Пәні: математика, 5 «Б» сыныбы. Күні 20.01.2015 ж.
|
Тақырыбы:
|
Жай бөлшектер мен аралас сандарды бөлуге есептер шығару.
|
Мақсаты
|
1.Білімділік: Жай бөлшектер мен аралас сандарды бөлу ұғымымен таныстыру, есептер шығаруды үйрету.
2.Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту
3.Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, тәрбиелеу
|
Күтілетін нәтиже
|
Жай бөлшектер мен аралас сандарды бөлуді біледі.
|
Ресурстар
|
Кеспе қағаздар, стикерлер, маркерлер
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
|
«Ыстық» орындық, «Кім жылдам?»
|
Ұйымдастыру кезеңі:
|
Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату үшін, оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеуін сұрайды. Өрмекші торын пайдаланады.
|
Сабақта орындалатын іс-әрекеттер
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
І.Қызығушылықты ояту. 14 минут
|
Жай бөлшектерді қалай салыстырамыз?
Жай бөлшектерді қалай қосамыз?
Аралас сандарды қалай қосамыз?
Жай бөлшектерді қалай азайтамыз?
Аралас сандарды қалай азайтамыз?
Мысалдар келтір.
Жай бөлшектерді қалай көбейтеміз?
|
«Ыстық» орындық стратегиясы бойынша сұрақтарға жауап береді.
|
ІІ. Мағынаны тану. 23 минут
|
Өздігінен білім алуға бағыт-бағдар беру:
Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу үшін, бөлінгіш бөлгішті бөлгіш бөлшектің кері санына көбейту керек.
Санды нөлге бөлуге болмайды.
Аралас санды аралас санға бөлу үшін бұрыс бөлшекке айналдырамыз, сонан соң бөлу амалын орындаймыз
№794-799
|
Мысалдарды талдай отырып, ережелерді меңгереді
|
|