Күні: 12.09.14ж
|
Сабақ: 2
|
Пәні: Физика
|
Сынып: 8Б
|
Пән мұғалімі: Қымбатов Н
|
Сабақтың тақырыбы
|
Табиғаттағы және техникадағы жылу берілу.
|
Сабақтың мақсаты
|
Оқушыларға табиғаттағы және техникадағы жылу берілудің мысалдары туралы түсінік беру.
|
Күтілетін нәтиже
|
Табиғаттағы және техникадағы жылу берілудің мысалдары туралы түсінік бере алады. Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін тапсырма орындау барысында жеке, жұппен, топпен қолдана отырып мақсаттарына жету, яғни алған теориялық білімді практикамен байланыстыра алу.
|
Әдіс - тәсілдер
|
1. Топтық жұмыс,
2. «Ыстық орындық» әдісі,
3. «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі,
4. Жеке, жұптық және топтық әдіс.
5. Инсерт әдісі әдісі, топтастыру
|
Ақпарат көздері
|
Оқулық «Физика және астрономия» Б.М.Дүйсембаев, Г.З.Байжасарова, А.А.Медетбекова www.ustaz.kz
|
Бағалау әдістері
|
Формативті бағалау. Бағалау өлшемдері бойынша бағалау (топтық, өзін-өзі бағалау)
|
Жаңа сабақ
|
45 минут
|
Блум таксаномиясы
|
Уақыт
|
Мұғалімнің іс - әрекеті
|
Оқушының іс – әрекеті
|
Ұйымдастыру
Сәлемдесу, журнал бойынша түгендеу.
Оқушыларды психологиялық дайындау, өзін-өзі реттеу, ынтымақтастық атмосферасын құру.
|
3 минут
|
1.Оқушыларға психологиялық ахуал туғызамын.
2. Топқа бөлемін
3.Топ ереженің сақталуын сұраймын
4.Бағалау парақтарын таратамын
|
Сәлемдеседі, кезекші оқушы сабақта жоқ оқушыны атап айтып шығады, сабаққа назар аударады.
Топқа бөлінеді
|
Білу
Тақырып мазмұны бойынша Кім? Не? Қандай? Қалай? Нені? Қашан? Не істеді? Сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктелінуі қажет.
|
7 минут
|
1. Жер атмосферасының жоғарғы бөлігі, 1с ішінде 1,4*103 Дж-ге тең энергия мөлшерін алады.
2. Табиғаттағы жылу берілу құбылыстары мынадай сандармен сипатталады: жел сағатына 280 км жылдамдықпен соға алады. Ең күшті дауыл торнадо-темір бағаналарды, автокөліктерді құлатып немесе басқа орынға жылжыта алады, оның жылдамдығы 300 м/с-қа жетеді.
|
Әр топ сыни тұрғыдан ойлауды дамыта отырып, сурет бойынша өз ойларын өмірмен байланыстып, бір- бірімен идея алмасады.
|
Түсіну
Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады
|
10 минут
|
1. Әр топқа табиғаттағы және техникадағы жылу берілудің мысалдарымен түсіндіру тапсырмасы берілді.
|
1. Әр табиғаттағы, техникадағы жылу берілу түрлерін атап өтті, мысалдар келтірді.
Радиатор,термос т.б.
|
Қолдану
|
15 минут
|
Топтық жұмыс
Табиғаттағы және техникадағы жылу берілу түрлерін өмірмен байланыстырып, өз ойларын постерге түсірді.
|
Өз ойларын постерге түсіру.Табиғаттағы және техникадағы жылу берілудің мысалдарын анықтап, постерге түсіріп қорғады.
|
Талдау
Қорытында жасау, анықтама беру, мазмұнды жүйелеу.
|
5 минут
|
1. Самал дегеніміз не? Күндізгі және түнгі самал кезінде ауаның қандай ауысуы болады?
2. Термостың атқаратын қызметі қандай?
3. Климаты суық жерлерде тұрғын үй салу үшін жылу шығынын азайтатын шараларды ескеру керек. Жылу берілудің қандай түрлері бұл шығынға себеп болады? Оларды азайтуға қандай ұсыныстарың бар?
|
Сұрақтарға жауап береді
|
Топтау
Өз жұмыстарына баға беру
|
5 минут
|
Формативті бағалау, яғни критерий арқылы
|
1. Әр топ басшысы өз критерий бойынша тобын, жеке жеке бағалайды
2. Өзін - өзі бағалайды
|
Үйге тапсырма беру
|
§ 7-8 оқып келу. 4-жаттығу
|
Рефлексия
|
Стикер арқылы жазып жабыстырады
|