5 минут
|
Ұйым дастыру
|
Ұйымдастыру кезеңі.
Алдыңғы сабақты пысықтау мақсатында «Серпілген сауал» әдісін пайдаланамын:
АВС топтарына дайындап келген карточкаларды беремін;
Сабақтың мақсатымен таныстырамын:
Бүгін, Координаталық сәуле. Натурал сандарды және нөл санын координаталық сәуледе кескіндеу тақырыбын қарастырамыз
Бүгінгі сабақта меңгеретініңіз:
1. Өлшеудің түрлі ұзындық бірліктерін білу және координаталық сәуледегі бірлік кесінді дегенді түсіну;
2. Натурал сандарды координаталық сәуледе кескіндеу.
|
Сәлемдесу; Үй тапсырмасын тексерту
Серпілген сауал Сұрақтарына жауап береді:
А тобы
1. Мына сөздерді цифрлармен жазыңдар: алты жүз тоқсан бір;
2. 7291санындағы 9 цифрының разряды?
3.санды сөзбен жаз: 68141
4.санды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз: 312
5. 82569 санындағы 2 цифрының разряды?
6. 8912 санын пайдаланып ең үлкен төрт таңбалы санды жаз.
В тобы
1. Мына сөздерді цифрлармен жазыңдар: тоғыз жүз сексен сегіз;
2. 5628санындағы 6 цифрының разряды?
3.санды сөзбен жаз: 65412
4.санды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз: 268
5. 98413 санындағы 8 цифрының разряды?
6. 8127 санын пайдаланып ең үлкен төрт таңбалы санды жаз.
С Тобы
1. Мына сөздерді цифрлармен жазыңдар: бес мың алты жүз жетпіс
2. 81458 санындағы 4 цифрының разряды?
3.санды сөзбен жаз: 45621
4.санды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз: 6987
5. 725986 санындағы 2 цифрының разряды?
6.5914 санын пайдаланып ең үлкен төрт таңбалы санды жаз.
|
Дескриптор бойынша бағалау
Дескриптор:
-сөзбен берілген санды цифр көмегімен жазады;
-сандар цифрының разрядын анықтайды;
-ең үлкен 4 таңбалы санды жазады
3 балл
|
Тақта
Бор
Кітап
Дәптер
Интерактивті тақта
Бағалау парақтары
|