Сабақ №2 Топырақтың морфологиялық белгілері


Топырақтың және әр қабаттың қалыңдылығы



бет3/4
Дата14.12.2023
өлшемі254 Kb.
#197053
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Практикалық сабақ 2

Топырақтың және әр қабаттың қалыңдылығы оның тік кескінін өлшеу арқылы анықталады. Топырақтың жалпы қалыңдығы оның үстінен бастап топырақ түзілу процестерінің әсері тимеген не аз болған тау жынысына дейінгі аралық жатады. Топырақтың қалыңдығы 40-50 ден 100-150 см-ге дейін болады. Қабаттардың қалыңдылығын сипаттағанда олардың үстіңгі басталатын және астынғы аяқталатын шекаралары және қалыңдығы есептелініп көрсетіледі. Мысалы:

Топырақтың түсі бірден көзге көрініп байқалатын белгі. Көптеген топырақтардың атауы оның түсіне байланысты қойылған. Мысалы: қара топырақ, қоңыр топырақ, күлгін топырақ т.б. Басқа белгілерді ескере отыра, топырақ түсі топырақтың типін анықтайтын белгі (27-сурет).
С.А. Захаровтың анықтауы бойынша топырақ бояуы, түсі негізінен төменгі қосындылардың 3 тобына байланысты. Олар: 1– қарашірінді, 2- темір қосындылары, 3 – кремний қышқылы, көмір қышқылды әк, каолинит.

27 –сурет. С.А. Захаров бойынша топырақ түсінің үш бұрышы
Топырақ құрамындағы қарашірінді оған қара, күңгірт-сұр түс береді. Темір тотығы қосындылары топыраққа қызыл, қызғылт-сары, сары түс береді, ал кремний тотығы, көмірқышқылды кальций, каолинит ақшыл, ақ түс береді.
Топырақтың түйіртпектілігі– оның пішіндері және ірілігі әр түрлі болып келетін түйіршіктері жиынтығы (агрегаттары). Олар түрлі жағдайлар арқылы біріккен ұсақ бөлшектерден құралады. Егер топырақ белгілі пішіні бар түйіршіктерге бөліне алатын болса түйіртпектігі (структурасы) бар деп есептейміз. Ал майда үгілген бөлшектерге немесе үлкен пішінсіз кесектерге бөлінген болса ол түйіртпексіз деп саналады.
С.А.Захаровтың анықтауынша түйіртпектің үш типі бар: 1) куб тәріздес – бөлшектер бір–біріне перпендикуляр үш бағытта бірқалыпты қалыптасқан; 2) призма тәріздес – бөлшектердің даму бағыты негізінен тік бағыт бойы қалыптасқан; 3) тақта тәріздес – бөлшектер негізінен көлденең жазықтық екі ось бойымен қалыптасқан. Топырақтың түйіртпектілігінің түрлерге жіктелінуі 8–кестеде және 28 суретте келтірілген.
8-кесте. Топырақ түйіртпектігінің жіктелуі

Тегі

Түрі

Мөлшері

Сипаттамасы

Тоң кесекті

1-тип. Куб тәрізді

Пішіні дұрыс емес, беті тегіс емес




ірі тоң кесекті ұсақ тоң кесекті

>10см 1-10см







Кесекті

ірі кесекті кесекті ұсақ кесекті шаң тәрізді

3-10 мм 1-3 мм 0,25-1мм <0,25мм

Дұрыс емес доғал пішінді, омырылған, беті бұдырлы, қырлары байқалмайды

Жаңғақ тәрізді

ірі жаңғақты жаңғақты ұсақ жаңғақты

>10 мм 7-10 мм 5-7 мм

Дұрыс пішінді, қырлары жақсы білінеді, беті тегіс

Дәнше

ірі дәнше дәнше ұсақ дәнше

3-5 мм 1-3 мм 1-0,5мм

Пішіні сәл дұрыс, кейде домаланған, қырлары жақсы білінеді. Беті бірде бұдырлы, бірде тегіс, жылтыр

Бағана тәріздес

2-тип. Призма тәріздес

Бөлшектер нашар пішінделген, қырлары түзу емес, қабырғалары дамымаған




ірі бағана тәріздес бағана тәріздес ұсақ бағана тәріздес

>5см 3-5 см <3 см







Бағаналы

ірі бағаналы ұсақ бағаналы

5-3см <3 см

Дұрыс пішінді, тік бағытта жақсы жетілген, және үстіңгі жағы дөңгелене біткен, астынғы жағы тегіс

Призмалы

ірі призмалы призмалы ұсақ призмалы нәзік призмалы қарындаш тәрізді (ұз-ғы 5см)

3-5 см 1-3 см 0,5-1см <0,5 см <1см

Қабырғалары жақсы жетілген, тегіс, жылтыр бетті, өткір қырлы

Тақталы

3- тип. Тақта тәріздес

Жетілген қатпарлы, көлденең жымдастығы бар.




тақталанған плиткалы пластинкалы жапырақты

>5мм 3-5мм 1-3мм <1 мм







Қабыршақты

жұмыртқа қабыршақты ірі қабыршақты ұсақ қабыршақты

> 3 мм 1-3 мм <1 мм

Мөлшері үлкен емес көлденең жымдастығы, өткір қыры бар.


28-сурет. С.А. Захаров бойынша топырақ түйіртпектігінің негізгі түрлері:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет