Сабақ 2021 тақырыбындағы қысқа мерзімді жоспарлар байқауына



Дата14.12.2021
өлшемі1,22 Mb.
#126657
түріСабақ
Байланысты:
ҚМЖ, Абилхан Сандухаш Абдимәжитқызы,Электр зарядының сақталу заңы, қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесуi, Кулон заңы, элементар электр заряды
9-сын құқық тест, 5-сынып олқылықтың орнын толтыру, 5-сынып олқылықтың орнын толтыру, 2 5332369410298483488, 5-сынып олқылықтың орнын толтыру, 5-сынып олқылықтың орнын толтыру, 5-сынып олқылықтың орнын толтыру, 5-сынып олқылықтың орнын толтыру, 2-ші сабақ Бағдаршам-робот, Пирография сабақ

«Үздік ашық сабақ - 2021» тақырыбындағы қысқа мерзімді жоспарлар байқауына

ӨТІНІМ

ТАӘ толығымен

Абилхан Сандухаш Абдимәжитқызы

Қала, ауданы

Арыс қаласы, Қаражантақ елді - мекені

Жұмыс орнының толық атауы

"Б.Кенжебаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Лауазымы

мұғалім

Сыныбы

8

Пәні

физика

Сабақ тақырыбы

Электр зарядының сақталу заңы, қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесуi, Кулон заңы, элементар электр заряды (Пр.№ 12)

Байланыс түрі (электронды почта, ұялы телефон)


87078234845

sandugashabilhan@gmail.com





Бөлімі:

8.2 В Электростатик негіздері

Педагогтің аты-жөні:

Абилхан С.А.

Күні:

07.12.2021ж

Сыныбы: 8

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Электр зарядының сақталу заңы, қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесуi, Кулон заңы, элементар электр заряды (Пр.№ 12)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

8.4.1.5 - Кулон заңын есептер шығаруда қолдану.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар істей алады: Электр зарядының сақталу заңын түсінеді.

Көптеген оқушылар істей алады: Қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесуi мағынасын түсінеді.

Кейбір оқушылар істей алады: Кулон заңы мен элементар электр зарядын сипаттайды.

Бағалау критерийлері

- Қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесуi мағынасын түсінеді.

- Кулон заңы мен элементар электр зарядын сипаттайды.


Сабақтың барысы:



Сабақ кезеңі/

Уақыты


Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
9 мин.
Өткен тарауды тексеру

8мин.


Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, оқушыларды топтарға бөлу, қағаз қиындылары арқылы

«электрон, протон» болып 2-топқа бөлінеді.

«Жасырын сөзді тап» әдісі бойынша үй тапсырмасын тексеру және тақырыпты ашу.


  1. «Электрон» сөзінен қандай сөз шықты? (Электр)

  2. Зарядтың өлшем бірлігі? (Кулон)

  3. Теріс зарядты бөлшек қалай аталады? (Электрон)

  4. Оң зарядты бөлшек қалай аталады? (Протон)

  5. Заряды жоқ бөлшек қалай аталады? (нейтрон)

  6. Зарядтар еркін қозғала алатын заттарды қалай атаймыз? (өткізгіштер)

  7. Молекулалар неге бөлінеді? (атом)

  8. Егер өзара әрекеттесу нәтижесінде атом электрондарының біразын жоғалтса, атом қандай күйде болады? (оң)

  9. Тұйықталған жүйедегі денелердің электрленуінің барлық құбылыстырында электр зарядының қосындысы.... (сақталады)

Қағаз қиындылары арқылы топтарға бөлінеді. Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Бір-бірімен, жұппен, топпен өзара талқылайды.



Дескриптор:

-Өткен бөлімдегі ережелерді қайталайды.




Қағаз қиындылары

Үлестірме


ДК экран Сұрақтар


Сабақтың ортасы.

10 мин.



Оқыту мақсатына жетуді бағалауға мүмкіндік беретін тапсырма:

1-тапсырма:

«Сұраққа жетіп ал» әдісі арқылы топтарға тапсырмалар беріледі.

Электрлену кезінде түрлі заттардан жасалған денелердің электрлі өзара әрекеттесу қабілетіне ие болу қасиеті электр заряды деп аталады.





Қозғалмайтын екі нүктелік заряд вакуумде зарядтардың көбейтіндісіне тура пропорционал және олардың арақашықтығының квадратына кері пропорционал күшпен әрекеттеседі.

k порпорционалдық коэффициентін енгізе отырып, Кулон заңының математикалық өрнегін аламыз:

мұндағы q1, q2- зарядтардың шамасы, r-олардың арақашықтығы, k-өлшем бірлігін таңдауға тәуелді пропорционалдық коэффициент.
ХБЖ (SI) электр зарядының өлшем бірлігіне 1 кулон (1 Кл) алынады.
1 кулон-вакуумде 1 м арақашықтықта орналасқан шамасы жағынан өзіне тең нүктелік зарядқа 9*109Н күшпен әрекет ететін нүктелік заряды.
1кулон - өте үлкен заряд. Денелердің электрленуіндегі тәжірибелерде 1 кулонға қарағанда миллион, миллиярд есе кіші зарядтар алынған. k пропорционалдық коэффициентінің мәні SI жүйесінде тәжірибе жүзіне анықталды:

мұндағы  электр тұрақтысы деп аталады.

SI жүйесіндегі Кулон заңы былай жазылады:


Зарядтардың төңірегінде заттың болуы олардың өзара әрекеттесу күштеріне әсер ететін кейінгі тәжірибелер көрсетті.


2-тапсырма:

«Ойлан, жұптас, бөліс» (тәжірибелік тапсырма)

Денелердің электрлену құбылысын тәжірибе жүзінде анықта.



Құрал-жабдықтар: қағаз қиындылары, қалам, шар, жібек мата, пластмасса сызғыш, қағаз, тарақ және т.б.

Берілген құралдарды пайдаланып денелерді электрлендіруді тәжірибе жүзінде көрсетіңіз және тәжірибе барысын түсіндіріңіз.



1-топ

  1. Құрғақ бөлмеде үрленген шарды малақайға үйкелеп, терезенің шынысына жақындат. Не байқайсың? Жауабын түсіндіріңдер.

  2. «Жабысқыш шар»

Қажетті жабдықтар: шар, жүн, жиде

Тәжірибе барысы: Шарды үрлеп, оны өзіңнің жейдеңе 10 рет үйке. Шарды жейдеңе тигізіп ұстап, біразден соң қоя бер. Не

байқалады? Себебін түсіндір.
2-топ

1. «Тартылатын шарлар».

Қажетті жабдықтар: Жіп, 2 шар, жүн мата немесе былғары.

Тәжірибе барысы: Жіпке 2 кішкене үрленген шарларды бір-біріне жақын бірақ өзара жанаспай тындай етіп, іліңдер. Екі шарды былғарымен н/е жүн матамен үйкеңдер. Не байқалады? Неліктен?



2. «Жүзгіш мата»

Қажетті жабдықтар: Пластмасса сызғыш, мақта, жүн мата:

Тәжірибе барысы: Пластмасса сызғышты электрлеңде. Оның үстіне жақсы түтілген бір шымшым мақтаны қойып, ұшырып жіберіңдер де, сызғышты оның астына әкеліңдер. Егер сызғыш жақсы зарядталған болса, онда мақта үстінде «жүзіп» жүреді. Осы құбылысты түсіндір.
3-Тапсырма

Топтық жұмыс «Мен-саған, сен-маған» әдісі сәйкестендіру

Физикалық шамалар




Өлшем бірліктері

Электр заряды

Кл2/Нм2

Кулон күші

М

Арақашықтық

Нм2/Кл2

Электр тұрақтысы

Н

Пропорционалдық коэффициент

Кл
4-Тапсырма. Есептер шығару

1-топ


  1. Зарядтары 10 Кл және -6 Кл екі зарядты түйістіріп, бастапқы орнына қойғанда, олардың заряды қалай өзгереді?

  2. Арақашықтығы 2 см, ал зарядтары 2*10-8 Кл және 4*10-8 Кл болатын бірдей екі кішкене шар вакуумде қандай күшпен әрекеттеседі?

  3. Егер өзара әсерлесу күш 1,8 Н болса,0,1 мкКл және 200 нКл екі нүктелік заряд бір-біріне қандай қашықтықта орналасқан ?


2-топ

  1. Тіктөртбұрыштың әрбір төбесінде орналасқан зарядтары 5 Кл, 6 Кл, 10 Кл және 3 Кл болатын төбелерді түйістіріп, қайтадан жазғанда пайда болған зарядтарды есепте. 10нКл және 16нКл зарядтар бір-бірінен 10мм қашықтықта орналасқан. Олардың әсерлесу күші?

  2. Бір - бірінен 0,5 м қашықтықта орналасқан екі шардың заряды 10*10-6 Кл. Екі шардың бір-бірімен 17,14*103 күшпен тебіледі. Зарядталған екі шардың қай ортада орналасқандығын анықта

«Сұраққа жетіп ал» әдісі

Тапсырма 1. Топтарға мынадай тапсырмалар беріледі:



1 топқа

«Электр зарядының сақталу заңын түсіндіру»



2 топқа

«Кулон заңының формуласын қорытып шығару»


Топтар тапсырма бойынша сұрақтарға жауап береді.

2-тапсырма:

«Ойлан, жұптас, бөліс» (тәжірибелік тапсырма)

Денелердің электрлену құбылысын тәжірибе жүзінде көз жеткізіп, дәлелдейді.

3-тапсырманы орындау

Есептер шығарады



Дескриптор:

-Тапсырмаларды орындайды.



Бағалау критерийі:

Оқушылар электр зарядының сақталу заңын түсінеді




Бағалау критерийі:

Дескриптор:


Физикалық шамалардың өлшем бірліктерін ажырады.

а)электр зарядының өлшем бірлігін белгілейді

б)Кулон күшінің өлшем бірлігін белгілейді

с)арақашықтықтың өлшем бірлігін белгілейді

д)электр тұрақтысының өлшем бірлігін белгілейді

е)пропорционалдық коэффициенттің өлшем бірлігін белгілейді



Дескриптор:

а)Есептің шартын құрады

б)ХБЖ-не келтіреді

с)Есепті формулаға жазып,есептің теңдігін шығарады

д)Есептің жауабын көрсетеді.

Слайд

Ақ парақ


Дәптер

Сабақтың соңы.

8 мин



Рефлекция

Бағалау

Үй тапсырмасы


Сабақты бекіту:

  1. Кулон қай елдің ғалымы?

  2. Кулон заңы?

  3. Пропорционалдық коэффициент қаншаға тең?

  4. Нүктелік заряд дегеніміз не?

  5. Электр тұрақтысы қаншаға тең?

«Менің көңіл-күйім баспалдағы»

Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.



Үй тапсырмасы: §19, 14 жаттығу 5.6




Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады.



Дескриптор
-Пікір алмасады.
Жалпы тапсырмалар бойынша 14 балл


Дк экран

Дәптер





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет