САБАҚ ЖОСПАРЫ
Пән: Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері
Оқытушы: Тасбулатова Алия Алтайқызы
Сабақтың тақырыбы: Іс-тәжірибелік сабақ №3. Модуль CRT.
Сабақтың түрі: Іс-тәжірибелік сабақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: CRT модулінің процедуралы мен функцияларын бағдарлама құру барысында қолдануды меңгеру.
Дамытушылық: Студенттердің сабаққа деген және өз мамандықтарына деген қызығушылығы мен белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Студенттерді колледж мүлкіне ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу. Өзара сыйластыққа және өзін-өзі құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Smart тақта, ДК, Іс-тәжірибелік сабаққа әдістемелік нұсқау, Пән бойынша интерактивті-электронды оқулық.
Пән аралық байланыс: Микропроцессорлық техника негіздері, Объектілі бағытталған бағдарламалау негіздері, Сандық әдістер, Жоғарғы математика негіздері.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
1. Үйымдастыру сәті ( 2 мин.). Аудиторияны сабаққа дайындау. Сдуденттердің назарын сабаққа жұмылдыру.
2. Алынған білімнің актуалдығы ( 15 мин.). Іс-тәжірибелік жұмысты өткізуге жеңілдік алу. Өткен сабақты қайталау мақсаты бойынша электронды оқулық көмегімен бақылау. Тапсырманы орындауға бір студент тақтаға шығады, ал қалғандары өз компьютерлерінде отырып орындайды.
Электронды оқулықтың басты мәзірінен «Интерактивті жаттығулар» пунктін таңдаймыз. Студенттер «Экранды пернетақта» жаттығуында пернелер көмегімен берілген сұраққа жауап береді. Жаттығу 6 сұрақтан тұрады:
Экранды тазалау функциясы – CLRSCR
Курсордың тұрған жерін анықтау үшін қолданылатын функция – WHERE
Динамикті өшіру функциясы – NOSOUND
Курсорды у қатардың х бағанына жылжыту функциясы – GOTOXY
Мәтін түсін орнату функциясы – TEXTCOLOR
Төбелері (5,5) және (55,15) болатын терезе салу функциясы – WINDOW(5,5,55,15)
Жаттығуды орындап болған соң студентке орындалған жаттығудың нәтижесі ретінде баға қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |