов, С.Қожановтың антипартиялық топтары... Коммунисттік партияның Қазақстандағы саясатына шабуыл жасап ұлт араздығын қоздырды.Крайкомның V партконференциясында кейін белсенді түрде дами түскен бұл топтардың идеялогиялық мәнін олардың байлар мен солардың лидерлері- алашордашылар мүддесін көрсететіндігі анықтайтын” деп Сұлтанбек Қожановқа жазықсыз жала жапты.Өлкедегі аталған V және VI партконференциялар 1925 жылы желтоқсан мен 1927 жылы қарашада өткенін, ал бұл кезде С. Қожанов партияның ХІV съезінде делегат болып қатысып, Орталық Комитет аппаратында жауапты жұмыс істеп жүргенін, сондай-ақ білімін жетілдірумен шұғылданғандығын айтсақ, жоғарыдағы тұжырымды түйген философтардың тарихи шындыққа қолдан жасаумен айналысқанын аңғару қиын емес.

Адал адам туралы аз сөз айтуды КПСС ХХ-VІІ cъезінің нұрлы шуағында ерекше қуанышпен бар дауыспен жариялай отырып орындауға тиіс міндетіміз деп білейік.
Тест тапсырмалары
1. Мемлекет қайраткерлері С.Қожанов қай жылдары республикадан аластатылды?

А) 1928-1930 жж

В) 1927-1928 жж

С) 1929-1930 жж

Д) 1927-1929 жж

Е) 1928-1932 жж


2. Д.А.Қонаев дарынды қайраткер ретінде Социолистік еңбек ері атағын неше рет алды?

А) 1


В) 3

С) 2


Д) 4

Е) 5
3. Сұлтанбек Қожановтың жұбайының аты.?

А) Мәжікен

Б) Гүпәнда

В) Гойнижамал

Г) Мария
4. Мемлекет қоғам қайраткері үш мәрте социалистік еңбек ері КСР Ғылым Академиясының академигі ,техника ғылымының докторы

А) Д.Қонаев

Б) М.Дулатов

Б) М.Шоқай

В) А.Байтурсынов

5. Сұлтанбек Қожанов қай жерде дүниеге келген

А. Оңтүстік Қазақстан обл. Созақ ауд.

Б . Шымкент обл. Арыс ауд.

С . Алматы обл. Талғар ауд.

Д Оңтүстік Қазақстан обл. Созақ ауд.

Г. Ақмола обл. Жарқын ауылы


6. С. Қожанов қай жылы ақталды

А. 1957


Б. 1955

В. 1944


Г. 1948
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Жолтай Әлмашұлы. Сұлтанбек Қожанов Алматы 2005ж

2. Жолтай Әлмашұлы. Сұлтанбек Қожанов Алматы 1994ж

3. Қойгелдиев “Ұлттық саяси элита”

4. Қазақ Ұлттық энциклопедиясы 3 том.Үш тұңғыш

5. Ұмытылмас тұлғалар

6. Жолтай Әлмашұлы. Сұлтанбек Қожанов Алматы 1994ж



САБАҚ

33,34 Сабақтың тақырыбы:Мұхтар Әуезов


Жоспары:
1.Абай жолындағы Абай бейнесі.

2. М. Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына хронологиялық кесте.

3. М. Әуезовтың әйел теңсіздігі жайлы туындылары.

4. М. Әуезов “Жетім” әңгімесінің сюжеттік желісі.


Теориялық мәліметтер:
Мұхтар Әуезов- қазақ әдебиетінің классигі, ХХ ғасырдағы қазақ халқының ұлттық ой-санасының, сөз өнерінің, көркем прозасының асқар биігі. Ол- теңдесі жоқ суреткер жазушы, драматург, ғұлама ғалым-әдебиетші, зерттеуші, фольклортанушы, ұлағатты ұстаз және ірі қоғам қайраткері.

М. Әуезов 1897 жылы Семей уезі, Шыңғыс болысында Қасқабұлақ деген жерде туып, балалық шағы көшпенді ауылда өтті.Болашақ жазушы ұлы Абай өз шығараларында сонша терең, әрі жан-жақты суреттеген сол кездегі қазақ қоғамының өзіндік сипаты мол, қайшылыққа толы өмір-тұрмысын көзімен көрді. Сол жылдарда байқаған, танып-білген жәйттерінің көбісі кейін оның шығармаларына енді.

Бұл кезде қазақ сахарасында алдыңғы қатарлы адмдар мәдениетке, біліге ұмтылған-ды. Мұхтар Әуезов 7-8 жасқа келгенде хат танып, арап әріпімен басылған қисса-хикаяларды оқып, сонымен қатар ел арасында көп тараған аңыз-ертегілерді, шешендік сөздерді, ақындар термеліп домбырамен айтатын жыр-дастандарды жадында сақтап, әсіресе, Абайдың өлеңдерін жаттап, халықтың аса бай сөз өнерінің асыл үлгілерінен нәр алып өседі.

Кейін ол Семей қаласында медресседе, онан соң бессыныптық орыс мектебінде, ал 1915-1919 жылдарда мұғалімдер семинариясында оқып білім алған.

М. Әуезов 1917 жылы семинарияда оқып жүрген кезінде, халық аңызы бойынша “Еңлік-Кебек” пьессасын жазады. Бұл қазақтың ұлттық драмасының қарлығашы еді. Кейін жазушының жаңартуы, жетілдіруі нәтижесінде осы пьесса қазақ драма театрының сахнасынан құрметті орын алды.

Пьесса екі жас- Еңлік пен Кебектің бір-біріне деген шексіз махаббатын суреттейді. Алайда, патриархалдық-феодалдық қоғамның салт-ғұрыптары мен қағидалары, секілікті жақтаушы күштер олардың жолында асу берместей болып кесе көлденең тұрады. Өз тағдырларын өздері шешкісі келген Еңлік пен Кебекті өлімге бұйырады.

Әуезовтің бұл алғашқы елеулі туындысы негізгі оқиғаларының шыншылдығымен, бас кейіпкерлерінің сомдап соғылған тұлғасымен, тамаша мөлдір тілімен ерекше көрермендерге әсер етеді. Пьессадан сондай-ақ Әуезовтың халық шығармашылығына деген көзқарасы, халықтық аңыздардың рухын, негізін сақтай отырып, дамытып, жаңарта білетін шеберлігі айқын көрінеді. Сол алғашқы мақалаларының өзінде-ақ Мұхтар Әуезов “елді мәдениетке жеткізіп, ағарту, өнер-білім таратып құралдандыру, дүниенің халін көруге көзін ашу, шаруасын түрлеп, ішінен жетілту” қажеттігін уақыттың өзі қазақ қоғамының алдына қойып отырған әлеуметтік мәні зор мақсат-міндеттер деп түсінгенін байқай аламыз. 1920-21 жылғы ашаршылық туралы “Еңбекші қазақ” газетінде басылған мақаласын, жер бөлісі туралы сөйлеген сөздерін шолып өтсек, М.Әуезовтің ол кездегі ел тағ-

дыры ,ұлттық мүдде, жастардың келешегі жайындағы толғаныстары, ой-толғамдары бүгінгі замандағы озат идеялармен үндес шығатыны көңіл қоярлық.

Алаш Орда қайраткерлері өкімет орындарынан, ресми саясаттан ығыстырыла бастаған соң 1923 жылдан бастап М.Әуезов саяси қызметтен бой тартып, көркем әдебиет саласында бар күш-қуатын жұмсап өнімді еңбек етуге кіріседі.

Мұхтар Әуезов өз шығармашылығының гуманистік сипатын ерте танытқан еді.

1923 жылдан 1930 жылға дейінгі уақытын көбіне Ленингратта (Санкт-Петербургта) және Ташкеннте оқып, білімін толықтыруға жұмсап, сонымен қатар ауыл өмірі туралы көркем шығармалар жазумен өткізеді. Мұхтар Әуезовтің суреткерлік шеберлігі көбінде әңгіме жанрын игеру үстінде қалыптасты. Оның “Қорғансыздың күні”, “Оқыған азамат”, “Қыр суреттері”, “Қыр әңгімелері”, “Үйлену”, “Сөніп жану”, “Кім кінәлі”, “Ескілік көлеңкесінде”, “Жетім”, “Кінәмшіл бойжеткен”, “Қаралы сұлу” секілді әңгімелерінің қай-қайсысынан да жазушының ауыл өмірін, ендігі тұрмыс жайын, әдет-ғұрпын жетік білетіні айқын танылады. Әсіресе, Мұхтар Әуезовтің осы кездің өзінде-ақ барған сайын суреткерлік, баяндаушылық шеберлігі арта түсіп, сан түрлі адамдардың мінез-ерекшелігін, психологиясын, ойлау-сөйлеу мәнерін тап басып тани-білетін көрегендігі мен сезімталдығы назар аударады. Сол замандағы қоғамдық өмірде орын алған алуан түрлі мәселелерді - ауыл адамдарының өмір-тұрмысы, күн-көрісі, үйлену, отбасын құру және құдаласу, күйеу келуі, қыз беру сияқты ескі әдет-ғұрыптар, оқыған жігіттердің мінезі, іс-әрекеттері – осының айғағы.
Реферат тақырыптары.
1. М. Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына хронологиялық кесте.

2. М. Әуезовтың әйел теңсіздігі жайлы туындылары.

3. М. Әуезов “Жетім” әңгімесінің сюжеттік желісі.
Пайдаланылатын әдебиеттер
1. Л.М. Әуезова М.О. Әуезов творчествасында Қазақстан тарихының проблемалары. «Мектеп» баспасы Алматы 1977 ж.

2. Рымғали Нұрғали „Әуезов және алаш” әдебиеттегі ұлыттық рух Алматы „Санат” 1997 ж.

3. Дархан Дарын. Қазақтың классик жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезов туралы деректі естелік пен ғылыми – зерттеу мақалалар „Жібек жолы” баспасы Алматы 1997 ж.

САБАҚ

35,36 Сабақтың тақырыбы:С. Садуақасұлы


Жоспар:
1. С.Садуақасұлының ағарту, халық комисары ретінде қоғам қайраткері болып қалыптасу жолдары.

2. С.Садуақасовтың саяси өмір баянының Омбы кезеңі.

3. С.Садуақасұлының ғалым ұстаз қоғам қайраткері ретінде қалыптасу жолдары.

4. С.Садуақасұлының эканомика,идеалогия,ұлт мәселесіндегі көзқарасы.



Теориялық мәліметтер:

Кеңістік ресми тарих елемей келген, аты сµз етіле ќалса, біріңғай мансаќталған алаш арыстарының бірі-ірі саясат ќайраткері, әдебиетші, көсемсөзші Смағұл Садуаќасұлы 1900 жыл туып 1933 жылы ќыршыннан ќиылған оның ќайраткерлік еңбегі, шығармашылығы кеңес дәуірінде ќалыптасќан таным кесірінен арнайы зерттелген емес.

5 томдыќ Ќазаќ ССР тарихында 20- жылдары Ќазаќстан өкіметінде Ірі ќоғам ќайраткері дәрежесєнде көтерєлген Смағұл жөнінде бір-аќ ауыз ғана сөз жазылды. Бұл он Атон ќаралаған сөз болатын. ¤йткені сындарлы көзбен ќараумүмкіндігі туған.

Қазіргі шақта осы ғасырдың бірінші ширегіндегі ұлт әдебиеті жанырларын қалыптастыруға атсалысқан әдебиетші, жазушы көсемсөзші С.Садуақосұлы ұмыт қалдыру қиынсыз. Сондай-ақ 20-жылдары рухани өмірдегі тоқыраудың алдын алмақ болған «Алқа» шығармашылық қауымдастығын ұйымдастыруға белсене араласқан, тұңғыш мемлекеттік ұлт театрының іргетасын қалаған, қазақтың ән-күйін хаттаушыларға жәрдемдескен, Абай мен Сұлтанмахмұттың жазғандарын тірнектеп жинауға мамандарды жұмылдырған қайраткердің мәдениет, әдебиет тарихындағы тұлғалақ орын ескермеу де қиянат.

Осы тұрғыдан кемінде Смағұл Садуақасұлының ғұмырбаянын, әдеби мұрасын зерттеудің, жазған еңбектерін қайта тасқа басып, халаққа жеткізудің көкейкестілігі айқын байқалады.

Смағұл Садуақасұлы 1900 жылы сол шақтағы территориялық айырым бойынша Ақмола обылысы, Шарлық уйезі, Қараой обылысы, Жарқын ауданында (қазіргі солтүстік Қазақстан обылысы, Ұялы-Жарқын ауылы) туған.Әкесі Садуақас Торабайұлы (1872-1937) хақ жолын ұстанған, қоңыр дәулетті молда болған. Ол Смағұлдай ұлды тәрбиелеп өсіргені үшін қапқасап 37-жылы нақақтан аталған. Анасы Мәжікен (1879-1938) перзенті смағұлдың қайғысы қазасы мен күйеуінің жазықсыз айдалғанын көтере алмай құсадан дүние салған. Смағұлдың жалғыз бауыры-қарындасы Орынбасар да (1916-1990) өмірден өгейлік, тағдырын тәлкек көріп, өкіметтен бір тиын да зейнетақы алмай көз жұмған.

Смағұл Садуақас ұлы ұшқан ұяның қайғылы халі, міне, осындай. Бұл- Тарих. Исі алаштың құрықпен ұсталып, қорада тұсалған шынайы тарихтың бі ұшқыны.

1912 жылы ауылындағы Әбіл молда Қуанышұлының Шығыс пен Батыс білімін қатар негіз етіп алғн мктебін тәмамдаған. Смағұл өміріндегі түрлі дәрежедегі бір сыпыра оқу ордасының тблдырығын аттайды. 1912-1915 жылдары 2- класты Полтавка орыс-қырғыз (қазақ) училищесінде, 1916-1918 жылдары Омбы ауылшаруашылығы училищесінде, 1918 жылы Омбы политехникалық институты жанындағы коорпарация курсында, осы қлада жее-дара ашылған коорпация курсында, Омбы ауылшаруашылығы институтының коорпарация факультетінде оқиды. Кейінірек, саясаттн мүлде шеттелген жылдары, дәлірек айтсақ айтсақ, 1928-1932 жылдар аралығында Мәскеу теміржол құрылысы инженерлері институтын жасанды құрылыс мандығы бойынша оқып бітірді. С. Сәдуақасұлы еңбек жолын мұғалімдік қызметтен бастаған. 15 жасында Шарлақ уйезі Сиыршы ауылындағы орс-қығыз (қазақ) мектебінде ұстаздық еткен. С. Сәдуақасұлы 1920 жылдан бастап сегіз жыл ғұмырын Қазақ автономиялы республикасының қалыптасуы мен нығанына жұмсайды.

Смағұл Сәдуақасүұлы қайраткрлік тұсауы 1916 жылы Омбыдағы қазақ жастарының “Бірлік” ұйымына кіргенде-ақ кесілді. Ол қаламын “Бірліктің” “Балапан” атты қолжзба журналында ұштады. Смағұл көсемсөздік пен жазушылық өнерді танымсыз қайраттық қызметінің барысында меңгерді.

Бізге қаламгер Смағұлдың көзі тірісінде жорық көрген алты кітапшасы белгілі. Олар: “Жастарға жаңа жол” (орынбор, 1921), “Кооперция пән қазақ шаруааас” (Орынор,1924), “Салмақбайдың ауылында қалайша кооперация ашылды?” (Орынбор, 1924), ”Жастар мен әңгіме” (Орынбор,1925), “Ұлт театры туралы” (Қызылорда, 1926), “Қазақстанда халық ағарту мәселелері” (Қызылорда,1927). Осылардың ішінде “Салмақбайдың ауылында қалайша кооперация ашылды?” атты туынды ғана көркем шығарма да (повесть), қалғандары –танымдық, ғылыми-зерттеу еңбектері. Мұның сыртында С.Сәдуақасұлы мерзімді басылымдарда бірнеше повесть, әңгіме, ондаған зерттеу очеркін, жүздеген түрлі тақырыптағы публистикалық мақала, бір романнан үзінді жариялады.

С. Сәдуақасұлы 1933 жылы қаныда қаза болғаннан кейін оның еңбетерін бастырту керектігін айтқан бірді-екілі пікір болды. Айталық, көп мәселелерді Смағұлмен келісе қоймаған Ғаббас Тоғжанұлы 1936 жылы Қазақсатн көркем әдебиет баспасының жоспарына С.Сәдуақасұлының кітабын даярлауды ендіргені мәлім. Бірақ жоспарланған кітап белгілі себептерден басылмады, және осындай табыныс арада 21 жыл өткеннен соң байқалды. 1937 жылы С.Сәдуақасұлының жазғандарын кітап етіп басқаруды көтерген ғалым Бйсенбай Кенжебайұлы еді. Мұнан кейін 70-жылдары Смағұл театр тарихын қатыстырып зерттеуші Бағыбек Құдайбайұлы әділ баға берді.

Біздіңше, Смағұл Садуақасұлының жазған еңбегі жоғарыда аталған жинақпен және осы ұсынылып отырған кітаппен шектелмейді.

“қазақ” газетінің мұратын саналы түрде қабылдағанСмағұлдың азаматты пайымы, эстетикалық таным-түйсігі 1918-1919 жылдар аралығында белгілі бір дәрежеде қалыптасып дәуге негіз бар.

Алаш Орданың саясаттағы мақсаты-келешекте азат қазақ мемлекетін құру болса, руханияттағы мақсаты- “қазақтың өз ойын,өз сезімін, өз қиялын, өзұғымын жырлау бағытта емес, рухта өзіндк қасиеті сақтау” еді. С.Садуақасұлы саясат пен руханиятта осы мақсатты бірік ұстады.

С.Садуақасұлының қазірше бізге белгілі болып отырған алғашқы “Киргизская литература”(“қазақ әдебиеті”) атты әдеби-сын еңбегі 1918 жылы қазан айының соңында жазылып, 1919 жылы Омбыда шығып тұрған “Турдовая Сибирь” журналының 1-санында жарияланды. Қолалпер қазақ әдебиетін ұлттық тұмыс тіршілігімен байланыста қарайды. Смағұл сал-серілерді сипаттау арқылы ауызша таратылытын әдебиеттін қазақ өміріндегі орнын көрсетуге талап қылған. Тұтастай алғанда, ақындық-жыршылық дәстүр мен суырыпалма өнерін жазба әдебиетіне шығар баспалдақ деп тұжырымдаған. С.Садуақасұлының бұл еңбегі қазақ әдебиетін тұңғыш рет осындай кең ауқымда, жанр-жанрға жіктеп, саралауымен бағалы.

С.Садуақасұлының әдеби-сын еңбектерінің қатарында орыс тілінде 1927 жыл жарлық көрген “Қозы көрпеш-Баян сұлу” жыры мен 1928 жыл жарияланған “Жас Қазақстан” жинағына жазған алғы сөздері де кіреді. Жырдың тәжінамасына жазған алғы сөз ғылыми нақтылығымен, әдеби-танымдылығымен көзге түседі. Жәдігерліктің оқырмен қолына тиіп отырған тұңғыш орысша нұсқасы болғандықтан, Смағұл жырдың тарихын жеткізумен бірге текстегі аудармашы тұппысқасып сақтап жазған сөздерге түсіндірмелер берген.

С.Садуақасұлының ғылыми айналмға әлі түспеген “Өртең” атты шығармасы- лирикалық әңгіме. Онда сюжет немесе оқиға желесі жоқ. әңгімеге жазушуның отаны туралы тебіренісі, жерімен, елімен, іштей сырласуы, мұңдасуы айна қатесіз түскен.

С.Садуақысұлы-2-жылдары көлемді прозалық шығармалар жазып, бағаын сынаған жазушы повестен бұрын роман жазуға кіріскен. С.Садуақасұлынығ 1927 жылы жазған енді бір повесті- “Күміс қоңырау” 20-жылғы әдебиетке құбылыс болып енді. С.Садуақасұлының көсім сөздік мұрасы алуан тақырыпты қамтиды. Қайраткер – қаламгар С.Садуақасұлы мұрасы сөз етілген жерде біз оның эпистолярлық дүниесін айналып өте аламыз. өкінішке қарай, Смағұлдан қалған хат, әр түрлі сипаттағы жазбалар көп емес. Сонымен, шолу түрінде айтқанда. Смағұл Садуақасұлының ғұмырбаяны мен шығармашаылығы осындай.

Сонымен, шолу түрінде айтқанда, Смағұл Садуақасұлының ғұмырбаяны мен шығармашылығы осындай.

Реті келген көрнекті қайраткер – қаламгерге байланысты және бір жайтты ескере кетуді парыз санап отырмыз. Ол С. Садуақасұлының өлімі мен мәйті жөнінде.

Осы кезге дейін ресми еңбектерде Смағұл ауырып дүние салды деп есептелініп келді. Мұны ешкім түрлі пікір айтады. Біреулер «газға уланыпты» десе, екіншілер «туберкулезден асқынған» дейді, ал үшінші біреулер тіпті басқа пайымдаулар жасады. Біздіңше өркениетті елдердегідей қайраткер өлімінің себебін анықтайтын арнаулы комиссия құруды ойластырған жөн. Басқа басқа, дәл Смағұлдай азаматтың тағдыр – талайын зерттеу үшін үкімет қаржыдан тартынбау керек.

Смағұл Садуақасұлы көзі тірісінде бірнеше кітап жариалап үйренді . Мысалы:”Жастарға жаңа жол ”,”Жастармен әңгіме”,”Салмақбайдың ауылында қалайша кооператция ашылды?”,”Ұлыт театыры туралы ”,”Кооператция һәм қазақ шаруасы ”б”Қазақстанда халық ағарту мәселелері ”. Бұдан қоса баспа сөзде мақалалары жиі жарық көрді. Алайда қайраткер – қаламгерді бар мұрасы әлі күнге толық жинақталған жоқ. Тәуелсіздік алған соң, бізгі Смағұлдың еңбектері кітап болып (шағын екі том) 1993 жылы жарық көрді. Бұдан сәл кейін жариаланған осы еңбегінің бір бөлігі орыша аударуылын басылды (Б.Дәрімбет әзірлеген).

Мұра жинау бір орында тұрмайды. Осы жолдардың авторы С.Сәдуақасұлы шығармашылығынан 1994 жылы кандициаттық децертация қорғап, бұл еңбегін Монорафия түрінде 1996 жылы

(« Қазақстан» баспасы) жариялады. Сөйтіп біз бұрын белгісіз біраз мұрасын таптық. Бұл іс алда да жалғасын таппақ.


Тест тапсырмалары:
1. Сол кезде Қазақ елі жасанды төңкерістерге, жасанды сілкіністерге емес, бейбіт еңбекке мұқтаж екендігін айтып, Голощекинге оның «Кіші Қазанына» үзілді-кесілді қарсы шығып күрескен және сол үшін «ұлтшыл» болып айыпталып, қуғындалған қазақ зиялы қайраткері?

А) ) С.Сәдуақасова

Б Ә.Бөкейханов

В) А.Байтұрсынов

С) М.Шоқай
2. Сымағұл Садуақасұлы Еңбкші қазақ газетінің редакторы міндетін атқарып жүргенде қанша жастағы жігіт еді?

А) 30 жаста

Б) 20 жаста

В) 25 жаста 18 жаста


3. С.Садуақасұлының «Жастарға жаңа жол деген еңбегі қай жылы жарық көрді» .?

А) 1921ж


Б) 1917ж

В) 1920


Г) 1915
4. С.Сәдуақасұлының бауыры қарындасының есімі кім еді .?

А) ) Орынбасар

Б Мәжекен

Б) Ғанижамал

Г) Гусанда
Пайдаланылытын әдебиеттер


  1. Қ.ұ.э

  2. Қайгелдиев ұлттық саяси ынта 2004 ж

  3. Смағұл Садуақасұлы Алаш мұрасы 2003 ж

  4. М.Құл Мұхаммед Алаш бағдарламасы

“Қиянат пен Ақиқат” Алматы 2004 ж


САБАҚ

37 Сабақтың тақырыбы: Ж. Шаяхметов.


Жоспар:
1.Мемлекет қоғам қайраткерлері.

2.Қудалануы.


Теориялық мәліметтер:
Жұмабай Шаяхметов ол Қазақстанды басқарған тұңғыш қазақ. Тарих толқынында талай сынды басынан өткерген, тотаритарлық жүйенің шырғалаң тұстарында да өзінің бар күш жігерін, қайратын, туған елі үшін жұмсай білген тұлға. Уақыт қашанда өз асылдарын тереңде жатқан тұңғиықтан шығарып, шындықтың бетін айқын аша білген. Бұл салада өшкенді жандырған, ақиқаттың салтанатын паш еткен тарихшыларымыз бен зерттеушілерімізбен тынымсыз еңбегі бағалануға тұрарлық.

Бұл есімді еске алғанда атағанда, әртүрлі сезімге бөленесің ойың тоғыз сапқа жүгіреді. Себебі де жоқ емес.

Ең алдымен Жұмабай Шаяхметов өз заманының перзенті, ол социалистік жүенің жақсылығын көрді, өсті, өз өнерінің сан қырын танытты.

Жұмабай Шаяхметов Қазақстан тарихында өз орны бар, республика эканомикасымен мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан мемлекет қайраткері. Оның ұзақ жылдар Қазақстанның ең жоғарғы басқару жүйесінде қызмет етіп, сегіз жыл республиканың бірінші басшысы қызметін атқарғаны мәлім. Жұмекеңнің өмір жолы мен басшылық қызмет атқарған жылдары М.В.Сталиннің Кеңес Одағы мемлекетін басқарған кезеңімен тұтас келді. Сондықтан да оның тоталитарлық жүйе кезеңінде өсіп қалыптасқан, сол жүйе аясында қызмет еткен аса көрнекті басшы, қайраткер екені даусыз.

Кеңес Одағы мемлекетінде әртүрлі бетбұрыс кезеңдердегі өзгерістерге байланысты бұрынғы басшы мемлекет қайраткерлеріне деген көзқарастың да әртүрлі болып, үнемі құбылып отырғандығына назар аударған жөн. Сондықтан ХХғасырдың 50-60жылдарында әуелі М.И.Сталин кезеңдегі одақтың және республикалық деңгейдегі басшыларға, сонан кейін Н.С.Хрущев кезіндегі басшы қызметкерлерге деген партия және мемлекет органдарының көзқарасы осыған дәлел. Себебі И.В.Сталин дүниеден өткен 1953 жылғы Наурыздан кейінгі мезгілде СОКП мен КСРО-ның ең жоғарғы басқару аппаратындағы талас-тартыс алдымен Лаврентий Берияны билік жүйесінен тайдырып, мүлде құртып жіберуге алып келген еді. Осыған сәйкес оның одақ көлеміндегі және ұлт республикаларындағы пікірлес жақтастары билік тұғырынан ғайып болды, көпшілігі жауапқа тартылды. Бір жылдан кейін СОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев позициясын нығайтып алған соң, одақтас республикалар басшыларын өзгертіп, оларды орталықтан жіберілген жаңа адамдармен алмастырды.

Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы қызметтен босатылып, Шымкент облысына бірінші хатшы болып жіберілген Жұмабай Шаяхметов көп ұзамай денсаулығына байланысты зейнеткерлікке шығады. Оның есімі Н.С.Хрущев кезінде айтылмай, еңбегі елеусіз қалды. Н.С.Хрущев орнынан тайдырылғаннан соң да Ж.Шаяхметовтың есімі республика тарихында біріңғай сын сипатта, оның өзінде де тың және тыңайған жерлерді игеру қарсаңында Қазақстан экономикасының, оның ішінде, әсіресе ауыл шаруашылығының артта қалуына байланысты ғана аталып келді. Шын мәнінде республика халық шаруашылығының өркендеуіндегі кемшіліктерге тек Жұмабай Шаяхметов қана кінәлі емес екендігі, ол қиындықтардың сол кездегі кеңестік жүйенің дамуындағы, бастауы 20-30жылдардағы күшпен ұжымдастыру кезінде ауыл шаруашылығында қалыптасқан тәртіпке, ең бастысы Ұлы Отан соғысы кезіндегі орасан шығындарға байланысты орын алғандығы ескерілмеді.

1980 жылдардың соңында демократиялық үрдістер күшейіп, КСРО мемлекетінің іргесі шайқала бастағанда елдегі қалыптасқан қоғамдық- саяси ахуалға кеңестік жүйе тұсындағы бұрын айтуға, зерттеуге тыиым салынған оқиғаларға саяси науқандар мен кемшіліктерге назар аударып, баспасөз бетінде бірінен-бірі асып түсетін өткір материялдардың жарық көруіне жол ашты. Бұл заңды құбылыс еді. Тәуелсіздік қарсаңындағы бұл процес қоғамдық пікірдің қалыптасуына егемендік идеологиясының күшеюіне жол салғаны белгілі. Ал осындай кезеңде кеңестік жүйенің басқару аппаратында қызмет еткен көптеген белгілі қайраткерлердің атына қатаң сындар айтылғаны да заңды. Себебі әлі жабық жатқан, бұрынғы құпия құжаттарға қолы жетпеген авторлардың артық-кем пікір айтуын түсінуге болады. Бұл жағынан Жұмабай Шаяхметовтың қызметі де назардан тыс қалмағаны хақ.

Жұмабай Шаяхметов кім еді? Егер ресми өмірбаянына үңілер болсақ, болашақ және жастық шағы 1917 жылғы төңкеріс пен азамат соғысы жылдарының, кеңес үкіметі мен большевиктер партиясының қарапайым халыққа бұрынғы Ресей империясындағы аз ұлттарға теңдік әпереміз деген ұрандары аясында өткені мәлім. Көршілес және аралас қоныстанған орыс тұрғындарының арасында өскен, орыс қазақ училищесінде білім алған Жұмабай жаңа мемлекеттің білімді жас кадрларға зәру кезінде қызметке араласты. Ол сол жүйеге, сол ұрандарға кәміл сенеді, өзі сол саясатты іске асыруға бар күш- қайратын жұмсады. Жалшылықтан ауыл мұғалімі, болыстың атқару комитетінің хатшысы болып қызмет жолын бастаған ол, 1930 жылдарға дейін жергілікті басқару органдарында тәжірибе жинақтаған, өзінің жұмысты тыңғылықты орындаушылығымен, ұйымдастыру қабілетімен көзге түсті. Бұл сол кездегі сауатты, оған қоса табиғи таланты бар көптеген қазақ жастарының өмір жолына тән ортақ ұқсастық еді.

1923-1925 жылдары ол Шалқар қаласында уездік милиция бөлімінде, әр түрлі мекемелерде қызмет етіп, содан соң Ақтөбедегі губерниялық атқару комитетінің әкімшілік бөліміне меңгеруші болып тағайындалады.

1926-1928 жылдары Петропаволда сол кездегі шаруалардың жаппай қоғамның ұйымы “Қосшы” одағына нұсқаушы болған Жұмабай кезінде, ішкі істер халық комиссариатына қызметке жіберіліп, оның Солтүстік Қазақстан облысындағы басқармасында, онан соң аз уақыт Алматыда, жауапты қызметте болады. Көп ұзамай 1938 жылы Жұмабай Шаяхметов Қазақстан Компартиясының үшінші хатшысы болып сайланды. Ұлы Отан соғысы басталған кезде ол республика партия ұйымының екінші хатшысы қызметтерін атқарды. Бұл оның қоғам және мемлекет қайраткері ретінде жемісті қызмет атқарған, республика экономикасы мен мәдениетін дамытуға сіңірген еңбегінің көзге түскен кезі еді. Жұмабай Шаяхметовтың ұйымдастырушылық қызметі, әсіресе Ұлы Отан соғысы жылдарында ерекше байқалды.

Жұмабай Шаяхметовтың соғыс жылдары елдің ғылымы мен мәдениетінің жағдайында ерекше назар аударғаны белгілі. КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандық филиалы 1946 жылы 1 маусымда Қазақ КСР Ғылым Академиясы болып құрылды. 1944 жылы Алматыда Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты ашылды. Сөйтіп, алыстағы қазақ ауылдарынан келген қазақ қыздарына мемлекет тарапынан қиын-қыстау кезеңде білім алуға осылай қамқорлық жасады.

Соғыстан кейінгі жылдары республиканың бірінші басшысы ретінде Жұмабай Шаяхметов халық шаруашылығының қалпына келуіне, өнеркәсіппен транспорттық, ауыл шаруашылығының дамуына ерекше назар аударды. Мойынты –Шу темір жолының, басқа да жол тораптарының іске қосылуы, кәсіпорындардың жұмысын жақсарту күн тәртібіндегі аса маңызды мәселеге енгізілді. 1946 жылғы жойқын қуаншылықтың салдарынан ауыл шаруашылығы күйзеліске ұшыраған, елдегі азық-түлік мәселесінің шиеленісуі де жағдайды қиындатып жіберген еді. Соғыс жылдары майданға аянбай көмек берген ауыл халқының жағдайы ерекше назар аударуды қажет етті. Оларға материялдың жағдай жасаумен қатар моральдық қолдау да қажет болатын. Осының бір көрінісі 1947-1949 жылдары ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің лег-легімен КСРО ордендерімен және медальдарымен марапаттауын айтуға болады.

Қалай болғанда да Жұмабай Шаяхметов өз заманының тұлғасы. Оның тағдырына 30-шы жылдардағы зобалаң, 1941-1945 жылдардағы жойқын соғыс, онан кейінгі ел еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан кездегі күрделі де қиын кезеңде қызме етіп, республика басшылығында болу үлесі тиеді. Сондықтан оның қызмет еткен жылдарында Қазақстанның қол жеткізген табыстары да, қиын –қыстау күндері де барша халқымыздың тарихынан өз орныан алады. Жұмабай Шаяхметов те сол күрделі заманның қайсар қайраткері ретінде халық жадында мәңгі сақталады.

Жұмабай Шаяхметов 1902 жылы 30тамызда Омбы облысы, Шарбақкөл ауданының 1-ші ауылында дүниеге келген. Ол 1917 жылы Полтовкадағы 2-жылдың орыс –қазақ училищесін бітіргеннен кейін ауыл мұғалімі, 1916-1923 жылдары Теке облыстық атқару комитетінің хатшысы, 1923-1925 жылдары Шалқар қаласында милиция қызметкері, 1925-1926 жылдары Ақмола губерниясы әкімшілік бөлімінің іс жүргізушісі, инспектор болды. Ал, 1926-1930 жылдары Петропавл, Алматы ішкі істер халық камиссары органдарында әртүрлі жауапты қызметтер атқарған.

Тарихи тұлғаның өмірі ауыр. Оның өзі тірісінде бірге өмір сүрген халық, ел сынайды, өмірден кеткеннен кейін тағы да замана елегінен өшеді. Жұмабаймен бірге өмір сүрген замандастарының басым көпшілігі оның іскерлігін, әділдігін, принципке берілгендігін, турашылдығын айтады. Қалай болғанда да Жұмабай Шаяхметов қазақ елінің басы қасында жиырма жылға жуық болған азамат. Тарихқа сын көзбен қарау барысында мынау тек қызыл болудан, мынау қара болудан тұрады деп үзілді –кесілді айтуға болмайды.

Сонымен Қазақстанның аса қауырт тақиын кездерінде басшылық тізгінін адал да абыройлы алып өтті.

Енді сол қайраткердің Алматыда басқа да қалаларда есімі көше аттарына беріліп, бейнесі ескерткіш тақтамалардан бізге қарап тұрса артық болмас еді. Жұмабай Шаяхметовтың қазақ тарихында үлкен тұлға болып қалары анық.

Біз тарихтағы тұлғаларға өте мұқият қарағанымыз абзал. Көзі тірісінде мақтап, көзі тайғаннан кейін даттамай, тарихи тұлғаларды бір түсті бояумен мәнерлемей, азаматтығын айтып, көпшілігін көрсетіп, болашаққа тағылым боларлықтай саяси портретін жасауымыз керек. Қалай болғанда да Жұмабай Шаяхметовтың өмірі мен қызметі оның жасап кеткен жақсылығымен қажеттіктері арнайы зерттеу арқылы тарихқа хаттанушы керек. Бұл біз үшін емес, болашақ тарих үшін керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет