Жалпы түрде: а*а*а*...*а=аn. Анықтама:Бірдей көбейткіштерден тұратын көбейтіндіні дәреже деп атайды.3*3*3*3=34=81 теңдігіндегі 81 саны 3 санының төртінші дәрежесі. 34=81 жазуындағы 3 саны (қайталанатын көрсеткіш) дәреженің негізі, 4 саны дәреженің көрсеткіші, ал 81 саны 34 дәрежесінің мәні деп аталады.
аn өрнегіндегі а (қайталанатын көбейткіш)- дәреженің негізі, n(көбейткіштің неше рет қайталанатынын көрсететін сан(-дәреженің көрсеткіші деп аталады. Дәрежені оқу кезінде алдымен оның негізі, содан кейін оның көрсеткіші оқылады. Мысалы, 34 өрнегі: «3 санының төртінші дәрежесі» немесе «3-тің төртінші дәрежесі» деп оқылады.
Санның 2-ші және 3-ші дәрежелері сәйкесінше «санның квадраты» және «санның кубы» деп аталады. Сонымен қатар келесі тұжырымдамаларды есте сақтау қажет:
1) а1=а, яғни кез келген санның бірінші дәрежесі өзіне тең. Мысалы: 251=25, 1001= 100, 451=45 Дәреже көрсеткіші бар өрнектің мәнін табуға мысалдар: 2*3³=2*3*3*3=54
(2*3)³=2*3*2*3*2*3=216
-34+(-2)6=-81+64= -17
25=5² ; 8=2³
Топпен жұмыс 1. 23=? (8)
2. 22 + 33 =? (31)
3. 231=? (23)
4. 2251=? (225)
№103(а, ә),э106 (ә)
Деңгейлік тапсырма:
І деңгей. 52= (25)
ІІ деңгей. 23 +32 = (8+9=17)
ІІІ деңгей. 2001 + 51 = (205