Сынып: 10
Сабақ:20
|
Сабақ өтілетін уақыт:
Орны: 17 кабинет
|
Барлық оқушы саны:
Қатысқаны:
|
|
Сілтеме
|
Күнтізбелік жоспар, оқу жоспары,
|
Сабақ тақырыбы
|
Саырауқұлақтар, жануарлар және өсімдік жасушаларының құрылысындағы ерекшеліктер
|
Жалпы мақсаттар
|
Жасуша құрылысын талтау арқылы тірі ағзалардың түрлеріне қарай айырмашылықтарын ажырату
|
Түйінді идеялар
|
Жасуша құрылысы
|
Оқыту нәтижелері
|
топтық жұмыс арқылы меңгереді, оқуға деген ынталары артады, өзара ынтымақтастық нәтижеге бастайтындығын түсінеді, сараптамалық сұрақтар қоя білуге үйренеді.
|
Көрнекіліктер
|
Интерактивті тақта, флип чарт, слайттар, стикерлер.
|
Дереккөздер
|
|
Сабақ барысы
|
Уақыты
|
Тапсырмалар
|
әдіс -тәсілдер
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау(формативті)
|
Сабақ кезеңдері
1-кезең:
Қызығушылықты ояту
- ұйымдастыру
|
2 мин
|
Кытай, Қазақстан, АҚШ елдері сияқты амандасу
|
« Әр түрлі елдердің сәлемдесуі»
тәсілі
|
Мұғалім бағыт-бағдар береді
|
Әр елдің салт дәстүріне сай оқушылар бір бірімен амандасады
|
|
- үй тапсырмасын тексеру;
|
2 мин
|
Қима қағаздарға салынған ұлттық қиімдер арқылы топқа бөліну
|
Топқа бөліну
|
Әрбір үстелдің үстіне, табличкаларды қояды да, жазылған қағаз қималарды оқушыларға таңдап алуға ұсынамын
|
Қима қағаздардағы жазбаларға сәйкес топқа бөлініп, топ ережесін ақылдаса отырып жасайды.
|
|
11 мин
|
Ыстық орындыққа отырып, үй тапсырмасы бойынша, сұрақтарға жауап беру
|
Ыстық орындық
|
Біреуге алаңдаушылық танытуды ынталандыру үшін, тындау аймағына орындық қояды
|
Әр бір топтан, жасырын стикерлер арқылы, ортада тұрған орындыққа отырып, өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.
|
Бағалау парағында топ басшылар бағалайды
|
-ойлау жұмысына ынталандырады
|
2 мин
|
Вирустар мен бактериялар туралы бұрынғы білімді еске түсіре отырып, сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқушылармен бірге айқындау
|
Инсерт әдісі
|
Оқушыларға өткен тақырып бойынша сұрақ қойып кестені толтырту.
|
Инсерт әдісі бойынша «білемін, білдім, білгім келеді» бөлімдерін толтырады. Оқушылар топ болып ақылдасып, сабақтың тақырыбы мен мақсатын табады
|
Смайликтер арқылы бағалау
|
2- кезең:Мағынаны ажырату
-оқушылар өз тәжірибелері арқылы жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады;
- жаңа білім жайлы өзіндік түсінік қалыптастырады
|
20 мин
|
Берілген мәтін ойынша
топтасып, талқылайды
Мәтіннен негізгі ойды екшеп алғызу және өлең жазу
|
«Ойлан,жұптас,талқы
ла»
Өлең жазу
|
Топтарға тапсырманы бөлу:
Ресурстарды таратып береді.
|
Алған мәліметтер бойынша топ ішінде бөлісіп талқылайды.
|
Топ басшылар бағалау парағын толтырады.
Саусақ арқылы бағалау
|
3-кезең: Ой- толғаныс:
Жаңа сабақтың түсінгенін тексеру
-анализ, өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтері арқылы жеткізеді.
|
6 мин
|
Берілген мәтіндерді оқи, талдай отырып, сұрақтарға жауап беру және толықтыру, белгілі бір сұрақтың қаншалықты дұрыс болғанын талқыла
|
Конверттегі сұрақ
|
Үш сұрақ жазып,конвертке салу. Әр бір оқушыда өзінікі болатындай етіп, бірнеше конверт дайындау
|
Конверттегі тапсырмаларды орындай отырып,келесі оқушыға береді де, сұраққа барлығы жауап бергенше жүре береді
|
|
Бір топқа басқа топ мүшелері сұрақтар қояды
|
«Аквариумдағы алтын балық» тәсілі
|
Сабақтан алған білімдерін өзгені тексере отырып бекіту мақсатында таңдап алынған топқа басқа топ бүгінгі өтілген тақырып бойынша сұрақтар қояды
|
Сұрақ қоятын оқушылар өтілген тақырып шеңберінде сұрақтар қояды.Таңдалынған топ мүшелері сұрақтарға мүмкіндігінше нақты жауап беруге тырысады
|
-сабақ қорытындысы
|
2 мин
|
Бағалау парақтары толтырылады
|
бағалау
|
Сумативті бағалау
|
Бағалау парақтарын толтырады.
|
Қорытынды баға қойылады
|
Келесі оқуға арналған тапсырмалар (үй тапсырмасы)
|
Эссе жазу
|
|
|
Рефлексия
|
|
Сабақ бойынша рефлексия жасау
|
Блоб ағашы арқылы
|
Оқушларға қағазда бейнеленген блоб ағашы және блоб көпірін таратады
|
Сабақты қаншалықты ұққанын блоб ағашына не блоб көпіріне жазады
|
|
Вирус(лат. vīrus - «у») – тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан – кабсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі организмдердің барлығын уландырады. Қазіргі кезде вирустардың жылы қанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі белгілі болып отыр.
Вирустардың құрылысы мен іс-әрекетін темекі теңбілі ауруын мысалға алып қарастырайық. Темекі теңбілі вирусы темекі жапырағындағы хлоропластарды зақымдайды. Осының салдарынан жапырақ тақтасы бүрісіп, шиыршықтанады. Сонымен қатар тостағанша, күлте жапырақшалары да өзгереді. Темекі теңбілі вирусымен зақымдалған жапырақ 9-11 күннен кейін сарғая бастайды.
У. Стенлидің дәлелдеуі бойынша, темекі жапырағында вирус бөлшектері алты қырлы кристалл пішінді шоғыр түзеді.
Бактерияларды зақымдап, ерітіп (лизис) жіберетін вирустарды бактериофагтар деп атайды. Бұларды алғаш рет 1915 жылы Ф. Туорт сипаттап жазды. Кейбір бактериофагтың пішіні итшабаққа ұқсайды. Олардың денесі – басы, құйрығы және іші қуыс тармақталған базальді түтікшелерден тұрады. Вирусты сыртынан нәруыз қабаты қаптайды, ішінде ДНҚ немесе РНҚ болады. Басының мөлшері 40 нм, ал «құйрығының» ұзындығы 20-22 нм-ге тең. «Құйрығының» ұшы – нәруыз молекуласынан тұратын қуыс түтік.
Бактериофагтарды алғаш рет 1915 жылы ағылшын вирусологі және бактериологі Ф. Туорт сипаттап жазғандығы белгілі. Бірақ бұл тіршілік иесі ерте кезден зерттеле бастаған болатын. Мысалы, топалаңды қоздыратын бактерияларды ерітіп жіберетін бактериофагтарды 1898 жылы орыс микробиологі Н. Ф. Гамалея алғаш рет анықтаған. Іш сүзегі бактериясын ерітіп жіберетін бактериофагтарды 1917 жылы канадалық бактериолог Д’Эрелль (Ф. д’Эрелль) байқаған
Вириондардың икосаэдрикалық құрылымы
А. Липидты қабықшасы жоқ вирус (мысалы, пикорнавирустар).
B. Қабыұшасы бар вирусвирус(мысалы, герпесвирустар).
Белгілер: (1) капсид, (2) геномнды нуклеин қышқылы, (3) капсомер, (4) нуклеокапсид, (5) вирион, (6) липидты қабықша, (7) қабықшаның мембраналық ақуыздары.
Зерттеушілер осындай көзге көрінбейтін бактериялардың паразитін егжей-тегжей зерттеп жазды да, оларды бактерия «жеушілер» немесе «жалмаушылар» деп атады.
Бұдан кейінгі зерттеушілер басқа бактерияларды ерітіп жіберетін табиғатта көптеген бактериофагтардың бар екендігін анықтаған болатын. Олар ауру қоздырғыш бактерияларды ғана жоймай, пайдалы түрлерін де жояды. Бактериофагтар өндіріске, тамақ өнеркәсібіне және тағыда басқа көп зиян келтіреді. Мысалы, олар пайдалы сүт қышқылы бактерияларын ерітіп жіберіп, алынған сүт тағамдарының сапасын төмендетеді.
Вирус ұғымы 1899 жылы ғылымға алғаш рет голландиялық ғалым Мартин Бейеринк енгізді. 1935 жылы америкалық вирусолог Уэнделл Стэнли вирусты кристалл күйінде бөліп алды. Осы кристалдарды сау темекі өсімдігіне енгізгенде, ол теңбіл ауруымен ауыратынын дәлелдеді. 1898 ж. неміс ғалымы Фридрих Лефлер сиыр аусылының қоздырғышы аусыл вирусын, ал 1911 жылы америкалық ғалым Фрэнсис Роус тауық саркомасының вирусын тауып зерттеді. Қазіргі кезде жылы қанды жануарларда ауру тудыратын вирустардың бес жүздей, ал өсімдіктерде үш жүздей түрі белгілі. Кейбір қатерлі ісік ауруын тудыратын вирустардың адам мен жануарларда вирустық микрофлорасы қалыптасады. Вирустардың пішіні әр түрлі (мысалы, таяқша, иілгіш жіпше тәрізді, сфералық, көп қырлы, тағыда басқа). Вирустың жасушадан тыс (вириондар) және жасуша ішінде тіршілік ететін топтары бар. Барлық вирустар шартты түрде жай және күрделі болып бөлінеді. Жай вирустар – нуклеин қышқылдары мен ақуызды қабықтан (капсид) тұрады; бұларға таяқша, жіп және сфералық формалары жатады. Күрделі вирустар – нуклеин қышқылы мен капсидтен басқа, липопротеидті мембрана, көмірсу және ферменттерден тұрады. Вириондардың мөлшері 15 – 350 нм (кейбір жіптәрізді вирустардың ұзындығы 2000 нм-ге жетеді); негізінен вирустарды тек электрондық микроскоп арқылы көруге болады. Вирус тек бір типті нуклеин қышқылынан (ДНҚ немесе РНҚ) тұрады. ДНҚ-да вирустардың молекулалық саны 106 – 200Һ106, ал РНҚ-дағы вирустардікі – 106 – 15Һ106 болады. Вирустардың көптеген жылдар бойы тіршілік ортасында әрекетсіз жата беру қабілеті бар. Олар дамуына қолайлы жағдай туғанда бірнеше минуттың ішінде көбейіп, өзіне тән қасиеттерін көрсете алады. Адам мен жануарларда жиі кездесетін вирусты көпшілігі 60ӘС-та қыздырғанда тіршілігін немесе ауру қоздырғыштық қасиеттерін жояды. Ал темекі теңбілінің вирусы 10 минут бойы 90ӘС-қа дейін, сары ауру вирусы отыз минут бойы 80ӘС-қа дейін қыздырғанда ғана тіршілігін жояды. Вирус ультракүлгін сәулелер мен химиялық заттарға (қышқыл, сілті) төзімді келеді. Тотықтырғыш заттар вирустың белсенділігін жояды, ал барлық тотықсыздандырғыш заттар олардың тіршілігіне қолайлы келеді. Мысалы, полиомиелит вирусы фенолдың 0,5%, күкірт қышқылы аммонийдың 50%-дық ерітіндісінде сақтала береді. Ал тотықтырғыштарда, мысалы, сутек асқын тотығы немесе марганецқышқыл калий (1%) ерітіндісінде олар тіршілігін тез жояды. Вирус көбеюі бес сатыға бөлінеді: жасушаға ену; жасушада вирус нуклеин қышқылының құрылуын қамтамасыз ететін ферменттердің түзілуі; вирус құрылым бөлшектерінің жиналуы; одан вирионның түзілуі; ересек вирустың жасушадан шығуы. Вирус бактериялар клеткасына жасуша қабырғасы арқылы өтсе, жануарларда жасуша мембранасы арқылы адсорбцияланады. Өсімдіктерге вирус тек қана жасушаның зақымдалған жерінен ғана ене алады. Бір жасушаны «іштей жеген» вирустар көршілес жасушаларға ауысып, барлық организмді зақымдап, ауруға шалдықтырады. Вирустарды молекулалық биология зерттейді. Вирустар нуклеин қышқылдарының гендік қызметін ашу үшін (генетикикалық кодты анықтау) пайдаланылады. Компьютерлік вирус – компьютердегі мәліметтерді қасақана бүлдіру мақсатында жазылған арнаулы шағын бағдарлама. Ол өзінен-өзі (автоматты түрде) басқа бағдарламалардың соңына немесе алдына қосымша жасырын жазылып, оларды бүлдіруге кіріседі. Кейіннен дискідегі немесе желідегі мәліметтерді тасымалдау, көшіру кезінде, мәліметтерге ілесе отырып, басқа компьютерлерге «ауру жұқтырады». Мұндай зақымданған бағдарламаны пайдаланғанда зиянды іс-әрекеттер байқалады (мысалы, дискідегі файлдардың орналасу тәртібі бұзылады; кейбір бағдарламалар жұмыс істемей қалады; экранға әдеттегіден тыс бөтен символдар шығады; компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды; көптеген файлдардың бүлінгені не жоғалып кеткені байқалады, тіпті компьютердің қатты дискісін қайта форматтап шығады). Қазіргі кезде компьютерлік вирустардың жүз мыңдаған түрлері белгілі. Компьютердегі вирустарды анықтап, оларды жою үшін арнайы антивирустық (вирустарға қарсы) бағдарламалар қолданылады.Оларды дақылдау үшін 3 әдіс қолданады:
Жасуша дақылында.
Тауық эмбрионында.
Жануарлар организмінде.
Вирустардың облигатты паразитизмнің себебеі оларда жасушалық құрылым мен меншікті зат алмасу процесі болмайды. Дақылдау әдісін таңдау вирустың мақсатына байланысты. Жасуша дақылын алғашқы (егілетін) жартылай егілетін және егілетін деп бөлінеді. Алғашқы 5-10 пассажѓа тњтеп беретін жасуша дақылы жатады. Алғашқы дақылды дайындау бірнеше этаптан тұрады: ұлпаны ұсақтау трипсинизация жолымен жасушаларды ажырату, жасушаларды трипсиннен ажырату, біртекті изоляцияланған жасушаларды қоректік ортада суспензиялау егілетін бір қабатты жасуша дақылдарын қатерлі және қалыпты жасуша тізбегін құрайды. Оларға қатерлі ісік жасушалары, адамның, маймылдың бүйрегінің қалыпты жасушалары жатады. Жартылай егілетін дақылдарға адамның диплоидты хромосома жиынтығын сақтайтын жасуша жүйесі ретінде беріледі. Вирустың жасуша дақылында өсуін цитопатиялық эффектісі, жасушада қосымшалар түзілуі, теңбіл дақтардың түзілуі бойынша және гемадсорбция феномені мен түрлі түсті реакция бойынша бағалайды. ЦПҚ-жасушаның микроскоппен көрінетін өзгерістері. Қосымшалар - арнайы бояу әдістерінде ядро мен цитоплазмада кездестіруге болатын вирустық бөлшектердің, вирустық ақуызтардың жұмысы. Теңбіл дақтар (бляшкы)- вирустардың әсерінен жасушадағы бұзылған бөліктер, оны бірқабатты жасуша дақылында вирустарды өсіру кезінде байқауға болады. Гемадсорбция реакциясы - вируспен залалданған жасуша дақылдарының өзінің беткейінде эритроциттерді адсорбциялау қабілеті, түрлі-түсті (цветная проба) сынақ индикаторлы қоректік орталардың түсіндегі өзгерістерге негізделген. Вируспен залалданбаған жасушаның өсуі салдарынан метаболизм өнімдері жинақталып, қоректік орта түсінің өзгеруі туады. Залалданған тіндер дақылдарында кейбір вирустар өзінің цитопатикалық әсерін бірнеше күннің ішінде, басқалары 1-2 апта өткен соң, вирустың қасиетіне, санына байланысты және жасушаның ерекшелігіне байланысты көрінеді. [3] [4]
Дүниежүзілік микробиология тарихында орыс ғалымы Д. И. Ивановскийдің алатын орны ерекше. Ол XІX ғасырдың соңында темекі теңбілі ауруын зерттеп, ол аурудың қоздырғыштары бактериялардан да ұсақ тіршілік иесі екенін тапқан. Д. И. Ивановский ауруға шалдыққан жапырақты жуып, ол жуындыны бактерияларды сүзетін сүзгіден өткізгенде одан өтіп кеткен. Осы сұйықтықты темекіге жұқтырғанда, оның жапырағы қайтадан сарғайып, ауруға ұшыраған. Зақымданған темекі жапырағын үлкейткіш құралдармен тексергенде кристалдар байқалған. Кейіннен 1935 жылы америкалық ғалым У. Стенли бұл кристалдардың темекі теңбілі вирустарының шоғырланған жиынтығы екенін тапты.[5]
XІX ғасырдың соңында Д. И. Ивановский ашқан өте ұсақ тіршілік иесінің вирустар екендігі дәлелденді.
Жоғарыда айтылғандардан клетка вирустар әрекетіне ешбір қарсылық кәрсете алмайды деген ой тууы мүмкін. Бірақ олай емес. Көпшілік жағдайда вирустармен клеткалардың өздері күресе алады. Өйтпесе жер бетіндегі тірі организмдер мүлде қүрып кеткен болар еді. Алдымен мынадай бір жәйға тоқталайык. Егер де клетка тек бір емес әр түрлі ауру қоздырушы вируспен зақымданса қан-дай жағдай болар еді? Бұнда клетканың тіршілігі тым қысқарған болар еді. Бірақ шын мәнісінде олай емес. Клеткада бір вирус болғанда екінші вирустың енуіне тыйым салынады екен. Бұндай қорғаныш — интерферон деген заттың әсерінен ғана болады.
Интерферон — кез келген вирустардың көбеюіне қарсылық көрсететін клеткалардан бөлінетін белокты зат. Егер де осы затпен клетканы алдын-ала өңдесе, клетка кез келген вирустың закым-дауына қарсы түра алады. Бүл үшін интерферонның бір грамының миллиардтан бір бөлігі ғана жеткілікті. Интерферонның бағалы қасиеті, ол клетканы уламайды.
Достарыңызбен бөлісу: |