Сабақ: №23 Тақырып : Адалдық пен әділдік Құндылық : Дұрыс әрекет



Дата14.04.2017
өлшемі74,67 Kb.
#13953
түріСабақ
Ақтөбе облысы, ойыл ауданы, Амангелді орта мектебінің өзін өзі тану пәнінің мүғалімі: Жұбатқанова Гүлайым Қуанышқызы

Өзін – өзі тану сабағының жоспары
Мектеп: Амангелді орта мектебі

Сабақ: № 23

Тақырып: Адалдық пен әділдік

Құндылық:Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Адалдық,сыйластық, қамқорлық,татулық,кешірімділік.

Мұғалім: Жұбатқанова Гүлайым Класс: 5

Оқушылар саны:12


Сабақ мақсаты: Оқушыларға адалдық пен әділдік туралы түсінік беруолардың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру

Міндеттері:

адами қарым-қатынастағы адалдық пен қоршаған ортадағы,өмірдегі әділдіктің орны мен маңызы туралы түсіндіру;

оқушылардың адалдық пен әділдікті дұрыс ұғына білу біліктіліктерін дамытуға ықпал ету;

оқушыларды адалдыққа,әділдікке және шынайылыққа тәрбиелеу;



Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)

Оқулық;


Дәптер;

Күнделік;

Қалам – қарындаш;


Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру: Бес «Т»

(талап, тәртіп, тазалық, татулық, тыныштық) сақтау керектігіне тоқталып кету.



Адамгершіліктің бес құндылығы

1. Сүйіспеншілік - адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, таным тұғыры, риясыз, ынтық, нәзік сезімі.

Махаббат - адам жүрегін нұрлы қуанышқа бөлеп, рухына қанат бітіретін ең күшті, ең тұрақты, ең асқақ сүйіспеншілік сезімі.

2. Дұрыс іс - әрекет - ол жүректе туындайды, сонан соң сөз түрінде беріледі және іс

жүзіне асырылады.

Дұрыс әрекет ету қағидасы – өзіңе де, басқа адамдарға да, табиғатқа да зиян келтірмеу.

3. Қиянат жасамау – ақиқатпен өмір сүру, мінез - құлық және жан тыныштығы да сүйіспеншілікке арналған, яғни тәтті жеміс.

“Рақымдылық, мейірбандық, әр түрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойланғандай оларға да болса игі еді демек, бұлар - жүрек ісі. Асықтық та – жүрек ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Абай

4. Жан тыныштығы

Адамның ішкі жан дүниесі тынышталса, оның отбасында да тыныштық болады. Ал отбасында тыныштық болса, қоғамда да тыныштық болады. Қоғамда тыныштық болса, мемлекетте де тыныштық болады.

5. Ақиқатты тану

Рухани кәусар бұлақ \көзіне жолды іздеп табу - бұл әрбір жеке адамның, нақ осы қазір өмір сүріп жатқан барлығымыздың және өмірге жаңа қадам басқан адамдардың міндетінің ішіндегі міндеті.



2. Тыныштық сәті

Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

1.Тыныштық сәтінен алған әсерлерің?

2.Кім, не сезді оқушылар?



Үй тапсырмасын тексеру.

№ 23 сабақ. Адалдық пен әділдік«Корей ертегісі»

1. Бала неліктен алтын, күміс балталардан бас тартты?

2.Оларды бірден алса, не болса еді?

3. Баланың ісін адал деп айтуға бола ма? Неліктен?

4.Ақсақал қабылдаған шешімді қалай бағалауға болады?


Адалдық, әділдік сөзіне өз ойларынша анықтама береді.

Сахналау «Сен не істер едің?»



Сабақ барысын талдау:

4. Дәйексөз.

«Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ»

Ш.Уәлиханов

Бірінші қыз балалар оқиды;

Екінші ер балалар оқиды;

Оқушыларға хормен оқыту;

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінетіні сұралады;

Дәптерге жазылады;






5. Әңгімелесу Мұғалімнің сыйы: видеоролик

Әділ болуға ұмтылуға адамға не үшін қажет?

Адал болу кез келген адамның қолынан келе ме? Неліктен?

Әділ болу оңай ма?

Адал болудың адам өміріндегі маңыздылығын мысал арқылы түсіндіріңдер.

Адалдық таза ниет,ақ көңіл,имандылық қасиеттен туындаған адам бойындағы асыл құндылықтар.Әр адамның өзіне тапсырылған іске жауапкершілікпен қарап оны адал ниетпен орындай алуының мәдениетілікті көрсететіндігіне де назар аудартады.Әрқашан әділ сөйлеп,шынайы пікір білдірген адам ғана адал бола алады. Біз барлығына қайырымдылық жасасақ, әрбір жасаған ісіміз бізге жақсылық пен қуаныш алып келеді. Гүлдерге, жан-жануарлар мен өсімдіктерге, тіпті үстіміздегі киімге, отырған орындығымызға, мектебімізге жақсы қарайтын болсақ, олар да бізге рахметін айтады. Ұстаздарымыз бен ата-анамызды тыңдап, айтқанын орындайтын болсақ, ол біздің оларға қиянат жасамай, қайырымдылықпен қарағанымыз болады.






6.Шығармашылық жұмыс Өлең шығару

Оқушылар бойларындағы жақсы қасиеттері арқылы бір бір – бірін таныстырады.

Аяқталмаған тезис әдісімен 10 минуттық ой қозғау жұмысын жүргіземіз. Тезис үлгісі таратылады.

«Аяқталмаған тезис»

1. Адалдық дегеніміз –

2. Адам болу дегеніміз –

3. Өмірдегі ең басты нәрсе –

4. Адам бақытты болу үшін –

5. Әділдік дегеніміз –

6. Адам әділ болу үшін –

7. Өзіңе өзің адал болу үшін –

8. Адал болуға ұмтылу үшін адамға не қажет?

9. Видероликтен ұққаным –

10.Мен үшін бүгінгі сабақ –

11.Мен сіздерге –

12.Мен еліме –

13.Адал болғым келеді дейтіндер -

14.Адалдық пен әділдік –

15.Адамгершіліктің бастауы –






7. Топпен ән айту.«Жақсы адамдар» әні

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!



Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Жақсы адамдар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Қарап өтсін сендерге басқа жандар.



Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.





8. Үй тапсырмасы: №24 Кеңпейілділік пен жомарттық. 133 бет, оқып келу





9. Соңғы тыныштық сәті

Баяу әуен қойылады.Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жай дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»

Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!

Сау болыңыздар!







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет