Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру: Бес «Т»
(талап, тәртіп, тазалық, татулық, тыныштық) сақтау керектігіне тоқталып кету.
Адамгершіліктің бес құндылығы
1. Сүйіспеншілік - адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, таным тұғыры, риясыз, ынтық, нәзік сезімі.
Махаббат - адам жүрегін нұрлы қуанышқа бөлеп, рухына қанат бітіретін ең күшті, ең тұрақты, ең асқақ сүйіспеншілік сезімі.
2. Дұрыс іс - әрекет - ол жүректе туындайды, сонан соң сөз түрінде беріледі және іс
жүзіне асырылады.
Дұрыс әрекет ету қағидасы – өзіңе де, басқа адамдарға да, табиғатқа да зиян келтірмеу.
3. Қиянат жасамау – ақиқатпен өмір сүру, мінез - құлық және жан тыныштығы да сүйіспеншілікке арналған, яғни тәтті жеміс.
“Рақымдылық, мейірбандық, әр түрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойланғандай оларға да болса игі еді демек, бұлар - жүрек ісі. Асықтық та – жүрек ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Абай
4. Жан тыныштығы
Адамның ішкі жан дүниесі тынышталса, оның отбасында да тыныштық болады. Ал отбасында тыныштық болса, қоғамда да тыныштық болады. Қоғамда тыныштық болса, мемлекетте де тыныштық болады.
5. Ақиқатты тану
Рухани кәусар бұлақ \көзіне жолды іздеп табу - бұл әрбір жеке адамның, нақ осы қазір өмір сүріп жатқан барлығымыздың және өмірге жаңа қадам басқан адамдардың міндетінің ішіндегі міндеті.
2. Тыныштық сәті
Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).
Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.
1.Тыныштық сәтінен алған әсерлерің?
2.Кім, не сезді оқушылар?
Үй тапсырмасын тексеру.
№ 23 сабақ. Адалдық пен әділдік«Корей ертегісі»
1. Бала неліктен алтын, күміс балталардан бас тартты?
2.Оларды бірден алса, не болса еді?
3. Баланың ісін адал деп айтуға бола ма? Неліктен?
4.Ақсақал қабылдаған шешімді қалай бағалауға болады?
Адалдық, әділдік сөзіне өз ойларынша анықтама береді.
Сахналау «Сен не істер едің?»
|