- Достар туралы ән қалай орындалуы керек деп ойлайсың?
Алдынғы сабақтарда алған білім
Оқушылар алдыңғы бөлімдерде, сабақта және сабақтан тыс уақытта алған музыкалық білімдерін пайдаланады, пікір айтады.
Өз шығармашылығын көрсетеді.
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңдері Сабақта жоспарланған іс – әрекетРесурстар
Сабақтың басталуы
0-5
(МК, Қ) Curwen қол белгілерін қолдана отырып сабақты соль және ми ноталары негізінде жазылған сәлемдесу әнімен бастаңыз Мысалы, «Сәлемет пе балалар!» сөзін әндетіп, қол белгілерімен көрсетіңіз (соль,соль, ми, ми, соль, соль, ми).Балалар да дәл сондай әуенмен «Сәлеметсізбе, апай!» - деп сәлемдеседі.
Оқушылардан өз достары туралы ойларын ортаға салуды сұраңыз.
Мұғалім достар туралы әнді таңдай алады. Мысалы, «Достық» И.Нүсіпбаев немесе «Достарым - ай»Б.Бейсенова.
(МК) Ән үйрену: «Әнші балапан»М.Омаров.
Ән қайырмасының әуенін қол қимылымен көрсетіңіз.Оқулықтағы сурет бойынша балалардың тапсырманы дұрыс орындауына көмектесіңіз.Қол қимылымен көрсете отырып жоғары,төмен дыбыс биіктігінің айырмашылығын анықтайды.Дауыс жаттығуына «Әнші,биші,әнші балапан»фразасына жатсаңыз,ұтымды болады.Өйткені жаттығу жасау арқылы ән сөзін тез жаттап алады.Музыканың көңіл күйін эмоциялық түрде жеткізу үшін дауыс пен ұрмалы-шулы аспаптарды,музыкалық-пластикалық іс-әрекеттерді қолданыңыз .Қарапайым би элементтерін жасату арқылы баланың қызығушылығын ашыңыз.
Үштілдік:ән-песня-song-қазақша,орысша,ағылшынша айтып үйренуде оқушының оқуға деген ынтасын қалыптастырыңыз.
Әуенді- сергіту жаттығу: «Ән Б.Аманжолов.»
Бұл ән арқылы оқушы ұйқас туралы танымын ашады. Есте сақтау қабілеті дамыту үшін түрлі түсті суреттер пайдаланыңыз.