(Э) (Жж)Ауаны құрамын зерттеу зертханалық жұмысы орындалады.
Оқушыларға жұмыс парағы таратылады. Жұмыс мақсаты, жұмыс барысымен танысады. Жұмыс барысы бойынша жұпта зертханалық жұмыс орындалады.
Оларға стаканмен май шамды жапқан кезде, май шам жалыны баяу өшетінін түсінулеріне мұмкіндік беріледі. Судың көтерілу деңгейіне назар аудару керектігі айтылады. Оқушылар судың деңгейі 1/5 бөлікке көтерілгендігін түсіндіреді.
Оқушылар мұқият бақылап, жаңа сөздерді қолдана отырып өз қорытындыларын жазады.
(С) Нәтижелер сыныппен талқыланады және оқушылардың бастапқы белсенді тапсырма бойынша құрған диаграммасын эксперимент жүзінде анықталған оттектің массалық үлесімен салыстырады.
|