Сабақ №20. Сабақтың тақырыбы §§22. Гүлдің құрылысы Сабақтың мақсаты Білімділіг



Дата30.04.2017
өлшемі139,27 Kb.
#15247
түріСабақ
Күні --- ----------------- 2011 ж. Пәні Биология 6 сынып Сабақ №20.
Сабақтың тақырыбы §§22. Гүлдің құрылысы

Сабақтың мақсаты
Білімділігі: гүлдің негізгі құрам бөліктері: тостағанша жапырақшалары мен жыныс мүшелеріне толық сипттама беріп, олардың құрылысымен таныстыру;

Дамытушылық :Оқушылардың ынтасын,қығушылығын артырып,өзінің жауапкершілігін сезіне білуіне және өз бетімен жұмыс істеуге жұмылдыру.Оқушының жан-жақты ойлауын,ізденуін дамытып,есте сақтау қабілетін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларға өсімдіктер дүниесін қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас

Сабақтың әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Сурет«өсімдіктердың көбеюі»

С а б а қ т ы ң б а р ы с ы

1 Ұйымдастыру кезеңі 1.Білімділік міндеттері:

а) Жұмыс істеу үшін қалыпты сыртқы жағдайды қамтамасыз ету

ә) Оқушыларды қарым-қатынасқа психологиялық дайындау

2.Сабақ кезеңінің мазмұны:

а) Сәлемдесу

ә)Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

б)Оқушылардың көңіл-күйін сабаққа аудару

в)Сабақтың мақсатымен таныстыру
2.Үй тапсырмасын тексеру

1.Өсімдіктің өсу мүшелерін атаңдар?

2.Өсу мүшелерінен көбейтудің қанша тәсілі бар?

3.Тамырсабақ арқылы қалай көбейтеді?

4.Жас өркендер арқылы қалай көбейтеді?

3.Үй тапсырмасын бекіту

Бір жылдық өсімдіктерден басқалары өсу мүшелері арқылы көбейіп,жаңа өскін береді.

Көбею тәсілдері:

І.Түрі өзгерген мүшелер арқылы көбею: а) тамырсабақ

ә) түйнек

б)пиязшық

в)мұрша

ІІ.Өсу мүшелерінің бөліктері мен көбею (сабағы,жапырағы,тамыры)



ІІІ.Телу арқылы көбею(бүршіктерінен,көзшелерінен телу)
4.Жаңа сабақ:
Көбею мүшелері гүл,жеміс,тұқым арқылы жүзеге асады.

Гүл дегеніміз-көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар,бұтақтанбайтын,түрі өзгерген,қысқарған өркен.

Өсімдіктер өсу мүшелеріндегі қоректік заттар қоры жеткілікті мөлшерде жиналған кезде гүлдейді. Гүл тек гүлді өсімдіктерге ғана тән,одан жеміс пен тұқым дамиды.



Group 16
Гүл сағағы-жапырақ сағағына ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері.Сағағы арқылы арқылы сабаққа бекінеді.Гүл сағағы болмаса, отырмалы гүлдер дейді (беде,қашқаргүл)

Гүл табаны(тұғыры)-гүлдің барлық бөлімдері бекінетін гүл сағағының жоғарғы жағындағы кеңейген жері.

Тостағанша-көбінесе жасыл түсті,гүлдің сыртында бірікпеген жеке немесе біріккен жапырақшалардан тұрады. Тостағанша 2-ден(көкнәрда) бірнеше ондаған санға (шай өсімдігі) дейін жетеді.

Күлте-тостағанша жапрақшалардан кейін орналасады.Күлте жапырақшалары бір-бірімен бірігіп кеткендерге:інжугүл,қоңыраугүл жатады. Бірікпей жеке орналасатын күлтелер:қызғалдақ,көкнір,итмұрын

Күлте түбіндегі жіңішкерген жерде тәтті шірне бөлетін шірнеліктер орналасады. Күлтенің хош иісі,тәтті шірнесі,ашық реңдері гүлді тозаңдандыратын бунақденелілерді еліктіреді.



Шірнеліктер-гүл табанында,аталық жіпшесінің түбінде,табанында,аталық жіпшесінің түбінде,аналық жатынында да болады.

Бунақденелілер шірнеліті шеңбер,нүкте сызықша-жолақтар сияқты белгілері арқылы ажыратады.Күлтенің ашық реңі тікелей түскен күн сәулесінің қызуын бәсеідетеді.Аталық пен аналықты қзып кетуден сақтайды.Ішкі жыныс мүшелерін жаңбыр суынан,шық тамшыларынан қорғайды.

Тостағанша жапырақша мен күлте жапырақшаны гүл серігі дейді.

Гүл серігі жай және қос гүлсерікті деп бөлінеді.Жай гүлсерікте тек тостағанша жапырақшалары болып,күлте жапырақшалары болмайды(қалақай,қызылша,).Немесе керісінше,күлте жапырақшалары ғана болады (қызғалдақ,лалагүл,інжугүл).

Қос гүлсерікті гүлде тостағанша да күлте де б.

Олады (алма ,өрік,шие).Гүл серігінің екеуі де болмайтындарды гүлсеріксіз гүлдер дейді (тал,терек,еменің аналық гүлі)



Аталық-гүлдің көбеюге қатысатын бөлімі.Әр бір аталық-аталық жіпшесінен және тозаңшадан тұрады.Аталықтың жіңішкереген жері-жіпшесі. Тозаңқап бір-бірімен байланысқан екі бөліктен құралған.Әр бөлігінде 2-ден тозаң ұясы бар.Тозаңқапта мыңдаған тозаң түйіршіктері түзіледі,пісіп-жетілгенде тозаңдары сырқа шашылады.

Тозаң-сыртқы жіне ішкі қабықшасы бар жасуша,пішіндері де алуан түрлі.Тозаңдар сырттай қарағанда ұнтақ тәрізді.Әр бір тозаңнің сыртында үшкір өсінділер,майда тікенектер,бұртиған төмпешіктер болады.Атқаратын қызметіне қарай сыртқы қабықшасы қалыңдап өзгереді.Сыртқы қабықшасында тозаң түтігінің өнуіне қажет көптеген тесіктер болады.Тозаңның құрамында май,қант,минералды тұздар,нәруыз,витаминдер бар.



Аналық-гүлдің жеміс түзуіне қатысатын негізгі бөлімі гүлдің дәл ортасында орналасады. Аналықтың ұшын-азыз,ортаңғы жіңішкереген жерін мойнын,түп жағындағы жуандаған жерін жатын дейді.

Аналық ауызы-өсімдік түріне қарай түрліше (домалақ үлпекті,қостелімді,көптелімді,жұлдызша ж.т.б.) болып келеді.Аналық ауызынан жабысқақ сұйықтық бөлуі,тозаңның аналық ауызына түсіп тез өнуіне жағдай туғызады.

Аналықтық мойны аузы мен жатынын жалғастырып,басқа бөлімдерінен жоғары биіктетіп тұрады. Неғұрлым аналық күлтеден озыңқы тұрса,соғұрлым жеңіл тозаңданады.Мойны болмайтын аналық көкнәр,қызғалдақ және т.б.

Жатын(түйін)- аналықтың ең негізгі бөлігі бір және көп ұялы.Жатынның ішінде бір

( бидайда)немесе бірнеше мыңдаған (көкнәр) тұқымбүршігі бар.Тұқымбүршігі жатында дамитындықтан,жатын қабырғасына бекінеді.Жатынның сыртында екі қабат қабықша (жамылғы) қаптайды. Қабықшасының түйіскен жерінде тесігі бар.Одан тозаң түтігі тұқымбүршігіне енеді.Тұқымбүршігінің ішіндегі ұрық қалтасында жұмыртқа жасуша( аналық жыныс жасуша) болады.Сондықтан ұрықтану аналықтың ішінде жүреді. Әр бір аналық өзара бірігіп кеткен бір немесе бірнеше жеміс жапрақшаларынан тұзіледі.



Дұрыс гүлмен бұрысгүл.Гүл жазықтығына бірнеше сызық жүргізгенде теңдей бөлікке бөлінсе-дұрысгүл.(алма,мақта)Гүл бөлімдеріне бір сызық жүргізуге ғана болса,бірнеше сызықпен теңдей бөлінбесе-бұрысгүл (соя,үрембұршақ)

5.Түсінігін тексеру:

1.Гүл бөлімдерін атаңдар.

2.Гүл дегеніміз не?

3.Гүл сағағы дегеніміз не?

4.Гүл табаны дегеніміз не?

5.Тостағанша дегеніміз не?

6.Күлте дегеніміз не?

6.Сабақты бекіту:

Көбею мүшелері гүл,жеміс,тұқым арқылы жүзеге асады.

Гүл дегеніміз-көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар,бұтақтанбайтын,түрі өзгерген,қысқарған өркен.

Өсімдіктер өсу мүшелеріндегі қоректік заттар қоры жеткілікті мөлшерде жиналған кезде гүлдейді. Гүл тек гүлді өсімдіктерге ғана тән,одан жеміс пен тұқым дамиды



7.Үй тапсырмасы:
§22 оқу.71-74 бет.
Бағалау

Тексерілді--------------------------------

12-зертханалық жұмыс.



Тақырыбы: Гүл құрылысын талдау.

Мақсаты: Өсімдіктің көбею немесе генеративті мүшесі – гүлдің құрылысын зерттеу.

Құрал-жабдықтар: нағыз гүлдер (қызғалдақ гүлдеп тұрған бөлме өсімдіктері және т.б.), қатты қағаздан ойылған жеке бөліктері, ұлғайтқыш қол әйнек, сапты ине.

Жұмыстың барысы:

1. Нағыз гүлден (ол болмаса) немесе гүл бөліктерінің қатты қағаздан жеке-жеке қиылған жапсырма (аппликация) көрнекі құралдардан гүл бөлімдерін табу, пішініне, санына, реңдеріне көңіл аудару.

2. Табиғи (нағыз) гүлден гүл бөліктерінің орналасу тәртібімен танысу.

3. Гүл бөліктеріне қарап жай немесе қос гүлсерікті екендігін анықтап ажырату.



4. Аталық пен аналықты жеке бөліп алып құрылыстарымен танысу, суретін салып атын жазу.

Нәтижесі: 1) Гүлдің құрылысын жаз:


1.____________________________________________

2.____________________________________________

3.____________________________________________

4.____________________________________________

5.____________________________________________




2) Берілген сипаттамалар гүлдің қай бөлігіне тән екенін гүл бөлігінің бас әрпін қойып белгілеңдер («ГС» – гүлсағақ; «ГТ» – гүлтабан; «Т» – тостағанша; «К» – күлте; «А» – аталық; «Ж» – аналық).
1

. Гүлдің дәл ортасына орналасқан.

2. Тозаң ұясы бар.

3. Гүлсеріктің ішкі бөлігі.

4. Үлпекке айналған бөлігі.

5. Жәндіктер қоректенеді.

6. Шірне бөлетін бөлігі.

7. Жабысқақ сұйықтық бөледі.

8. Ұшы ілмешекке айналған бөлігі.

9. Екі қабат қабықшасы бар жасушалар жетіледі.

10. Хош иіс шығаратын бөлігі.



11. Мойны бар.

3) Мыналардың қайсысы дұрыс гүл, қайсысы бұрыс гүл?



Қорытынды:_____________________________________________________________________________________________________________________________________

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет