III Жаңа материалды түсіндіру.
Жаңа материалды енгізуге дайындық жұмысы есебінде қозғалмалы тілдері бар сағат циферблатының моделін қолдану арқылы сарамандық жаттығулар жүргізіледі.
-Сағат тілдері бойынша сағат 3-ті (5,6,9)
Сағат макетімен жұмыс:
Сағаттың қандай уақытты көрсетіп тұрғанын айт.Циферблаттан таңертең нешеде тұратыныңды,нешеде ертеңгілік тамақты ішетініңді, мектепке сабақтың нешеде басталатынын көрсет.
Мұғалімнің көмегімен жүргізу:
«қазір сағат 3 .Циферблаттан көрсет.Біраз уақыт өткеннен кейін екі тілі қабаттасады. Кіші тілі сағаттың 3-тен өтіп, 4-ке қарай кеткенін көрсетеді.
Үлкен тілі неше минут кеткенін көрсетеді.Үлкен тілі толық бір рет айналып шыққанда (60минут) кіші тілі тура сағат 4-ті көрсетеді . «Сағат тілі ме, минут тілі ме?» деген ойын жүргізіледі.Мұғалім сағат тілін көрсетсе, балалар қолын көтереді, минут тілін көрсетсе, қолдарын екі жандарында жаяды.
Әр топқа ұпай беріледі.
IVОқулықпен жұмыс
Осындан кейін балалар оқулықта берілген түсіндірмені оқиды.Мұғалім «сағат», «минут» сөздерінің қалай қысқартылып жазылатынын көрсетеді және дәптерлеріне жазылады: 1 сағ=60 мин. Балалар минутқа тең аралық уақытта білу үшін мынадай түрдегі жаттығуларды орындайды.
«Минутқа сана»
«Сандарды жаз. 1 минутта неше сан жазып үлгердің?»
Әр топқа ұпай беріледі.
V Есептер шығару
1-топ:Ер -5 бала
Қыз-7 бала ?
Шешуі: 5+7=12 Жауабы: 12 бала
2-топ Келе жатты -5ер және 5 қыз бала
Кірді-10 бала ?
Шешуі: (5+5) +10=20 Жауабы: 20бала
Әр топқа ұпай беріледі
VI Сергіту сәті
Бала,бала балақай, қане алақан,
САусақтарын әйбат, былай,былай былай ойнат.
VII Геометриялық тапсырмалар
Әр топқа ұпай беріледі
VIII Салыстыру (слайд№7):
IX Жұптарын тап
X Рефлексия
Ұпайларын санап жеңімпаздарын табу.
XI Бағалау
Оқушылардың еңбегін мадақтау
Достарыңызбен бөлісу: |