«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі. Оқушылар сабақтың мазмұнын толық ашу үшін күнделікті өмірден мысалдар келтіріп, топтасып, жұптасып, келесі топтарға өзара талқылап оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасайды. Координаталық сәуленің бірлік кесінді , координаталық сәуле, нүктені координаталық сәуледе кескіндеуді түсіндіреді.
ОА –бірлік кесінді, О нүктесі координаталар басы.
Сәуленің О басталу нүктесін санақ басы ретінде алып, оның тұсына 0-ді жазамыз.
Санақ басы – О нүктесінен бастап берілген қашықтыққа А нүктесін белгілейміз. Сонда сәуле бойында ұзындығы берілген Оа кесіндісі салынады. Мұндай кесінді бірлік кесінді деп аталады.
Координаталық сәуле дегеніміз - сәуленің О басталу нүктесі санақ басы ретінде алынған, бірлік кесіндісі берілген, бағыты белгіленген сәулені айтамыз.
Координаталық сәуледегі берілген нүктеге сәйкес сан осы нүктенің координатасы деп аталады. О(0), А(1), В(2) оқылуы: О нүктесінің координатасы 0-ге тең, А нүктесінің координатасы 1-ге, В нүктесінің координатасы 2-ге тең.
Оқушылар: Сұрақтарға жауап береді
Тақырып бойынша ресурстарды қарап, танысады
«Айналмалы бекет» әдісіарқылы топтар бірін-бірі тексереді, тақырып бойынша есептер беріледі, есептің шартын оқып, тапсырманы орындап ,жауабын топта бір бірімен айналдырып тексереді.
1-тапсырма: Координаталық сәуледе мына А,В және С нүктелеріне қандай сандар сәйкес келеді? А,В және С нүктелерінің координаталарымен жазыңдар?